Об утверждении Инструкции по работе военных представительств Министерства обороны Республики Казахстан в организациях, независимо от форм собственности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми түрде жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
Тармақ 3
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), орындалған әскери мақсаттағы жұмыстардың және әскери мақсаттағы көрсетілген қызметтердің сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысын нақтылайды.
Тармақ 2
2. Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық әскери өкілдіктердің өнімнің сапасын бақылау және қабылдау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды, наразылық жұмысын ұйымдастыруды және жүргізуді, өнімге нақты шығындарды тексеру және келісу жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды және әскери өкілдіктердің өзара іс-қимылын қамтиды.
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) бұйым (партия) – бір техникалық құжаттама бойынша шектелген уақыт кезеңінде жасалған және алушының мекенжайына жіберуге арналған біртекті өнім бірлігінің жиынтығы;
Тармақша 2
2) біліктілік сынағы – талап етілген сападағы өнімді берілген көлемде шығаруға өнеркәсіп кәсіпорындарының дайындығын бағалау мақсатында өнімді шығаруға қою кезінде жүргізілетін өнімді бақылап сынаулар;
Тармақша 3
3) ғылыми-зерттеу жұмысы (бұдан әрі – ҒЗЖ) – негізделген бастапқы деректерді алу, өнімді жасау (жаңғырту) қағидаттары мен жолдарын іздестіру мақсатында жүргізілетін теориялық немесе эксперименттік зерттеулер кешені;
Тармақша 4
4) жаппай бақылау – әскери өкілдік бұйымдарды жасау мен сынаудың келесі кезеңдерінде орындалу сапасын тексере алмайтын бұйымдар, құрастыру бірліктері, бөлшектер мен технологиялық процесс операциялары үшін, сондай-ақ оны шығарудамеңгеру сатысындағы өнім үшін көзделген сапаны бақылау;
Тармақша 5
5) жедел бақылау – Міндетті ұсынымдар тізбесіне кірмеген технологиялық операцияларды және процестерді бақылау. Жедел бақылаумен ұйымның НТҚ талаптарын орындауы, өндірістің жалпы мәдениетінің жай-күйі, ұйым зертханаларының жұмысы, цехтардың, учаскелер мен жұмыс орындарының жай-күйі, қабылданған өнімді сақтау қағидаларының сақталуы да тексеріледі. Жедел бақылау кенеттен, уақыттың кез келген сәтінде жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) қорғаныс өнеркәсібі кешені ұйымы – қару-жарақ пен әскери техника айналымы саласында лицензиясы бар отандық тауар өндіруші және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізуші (бұдан әрі – ұйым);
Тармақша 7
7) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 8
8) міндетті ұсынымдар тізбесі – әскери өкілдік әзірлеген ұйымның техникалық бақылау бөлімі әскери өкілдікке бақылауға міндетті түрде ұсынуға жататын бұйымдар, құрастыру бірліктері, технологиялық процесс операциялары тізбесі;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінім беретін және тиісті тауарларды (өнімді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары;
Тармақша 10
10) нормативтік-техникалық құжаттама (бұдан әрі – НТҚ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілетін әртүрлі санаттағы стандарттар, жалпы техникалық талаптар жүйелері, алушының тактикалық-техникалық тапсырмалары (ерекшеліктері), материалдарға, заттарға техникалық шарттар, басқа да құжаттар жататын техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;
Тармақша 11
11) өнімді қабылдау – өнімнің шарт талаптарына (шарттарына) сәйкестігін және оның сапасын бақылаудың оң нәтижелері кезінде жүзеге асырылатын осы өнімнің жеткізуге және (немесе) пайдалануға жарамдылығын тексеру және құжаттамалық растау;
Тармақша 12
12) өнімді қабылдауды тоқтата тұру – әскери өкілдіктің өнім сапасын бақылау, қабылдау және тиеу процесін негізделген уақытша тоқтату жөніндегі өкілеттіктері;
Тармақша 13
13) өнім номенклатурасы – әскери өкілдік сапасын бақылауға және қабылдауға жататын өнім тізбесі;
Тармақша 14
14) өнім сапасы – өнімнің арналуына сәйкес қажеттілікті қанағаттандыру үшін оның жарамдылығын айқындайтын сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштер жиынтығы;
Тармақша 15
15) өнімді шығаруға қою – жаңадан әзірленген немесе жаңғыртылған бұйымдарды өнеркәсіптік шығаруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешені;
Тармақша 16
16) сапаны бақылау – әскери өкілдіктің олардың белгіленген талаптарға (шарт талаптарына) сәйкестігін айқындау мақсатында өнімнің сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштерінің қасиеттерін тексеру жөніндегі қызметі;
Тармақша 17
17) сапа менеджменті жүйесі (бұдан әрі – СМЖ) – өнім сапасын жалпы басқару үшін қажет әдістемелердің, процестердің және ресурстардың ұйымдық құрылымының жиынтығы;
Тармақша 18
18) техникалық бақылау бөлімі (бұдан әрі – ТББ) – өнімнің белгіленген ТҚ талаптарына (шарт талаптарына) сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыратын ұйым бөлімшесі;
Тармақша 19
19) техникалық құжаттама (бұдан әрі – ТҚ) – өнімнің қолданылу циклінің әрбір сатысында тікелей пайдалану үшін қажетті және жеткілікті құжаттар жиынтығы (ТҚ-ға конструкторлық, технологиялық, бағдарламалық, жобалау-сметалық, жобалау құжаттамасы, техникалық шарттар жатады);
Тармақша 20
20) тәжірибелік-конструкторлық жұмыс (бұдан әрі – ТКЖ) – қару-жарақ пен әскери техника үлгісін жасау (жаңғырту) үшін бірыңғай бастапқы құжат (ТТҚ) бойынша орындалатын жұмыстар кешені;
Тармақша 21
21) ішкі бақылау – ТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкес келмейтін өнім үлгілерін (жүйелерін, кешендерін) әзірлеу, шығару, жаңғырту және жөндеу кезінде қолдануды болдырмау үшін өнім сапасын бақылау;
Тармақша 22
22) ішінара бақылау – сапаны бақылау, онда өнім жататын партиядан салыстырмалы түрде оның бірліктерінің аз саны бақыланады, осы бақылау өнім сериялары үшін жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Әскери өкілдіктің өнім сапасын бақылау және қабылдау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру
2-тарау. Әскери өкілдіктің өнім сапасын бақылау және қабылдау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) жеткізуге, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы арасында жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар (бұдан әрі – шарт) әскери өкілдіктің әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және оларды қабылдау жөніндегі қызметті ұйымдастыруы және жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Әскери өкілдік шарт және ТҚ талаптарына сәйкес өнімдішығарудың кез келген сатысында өнім сапасына бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жасалған шарт негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығы (бұдан әрі – Орталық) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери өкілдік бақылайтын өнім номенклатурасын әзірлейді, оны уәкілетті орган немесе қорғаныстық тапсырысты алушы бекітеді. Ол бекітілгеннен кейін үзінділер әскери өкілдікке жеткізіледі.
Тармақ 7
7. Әскери өкілдік шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, олар осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттарды, дайын өнімді қабылдауды және жеткізуді есепке алу журналында тіркеледі. Шарттар талаптарының және мерзімдерінің орындалмауына (бұзылуына) алғышарттар жасалған кезде әскери өкілдік жүктелген өкілеттіктер бөлігінде оларды уақтылы орындау бойынша шаралар қабылдайды, ұйымдарға тиісті ұсынымдарды жолдайды және ол туралы уәкілетті органға (алушыға) және Орталыққа дереу баяндайды.
Тармақ 8
8. Әскери өкілдік шарттар негізінде осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық бақылау бөлімі әскери өкілдікке ұсынуға жататын бұйымдардың, құрастырубірліктерінің, технологиялық процесс операцияларының міндетті ұсынымдар тізбесін әзірлейді және кәсіпорынның басшылығымен келіседі. Тізбеге дайын өнім және оның құрамдас бөліктері (құрастыру бірліктері, бөлшектер), сондай-ақ шарт талаптарына сәйкес міндетті жаппай, ішінара және жедел бақылауға және қабылдауға жататын технологиялық процесс операциялары енгізіледі.
