О закреплении замороопасных водоемов области и проведения мероприятий по спасению молоди ценных промысловых рыб Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың балық қырылу қаупі бар су айдындарын мекемелерге бекітіп беру және өндірістік бағалы балықтардың шабақтарын қорғау шараларын өткізу туралы Көктемгі күтіліп отырған өр суы деңгейінің жоғарылығы мен ауа температурасының көтерілуіне байланысты балықтыңқырылу қаупініңалдын алу және Жайық-Каспий бассейнінің балық қорын сақтау мақсатында, бағалы кӘсіпшілік балықтары шабағыныңұдайы өндірісі үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Биоқорларды қорғау жөніндегі Солтүстік Каспий аймақтық мекемесіне (А.Ақботин) Жайық және Қиғаш (Еділ өзені жағасының шығыс бөлігі) өзендерінің бөлініп қалған су айдындарында, өзен қолтықтарында, басқа да жайылма суларда, Қиғаш өзені аңғарын қоса Каспий теңізінің Атырау облысына қарасты аумағы шегінде қамыс өскен орындарда балық қырылу қаупінің алдын алу мақсатында осы өңірлерде зерттеу-тексеру жұмыстары жүргізілсін:
Тармақша 1
1) облыстың балық қырылу қаупі бар барлық су айдындары есепке алынып, оларға сипаттамалық құжаттар жасақталып, экологиялық сараптаудан өткізілсін;
Тармақша 2
2) балық қырылу қаупі бар су тоғандары және өзеннен бөлініп қалған су жайылмалары табиғатты пайдаланушыларға бекітіліп берілсін;
Тармақша 3
3) балық қырылу қаупі бар су тоғандарын мекемелерге бекітіп беру шарттары әзірленіп, балық аулауға, кеме жүруге келісім рұқсат қағазы берілсін;
Тармақша 4
4) балық қырылу қаупі бар су тоғандарының және өзеннен бөлініп қалған су жайылмаларыныңжайы үнемі бақылауда болып, ауланған балықтыңесебі жүргізіліп, құтқарылған шабақтар жөнінде актілер, әрбір су айдынында жұмыстың аяқталғаны туралы табиғатты пайдаланушылардың әрқайсысымен тиісті құжаттар жасалсын.
Тармақ 2
2. 2001 жылдың 15 маусымынан 15 тамызына дейін Атырау облысының су айдындарында бағалы кәсіпшілік балықтарының шабағын құтқару маусымының екі айлығы жариялансын:
Тармақша 1
1) қала, аудандар әкімдеріне өзеннен бөлініп қалған су жайылмаларында бағалы кәсіпшілік балықтары шабақтарын құтқару жұмысына мектеп оқушыларын, жоғары және арнайы оқу орындарының студенттерін, өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлерін кеңінен жұмылдыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылсын;
Тармақша 2
2) орман шаруашылығы және биоқорлар басқармасына (Б.Таубаев) балық дайындаушыларға, соның ішінде өндірістік кооперативтерге, "Атыраубалық" ашық акционерлік қоғамына және басқаларға облыс аумағындағы олардың өздеріне бекітілген су айдындарында шабақ құтқару жұмыстарына тікелей қатысу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ерғалиевке жүктелсін.