Об утверждении Правил проведения конкурса по формированию перечня теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Теле-, радиокомпаниялардың конкурсқа қатысуға үміткерлердің (бұдан әрі – үміткерлер) өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Конкурсты өткізу тәртібі
2. Конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын уәкілетті орган конкурсты өткізудің ұйымдастырушысы ретінде әрекет етеді.
Тармақ 4
4. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру көп арналы хабар таратудың ортасына (цифрлық эфирлі, спутниктік телерадио хабарларын тарату) байланысты жүзеге асырылады. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
Тармақ 6
6. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында өтінімдер қабылданатын соңғы күнге дейін кемі күнтізбелік жиырма күн бұрын жарияланады.
Тармақ 7
7. Ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурсты өткізу уақыты, күні мен орны;
Тармақша 2
2) елді мекендердің (аумағы) атауы көрсетілген радиотелевизиялық станциялар туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 1 қосымшада көзделген нысанға телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне қосуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау орны және өтінімдерді қабылдауды бастау мен аяқтау мерзімдері.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Үміткердің конкурсқа қатысуға берген өтінімі оның осы Қағидаларда белгіленген және конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада жарияланған шарттарда конкурсқа қатысуға ниетін білдіреді.
Тармақ 10
10. Тіркелген өтінім кері қайтарылып алынған жағдайда, үміткер ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жібереді.
Тармақ 11
11. Конкурсқа қатысуға өтінім беруді үміткердің атынан әрекет етуге оның құқығын куәландыратын тиісінше рәсімделген сенімхатты көрсету арқылы үміткердің өкілі жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға келіп түскен өтінімдер және конкурстық ұсыныстар қабылданбайды. Себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы белгіні құжат қабылдауды жүзеге асыратын тұлға ұсынылған өтінімге қояды.
Тармақ 13
13. Ұйымдастырушы үміткерлердің конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімдері мен оларға қоса берілген конкурстық ұсыныстар, сондай-ақ өтінім берген тұлғалар мен олар ұсынған құжаттардың мазмұны туралы құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 14
14. Осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген құжаттарды үміткер ұйымдастырушының мекенжайына тіркелген, нөмірленген түрде және соңғы беттің сыртында үміткердің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрмен (болған жағдайда) бекітіліп, аузы жабылған конвертте ұсынады және мынадай талаптарды сақтайды:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға өтінім салынған мөрленген конверттің беткі жағында үміткер ұйымдастырушының және үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетуі тиіс;
Тармақша 2
2) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін тіркеу журналына енгізеді.
Тармақ 15
15. Комиссия өтінімдер мен басқа да құжаттар салынған конверттерді конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлердің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен ашады. Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық өтінімнің бар болуын және ресімделуінің дұрыстығын тексеру рәсімін аудио және/немесе бейне тіркеу жүргізіледі және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы ресімделеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы, оның қатысып отырған мүшелері мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысы әр парағына бұрыштама қояды және ол мынадай мәліметтерді қамтиді:
Тармақша 1
1) Комиссия отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды;
Тармақша 2
2) комиссияның сандық құрамы, кворумның болуын;
Тармақша 3
3) өтінімдерді ұсыну күні мен уақытын көрсете отырып, белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауын, мекенжайларын;
Тармақша 4
4) ұсынылған құжаттар (өтінім және оған қоса берілетін барлық конкурстық ұсыныстар), оның ішінде олардың осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмеуі) туралы ақпаратты. Комиссия отырысы басталғанға дейін Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде үміткерлер өкілдерінің үміткерлердің мүдделерін білдіруге құжатпен ресімделген өкілеттіктерін тексереді. Конкурсқа қатысуға өтінімі бар әрбір конвертті ашқан кезде Комиссия хатшысы конверттегі құжаттар мен материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жария етеді.
Тармақ 15-1
15-1. Өтінім талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ үміткерлер осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген конкурстық ұсыныстарды ұсынбаған жағдайда, Комиссия конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттер ашылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерге конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінімі бар электрондық мекенжайға хабарлама жібереді, сондай-ақ ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің нәтижелерін жариялайды. Ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын жариялайды. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы бар хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткер талаптарға сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінім мен конкурстық ұсыныстарды Комиссияға ұсынады. Комиссия талаптарға сәйкес келтірілген өтінімді және конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды үміткер ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды. Өтінім талаптарға сәйкес келтірілмеген, сондай-ақ үміткерлер осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген конкурстық ұсыныстарды ұсынбаған жағдайда, Комиссия хабарламада көрсетілген мерзімде үміткердің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамайды.
