Об отмене запретных дней (дневок) лова рыбакам-любителям Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әуесқой балық аулаушылардың балық аулауға тыйым салынған күндерінің күші жойылуы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіп-өнуі мен пайдалану туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және ауа райының ертерек жылып кетуіне, сондай-ақ көптеген әуесқой балықшылардың өтініштеріне байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Әуесқой балық аулаушылардың биылғы жылғы көктемдегі балық (қаракөз) аулауға тыйым салынған үндерінің (сейсенбі, сәрсенбі) күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 2
2. Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі басқармасы (Б.Таубаев), облыс аңшылар және балық аулаушылар қоғамы (Е.Тасқынбаев) және биоқорларды қорғау жөніндегі Каспий аймақтық мекемесі (А.Ақботин) әуесқой балық аулауларды бақылауды қамтамасыз етсін.