Тармақ 9
9. Міндетті ұсынымдар тізбесі ТҚ талаптарына сүйене отырып, әскери өкілдіктің штат санын, технологиялық процестерді пысықтау дәрежесін, өнім сапасы және сынаудың еңбек сыйымдылығы туралы мәліметтерді ескере отырып әзірленеді.Өнім сапасын бақылауды күшейту және қабылдау үшін ұйымдарға басқа әскери өкілдіктердің лауазымды адамдарын, сондай-ақ Орталықтың лауазымды адамдарын өнім сапасын бақылау және қабылдау үшін іссапарға жіберуге жол беріледі.
Тармақ 10
10. Міндетті ұсынымдар тізбесін әскери өкілдік бастығы бекітеді және ұйымның басшысына келісуге жолданады және қажет болған кезде әскери өкілдік өнімді дайындау, сапасын бақылау және пайдалану нәтижелері бойынша нақтылайды.
Тармақ 1. 1-параграф. Өнім сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау нысандары мен әдістері
1-параграф. Өнім сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау нысандары мен әдістері
Тармақ 11
11. Өнімді жасау сапасын бақылау ТҚ-да көзделген осы өнімді бақылап сынауды жүргізу арқылы жаппай, ішінара, ішкі немесе жедел бақылау әдісімен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бақылау тиімділігін арттыру үшін әскери өкілдік құрастыру бірліктері, бөлшектер, технологиялық процесс операциялары және жалпы бұйым сапасын бақылау әдістемесін (картасын) әзірлейді.
Тармақ 13
13. Әскери өкілдік техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігіне алдын ала тексерілген және осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұйымды ұсыну туралы хабарлама бойынша ұйымның ТББ-сы қабылдаған бұйымдар, құрастыру бірліктері, бөлшектер, технологиялық процесс операциялары сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Өнім сапасын бақылауды және қабылдауды әскери өкілдік есепке алынған ТҚ жиынтығы бойынша жүргізеді.
Тармақ 15
15. Өнім сапасын бақылау процесінде әскери өкілдік:
Тармақша 1
1) бақылау үшін қажетті есепке алынған ТҚ-ның бар болуын, оның жай-күйі мен пысықталу дәрежесін;
Тармақша 2
2) ұсынылған өнімді бақылау немесе сынау үшін арналған жұмыс орнының жай-күйін, бақылау-өлшеу және тексеру аппаратурасының, стенділердің, пульттердің, құрал-сайман мен айла-бұйымдардың бар болуын және ақаусыздығын, сондай-ақ оларға паспорттардың (аттестаттардың) бар болуын және оларды ұйым метрологиялық қызметінің уақтылы салыстырып тексеруін (калибрлеуін);
Тармақша 3
3) ұсыну және ілеспе құжаттаманың бар болуын және дұрыс ресімделуін;
Тармақша 4
4) ұсынылған өнімнің жиынтықталуын;
Тармақша 5
5) ұсынылған өнімнің ТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкестігін;
Тармақша 6
6) тексерілетін өнімнің сақталу жай-күйін және оны жеткізу тәртібін;
Тармақша 7
7) ақауды оқшаулауды;
Тармақша 8
8) жұмыс орнындағы және өндіріс учаскесіндегі өндіріс мәдениетін тексереді.
Тармақ 16
16. Сапаны бақылауды аяқтағаннан кейін әскери өкілдік ілеспе құжаттаманы ресімдейді, хабарламада сапаны бақылау нәтижелері бойынша қорытынды береді, егер бұл ТҚ-да көзделсе, бұйымдытаңбалайдыжәне пломбалайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Жаппай бақылау жүргізу
2-параграф. Жаппай бақылау жүргізу
Тармақ 17
17. Ұлттық стандарттар (сынау бағдарламалары) немесе ТҚ талаптарына сәйкес әскери өкілдікке ұсынылатын әрбір бұйымның, құрастыру бірлігінің, бөлшектің немесе технологиялық процесс операциясының сапасын бақылау жаппай бақылау деп түсініледі.
