О некоторых мерах по борьбе с табакокурением Күшін жойған
Басқа 0
Темекi тартумен күресу жөнiндегi бiрқатар шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен.
"Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығының қорғау туралы Заңының, "Азаматтардың денсаулығын қорғау, өзiнiң және айналасындағы адамдардың денсаулығына ықыласпен қарау заңдылықтарын сақтау мiндеттерi" жөнiндегi 56 бабына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкiмдерi, барлық меншiк нысанындағы мекемелер, кәсiпорындар, ұйымдар басшылары төмендегiдей тиiстi жұмыстарды жүргiзсiн:
- автокөлiктерде, қоғамдық орындарда, мекемелер ғимараттарында арнаулы темекi шегетiн орындарды белгiлесiн;
- темекi өнiмдерiн тұрақты-жылжымалы түрде, сондай-ақ барлық облыстық бұқаралық ақпараттары және теледидар мен радио арқылы жарнамаларға тыйым салсын;
- барлық оқу орындарындағы оқу бағдарламаларына темекiнiң зияндылығы туралы оқу сабағын енгiзсiн;
- жас өспiрiмдерге темекi өнiмдерiн сатуға/жас өспiрiмдер мен балаларға тыйым салсын;
- адамдардың мiнез-құлқына және қоғамдық пiкiр орнатуға ықпал жасай алатын кiсiлердi қатыстыра отырып, темекiнiң зияндылығы туралы мiндеттi бағдарламасы бар денсаулық мектебi ұйымдастырылсын;
- еңбек ұжымдары мен кәсiпорындарындағы азаматтарға сауықтыру, кеңес беру жөнiндегi қоғамдық кеңесшiлердi дайындасын;
- темекi шекпейтiн азаматтарды көтермелеу шараларын қарастырсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 27.04.2000 № 164 шешімімен.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау департаментi /Момынов/ темекi тартумен күресу жөнiнде бағдарлама дайындасын, халықтың жас құрамдарына қарай әдiстемелiк материал жасап, ол бойынша қоғамдық кеңесшiлердi оқытып және оларға таратып берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралдары темекi тартушыларға төзбестiк қоғамдық пiкiр орнатып, темекiнiң зияндылығы жөнiнде жұмыс жүргiзiп, темекi тартудың зияндылығы туралы мiндеттi түрдегi бейнекөрiнiстер көрсете отырып, адам организмiнiң темекi тартудан тәуелдiлiгi жөнiнде санитарлық-ағарту жұмыстары жүргiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмiнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Р.С. Халмұрадовқа жүктелсiн.