Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1 бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _____________ Мамытбеков А. 2015 жылғы 8 мамыр
Басқа 1. Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығымен бекiтiлген Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 37-1-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 7-9) тармақшасына және 39-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес тиісінше су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен (бұдан әрі – сумен жабдықтау жүйелері) ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын республикалық бюджет туралы заңнамада немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдерінде көзделген қаражат, республикалық бюджетте бекітілген сомалар шегінде республикалық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар есебінен және шегінде субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әкімші – облыстың жергілікті атқарушы органының тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін, облыс әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 2
2) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) жергілікті сумен жабдықтау жүйелері – бір елді мекеннің тұтынушыларына ауызсу беруді қамтамасыз ететін жүйелер;
Тармақша 4
4) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) өтінім – әкімшіге субсидиялауға қажеттілікке ұсынылған табиғи монополия субъектісінің өтініші.
Тармақша 6
6) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган – елді мекендерден тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 7
7) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мұқтаждарын және (немесе коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға);
Тармақша 8
8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
Тармақша 9
9) табиғи монополия субъектісі – тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 10
10) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 11
11) топтық сумен жабдықтау жүйелері – тұтынушыларға екі және одан да көп елді мекендерден ауызсу беруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау жүйелері;
Тармақ 3
3. Субсидиялар сумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға ауызсу бойынша өз мұқтаждықтарын қанағаттандыруға өткізілген ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандатуға арналады.
Тармақ 4
4. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым үшін сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялардың мөлшері: табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінің сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифі мен Су кодексінің 37-1-бабының 8-9) тармақшасына сәйкес ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың 1 (бір) текше метрі үшін халықтың төлемақы мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады; бұдан әрі тазартуды және оны ауызсу тұтыну жағдайына дейін жеткізуді талап ететін берілген судың 1 (бір) текше метрі үшін 0 (нөл) теңге.
Тарау 2. 2-тарау. Субсидия алу тәртібі
2-тарау. Субсидия алу тәртібі
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдар Су кодексінің 39-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы, оның ішінде есепті жылдың қорытындылары бойынша 20 қаңтарға дейінгі мерзімде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат береді.
Тармақ 6
6. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым субсидия алу үшін әкімшіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға қажеттілік жөніндегі өтінімді (бұдан әрі –Өтінім) мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
Тармақша 1
1) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінің пайдаланушы ұйымды жергілікті табиғи монополиялар бөліміне енгізу туралы бұйрығының көшірмесі;
Тармақша 2
2) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінің ауызсу беру тарифін бекіту туралы бұйрығының көшірмесі;
Тармақша 3
3) тиісті бассейн аумағында су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен (екі және одан көп облыстың аумағында қызметі жүзеге асырылатын және өкілеттіктері қолданылатын) келісім бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның бір және одан көп облыстарының аумағына ауызсу беруді жүзеге асыратын топтық су тартудың баламасы жоқ екені туралы қорытындылар;
Тармақша 4
4) аудандар мен ауылдық округтер әкімдерінің жергілікті су тартқышқа балама жоқ екенін растау туралы анықтамалары;
Тармақша 5
5) аудандар мен ауылдық округтер әкімдерінің ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу алатын халықтың саны туралы растайтын анықтамалар;
Тармақша 6
6) тиісті бассейн аумағында су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (екі және одан көп облыстың аумағында қызметі жүзеге асырылатын және өкілеттіктері қолданылатын) берген арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;
Тармақша 7
7) сумен жабдықтау жөніндегі ұйымның заңды немесе жеке тұлғасының мәртебесін растайтын құжаттар (Жарғының көшірмесі, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі), қосылған құн салығын қою туралы куәлік (бар болса).
Тармақ 7
7. Әкімші Өтінімді тіркейді және алынған құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес он жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімді қалыптастырады.
Тармақ 8
8. Алдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде төленетін субсидия мөлшері өткен жылға 1 (бір) адамға су тұтынудың орташа жылдық мөлшерлемесін ескере отырып анықталады.
