Об определении лицензиара по осуществлению лицензирования деятельности в сфере использования космического пространства и уполномоченного органа на выдачу разрешения второй категории "Свидетельство о государственной регистрации космических объектов и прав на них" Қолданыста
Басқа 0
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы
қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» екінші санаттағы рұқсатын беретін
уәкілетті органды айқындау туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 77 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 244-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.