Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичность прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, за исключением механических транспортных средств и прицепов к ним Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кезеңдiлiгi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 28 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ________________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 29 сәуір
Басқа 1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына 1- қосымша Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнайы уәкілетті ұйым – көлік құралдарында орнатылған газ баллонды жабдықтарға мерзімді сынақ жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арналған МЕМСТ/ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекцияны жүргізетін әртүрлі типтегі органдардың жұмысына қойылатын талаптар» мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;
Тармақша 2
2) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін қолданылатын сынау жабдығы және өлшеу құралдары;
Тармақша 3
3) газ баллонды көлік құралы – сұйытылған мұнай, сығылған немесе сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейтін көлік құралы;
Тармақша 4
4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты өз құзыреті шегінде және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 5
5) көліктік бақылау органы – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары;
Тармақша 6
6) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 7
7) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және қолдап отыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі – БАЖ Операторы);
Тармақша 8
8) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі – механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің меншік иесі, сондай-ақ механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалдау құқығы, тиісті органның осы адамға механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін беру туралы өкімі) иеленетін адам. Өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде көлік құралын басқаратын адам механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі болып табылмайды;
Тармақша 9
9) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу – міндетті техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретінде осы Қағидаларда көзделген техникалық қарап-тексерудің операторлары жүзеге асыратын іс-қимылдар;
Тармақша 10
10) міндетті техникалық қарап-тексеруден өту – міндетті техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретінде механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иесі жүзеге асыратын іс-қимылдар;
Тармақша 11
Тармақша 12
12) техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы – механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар иесі және механикалық көлік құралы мен оның тіркемелері және міндетті техникалық қарап-тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
Тармақша 13
13) цифрлық құжаттар сервисі – «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған объектісі.
Тармақ 4
4. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi - көлiк құралдары) мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағидалардың 31-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалау;
Тармақша 2
2) көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағидалардың 32-тармағында белгiленген талаптарға сәйкессiздiгi салдарынан туындаған жол-көлiк оқиғаларының алдын алу;
Тармақша 3
3) көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiк құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендету;
Тармақша 4
4) көлiк құралдарының бар болуы бойынша және техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру тәртiбi
2-тарау. Мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 5
5. Мiндеттi техникалық қарап тексеру операторымен көлік құралының тіркелген орны мен көлік құралы иесінің тұратын орнына қарамастан, техникалық қарап тексерудің стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді техникалық қарап-тексеру операторлары көлік саласындағы уәкілетті органға көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне екінші санаттағы рұқсат алған күннен бастап жүзеге асырады. 6-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде техникалық қарап-тексеру операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін ұсынады. Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметін алу үшін техникалық қарап-тексеру операторы БАЖ операторына: өтінішті; жеке басын куәландыратын сенімді деректерді; техникалық қарап-тексеру орталығының атауы, нақты орналасқан жерінің мекенжайы, техникалық қарап-тексеру операторының заңды мекенжайы; «E-gov» электрондық үкіметтің порталы арқылы ұсынылған дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік және/немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті; жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шартының көшірмесін); аумақ пен үй-жайдың ҚР СТ 1811-2018 «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап-тексеру. Бақылау әдістері» мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты; арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету шартының көшірмесін (техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне); техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсаттың көшірмесін; роликті тежегіш стендінің, люфтіні өлшегіш, газ талдағыштары және түтін өлшегіш, фаралардың жарығын тексерудің электрондық құралы, рульмен басқару және ілгіштің бөлшектерінде люфтілерді тексеру тестілері паспорттары мен сертификаттарының көшірмелерін; ұтқыр/стационарлық, жеңіл автомобильдер, жүк автомобильдері немесе әмбебап техникалық қарап-тексеру станциясы көрсетілген ақпаратты; паспортта көрсетілген әрбір жабдықтың ID сәйкестендіргіштерін көрсете отырып ақпаратты (тежегіш стенді, фаралардың жарық параметрлері, люфтіні өлшегіш, түтін өлшегіш, газ талдағышы, IP камера) ұсынады. Екі және одан да көп техникалық қарап-тексеру орталықтары ашылған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін алуға өтініш техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне беріледі.
Тармақ 6-2
6-2. БАЖ операторы ұсынылған құжаттар толған жағдайда міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге техникалық қарап-тексеру операторымен шарт жасасады.
Тармақ 6-3
6-3. Осы Қағидалардың 6-1-тармағына сәйкес құжаттар толық болмаған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге шарт жасасуға жол берілмейді.
Тармақ 6-4
6-4. БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге міндетті техникалық қарап-тексерудің операторына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу тәртібін бұза отырып, көлік құралына техникалық қарап-тексеру жүргізу фактісі анықталған кезде, оның ішінде көлік құралына жалған техникалық қарап-тексеру жүргізу белгілері анықталған кезде жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Техникалық қарап тексеру операторлары жария шарт негiзiнде еркін нысанында қызмет көрсетедi.
Тармақ 8
8. Көлiк құралдарының иелерi:
Тармақша 1
1) көлiк құралының тiркелген жерiне және өзiнiң тұрғылықты жерiне (тұрғылықты орнына) қарамастан, мiндеттi техникалық қарап тексеруден өту үшiн техникалық қарап тексеру орталығын дербес таңдайды;
Тармақша 2
2) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудiң кезеңдiлiгiмен бекiтiлген мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу мерзiмiнiң шегiнде мiндеттi техникалық қарап тексеруден өту уақытын дербес анықтайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi техникалық қарап тексеруден өтудi жеке немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) техникалық қарап тексеру операторларына техникалық қарап тексеру операторлары белгiлеген тариф шегiнде мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзу қызметтерi үшiн төлем жүргiзедi.
Тармақ 9
9. Міндетті техникалық байқаудан өту үшін көлік құралының иесі техникалық байқау операторына көлік құралын және көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.
Тармақ 10
10. Көлiк құралдары иелерiнiң құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетiлген ақпараттық стендiлерi бар көлiк құралдары иелерi үшiн қолжетiмдi жерде жабдықталады:
Тармақша 1
1) техникалық қарап тексеру операторының жұмыс режимi;
Тармақша 2
2) техникалық қарап тексеру операторының қызмет өңiрi;
Тармақша 3
3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу кестесi;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметтердің түрлері мен ерекшеліктері;
Тармақша 5
5) көлiктiк бақылау органының байланыс телефондары;
Тармақша 6
6) техникалық қарап тексеру операторының тарифтерi;
Тармақша 7
7) техникалық қарап тексеру операторының байланыс телефондары.