Тармақ 9
9. Әкімші сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым бөлінісінде қалыптастырылған бюджеттік өтінімді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға енгізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
Тармақ 10
10. Берілген ауызсуға субсидия көлемі мынадай формула бойынша есептеледі: S= V*T*R, мұндағы: S – субсидия көлемі (теңгемен); V – халыққа берілетін ауызсудың жылдық көлемі (текше метрмен); Т – табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен сумен жабдықтау қызметтеріне 1 (бір) текше метр үшін бекітілген тариф (қосылған құн салығымен) (теңгемен); R – субсидия мөлшері (%).
Тармақ 11
11. Халыққа берілген ауызсудың жылдық көлемі мынадай формула бойынша есептеледі: V= N * Vтәу.* K, мұндағы: V – халыққа берілетін ауызсудың жылдық көлемі (текше метрмен); N – сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен шарт жасаған халықтың саны; Vтәу. – жергілікті атқарушы орган бекіткен 1(бір) адамға шаққанда тұтынылған ауызсудың тәуліктік көлемі; K – субсидиялар есептелетін күндер саны.
Тармақ 12
12. Субсидиялар мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: R= (T-P)/T*100, R – субсидия мөлшері (%); Т – табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен сумен жабдықтау қызметтеріне 1 (бір) текше метр үшін бекітілген тариф (қосылған құн салығымен) (теңгемен); P – жергілікті өкілді орган бекіткен сумен жабдықтау қызметтеріне 1 (бір) текше метр үшін халықтың төлемақы мөлшері.
Тармақ 13
13. Ауызсуды есепке алу аспабы болған кезде субсидиялар 1 (бір) адамға арналған тұтыну нормативі кезінде тәулігіне 140 (бір жүз қырық) литр мөлшерінде төленеді. Осы нормадан асқан жағдайда тұтынушы сумен жабдықтау қызметтеріне толық тариф төлейді.
Тармақ 14
14. Ауызсуды есепке алу аспабы болмаған кезде субсидиялар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әкімші бекітетін норматив бойынша төленеді.
Тарау 4. 4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі
4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі
Тармақ 15
15. Субсидиялар сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымдарға елді мекендердегі 1 (бір) тұрғынға белгіленген үлестік орташа тәуліктік су тұтыну шегінде субсидиялауды ескере отырып, сумен жабдықтау жүйелерінен су пайдаланушыларды бөлу нүктелеріне тарифтер бойынша ауызсу беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді.
Тармақ 16
16. Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымы сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтерге субсидия төлемдерін алу үшін:
Тармақша 1
1) 1 ақпанға дейін әкімшіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық құрылыс немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (облыстық маңызы бар қалалар) бөлімдерімен келісілген, ауызсу беруге шарттар жасалатын су пайдаланушылардың (халықтың) тізбесін (су ресурстарын коммерциялық мүдделерде пайдаланатын су пайдаланушыларды қоспағанда) ұсынады;
Тармақша 2
2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне әкімшіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су пайдаланушылар бөлінісінде ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін жиынтық тізілімді (бұдан әрі – жиынтық тізілім) (аудандық құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (облыстық маңызы бар қалалар) бөлімдерімен келісілген және екі данада (сумен жабдықтау және (немесе).
Тармақ 17
17. Әкімші:
Тармақша 1
1) ұсынылған жиынтық тізілімдерді ай сайын осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сегіз жұмыс күні ішінде тексереді және бекітеді;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның шотына тиесілі субсидиялар сомасын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін аударады.
Тарау 5. 5-тарау. Субсидиялау жөнінде есеп беру
5-тарау. Субсидиялау жөнінде есеп беру
Тармақ 18
18. Әкімші тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төленген субсидиялардың көлемі туралы есеп береді.