Тармақ 16
Тармақ 16-1
Тармақ 16-2
Тармақ 17
17. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
Тармақша 1
1) үміткерлердің құжаттар топтамасын, оның ішінде үміткерлердің конкурсқа қатысуға талаптарға сәйкес келтірілген өтінімдері мен конкурстық ұсыныстарды толық болуы мен тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 15-1-тармағына сәйкес өтінімдерді қабылдамайды;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес конкурс жеңімпаздарын айқындайды. Үміткерлердің қабылданбаған өтінімдері Конкурс қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Үміткердің және /немесе/ оның уәкілетті өкілінің Комиссия отырыстарына қатыспауы себебінен конкурстық өтінім қайтаруға жол берілмейді.
Тармақ 19
19. Конкурс бойынша шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс бергенде қабылданатын болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып есептеледі. Комиссия шешім қабылдайтын кезде Хатшының дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 20
20. Жеңімпаздарды анықтау кезінде іріктеу критерийлері: тақырыптық бағыты және жанрлық арақатынасы; меншікті теле-, радиобағдарламалар, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар және ретрансляция көлемдерінің арақатынасы; қазақ тілінде хабар тарату көлемі; хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты; кадрлық әлеует; теле-, радиоарналардың Тізбеде болу мерзімі ішінде теле-, радиобағдарламаларды өндіру және үздіксіз хабар тарату үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуы және жеткіліктілігі; үміткерді Тізбеден шығарып тастаудың (ауыстырудың) немесе қабылданған міндеттемелерін орындамаудың (оның ішінде ішінара) нақты оқиғаларының болмауы; үміткердің төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттардың болуы.
Тармақ 21
21. Конкурстың қорытындылары конкурс жеңімпаздары мен себептерін көрсете отырып конкурстан өтпеген үміткерлер көрсетіле отырып, конкурстың қорытындылары туралы хаттамада ресімделеді. Үміткерге конкурс қорытындылары туралы хаттаманың жобасы қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарлама жіберіледі. Үміткер конкурс қорытындылары туралы хаттама жобасымен бірге хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссияның k.kense@qogam.gov.kz электрондық мекенжайына конкурс қорытындылары туралы хаттаманың алдын ала жобасына қарсылық береді. Қарсылықтар қаралғаннан кейін, олар келіп түскен жағдайда, Комиссия төрағасы мен мүшелері конкурс хаттамасына қол қояды. Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мынадай:
Тармақша 1
1) қорытынды шығару орны мен уақыты туралы;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің өтінімдері туралы;
Тармақша 3
3) конкурс жеңімпазын және резервтік теле-, радиоарналарды көрсете отырып, конкурс қорытындылары туралы;
Тармақша 4
4) себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген үміткерлер туралы;
Тармақша 5
5) үміткерлердің хаттаманың алдын ала жобасына келіп түскен қарсылықтарының болуы немесе болмауы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы ақпарат қамтылады. Екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі оны уәкілетті орган бекіткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырылады.
Басқа 1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізуге өтінім
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасына Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізуге өтінім Жалпы мәліметтер: 1. Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _______________________________________________________________________ 2. Заңды тұлға: ________________________________________________ 3. Байланыс телефондарының нөмірлері, электронды мекенжайы: ___________________________________________________________________ 4. Есепке қою туралы куәлікке сәйкес теле-, радиоарнаның атауы:________________________ 5. Тақырыптық бағыты:______________________________________________________ 6. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінің тізбесін қалыптастыруға арналған тарату аумағы (радиотелевизиялық станциялар орналастырылатын елді мекендердің атауы):__________________________________________________________________________ 7. Цифрлық спутниктік телерадио хабарларын тарату желісінің тізбесін қалыптастыру үшін (Қазақстан Республикасының аумағы немесе облыстық маңызы бар әкімшілік-аумақтық бірлік):_________________________________________________________________ 8. Көпарналы хабар тарату ортасы (цифрлық эфирлік/спутниктік):_____________________________________________________________ Қоса беріліп отырған құжаттар: 1. _______________________________________________________ 2. _______________________________________________________ 3. _______________________________________________________ Бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы Мөрдің орны (бар болса) 20___ жылғы «___» ___________
Басқа 2
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс: Шығармашылық ұсыныстар Үміткер: теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға); мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты: 1) теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасын (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар және көркем, деректі фильмдер); 2) хабар таратудың тілдік арақатынасы, теле-, радиобағдарламаларды қазақ тілінде тарату уақытын; 3) меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалардың және қайта таратудың арақатынасын; 4) хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты; 5) шығармашылық және техникалық жұмыскерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуетін ұсынады. Техникалық ұсыныстар Үміткер: теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және типі туралы ақпаратты; аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамаларын; тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс және кескін сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелерді; студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны ұлттық теларадио хабарларын тарату операторының желісіне беру тәсілі туралы ақпаратты; сигналды (теле-, радиоарнаны) ұлттық оператор желісіне алты ай ішінде жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді ұсынады. Заңды және қаржылық ұсыныстар Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде: үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер); Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік; үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы; телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы бір айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.