Тармақ 11
11. Техникалық қарап тексеру операторы көлiк құралдары иесiнiң өтiнiшi бойынша көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты мәлiметтердi хабарлайды.
Тармақ 12
12. Техникалық қарап-тексеру операторы:
Тармақша 1
1) міндетті техникалық қарап-тексеру өткізу жөніндегі жұмыстарды орындау процесінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарды сақтайды;
Тармақша 2
2) техникалық қарап-тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайлары мен аумағын 1811-2018 «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап-тексеру. Бақылау әдістері» ҚР СТ мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сәйкестігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) көліктік бақылау органына міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу құны мен мерзімдері туралы мәліметтерді ұсынады;
Тармақша 4
4) міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы нақты уақыт режимінде міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне толық және анық мәліметтер береді;
Тармақша 5
5) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар, сондай-ақ оның конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің конструкциясына, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін қосымша жабдықтау заттарына, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға енгізілген өзгерістері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына жазбаша түрде шұғыл хабарлайды.
Тармақ 13
13. Техникалық қарап тексеру операторларына:
Тармақша 1
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдары), шетелдік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (шетелде тіркелген автокөлік құралдары) келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар бұзыла отырып, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ, сонымен қатар автокөлік құралдарының қауіпсіздігі саласындағы талаптарын бұзып қайта жабдықталған көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге;
Тармақша 2
2) Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделмеген негіздер бойынша міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартады;
Тармақша 3
3) мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу шарттарын өзгертуiне.
Тармақ 14
14. Көлік құралын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін қажетті уақыт көлік құралының типі мен жіктемесіне сәйкес белгіленеді. 15 минут ішінде O-1, L-1-7 типті санаттар, 20 минут ішінде М-1 санаттары, М-2, М-3, N-1, N-2, N-3, О-2, О-3, О-4 санаттары 30 минут ішінде. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралының типі мен жіктелуіне байланысты көлік құралдарын техникалық қарап-тексерудің нәтижелері туралы келіп түсетін деректердің саны бойынша функционалды іске асырады.
Тармақ 15
15. Техникалық қарап тексеру операторлары қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 16
16. Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап тексеру техникалық қарап тексерудің тек стационарлық желілерімен жүзеге асады.
Тармақ 17
17. Техникалық қарап тексеру операторы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9658 болып тіркелген) Қызмет өңірін айқындау қағидасына сәйкес бекітілген көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу үшін шығу кестесiн жасайды.
Тармақ 18
18. Техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартуына:
Тармақша 1
1) көлік құралы иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынбауы;
Тармақша 2
2) иесінің көлік құралын ұсынбауы;
Тармақша 3
3) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруге ұсыну негіздер болып табылады.
Тармақ 19
19. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тарту негіздері анықталған жағдайда, техникалық қарап тексеру операторы ол туралы 15 минуттың ішінде көлiк құралы иесіне жазбаша түрде хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Мiндеттi техникалық қарап-тексеруді өткiзу тәртiбi
3-тарау. Мiндеттi техникалық қарап-тексеруді өткiзу тәртiбi
Тармақ 20
20. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруы техникалық қарап тексеру операторларының стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңдарына сәйкес бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.
Тармақ 22
22. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бақылау-диагностикалық жабдықтан алынған көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруді жүргізу нәтижелері жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректердi автоматтандырылған түрде берудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай цифрлы хаттама жөнiнде техникалық қарап тексеру желiлерiн басқару жүйесiнде қалыптасады.
Тармақ 23
23. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кіреді:
Тармақша 1
1) роликті тежегіш стенді;
Тармақша 2
2) люфті өлшегіш;
Тармақша 3
3) газ талдағышы және түтін өлшегіш;
Тармақша 4
4) фаралардың жарығын тексерудің электрондық аспабы;
Тармақша 5
5) рульдік басқару және аспа бөлшектеріндегі люфтіні тексеру тестері;
Тармақша 6
6) шу өлшегіш.
Тармақ 24
24. Көлiк құралдарының санатына байланысты көлiк құралдарының тежеуiштiк басқаруын тексеру мынадай роликтiк тежеуiш стендiлерiнде жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) N3 және О4 санаттары үшiн - оське түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес;
Тармақша 2
2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшiн - оське түсетiн барынша жүктемесi 10 тоннадан кем емес;
Тармақша 3
3) M1, N1, 02 санаттары үшiн - оське түсетiн барынша жүктемесi 2 тоннадан кем емес;
Тармақша 4
4) L1, L2, L3, L4, L5, L6, L7 санаттары үшiн - 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ 0,6 тонна;
Тармақша 5
5) көлік құралдарының барлық санаттары үшiн - оське түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес әмбебап роликтiк тежеуiш стендісінде пайдалану кезінде.
Тармақ 25
25. Барлық тежеуiш стендiлерiнiң санаттарына мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) орнатылған өлшеу жүйесi;
Тармақша 2
2) тежеуiш жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мүмкiндiгi;
Тармақша 3
3) автомобильдiң барлық түрлерi үшiн педальды күшейту өлшегiш датчигi;
Тармақша 4
4) көлiк құралдарының тежеуiш жүйесiндегi қысымның түсуiн пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкiндiгi;
Тармақша 5
5) автомобиль тежеуiш жүйесiнiң iске қосылған уақытын тежеуiш жүйесiнiң пневматикалық жетегiмен өлшеу мүмкiндiгi.
Тармақ 26
26. Газ анализатор және түтiн өлшегiштер мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) СО және СН газ анализатор;
Тармақша 2
2) Lambda коэффициентiн өлшеу;
Тармақша 3
3) дизельдi қозғалтқыштың түтiн деңгейiн өлшеу.
Тармақ 26-1
26-1. Шығару құбырының кесіндісінен 0,5 м қашықтықта өлшенген көлік құралының пайдаланылған газдарын шығарудың шу деңгейі қозғалтқыштың иінді білігінің тұрақты нысаналы айналу жиілігін ұстап тұру кезінде және оның айналуын баяулату режимінде қозғалтқыштың жұмыс істемей тұрған кезде қозғалмайтын көлік құралындағы газ ағынының осіне 45О+10О бұрышында нысаналы жиіліктен ең төменгі бос жүріс жиілігіне дейін көлік құралын дайындаушы белгілеген мәндерден, ал оның айналуын баяулату режимі бұл деректер - «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР Кеден одағының Техникалық регламентінің 9.2-кестесінде көрсетілген мәндер болмаған жағдайда 5 дБ-ден аспауы тиіс. Қозғалтқыштың иінді білігінің мақсатты айналу жиілігі: Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі 5000 мин-1-ден аспайтын, қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі бар көлік құралдары үшін қозғалтқыштың барынша жоғары қуатына сәйкес келетін айналу жиілігінің 75%; 3750 мин-1 қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі барынша жоғары қуатқа сәйкес келетін көлік құралдары үшін 5000 мин-1, бірақ 7500 мин-1-ден аз болмауы; Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі 7500 мин-1 және одан жоғары көлік құралдарына арналған қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігінің 50%. Егер іштен жану қозғалтқышы иінді біліктің көрсетілген айналу жиілігіне жете алмаса, онда мақсатты жиілік қозғалмайтын көлік құралы үшін мүмкін болатын ең жоғары деңгейден 5% төмен қабылданады. Іштен жану қозғалтқышы жұмыс істей алмайтын көлік құралы үшін көлік құралы қозғалыссыз болған кезде тексеру жүргізілмейді.
Тармақ 27
27. Жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) фарлардың барлық түрiн тексеру;
Тармақша 2
2) жарық күшiн тексеру.
Тармақ 28
28. Ақаулы және (немесе) белгiленген мерзiмде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi.
Тармақ 28-1
28-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу үшін пайдаланылатын өлшеу құралдарын тексеру туралы берілген сертификаттар туралы мәліметтерді қамтитын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. Техникалық қарап тексеру операторлары көлiк құралдарының мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудi көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудiң технологиялық процестерiне сәйкес жүзеге асырады. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргізудiң технологиялық процесi әрбiр стационарлық және ұтқыр техникалық қарап тексеру желiлерi үшiн анықталған әдiстерді және көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiнiң техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестiгiн тексеру бірізділігін қамтиды.
Тармақ 29-1
29-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне электрондық картадағы стационарлық және ұтқыр желілерден жүргізілген техникалық қарап-тексеру туралы деректердің түсуін қамтамасыз ететін функционалдың жұмысын қамтамасыз етеді, бұл міндетті техникалық қарап-тексерудің нақты уақыты мен орнын анықтауға мүмкіндік береді. Техникалық қарап-тексеру операторы ұтқыр және стационарлық желілерде орналасқан жерінен мәліметтерді беруді қамтамасыз ету үшін навигация жүйесін орнатады.
Тармақ 29-2
29-2. БАЖ операторы техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзу екi кезеңдi қамтиды: дайындық және негiзгi.
Тармақ 31
31. Міндетті техникалық байқауды өткізудің дайындық кезеңі барысында:
Тармақша 1
1) көлік құралының маркасы, моделі және модификациясы белгіленеді;
Тармақша 2
2) көлік құралының түсі белгіленеді;
Тармақша 3
3) тіркеу белгілерінің болуы тексеріледі;
Тармақша 4
4) көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістердің болуы белгіленеді;
Тармақша 5
5) алынған нәтижелер көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерімен салыстырылады (салыстырылады).;
Тармақша 6
6) көлік құралына орнатылған газ-баллон жабдығына мерзімді сынақтар жүргізу туралы куәліктің, газ-баллон жабдығын жөндеген жағдайда оны жөндеу (редукторды немесе баллонды ауыстыру) кезінде Енгізілген өзгерістер туралы белгісі бар көлік құралына орнатылған газ-баллон жабдығының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктің болуы тексеріледі;
Тармақша 7
7) көлік құралына орнатылған газ баллонының сериялық нөмірі газ баллонын дайындаушы ресімдеген көлік құралына орнатылған әрбір газ баллонының паспортының деректерімен салыстырылады (салыстырылады).
Тармақша 8
8) диагностикалық картаға көлік құралында орнатылған әрбір газ баллонына паспорт деректері бар газ баллонының сериялық нөмірі енгізіледі.
Тармақ 32
32. Міндетті техникалық қарап тексеруді жүргізудің негізгі кезеңі жиынтыққа, пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндеріне, жекелеген компоненттердің тозуын (өзгеруін) пайдалануға рұқсат етілетін шектеулерге, автокөлік құралдары конструкциясының рұқсат етілетін өзгеру шектерін, оның ішінде автокөлік құралдары конструкциясының рұқсат етілетін өзгеру шектерін сипаттайтын нормаларға қатысты тексеруді қамтиды:
Тармақша 1
1) тежегішті басқару: жұмыс тежегіш жүйесінің тиімділігі; тұрақ тежегіш жүйесі жұмысының тиімділігі; бұғаттауға қарсы тежеу жүйелерінің сигнализаторларының жұмыс істеуі (егер көлік құралының конструкциясында көзделген жағдайда); тежегіш жүйелері элементтерінің жай-күйі және тежегіш жетегінің герметикалығы;
Тармақша 2
2) рульдік басқару: руль механизмінің және оны бекіту картерінің, руль жетегінің, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуі; жалпы люфт;
Тармақша 3
3) шолу: шолу өрісі; шыны күйлері; артқы көрініс айналарының жай-күйі және бекітілуі; шыны тазалағыштар; шыны жуғыштар;
Тармақша 4
4) сыртқы жарық аспаптарының, шағылыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түсі, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары: алыс және жақын жарық фаралары; алдыңғы және артқы габариттік (бүйірлік) оттар, бүйірлік сигналдық фонарьлар; тежеу сигналдары; указателей поворота; алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралар; артқы жарық шамдары; артқы нөмірлік белгіні жарықтандыру шамдары; авариялық сигнал беру (егер көлік құралының конструкциясында көзделген жағдайда); оптикалық элементтер, оның ішінде түссіз немесе боялған бөлшектер мен пленкалар;
Тармақша 5
5) дөңгелектер, шиналар және аспалар: Шина протекторының зақымдануы және тозуы; аспа элементтерінің және оларды бекітудің механикалық жай-күйі (рессорлар, амортизаторлар, аспа рычагтары, топсалы элементтер); дискілер мен дөңгелектер жиектерінің жай-күйі, оларды бекіту элементтерінің болуы;
Тармақша 6
6) шассидің және шассиге (рамаға) агрегаттар мен тораптардың бекіту элементтерінің жай-күйі мен жұмыс істеуі: шығару құбырлары мен сөндіргіштер; тізбекті құрылғылар; еден (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты); жүргізуші мен жолаушылардың орындықтары, желдету, жылыту жүйелері (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты); бамперлер, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылар;
Тармақша 7
7) Өзге де жабдықтардың жай-күйі мен жұмыс істеуі: балалардың ұстап тұратын құрылғылары және олар бар болған жағдайда оларды бекіту орындары, дыбыстық сигнал, спидометр; болуы: қауіпсіздік белдіктері, өрт сөндіру құралдары; авариялық тоқтату белгілері; алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишалары;
Тармақша 8
8) газ баллон жабдығының жай-күйі мен жұмыс істеуі: газбаллонды Көлік құралдарын қоректендіру жүйесінің «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы «Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген» доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі; газбаллонды жабдық элементтерінен және олардың қосылған жерлерінде газдың кемуінің болмауы; орнатылған газбаллонды жабдықтың конструкциясы мен компоненттерінің тұтастығы; көлік құралына орнатылған әрбір газ баллонына өшірілмейтін түрде нақты түсірілген «сұйытылған мұнай газы» (СМГ) немесе «сығылған табиғи газ» (СТГ) сериялық нөмірі мен белгілерінің болуы;
Тармақша 9
9) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар: пайдаланылған газдар; отын мен пайдалану сұйықтықтарының ағуы (мотор және трансмиссиялық май, тежегіш, гидравликалық және салқындатқыш);
Тармақша 10
10) «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 018/2011 Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген мамандандырылған және арнайы көлік құралдарының қосымша талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 11
11) раманың, шанақтың жай-күйі: қосымша жабдықтардың және аэрографиялық үш өлшемді суреттердің болуы; доңғалақ базасының, габариттері мен желілік өлшемдерінің дайындаушы кәсіпорынның конструктивтік параметрлеріне сәйкестігі; кабинаның, раманың, зембілдің жай-күйі.
Тармақ 32-1
32-1. Баллондарды дайындаушы белгілеген және баллонның (баллондардың) паспортында көрсетілген баллондардың куәландыру кезеңділігімен сәйкес келетін кезеңділікпен көлік құралдарындағы газ баллонды жабдық арнайы уәкілетті ұйымдарда кезеңділік сынақтардан өткізіледі. Кезеңділік сынақтардың нәтижелері бойынша арнайы уәкілетті ұйымдар көлік құралында орнатылған газ баллонды жабдықтың кезеңділік сынағынан өткізілгені туралы куәлікті ресімдейді.
Тармақ 33
33. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзудiң негiзгi кезеңiнде көлiк құралының бөлiктерін ажыратусыз және алып тастаусыз орындалады.
Тармақ 34
34. Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйi автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйiнде де (тартым-тiркеме құрылғысы мен тежегiш блоктауының жарамдылығын бақылау үшiн) тексерiледi.
Тармақ 35
35. Көлік құралдарына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу нәтижелері бойынша техникалық қарап-тексеру операторы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын жасайды (бұдан әрі – диагностикалық карта).
Тармақ 36
36. Диагностикалық картаға техникалық қарап тексеру операторының басшысы немесе осыған уәкiлеттiк берiлген тұлға қол қояды, техникалық қарап тексеру операторының мөрімен бекітіледі және көлiк құралының иесiне берiледi.
Тармақ 37
37. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық қарап тексеру операторы мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетiн жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық жасақтамада электрондық түрде жүргiзедi.
Тармақ 38
38. Техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілері ақпаратты және міндетті техникалық байқауды өткізу нәтижелері туралы мәліметтерді қалыптастыру, сақтау және автоматты беру үшін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақталады. Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен ақпаратты қалыптастыру, сақтау және оны міндетті техникалық байқаудан өткізу нәтижелері туралы мәліметтерді автоматты түрде беру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.
Тармақ 39
39. Мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай басқару жүйесi орталықтандырылған, сондай-ақ бiрыңғай цифрлық хаттама бойынша бiрiктiрiлген және мынадай талаптарға сәйкес келедi:
Тармақша 1
1) бақылаулық-диагностикалық жабдықты басқару үшiн белгiленген бағдарламалық жасақтаманың болуы;
Тармақша 2
2) цифрлық хаттама негiзiнде жұмыс iстейді;
Тармақша 3
3) ресми және (немесе) мемлекеттiк тiлдердегi интерфейсi болады.
Тармақ 40
40. Бағдарламалық-аппараттық кешенге ақпарат пен мәліметтерді беру мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық, сондай-ақ көлік құралын тіркеу құралдары кіреді. Көлік құралының тежегіш жүйесін тексеру фотоны тіркеуі бар роликті тежегіш стендте қамтамасыз етіледі. Фотоны тіркеу құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ тежегіш стендінің роликтеріндегі көлік құралының, тіркеменің (жартылай тіркеменің) алдыңғы және артқы осін бір мезгілде қарау қамтамасыз етілетін жерде орналастырылады. Міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу процесі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бойынша көлік құралын сәйкестендіруді қамтамасыз ететін фото және бейнетіркеу құралымен тіркеледі. Бейнетіркеу құралы техникалық қарап-тексерудың барлық желілеріне шолу қамтамасыз етілетін жерде орналастырылады. Техникалық қарап-тексеру операторы міндетті техникалық қарап-тексеру өткізілген сәттен бастап алты ай ішінде көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізудің және фотоны тіркеудің барлық рәсімдерін күнделікті жазудың бейнефайлын мұрағаттық сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 41
41. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу нәтижелерi бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiне көлiк құралының иесi, көлiк құралы, мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу нәтижелерi, берілген диагностикалық карталар туралы ақпарат берiледi.
Тармақ 42
42. Егер көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша ақаулар және көлік құралы мен оның тіркемелерін пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар анықталмаса, міндетті техникалық қарап тексеру өткізілді деп саналады. Бұл жағдайда көлік құралы иесіне міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетіле отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы беріледі.
Тармақ 43
43. Егер мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу нәтижелерi бойынша ақаулар және көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар анықталса, мiндеттi техникалық қарап тексеру өткiзiлмеді деп танылады. Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне ақаулары көрсетiле отырып диагностикалық карта беріледі және көлiк құралы иесiнің талабы бойынша өлшеу құралдарын тексеру нәтижелері бойынша алынған хаттама берiледi.
Тармақ 43-1
43-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу тәртібін бұзғаны анықталған техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасының күшін жояды. БАЖ операторы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынған ақаулар туындаған кезде жол-көлік оқиғасы жасалған жағдайда көлік құралын техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын жояды. Диагностикалық карта жойылған кезде БАЖ операторы көлік құралының иесіне техникалық қарап-тексеруден қайта өту қажеттігі туралы хабарлайды.
Тармақ 44
44. Көлiк құралын пайдалануға жол берілмейтін анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейiн көлiк құралының иесi оны мiндеттi техникалық қарап тексеруді қайта жүргiзу үшiн ұсынады.
Тармақ 45
45. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық қарап тексеру бiрiншi мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзiлген техникалық қарап тексеру орталығында не өзге техникалық қарап тексеру орталығында жүргiзiледi.
Тармақ 46
46. Механикалық көлiк құралын және оның тіркемелерін алғашқы мiндеттi техникалық қарап тексеру өткізілген техникалық қарап тексеру орталығында қайта техникалық қарап тексеруден өткiзу кезінде техникалық қарап тексеру белгiленген критерийлерге сай болмаған және техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында немесе хаттамада көрсетiлген позициялар бойынша ғана жүргiзiледi. Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерiлетiн позицияларды тексергені үшiн ғана алынады. Егер міндетті техникалық қарап тексеруден қайта өткізілген тексерудің нәтижесі бойынша көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейтін жағдайда жай-күйі және ақаулық анықталмаса, міндетті техникалық қарап тексеруден өтті деп есептелінеді. Бұл жағдайда көлік құралының иесіне міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезеңділік мерзімі бекітілген ережеге сәйкес міндетті техникалық қарап тексерудің келесі өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта беріледі.
Тармақ 47
47. Техникалық қарап тексеру операторларына көлiк құралының иесiне қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзуден бас тартуға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 48
48. Көлiк құралы иесiнiң мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзу кезiнде ақауларды анықтағаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық қарап тексеруге ұсынуының ең ұзақ мерзiмi бірінші міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген күннен бастап күнтiзбелiк он күндi құрайды. Күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн көлiк құралының жай-күйiн осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жалпы негiздерде жүзеге асырылады.
Тармақ 49
49. Егер қайта мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзу кезiнде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетiлген, көлiк құралын пайдалануға жол берілмейтін ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгiленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта мiндеттi техникалық қарап тексеру нәтижелерi көрсетiледi. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар орын алып, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруге қайта жібереді.
Тармақ 50
50. Міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралының иесі жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық картаның телнұсқасын беру туралы өтінішпен бұрын жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаны берген техникалық қарап тексеру операторына жүгінеді. Техникалық қарап тексеру операторы көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізбестен, жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық картаны беруді 15 минут ішінде жүзеге асырады. Жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның қолданылу мерзіміне беріледі. Көлік құралының меншік иесі және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі өзгерген жағдайларда баж операторы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуді жүргізеді.
Тармақ 51
51. Техникалық қарап тексеру операторының техникалық қарап тексерудің стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүргiзуi бойынша ақпараты мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мынадай мерзімділікпен берiледі:
Тармақша 1
1) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісі үшін - күн сайын нақті уақыт тәртібінде;
Тармақша 2
2) техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісі үшін – күнтізбелік екі күн ішінде бір рет.
Тарау 4. 4-тарау. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі
4-тарау. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 52
52. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету үшін БАЖ операторы салалық Қауымдастық және Қоғамдық Бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп :
Тармақша 1
1) «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын белгіленген талаптарға (бұдан әрі - Талаптар) сәйкестігіне және белгіленген Талаптармен тыйым салынған, оның ішінде деректерді қолмен енгізуге мүмкіндік беретін тәсілмен мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық белгілердің болмауына;
Тармақша 2
2) бастапқы кодтың тікелей компиляциялауға және құрастыруға дайындығына жарты жылда бір рет барлық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарының жұмысына мониторинг жүргізеді. БАЖ операторы мониторинг нәтижелері бойынша «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19090 болып тіркелген) белгіленген талаптарға мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның сәйкестігі және/немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресімдейді.
Тармақ 53
53. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету мақсатында БАЖ Операторына мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардан белгіленген Талаптарға сәйкес келмейтін мәліметтерді қабылдауға және модульдерден, бақылаушылардан, датчиктерден бақылау-диагностикалық жабдықтардан жіберілетін деректерді бұрмалайтын мәліметтерді қабылдауға (деректерді) жол берілмейді.
Тармақ 53-1
53-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде: көлік құралы туралы мәліметтердің заңдылығы болмаған кезде диагностикалық картаны қалыптастырудан және беруден автоматты түрде бас тарту; техникалық қарап-тексерудің жалған диагностикалық картасын беру фактісін автоматты түрде тануды қамтамасыз ететін функционалды жұмысын қамтамасыз етеді. БАЖ операторы осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып, көлік құралына техникалық байқау жүргізу фактісі анықталған кезде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін техникалық байқау операторына міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге жол берілмейді; механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді ұсынбау; техникалық қарап тексеру орталығы орналасқан жері өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу; көлік құралдары иелерінің құжаттарын қабылдауға арналған үй-жайда ақпараттық стендте қызмет өңірінде міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесі болмаған; осы тармақта көрсетілген талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою кезінде БАЖ операторына бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты береді. БАЖ операторы анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін осы тармақтың тоғызыншы абзацында көзделген техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтері көрсетіледі.
Тармақ 53-2
53-2. БАЖ операторы көлік құралдарына техникалық қарап-тексеру жүргізу нәтижелері туралы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне келіп түсетін деректерге аптасына кемінде екі рет объективті мониторинг жүргізу үшін көлік саласындағы салалық қауымдастықтар мен ұйымдар қатарынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерімен (келісім бойынша) жұмыс тобын құрады. Мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабымен көзделген шараларды одан әрі қабылдау үшін жұмыс тобының барлық мүшелері қол қоятын және көлік саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес диагностикалық карталарды тексеру актісімен ресімделеді. БАЖ операторы жұмыс тобының актісі негізінде осы Қағидалардың 6-4 және 43-1-тармақтарының талаптарына сәйкес шаралар қабылдайды. Көлік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған жұмыс тобының актісі негізінде техникалық қарап-тексеру операторына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жүргізу және әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін аумақтық көліктік бақылау органына нұсқау жібереді.
Тармақ 54
54. Осы Қағидалардың 52-тармағымен көзделген талаптарды сақтаған кезде БАЖ Операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың берілген нұсқасы үшін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосу үшін сәйкестендіру кілтін жасайды.
Тармақ 54-1
54-1. Осы Қағидалардың 52-тармағында көзделген шарттар сақталмаған кезде БАЖ операторы осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға арналған қолданыстағы сәйкестендіру кілтін іске қоспайды.
Тармақ 55
55. Сәйкестендіру кілті жасалғаннан кейін және оны мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың бастапқы кодына шифрланған түрде енгізгеннен кейін БАЖ Операторы техникалық қарап-тексеру орталықтарының жұмыс станцияларында орындауға арналған орындалатын және өзге де файлдар жиынтығына мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың бастапқы кодын түпкілікті компиляциялау мен құрастыруды жүргізеді.
Тармақ 56
56. Соңғы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды шифрланған түрде сәйкестендіру кілтімен біріктіріп компиляциялағаннан және құрастырғаннан кейін, мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың орындалатын файлдарынан (оның ішінде DLL кітапханалары) хеш-сома алынады, ол кейінгі тексерулер жүргізу және диагностикалық картаның қызметтік алаңдарында пайдалану үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда орындалатын файлдарының нұсқасы мен жай-күйін бірдей сәйкестендіреді.
Тармақ 57
57. БАЖ операторы түрлендіргіштің тікелей мәнін белгілейді, ол хеш-функцияларды парольмен бірге береді және түрлі-түсті кестелерін пайдалана отырып, сөздік бойынша іріктеулерден және шабуылдардан қорғау, сондай-ақ бірдей парольдерді жасыру үшін пайдаланылады. Түрлендіргіштің тікелей мәнін БАЖ операторы белгілейді және беруге жатпайды.
Тармақ 58
58. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда белгіленген Талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде БАЖ операторы деректерді осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдар механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне беру мүмкіндіктерін жояды.
Тармақ 59
59. БАЖ операторы көлік саласындағы уәкілетті органды мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы хабардар етеді.
Басқа 1.1
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша Техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы № ___ Certificate of periodic technical inspection Алдыңғы жағы Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры (опе­ра­тор­дың ата­уы және ме­кен­жайы): Ба­стап­қы тек­се­ру қай­та тек­се­ру Ди­а­гно­сти­ка­ла­на­тын кө­лік құ­ра­лы­ның фо­то­су­ре­ті Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі: Кө­лік құ­ра­лы­ның ие­сі: Сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (VIN): Мар­ка­сы, мо­де­лі: Шы­ға­ры­л­ған жы­лы: Кө­лік құ­рал­да­рын тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік (се­ри­я­сы, нө­мі­рі): Ку­зов нө­мі­рі: Ра­ма нө­мі­рі: Қоз­ғалт­қыш нө­мі­рі: Кө­лік құ­ра­лы­ның са­на­ты: Тек­се­рі­ле­тін па­ра­метр­лер және қой­ы­ла­тын та­лап­тар № Тек­се­рі­ле­тін па­ра­метр­лер және қой­ы­ла­тын та­лап­тар № Тек­се­рі­ле­тін па­ра­метр­лер және қой­ы­ла­тын та­лап­тар I. Те­жеу жүй­е­ле­рі 15 Жүр­гі­зу­ші та­ра­пы­нан әй­нек­тің жар­ты­сын та­за­ла­ғы­шпен та­за­лау ай­ма­ғын­да ал­дың­ғы әй­нек­те жа­рық­тар бол­мауы 29 Отын­ның ағуы және пай­да­ла­ну сұй­ық­тық­та­ры­ның там­шы­сы­ның бол­мауы 1 Жұ­мыс те­же­гіш жүй­е­сі­нің ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің сәй­кест­і­гі 16 Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес арт­қы кө­рі­ніс ай­на­ла­ры­ның бо­луы және күйі 30 Га­з­бен жұ­мыс іс­тей­тін кө­лік құ­рал­да­ры­ның қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғын бұз­бау. Газ бал­лон­да­ры­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі 2 Ай­ыр­ма­шы­лық­тың сәй­кест­і­гі бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға те­же­гіш кү­ш­те­рі IV. Сырт­қы Жа­рық ас­пап­та­ры 31 «Доң­ға­лақ­ты кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы» Ке­ден ода­ғы­ның тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тін қа­был­дау