Басқа 1.1
Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан Жергілікті атқарушы органның (облыстардың) басшысына ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мемлекеттік органның атауы) ___________________________ (ұйымның атауы) (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) мекенжайы __________________________ (заңды немесе нақты мекенжайы) байланыс __________________________ (телефон) ________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы) 20 жылға арналған ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауды алу үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсынады. 1)_____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________; 2)_____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________; 3)_____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________; 4)_____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________; 5)_____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________; 6)_____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________; 7)_____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________; Күні: 20__ жылғы «__» ____________ ______________________________________________________________________________ Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы Мөр орны (бар болса)
Басқа 1.2
Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Нысан «КЕЛІСІЛДІ» Сумен жабдықтау, су бұру су қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық орган ________________________________ 20__ жылғы «__» ____________ «КЕЛІСІЛДІ» аудандық құрылыс немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (облыстық маңызы бар қалалар) бөлімді _____________________________ 20__ жылғы «__» ____________ Р/с № Су пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы Су бе­ру ли­ми­ті мың тек­ше метр Су­мен жаб­дық­тау қыз­мет­те­ріне бе­кі­ті­л­ген та­риф, тең­ге 1 2 3 4 Су беруші _____________________________________________________
Басқа 1.3
Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Әкімші ________________________ 20_ жылғы «__» ____________ Р/с № Су пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы Су бе­ру ли­ми­ті мың тек­ше метр Су бе­ріл­ді, мың тек­ше метр Ха­лық үшін су­мен жаб­дық­тау қыз­мет­те­рі­нің бе­кі­ті­л­ген та­ри­фі, 1 тек­ше метр үшін, тең­ге жыл ба­сы­нан ба­стап оның ішін­де есеп­ті ай­да 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің құ­ны, тең­ге Суб­си­дия мөл­ше­рі (та­риф­тік сме­та­лар­да ес­ке­рі­л­ген шы­ғын­дар­дың ___%), тең­ге Жыл ба­сы­нан ба­стап суб­си­дия тө­лен­ді, тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­ды, тең­ге Жыл ба­сы­нан ба­стап Оның ішін­де есеп­ті ай­да жыл ба­сы­нан ба­стап оның ішін­де есеп­ті ай­да 7 8 9 10 11 12 Су беруші _____________________________________________________
Басқа 1.4
Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Нысан 20_ жылғы «__» ____________ Мемлекеттік органның атауы: ____________________________________________ Нысаналы трансферттің атауы: ағымдағы нысаналы трансферттер Есеп беру кезеңі: _______ жыл Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы: ____________________ мың теңге Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды: ____________________________________ Р/с № Ті­ке­лей нәти­же Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы (жос­пар­лан­ған іс-ша­ра­лар) Іс-ша­ра­лар­дың іс жү­зін­де орын­да­луы, нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу са­ты­сы Нәти­же­лер­ге қол жет­кіз­беу се­беп­те­рі Жос­пар мың тең­ге Нақ­ты мың тең­ге Ауыт­қу мың тең­ге Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет Жер­гі­лік­ті бюд­жет 1 1 ____ мың тек­ше метр ауыз­су кө­ле­мін­де суб­си­ди­я­ла­у­ға тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі бой­ын­ша ауыз­су­ды үз­дік­сіз бе­ру Р/с № Түп­кі­лік­ті нәти­же Тәр­тіп бой­ын­ша жос­пар­лан­ған көр­сет­кіш­тер (іс-ша­ра­лар) Нәти­же­лер­ге нақ­ты қол жет­кі­зу Нәти­же­лер­ге қол жет­кіз­беу се­беп­те­рі 1 _________________________об­лы­сы _____________ ел­ді ме­ке­ні­нің тұр­ғын­да­рын са­па­лы ауыз­су­мен және қа­жет­ті мөл­шер­де (қо­лай­лы ба­ға­мен) қам­та­ма­сыз ету) 2 Ха­лық үшін ауыз­су бе­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­дің құ­нын тө­мен­де­ту___________ са­ны __________ адам ха­лық­ты қам­ту­мен Мөрдің орны (бар болса) Облыс әкімі _____ _____ ( қолы) Бірінші басшысы Тө­мен тұр­ған бюд­жет­тің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның әкім­ші­сі _________ (қо­лы)