Об утверждении Правил оказания медико-социальной помощи, предоставляемой гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының  1-тармағының 92) тармақшасына, 43-бабының  2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 285 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру және көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Медициналық-әлеуметтік көмек – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 89) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тізбесі айқындалатын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық көмек профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметтерді, қалпына келтіру емін, медициналық оңалтуды, паллиативтік және әлеуметтік-психологиялық көмекті қамтиды.
Тармақ 4
4. Медициналық ұйымдарда әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек Кодекстің 6-бабының 7-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
2. Медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек мынадай нысандарда ұсынылады:
Тармақша 1
1) амбулаториялық-емханалық көмек (консультациялық-диагностикалық көмек);
Тармақша 2
2) стационарлық көмек;
Тармақша 3
3) стационарды алмастыратын көмек;
Тармақша 4
4) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
Тармақша 5
5) паллиативтік көмек және мейіргер күтімі;
Тармақша 6
6) әлеуметтік-психологиялық көмек.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар анықталған жағдайда жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер және педиатрлар оларды бейінді мамандарға, психологқа және әлеуметтік қызметкерге консультацияға жібереді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға консультациялық-диагностикалық көмек медициналық көмек көлемін қамтиды, ол тиімділігі барынша дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларының негізінде медициналық көрсетілімдер бойынша айқындалады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға диспансерлік бақылау жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарды тәулік бойы медициналық бақылайтын медициналық ұйымға жібереді.
Тармақ 10
10. Стационарларда медициналық көмекті Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 болып тіркелді) бекіткен медициналық көмектің түрлері және көлемі бойынша мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға көрсетеді.
Тармақ 11
11. Бастан өткерген жіті аурулардан кейін, созылмалы ауру асқынған және жітілеу ауру нысандары кезінде әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көмегі көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1)жіті ауруды (консервативтік, операциялық) қарқынды емдегеннен кейін және аурудың жітілеу кезеңінде;
Тармақша 2
2)туа біткен және жүре пайда болған аурулар кезінде, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан болған аурулар кезінде, науқастың физикалық, психикалық және әлеуметтік әлеуетін оңтайлы іске асыруға қол жеткізе және оны қоғамға барынша барабар ықпалдастыра отырып, ауру сақталған кезеңде;
Тармақша 3
3)операциядан кейін асқынулар болмаған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар қалпына келтіре емдейтін және медициналық оңалтатын, оның ішінде балаларды медициналық оңалтатын медициналық ұйымдарда ем алуы үшін, амбулаториялық-емханалық ұйымның жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерінен жолдама, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық картаның үзінді көшірмесі болуы қажет.
Тармақ 14
14. Жіті және созылмалы әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға паллиативтік көмек пен мейіргер күтімі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй-тұрмыс жағдайлары нашар және отбасындағы жанжалды жағдайларда төсектік режимді қажет ететін әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға күндізгі стационар жағдайында және үй жағдайындағы стационарда паллиативтік көмек пен мейіргер күтімін көрсетуге жол берілмейді.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіледі.