Об отнесении поселка Кульсары Жылыойского района Атырауской области к категории городов районного значения Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары поселкесін аудандық маңыздағы қалалар санатына жатқызу туралы Жылыой ауданының өкілетті және атқарушы органдарының өтініштерін ескере отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес облыстық Мәслихаттың Х сессиясы және облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 11 наурыздағы Жылыой аудандық Мәслихатының ІХ сессиясы және Жылыой ауданы әкімінің "Құлсары поселкесін аудандық маңыздағы қаласы деп қайта құру туралы" N 9/1 бірлескен шешімімен келісілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары поселкесін аудандық маңыздағы қалалар санатына жатқызу туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізілсін.