Об утверждении Правил лицензирования медицинской и врачебной деятельности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1057 Қаулысымен. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 11-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі"; Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесінде: І бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын: "24. Медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысу".
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Басқа 4. Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысымен бекітілген Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген әрі медициналық және дәрігерлік қызметті (бұдан әрі - медициналық қызмет) жүзеге асыруға арналған лицензияларды заңды және жеке тұлғаларға берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Медициналық қызметті лицензиялауды (Алматы қаласының аумағындағы қызметтен басқа) Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды атқаратын уәкілетті органы (бұдан әрі - Лицензиар) жүзеге асырады. Алматы қаласында медициналық қызметті лицензиялауды Алматы қаласының атқарушы органы осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Медициналық қызметті лицензиялау халықтың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету, өтініш берушілердің халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Лицензиялауға Қазақстан Республикасында медициналық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік және жеке ұйымдар мен жеке медициналық практикамен және халық медицинасымен (емшілікпен) айналысатын жеке тұлғалардың (бұдан әрі - Лицензиаттар) қызметі жатады.
Тармақ 5
5. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары сияқты шарттарда және тәртіппен алады.
Тарау 2. 2. Лицензия берудің тәртібі мен шарттары
2. Лицензия берудің тәртібі мен шарттары
Тармақ 6
6. Медициналық қызметке лицензия мерзімі шектелмей беріледі. Лицензия иеліктен айыруға жатпайтын құжат болып табылады және оны Лицензиаттың басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруіне болмайды.
Тармақ 7
7. Лицензияға, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтің және/немесе белгілі бір мамандық (мамандықтар) бойынша қызметтің түрі (түрлері) көрсетілген, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қосымша беріледі. 📌 Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Медициналық қызметпен айналысу құқығы үшін алымның мөлшері мен оны төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
Тармақ 9
9. Лицензияға енгізілген медициналық қызмет (мамандықтар) түрлерінің санына қарамастан, медициналық қызметпен айналысудың бүкіл кезеңіне лицензия беру, лицензиялық алымды лицензияны беру кезінде бір рет төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Лицензиат филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда Лицензиарды 30 күн ішінде хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Медициналық қызметке лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) медициналық, дәрігерлік қызметті жүзеге асыратын объектілері көрсетілген, белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) Лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) лицензиялық алым енгізілгендігін растайтын құжат;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін). 📌 Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Лицензия беру туралы өтінішті қарау мерзімі Ереженің 11-тармағында көзделген барлық қажетті құжатпен бірге өтінішті берген күннен бастап есептеледі. Лицензиялар бір айлық мерзімнен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - өтініш берген күннен бастап он күндік мерзімнен кешіктірмей барлық қажетті құжатымен бірге беріледі.
Тармақ 13
13. Лицензия бір данада беріледі. Лицензияны жоғалтқан жағдайда, Лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша Лицензиар он күннің ішінде лицензияның телнұсқасын беруді жүргізеді. Лицензиат бұл ретте лицензиялық алым төлейді.
Тармақ 14
14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса отырып, бір айлық мерзімде Лицензиарға бұл туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Заңды тұлғаның атауы, тұрған орны (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса отырып, бір айдың ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап Лицензиар он күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді. Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетілген құжатты беру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді.
Тарау 3. 3. Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
3. Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 15
15. Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін, өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау талаптарына жауап беретін медициналық қызметпен айналысуға жарамды жеке кіретін есігі бар өндірістік үй-жайлар мен алаңдар;
Тармақша 2
2) медициналық қызметтің мәлімделген түрлеріне сай медициналық немесе арнаулы жабдықтар, техника, аппараттар мен құралдар, мүкәммал, арнаулы киім, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды сақтау шарттарын қамтамасыз етуге және орындауға арналған құралдар;
Тармақша 3
3) шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органы бекіткен емдік препараттар;
Тармақша 4
4) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалардың қызметкерлерінің) медициналық білімі;
Тармақша 5
5) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалардың қызметкерлерінің) академияларда, дәрігерлердің (орта медициналық қызметкерлердің) білімін жетілдіру институттарында (колледждерінде), ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бес жылда бір реттен сирек емес маманданудың, жетілдірілуден және біліктілікті көтерудің басқа да түрлерінен өтуі. Медициналық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін жеке тұлғалардың мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. 📌 Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.11.23. N 1224 қаулысымен .
Тармақ 16
16. Халық медицинасының әдістерімен емдеумен (емшілікпен) айналысқысы келетін арнаулы медициналық білімі жоқ адамдардың лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органы берген тиісті куәлігі және адамның осы Ереженің 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттары болуы тиіс.
Тармақ 17
17. Осы Ереженің 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген үй-жайдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, Лицензиат бұл туралы Лицензиарға бір айлық мерзімде хабарлайды.
Тармақ 18
18. Лицензиар өтініш берушінің осы Ереженің 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді өтініш берушінің орналасқан жеріне шыға отырып жүзеге асыруы мүмкін.
Тарау 4. 4. Лицензия беруден бас тарту
4. Лицензия беруден бас тарту
Тармақ 19
19. Лицензия берілмейді, егер:
Тармақша 1
1) субъектілердің осы санаты үшін қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 11-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар түгел ұсынылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған ретте, өтініш жалпы негізде қаралады;
Тармақша 3
3) лицензиялық алым енгізілмесе;
Тармақша 4
4) өтініш беруші осы Ережеге сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермесе;
Тармақша 5
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарылады.
Тармақ 20
20. Егер өтініш беруші бас тартуды негізсіз деп тапса, онда ол бір айлық мерзімде сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Тарау 5. 5. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
5. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
Тармақ 21
21. Лицензия заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тармақ 22
22. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) Лицензиаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздігі;
Тармақша 2
2) көрсетілген медициналық көмектің заңнамада белгіленген сапаға сәйкессіздігі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер.
Тармақ 23
23. Лицензияның қолданылуы тұрған себептер жойылғаннан кейін, лицензияның қолданылуы қалпына келеді.
Тармақ 24
24. Лицензия мынадай жағдайларда сот тәртібімен қайтарылып алынуы мүмкін:
Тармақша 1
1) соттың Лицензиатқа ол ие лицензия бойынша жүзеге асыратын қызмет түрімен айналысуына тыйым салуы;
Тармақша 2
2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі себептердің жойылмауы;
Тармақша 3
3) лицензия алу кезінде Лицензиаттың көрнеу жалған ақпарат ұсынуы;
Тармақша 4
4) лицензиядағы талаптарды Лицензиаттың орындамауы.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 25
25. Лицензиат жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органына, көрсетілген уәкілетті орган белгілеген нысан, түрлер және көлем бойынша, есептер ұсынуға міндетті.
Тармақ 26
26. Тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелерді бұза отырып медициналық қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеліп соқтырады.
Тармақ 27
27. Азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін бұзушылықтар анықталған ретте халық емшілерінен лицензия мен куәлік қайтарып алынады.
Басқа 59. Лицензияланатын медициналық қызметтiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесi
Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесіне 1-қосымша 📌 Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35 қаулысымен. Ескерту. 1-Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.11.23. N 1224 қаулысымен. Лицензияланатын медициналық қызметтiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. Бастапқы (дәрiгерге дейiнгi) медициналық-санитарлық көмек
Тармақ 2
2. Жедел және шұғыл медициналық көмек:
Тармақша 1
1) тасымалдау кезiнде медициналық алып жүру;
Тармақша 2
2) шұғыл медициналық көмек;
Тармақша 3
3) жедел медициналық көмек. Диагностика:
Тармақ 3
3. Зертханалық диагностика:
Тармақша 1
1) бактериологиялық зерттеулер;
Тармақша 2
2) биохимиялық зерттеулер;
Тармақша 3
3) иммундық зерттеулер;
Тармақша 4
4) адамның иммунитет тапшылығының вирусын (АҚТҚ-диагностика) зертханалық диагностикалау;
Тармақша 5
5) жалпы клиникалық зерттеулер;
Тармақша 6
6) серологиялық зерттеулер;
Тармақша 7
7) цитологиялық зерттеулер.
Тармақ 4
4. Дерттану анатомиясы
Тармақ 5
5. Радиологиялық диагностика
Тармақ 6
6. Рентгенологиялық диагностика
Тармақ 7
7. Ультрадыбыстық диагностика
Тармақ 8
8. Функционалдық диагностика
Тармақ 9
9. Эндоскопиялық диагностика Ересектерге және/немесе балаларға мынадай мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық және/немесе тұрақты медициналық көмек:
Тармақ 10
10. Акушерлiк және гинекология (қосалқы ұрпақты болу технологиясын қоса алғанда)
Тармақ 11
11. Aллepгoлoгия және иммунология
Тармақ 12
12. Анестезиология және реанимаматология
Тармақ 13
13. Андрология
Тармақ 14
14. Валеология
Тармақ 15
15. Гематология
Тармақ 16
16. Гипербариялық оттекпен емдеу
Тармақ 17
17. Дерматовенерология
Тармақ 18
18. Дерматокосметология
Тармақ 19
19. Емдәмтану
Тармақ 20
20. Жұқпалы аурулар
Тармақ 21
21. Массаж
Тармақ 22
22. Наркология
Тармақ 23
23. Невропатология
Тармақ 24
24. Неонатология
Тармақ 25
25. Жалпы дәрiгерлiк практика, отбасылық дәрiгер
Тармақ 26
26. Онкология, маммология
Тармақ 27
27. Оториноларингология
Тармақ 28
28. Офтальмология
Тармақ 29
29. Педиатрия
Тармақ 30
30. Психиатрия
Тармақ 31
31. Психотерапия, медициналық психология
Тармақ 32
32. Радиология
Тармақ 33
33. Сексопатология
Тармақ 34
34. Спорттық медицина және емдiк дене шынықтыру
Тармақ 35
35. Стоматология:
Тармақша 1
1) терапиялық;
Тармақша 2
2) хирургиялық;
Тармақша 3
3) ортопедиялық;
Тармақша 4
4) ортодондық
Тармақ 36
36. Терапия:
Тармақша 1
1) жалпы;
Тармақша 2
2) гастроэнтерология;
Тармақша 3
3) кардиология;
Тармақша 4
4) нефрология;
Тармақша 5
5) профпатология;
Тармақша 6
6) пульмонология;
Тармақша 7
7) ревматология.
Тармақ 37
37. Травматология, ортопедия және камбустиология
Тармақ 38
38. Токсикология
Тармақ 39
39. Трансплантология
Тармақ 40
40. Урология
Тармақ 41
41. Физиотерапия
Тармақ 42
42. Фтизиатрия
Тармақ 43
43. Хирургия:
Тармақша 1
1) абдоминальды;
Тармақша 2
2) ангиохирургия;
Тармақша 3
3) кардиохирургия;
Тармақша 4
4) микрохирургия;
Тармақша 5
5) нейрохирургия;
Тармақша 6
6) жалпы;
Тармақша 7
7) пластикалық;
Тармақша 8
8) торакальды;
Тармақша 9
9) эндоскопиялық
Тармақ 44
44. Эндокринология Сараптамалық медициналық қызмет:
Тармақ 45
45. Емдеу-алдын алу қызметiн сараптау
Тармақ 46
46. Еңбек қабiлетiн және кәсiби жарамдылығын сараптау (алдын алу және кезеңдiк медициналық тексеру)
Тармақ 47
47. Психиатриялық, оның iшiнде сот-психиатриялық, наркологиялық және сот-наркологиялық сараптама
Тармақ 48
48. Халықтық медицина (шипагерлiк)* Дәстүрлi емес медициналық қызмет:
Тармақ 49
49. Гомеопатия
Тармақ 50
50. Гирудотерапия
Тармақ 51
51. Қолмен емдеу
Тармақ 52
52. Рефлекс арқылы емдеу
Тармақ 53
53. Шөптермен емдеу және табиғи тектi құралдармен емдеу
Тармақ 54
54. Санаторийлiк емдеу:
Тармақша 1
1) бальнеотерапия;
Тармақша 2
2) сумен емдеу;
Тармақша 3
3) парафиноозокериттiк балшықпен емдеу.
Тармақ 55
55. Қан дайындау Санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы медициналық қызмет:
Тармақ 56
56. Халықты гигиенаға үйрету
Тармақ 57
57. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау
Тармақ 58
58. Санитарлық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер:
Тармақша 1
1) бактериологиялық;
Тармақша 2
2) вирусологиялық;
Тармақша 3
3) шуды, дiрілдi, электромагниттiк өрiстердi және басқа да физикалық факторларды өлшеу;
Тармақша 4
4) паразитологиялық;
Тармақша 5
5) радиометрия және дозиметрия;
Тармақша 6
6) санитарлық-химиялық;
Тармақша 7
7) токсикологиялық. * оның iшiнде, медициналық бiлiмi жоқ адамдар үшiн
Басқа 158. Сериясы_______ N _______ медициналық және дәрігерлік қызметке арналған мемлекеттік лицензияға N ____ ҚОСЫМША
Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесіне 2-қосымша 📌 Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35 қаулысымен. Сериясы_______ N _______ медициналық және дәрігерлік қызметке арналған мемлекеттік лицензияға N ____ ҚОСЫМША ___________________________________________________________________ (лицензияттың толық атауы, заңдық мекен-жайы) ____________________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан ______________________________________________________________ объектiсiне медициналық және дәрігерлік қызметтің мынадай түрлерiне берiлдi: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Лицензиар-орган _________________________________________________________ (лицензиялау органының толық атауы) Басшы __________________________________________ _____________ (лицензияны берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы) Берiлген уақыты 200__ жылғы "___" ______________ ________________ қаласы Мөр орны