ту­ра­лы» Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ко­мис­си­я­ның 2011 жы­л­ғы 9 жел­тоқ­сан­да­ғы № 877 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген «Доң­ға­лақ­ты кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы» КО ТР 018/2011 Ке­ден ода­ғы­ның Тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­т­ін­де бел­гі­лен­ген кө­лік құ­ра­лы­ның пай­да­ла­ны­л­ған га­з­да­рын шы­ға­ру шуы­ның шек­ті рұқ­сат еті­л­ген дең­гей­іне сәй­кест­і­гі VII. Кон­струк­ци­я­ның бас­қа эле­мент­те­рі 3 Тұ­рақ те­же­гіш жүй­е­сі­нің ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің сәй­кест­і­гі 17 Кон­струк­ци­яда көз­дел­ген орын­дар­да фа­ра­лар­дың, сиг­нал­дық шам­дар­дың бо­луы және ор­на­ла­суы 32 Жұ­мыс іс­тей­тін ды­быст­ық сиг­нал­дық құ­ры­л­ғы­ның бо­луы 4 Құлып­қа қар­сы те­же­гіш жүй­е­ле­рі­нің сиг­на­ли­за­тор­ла­ры­ның жұ­мыс іс­те­уі 18 Фа­ра­лар мен сиг­нал шам­да­ры­ның жай-күйі, жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гі және жұ­мыс ре­жи­мі 33 Бір ось­ті тір­ке­ме­лер­де (та­ра­ту­ды қо­с­па­ған­да) және жұ­мыс те­же­гіш жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ма­ған тір­ке­ме­лер­де жұ­мыс іс­те­у­ге қа­бі­лет­ті сақ­тан­ды­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның бо­луы 5 Те­же­гіш же­те­гі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғы­ның бұ­зы­луы­ның, қы­сым­мен те­же­гіш шлан­гі­ле­рі­нің іс­і­ну­і­нің, жа­рық­тар­дың, кө­рі­не­тін ысқы­лау орын­да­ры­ның, то­тығ­у­дың, гер­ме­ти­ка­лық­тың жо­ға­луы­на неме­се бұ­зы­луы­на қа­уіп төн­ді­ре­тін бұ­зы­лу­дың бол­мауы 19 Рет­теу бұ­ры­шта­ры мен фа­ра­лар­дың жа­рық кү­ші­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі 34 Ав­то­мат­ты құлып­тау, қол­мен және ав­то­мат­ты құлып­тау сед­ла-ілі­ні­су құ­ры­л­ғы­сы­ның өнім­ді­лі­гі. Ілі­ні­су құ­ры­л­ғы­ла­рын­да жа­рық­тар мен кө­рі­не­тін за­қым­дар­дың бол­мауы 6 Те­же­гіш сұй­ық­тығ­ы­ның ағып кет­пе­уі 20 Жа­рық ас­пап­та­ры диф­фу­зор­ла­ры­ның, оп­ти­ка­лық эле­мент­тер­дің, оның ішін­де түс­сіз неме­се бо­я­л­ған бөл­шек­тер мен плен­ка­лар­дың бұ­зы­луы­ның және жа­ры­луы­ның бол­мауы 35 Кө­лік құ­рал­да­рын жа­рам­ды қа­уіп­сіз­дік бел­дік­те­рі­мен жа­рақ­тан­ды­ру II. Руль­дік бас­қа­ру V. Ши­на­лар, дөң­ге­лек­тер және сус­пен­зия 36 Ды­быс өшір­гіш­тер мен шы­ға­тын құ­быр­лар­дың бо­луы 7 Руль­дік бас­қа­ру­да­ғы жиын­тық ой­ын­нан шек­ті мән­дер­дің асып кет­пе­уі 21 Ши­на­лар про­тек­то­ры үл­гі­сі­нің би­ік­ті­гі­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі 37 Спи­до­метр­дің жұ­мыс іс­теу қа­бі­лет­ті­лі­гі 8 Руль­дік доң­ға­лақ­ты бей­та­рап по­зи­ци­ядан өзді­гі­нен бұ­ру­дың бол­мауы 22 Сым­ды аша­тын ши­на­лар­дың жер­гі­лік­ті про­тек­тор­лық бө­лі­нуі және жер­гі­лік­ті за­қым­да­нуы (сы­нуы, ке­сі­луі, жыр­ты­луы) жоқ 38 Бам­пер­лер мен доң­ға­лақ үст­ін­де­гі бал­шық­тан қор­ғай­тын құ­ры­л­ғы­лар­дың бо­луы және жай-күйі 9 Руль ба­ға­на­сы мен руль те­ті­гі­нің кар­те­рін бе­кі­ту бөл­шек­те­рі­нің за­қым­дан­ба­уы және то­лық жиын­тығы 23 Бар­лық болт­тар­дың неме­се гай­ка­лар­дың дис­кі­лер мен доң­ға­лақ жи­ек­те­рі­нің бо­луы 39 Са­лон еде­нін­де те­сік­тер­дің бол­мауы, орын­дық­тар мен тұт­қа­лар­ды се­нім­ді бе­кі­ту, орын­дық­тар қап­та­ма­сы­ның және тұт­қа­лар­дың жұм­сақ эле­мент­те­рі­нің тұ­та­стығы, орын­дық­тар­ды рет­теу және бе­кі­ту те­тікте­рі­нің, ав­то­бу­стар­да, ша­ғын ав­то­бу­стар­да және так­си­лер­де жел­де­ту, жы­лы­ту жүй­е­сі­нің жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі 10 Руль те­ті­гін­де және руль же­те­гін­де қал­дық де­фор­ма­ция, жа­рық­тар және бас­қа ақа­у­лар із­де­рі­нің бол­мауы 24 Дис­кі­лер­де және доң­ға­лақ жи­ек­те­рін­де жа­рық­тар­дың бол­мауы 40 Ба­ла­лар­ды ұстай­тын құ­ры­л­ғы­лар­дың және олар­ды бе­кі­ту орын­да­ры­ның жай-күйі мен жұ­мыс іс­те­уі. Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін ава­ри­я­лық тоқ­та­ту бел­гі­сі­нің, өрт сөн­дір­гіш­тер­дің және қоб­ди­ша­ның бо­луы III. Шо­лу 25 Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кө­лік құ­ра­лы­на ши­на­лар­ды ор­на­ту 41 «Доң­ға­лақ­ты кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы» Ке­ден ода­ғы­ның тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тін қа­был­дау ту­ра­лы» Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ко­мис­си­я­ның 2011 жы­л­ғы 9 жел­тоқ­сан­да­ғы № 877 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген «Доң­ға­лақ­ты кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы» КО ТР 018/2011 Ке­ден ода­ғы­ның Тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­т­ін­де бел­гі­лен­ген ма­ман­дан­ды­ры­л­ған және ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның қо­сым­ша та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі 11 Жел­қа­ғар әй­нек­тің әй­нек та­за­ла­ғы­шта­ры­ның бо­луы және жұ­мыс іс­теу қа­бі­лет­ті­лі­гі 26 Ас­па то­рап­та­ры мен бөл­шек­те­рі­нің жай-күйі, сон­дай-ақ олар­ды бе­кі­ту орын­да­рын­да орын ауы­сты­ру­дың (кон­струк­ци­яда көз­дел­ме­ген) және люфт­тер­дің бол­мауы VIII. Ра­ма­ның, ку­зо­втың жағ­дайы 12 Әй­нек жу­ғы­штың сап­та­ма­сы­ның ал­дың­ғы әй­нек­тің бо­луы және шы­ны жу­ғы­штың шы­ны­ны та­за­лау ай­мақ­та­ры­на сұй­ық­тық бе­ру­ін