Об утверждении Положения о деятельности врачебно-консультативной комиссии Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 123) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері медициналық ұйымдарда дәрігерлік-консультациялық комиссияны құруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және министрінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 321 бұйрығымен бекітілді Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 123) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдардағы дәрігерлік-консультациялық комиссия қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымда құрылатын комиссия;
Тармақша 2
2) еңбекке уақытша жарамсыздық – адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың  мүмкін болмауымен ілесе жүреді;
Тармақша 3
3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат;
Тармақша 4
4) еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат;
Тармақша 5
5) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы – мақсаты жеке адамның еңбекке жарамсыздығын және оның сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босатылуын ресми тану болып табылатын денсаулық саласындағы сараптаманың түрі;
Тармақша 6
6) жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) -диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
Тармақша 7
7) куәландырылатын адам – оған қатысты медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілетін адам;
Тармақша 8
8) куәландыру – оңалту әлеуеті мен болжамын белгілей және ескере отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
Тармақша 9
9) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен айқындау;
Тармақша 10
10) медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлімі (бұдан әрі – МӘС бөлімі) –аумақтық бөлімшенің МӘС жүргізу жөніндегі бөлімі;
Тармақша 11
11) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедекті оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
Тармақша 12
12) тіршілік-тынысының шектелуі – адамның өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу және еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы. Дәрігерлік-консультациялық комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарын, жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. ДКК жұмысын ұйымдастыру
2. ДКК жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4
4. ДКК медициналық ұйым басшысының бұйрығымен құрылады. ДКК құрамы, мүшелерінің саны (кем дегенде үш дәрігер), жұмыс тәртібі мен кестесі медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі. ДКК құрамына төраға, комиссия мүшелері мен хатшы кіреді. ДКК құрамы немесе жұмыс тәртібі өзгерген жағдайда өзгерістер және (немесе) толықтырулар тиісті бұйрыққа енгізіледі.
Тармақ 5
5. ДКК мүшелері медициналық ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, медициналық ұйымдардың маман-дәрігерлері (оның ішінде, психолог, профпатолог, штатта болған жағдайда – клиникалық фармаколог дәрігер) болып табылады. ДКК қызметіне басқа медициналық ұйымдардың мамандары, жоғарғы оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары кафедраларының қызметкерлері тартылады.
Тармақ 6
6. ДКК төрағасы болып медициналық ұйымның басшысы орынбасарының бірі тағайындалады.
Тармақ 7
7. ДКК төрағасы:
Тармақша 1
1) ДКК жұмысын басқарады;
Тармақша 2
2) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасының мәселесі бойынша ережелерді және тіршілік-тынысының шектелуі критерийлерін дәрігерлердің зерделеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасының дұрыс толтырылуын бақылайды;
Тармақша 5
5) ДКК жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, қабылданатын шешімдер мен қорытындылардың сараптау негіздемесін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) жұмыстың қорытындысы бойынша (тоқсан сайын, жыл сайын) медициналық ұйымның басшысына ДКК жұмысы туралы есепті ұсынады.
Тармақ 8
8. ДКК хатшысы болып жоғары және орта медициналық білімі бар, «Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5884 болып тіркелген) тиісті маман сертификаты бар медицина қызметкері тағайындалады.
Тармақ 9
9. ДКК хатшысы:
Тармақша 1
1) ДКК жұмысын ұйымдастыруға байланысты материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ДКК мүшелеріне, пациенттерге ДКК отырысының өткізілу күні мен уақыты туралы хабарлайды;
Тармақша 3
3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген медициналық құжаттамаларды толтырады;
Тармақша 4
4) ДКК шешімдерін хаттамамен ресімдейді, есептерді әзірлейді.
Тармақ 10
10. ДКК медициналық ұйымның басшысы бекіткен жоспар-кестенің негізінде аптасына 1 реттен сирек емес отырыстар өткізеді. ДКК жоспардан тыс отырыстары ДКК төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
Тармақ 11
11. ДКК пациентті медициналық тексеріп-қараудан өткізгеннен кейін оның медициналық құжаттарын, клиникалық-диагностикалық зерттеп-қарау нәтижелерін, жүргізілген емдеу мен медициналық оңалтудың нәтижелерін зерделегеннен кейін еңбек жағдайлары мен сипатын, мамандығын бағалағаннан кейін шешім қабылдайды. ДКК шешімі, егер оны мүшелерінің басым көпшілігі қолдаған жағдайда қабылданды деп саналады.
Тармақ 12
12. ДКК шешімі медициналық ұйымның атауынан, отырыстың өткізілу күнінен, қатысқан ДКК мүшелерінің тізімінен, талқыланған сұрақтардың тізбесі, шешімінен және оның негіздемесінен тұратын хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 13
13. ДКК шешімі № 907 бұйрықпен бекітілген 025-е, 025-5/е, 026-е, 026-1/е, 026-2/е, 030-1/е, 030-2/е, 043-е, 081-е, 111-е, 112-е, ТБ-01 бастапқы медициналық құжаттама нысанына енгізіледі, төраға және ДКК мүшелері қол қояды. ДКК қорытындыларын жазу журналында тіркелген нөмірі мен күні пациенттің медициналық құжаттарында көрсетілген ДКК қорытындысының нөмірі мен күніне сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 14
14. Медициналық ұйымның басшысы ДКК жұмысын ұйымдастыруды, уақтылылығын, берілетін ДКК қорытындыларының негізділігін және растығын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. ДКК міндеттері мен функциялары
3. ДКК міндеттері мен функциялары
Тармақ 15
15. ДКК міндеттері:
Тармақша 1
1) ДКК ұсынылған пациенттерге медициналық көмек көрсетудің сапасын бағалау;
Тармақша 2
2) ДКК-ға жіберілген пациенттерге емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізудің диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдердің стандарттарына және медициналық көмектің стандарттарына сәйкестігін бақылау;
Тармақша 3
3) ұзақ ауыратын (2 айдан көп) пациенттерге емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізудің диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдердің стандарттарына және медициналық көмектің стандарттарына сәйкестігін бақылау;
Тармақша 4
4) мүгедектердің ОЖБ-ның медициналық бөлігінің іске асыруын бақылау;
Тармақша 5
5) пациенттерді МӘС-ға уақтылы және негізді жіберу;
Тармақша 6
6) ОЖБ-ның медициналық бөлігін қоса алғанда, пациенттерді МӘС-ға жіберу кезінде медициналық құжаттардың мерзімі мен ресімдеу сапасын бақылау;
Тармақша 7
7) ДКК жіберілген пациеттердің денсаулық жағдайын бағалау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ДКК қорытындысын енгізу;
Тармақша 8
8) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасының күрделі және шиеленісті мәселелерді шешу;
Тармақша 9
9) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын беру және ұзартуды бақылау;
Тармақша 10
10) МӘС-ға негізсіз жіберуді талдау және ДКК жұмысын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдау;
Тармақша 11
11) ДКК құзіретіне қатысты мәселелер бойынша МӘС аумақтық комиссияларымен өзара іс-қимыл болып табылады.
Тармақ 16
16. ДКК функциялары:
Тармақша 1
1) «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын өткізу;
Тармақша 2
2) басқа қаланың (тұрақты тұратын орнынан тыс орналасқан) тұрғындарына, шетел азаматтарына еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруге рұқсат ету;
Тармақша 3
3) шетелде болған кезде ауруларды, жарақаттарды бастан өткерген Қазақстан Республикасының адамдарына еңбекке уақытша жарамсыздық парағын (анықтамасын) беруге рұқсат ету;
Тармақша 4
4) пациентті жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге, адам ағзаларын және тіндерін транспланттауды (қондыруға) жіберу мәселелері бойынша шешім қабылдау;
Тармақша 5
5) «Медициналық-әлеуметтік сарптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) сәйкес МӘС-ға пациенттерді жіберу және МӘС-ға жіберу, оның ішінде емдеу кезінде жоғары технологиялық аз инвазивтік араласуларды қолданған адамдарды, мерзімдерін айқындау мәселелері бойынша шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 786 бұйрық) сәйкес дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қымбат және ұзақ емделгенде қажеттілігін айқындау;
Тармақша 7
7) № 786 бұйрыққа сәйкес диспансерлік бақылауда тұратын пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдарымен және мамандандырылған емдік өнімдерімен тегін қамтамасыз етуді бақылау, мониторинг жасау, тиімділігін бағалау және негізділігі мәселелерін шешу;
Тармақ 17
17. ДКК:
Тармақша 1
1) пациенттің, оның ішінде пациенттің көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындай отырып, денсаулық жағдайы туралы;
Тармақша 2
2) қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру үшін пациенттің денсаулық жағдайы туралы;
Тармақша 3
3) өндірісте жазатайым оқиғаның нәтижесінде, сондай-ақ кәсіби ауруды, оның ауырлық дәрежесін белгілеу кезінде денсаулыққа тигізген зақымдардың сипаты туралы;
Тармақша 4
4) санаторийлік-курорттық емдеу жүргізу үшін көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы;
Тармақша 5
5) стационарлық емдеуден кейін емдеуді жалғастыруға (оңалтуға), оның ішінде мамандандырылған санаторийлерге (бөлімшелерге) жіберу үшін;
Тармақша 6
6) медициналық және әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілікті жасанды үзуге жіберу туралы;
Тармақша 7
7) жұмысқа орналасу кезінде азаматтарды медициналық куәландыру жүргізудің нәтижелері туралы;
Тармақша 8
8) қару-жарақты сатып алу, сақтау, ұстау құқығына лицензия беру үшін азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелері туралы;
Тармақша 9
9) бала асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) болғысы келетін азаматтарды медициналық куәландыру жүргізу нәтижелері туралы;
Тармақша 10
