Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық қалдықтардың
түзілу мен жинақталу
нормаларын есептеу
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10030 тіркелген, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
Б. Оспанов
Б. Жылқышиев
Е. Айтаханов
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
Р. Исаева