қам­та­ма­сыз етуі VI. Қоз­ғалт­қыш және оның жүй­е­ле­рі 42 Қо­сым­ша жаб­дық­тар­дың және аэро­гра­фи­я­лық үш өл­шем­ді су­рет­тер­дің бо­луы 13 Жүр­гі­зу­ші ор­ны­нан кө­рі­ну­ді шек­тей­тін қо­сым­ша заттар­дың неме­се жа­бын­дар­дың бол­мауы. Ал­дың­ғы әй­нек­тің жо­ғар­ғы жа­ғын­да­ғы плен­ка жо­ла­ғы­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі 27 Кө­лік құ­рал­да­ры­ның пай­да­ла­ны­л­ған га­з­да­рын­да­ғы ла­ста­у­шы заттар­дың бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі 43 Доң­ға­лақ ба­за­сы­ның, га­ба­рит­те­рі мен сызық­тық өл­шем­де­рі­нің дай­ын­да­у­шы кә­сі­по­рын­ның кон­струк­тив­тік па­ра­метр­ле­ріне сәй­кест­і­гі 14 Ал­дың­ғы әй­нек­тің, ал­дың­ғы бүй­ір әй­нек­тің және ал­дың­ғы есік­тің әй­не­гі­нің жа­рық бе­ру нор­ма­сы­на сәй­кест­і­гі 28 Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дар тү­ті­ні­нің рұқ­сат еті­л­ген шек­ті дең­гей­і­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі 44 Ка­би­на­ның, жақ­та­удың, қо­сал­қы жақ­та­удың жағ­дайы Артқы жағы Диагностика нәтижелері Сәйкессіздік анықталған параметрлерді тексеру Диагностикалық карта элементі Төменгі шекара Тексеру нәтижесі Жоғарғы шекара Параметр атауы Сәйкессіздік орнатылған параметрлерді визуалды тексеру Тексеру нысанасы (түйін, бөлшек, агрегат) Талаптарға сәйкессіздік мазмұны Кө­лік құ­ра­лы­ның де­ректе­рі Жүк­те­ме жоқ мас­са: Рұқ­сат еті­л­ген ба­рын­ша жо­ға­ры мас­са: Отын тү­рі: Жү­ріп өт­кен көр­сет­кі­ші: Жол қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі/ сәй­кес­сіз­ді­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды (қа­жет­сіз сызып та­стау) сәй­кес ке­ле­ді matches сәй­кес емес does not match Қай­та тек­се­ру­ді қа­жет ете­тін ди­а­гно­сти­ка­лық кар­та пункт­те­рі: Ди­а­гно­сти­ка­лық кар­та­ның бе­рі­л­ген кү­ні: 20____ жы­л­ғы «___» _______ Тех­ни­ка­лық са­рап­шы­ның Т.А.Ә. (бар бол­са): Қо­лы: Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­ден ке­ле­сі өту мер­зі­мі: 20____ жы­л­ғы «___» _______ Кө­лік құ­ра­лы­ның мен­шік ие­сі­нің және (неме­се) мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі­нің өзге­рі­сте­рі Кө­лік құ­ра­лы­ның ие­сі: МО_________________ Кү­ні _______________ Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі:
Басқа 1.2. Диагностикалық карталарды тексеру актісі
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша 20__ жылғы «__» _______ №___ Диагностикалық карталарды тексеру актісі «Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне» (бұдан әрі – «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы техникалық қарап-тексерудің операторлары/орталықтары/стационарлық желілері ұсынған мәліметтерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы. Жұмыс тобының отырысы барысында мынадай операторлар/орталықтар/стационарлық техникалық қарап-тексеру желілері «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ-ға ұсынған міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер қаралды: № ТБО Диа­кар­та нө­мір­ле­рі Тек­се­рі­л­ген ДК са­ны Бұ­зу­шы­лық­та­ры бар ДК нө­мір­ле­рі Бұ­зу­шы­лық­та­ры бар ДК са­ны Бұ­зу­шы­лық тү­рі Мәр­те­бе­сі 1 Қорытынды: Қорытынды: Тексеру нәтижесінде жұмыс тобы оператор/орталық/стационарлық желі техникалық қарап-тексеру операторларынан «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ-да міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы ұсынған мәліметтердің дәйексіз екендігі туралы шешім қабылдады. Барлығы _ _ _ ДК тексерілді, оның ішінде бұзушылықтар ____ ДК құрайды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының техникалық қарап-тексеру саласындағы уәкілетті органына техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бұзудың анықталған белгілері туралы ұсыныс хат жіберілетін болады. Жұмыс тобының мүшелері: № ТАӘ Ла­у­а­зы­мы Қо­лы 1 2 3
Басқа 2. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кезеңдiлiгi
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына 2-қосымша Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кезеңдiлiгi
Тармақ 1
1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеру техникалық қарап-тексеру орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, жылы 7 жылдан асатын, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санаттағы, шығарылған жылын қоса алғанда, жылы 1 жылдан асатын N1-3, O1-4, L1-7, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталғандарды қоспағанда арнайы және мамандандырылған көлік құралдары;
Тармақша 2
2) әрбір алты ай сайын – автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын М1 санаттағы, адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған М2, М3, N, сондай-ақ шығарылған жылын қоса алғанда, жылы 1 жылдан асатын қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған M1, N1-3, және O1-4 санаттағы.
Тармақ 2
2. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімі белгіленген кезеңділікке сәйкес бастапқы міндетті техникалық қарап-тексеруден өту күнінен бастап есептеледі.
Тармақ 3
3. М1 санатындағы көлік құралдары, егер бір жолаушы шартты массасына (75 кг) жолаушылар саны конструкциясында көзделген көбейтіндісі жолаушылармен бір мезгілде тасымалданатын жүктің есептік массасынан аспаса, N санатына белгіленген кезеңділікке сәйкес міндетті техникалық қарап-тексеруден өтеді.