10) 18 жасқа дейнгі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу туралы;
Тармақша 11
11) жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, мектептердің, колледждердің (техникумдердің), кәсіби-техникалық училищелердің оқушыларына академиялық демалыс ұсыну, ауыстыру және бітіру емтихандарынан босату, денеге түсетін жүктемені шектеу, денсаулық жағдайы бойынша басқа факультетке немесе басқа оқу орнына ауыстыру туралы;
Тармақша 12
12) үйде оқыту мәселесін шешу үшін баланың денсаулық жағдайы туралы;
Тармақша 13
13) денсаулығы бойынша үйде оқытылған түлектерге, ұзақ емдеуді қажет ететін және балаларға арналған санаторийлік үлгідегі емдеу-профилактикалық және (немесе) сауықтыру білім беру мекемелеріндегі балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға мемлекеттік (қорытынды) аттестаттау жүргізу мәселесін шешу үшін пациенттің денсаулық жағдайы туралы;
Тармақша 14
14) дене шынықтыру сабақтарынан босату үшін жоғарғы оқу орны студенттерінің, мектеп, колледж (техникум), кәсіби-техникалық училищелер оқушыларының денсаулығы туралы;
Тармақша 15
15) ЖММК және шетелде емдеу көрсететін медициналық ұйымдарда консультация жүргізуге және (немесе) емдеуге жатқызу мәселелерін шешу үшін облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың денсаулық сақтау басқармаларының жанындағы комиссияларға пациенттерді жіберу туралы;
Тармақша 16
16) адамдардың протездермен (тістер протездерінен басқа), протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етілу қажеттілігі туралы;
Тармақша 17
17) МӘС-ке консультация алу мақсатында үйде, стационарда немесе сырттай куәландырудың (қайта куәландырудың) қажеттілігінде, ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөлігін қалыптастыруға немесе түзетуге жіберген кезде № 907 бұйрықпен бекітілген 035-1/е нысан бойынша медициналық қорытынды береді.
Тармақ 18
18. ДКК қорытындысының қолданылу мерзімі осы Ережеге қосымшаға сәйкес айқындалады.
Басқа 87
Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 321 бұйрығына қосымша ДКК қорытындысының қолданылу мерзімі р/с Қорытындының атауы Қолданылу мерзімі 1. Пациенттің, оның ішінде пациенттің көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындай отырып, денсаулық жағдайы туралы 6 ай 2. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру үшін пациенттің денсаулық жағдайы туралы 3 ай (жүктілік кезеңінде – жүктілік себебімен демалысқа шығуға дейін) 3. Өндірісте жазатайым оқиғаның нәтижесінде, сондай-ақ кәсіби ауруды, оның ауырлық дәрежесін белгілеу кезінде денсаулыққа тигізген зақымдардың сипаты туралы 3 ай 4. Санаторийлік-курорттық емдеу жүргізу үшін көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы 3 ай 5. Стационарлық емдеуден кейін емдеуді жалғастыруға (оңалтуға), оның ішінде мамандандырылған санаторийлерге (бөлімшелерге) жіберу үшін 3 ай 6. Медициналық және әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілікті жасанды үзуге жіберу туралы Жүктілікті үзгенге дейін 7. Жұмысқа орналасу кезінде азаматтарды медициналық куәландыру жүргізудің нәтижелері туралы 12 ай 8. Қару-жарақты сатып алу, сақтау, ұстау құқығына лицензия беру үшін азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелері туралы 12 ай 9. Бала асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) болғысы келетін азаматтарды медициналық куәландыру жүргізу нәтижелері туралы 6 ай 10. 18 жасқа дейнгі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу туралы 6 ай 11. Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, мектептердің, колледждердің (техникумдердің), кәсіби-техникалық училищелердің оқушыларына академиялық демалыс ұсыну, ауыстыру және бітіру емтихандарынан босату, денеге түсетін жүктемені шектеу, денсаулық жағдайы бойынша басқа факультетке немесе басқа оқу орнына ауыстыру туралы 3 ай 12. Үйде оқыту мәселесін шешу үшін баланың денсаулық жағдайы туралы Денсаулығына байланысты 1 айдан оқу жылы аяқталғанға дейін 13. Денсаулығы бойынша үйде оқытылған түлектерге, ұзақ емдеуді қажет ететін және балаларға арналған санаторийлік үлгідегі емдеу-профилактикалық және (немесе) сауықтыру білім беру мекемелеріндегі балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға мемлекеттік (қорытынды) аттестаттау жүргізу мәселесін шешу үшін пациенттің денсаулық жағдайы туралы 6 ай 14. Дене шынықтыру сабақтарынан босату үшін жоғарғы оқу орны студенттерінің, мектеп, колледж (техникум), кәсіби-техникалық училищелер оқушыларының денсаулығы туралы Денсаулығына байланысты 1 айдан оқу жылы аяқталғанға дейін 15. ЖММК және шетелде емдеу көрсететін медициналық ұйымдарда консультация жүргізуге және (немесе) емдеуге жатқызу мәселелерін шешу үшін облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың денсаулық сақтау басқармаларының жанындағы комиссияларға пациенттерді жіберу туралы 1 ай 16. Адамдардың протездермен (тістер протездерінен басқа), протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етілу қажеттілігі туралы 12 ай 17. МӘС-ке консультация алу мақсатында үйде, стационарда немесе сырттай куәландырудың (қайта куәландырудың) қажеттілігінде, ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөлігін қалыптастыруға немесе түзетуге жіберген кезде 1 ай