О мерах по снижению уровня грунтовых вод в г.Атырау Қолданыста
Басқа 0
Атырау қаласында жер асты суларының деңгейін төмендету шаралары туралы
Табиғи және техногендік сипаттағы іс қимылдар нәтижесі, су асты жер қабаттарының суды сузіп өткізу қабілетінің төмендегі Атырау қаласында жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне әкеліп, олар кей жерлерде бүгінде 0,2-0,4 м тереңдікте орналасқан. Жер асты суларынан жоғары деңгейі қаланы көркейту кезінде объектілердің құрылысын жүргізуге, қоршаған ортаның экологиясына қиындықтар туғызуда. Сонымен қатар олар ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік элементтеріне, инженерлік жүйелеріне, олардың пайдалану мерзімінің қысқаруына әсер етуде. Кезінде басталған тұрғын мөлтек аудандарда дренаждық жүйе құрылыстары аяқталмай қалып, қазір пайдасыз күйде. Қала бойынша дербес дренаждық жүйесі бар бір де бір объект жоқ. Күні бүгінде Мемлекеттік сәулеттік құрылыс инспекциясының еншілес кәсіпорны мен Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының мәлеметтері бойынша, қалада көптеген ғимараттар мен құрылыстар авариялық жағдайда. Атырау қаласында жер асты суларының деңгейін төмендету және көркейту мәселелерін шешу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қала әкімі (Д. Тұрғанов), облыстық сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасының бастығы (Бөкебай С.) меншік түріне қарамастан өз балансында ғимараттар, құрылыстар мен тұрғын үйлері бар ұйымдар мен кәсіпорындар тізбесін әзірлесін. Әрбір объект бойынша дербес дренаждық жүйелерді жобалау мен құрылысын салу жөнінде жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Меншік түріне қарамастан Атырау қаласы аумағында орналасқан өз балансында ғимараттар, құрылыстар мен тұрғын үйлері, жатақхана және т.б., бар ұйымдар, кәсіпорындар өз қаражаттары есебінен 2000-2001 жылдары сол объектілерде дербес дренаждық жүйелерді жобалау мен құрылысын салуды жүзеге асыру, 2001 жылдың 15 сәуіріне дейін Атырау қаласы әкімшілігіне жобалау және құрылыс жұмыстарының күнбізбектік жоспарларын тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасы (С. Бөкебай), «Бас жоспар орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрамында мекемелер мен кәсіпорындар үшін объектілерінде дербес дренаждық жүйелерін жобалау тобын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Дренаж» коммуналдық – мемлекеттік кәсіпорны (И.Әміров) дербес дренаждық жүйелерді жобалау мен құрылысын жүргізу жөніндегі техникалық тапсырыстарды беру және жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Атырау қаласының әкімі, облыстық сәулет және құрылыс саясаты басқармасы, коммуналдық меншік басқармасы (Қойбақов Ж.), Атырау облысы бойынша мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі аймақтық комитеті (Дүйсенов Б.) құрылыс объектілеріне жерлерді, объектілерді жалға, меншікке бергенде келісім шарттарға олардың күшіне енген мерзімінен бастап міндетті жағдайда бір жыл ішінде дренаждық жүйе жасауды, олардың күшіне енген мерзімінен бастап 2 жыл ішінде объектілер аумағын көркейтуді кірістірсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (А. Әжіғалиева), облыстық құрылыс кешені және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы ұсынған есептеріне сәйкес, 2001-2002 жылдары қаланың бюджеттік ұйымдар объектілерінде дербес дренаждық жүйелерді жобалау мен құрылысын жүргізуге қаражат көздерін іздестіруді ескерсін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы (Н. Байменшина) бұл жұмыстардың орындалу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Атырау қаласының әкімі (Тұрғанов Д.) осы шешімді орындау барысы жөнінде мекеме, кәсіпорын басшыларын жүйелі тыңдап отырсын.
Тармақ 9
9. Бұл шешімнің орындалуын бақылауды облыс әкімінің орыбасары Н. Мақашевқа жүктелсін.