Тармақ 18
18. Жаппай бақылаумен әскери өкілдік әскери өнімді (өнімді) жасаудың және сынаудың келесі кезеңдерінде орындау сапасын тексере алмайтын, ал ішінара бақылау оның белгіленген талаптарға сәйкестігін объективті бағалауға мүмкіндік бермейтін анағұрлым жауапты бұйымдар, құрастыру бірліктері, бөлшектер және технологиялық процесс операциялары үшін көзделеді. Жаппай бақылау өнімді шығаруды меңгеру сатысында да және ұзақ үзілістен кейін осы өнімді шығаруды қайта бастау кезінде де қолданылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Ішінара бақылау жүргізу
3-параграф. Ішінара бақылау жүргізу
Тармақ 19
19. Әскери өкілдік өнімді ішінара бақылауды ұсынылған бұйымдар партиясынан жүзеге асырады және ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес жүргізеді. Өнімге ішінара бақылау жүргізу үшін бақылау жоспары жасалады, ол бақыланатын партия ауқымын, таңдау немесе сынамаауқымын, бақылау нормативтерін қамтиды.
Тармақ 20
20. Өнімді қабылдау аяқталғаннан кейін әскери өкілдік қабылдаудың аяқталу уақытын белгілеумен (өнімді ұсыну уақыты ұсыным құжаты алынғаннан кейін белгіленеді) хабарламаны және ілеспе құжаттаманы ресімдейді, сондай-ақ техникалық құжаттамада көзделген жағдайда өнімді пломбалайды және таңбалайды. Ішінара бақылау кезінде партияны қабылдау туралы қорытындыда сынауға ұшыраған бұйымдардың зауыттық нөмірлері көрсетіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Ішкі бақылау жүргізу
4-параграф. Ішкі бақылау жүргізу
Тармақ 21
21. Бұйымдарға ішкі бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 695қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР ӘСТ 13.45 «Сапаны кешенді бақылау жүйесі. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдарды ішкі бақылау. Жалпы ережелер» әскери стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Жедел бақылау жүргізу
5-параграф. Жедел бақылау жүргізу
Тармақ 22
22. Әскери өкілдік жедел бақылауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 695қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР ӘСТ 13.53 «Сапаны кешенді бақылау жүйесі. Өндірісті, операцияларды және технологиялық процестерді, материалдарды, жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдарды жедел бақылау. Жалпы ережелер» әскери стандартының талаптарына сәйкес жүргізеді. Өндірісті жедел бақылауға тапсырмаға осы Нұсқаулыққа5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери өкілдік бастығы қол қояды және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті жедел бақылауға тапсырмалар беружурналында осы тапсырмаларды есепке алу жүргізіледі.
Тармақ 6. 6-параграф. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды бақылау
6-параграф. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды бақылау
Тармақ 23
23. ҒЗЖ-ны орындауды бақылауды жүзеге асыру кезінде әскери өкілдік:
Тармақша 1
1) НТҚ-ны және ҒЗЖ-ны орындауға шарттарды қарауға және келісуге қатысады. Әскери өкілдік осы құжат бойынша ескертулер мен ұсыныстарды уәкілетті органға, алушыға және ұйымға жолдайды;
Тармақша 2
2) ҒЗЖ-ға құжаттаманы қарауға және келісуге қатысады;
Тармақша 3
3) орындалған жұмыс кезеңдерінің НТҚ талаптарына сәйкестігін тексереді, осы тапсырмалардың барлық өзгерістері мен нақтылануы уақтылы ресімделгенін және бекітілгенін қадағалайды;
Тармақша 4
4) бірлескен жұмыстар жоспарларын, жасалатын бұйымдарды эксперименттік пысықтаудың кешенді бағдарламаларын және ҒЗЖ-ны орындауға басқа да жоспарлау құжаттарын келіседі, олардың орындалуын есепке алады;
Тармақша 5
5) макеттерді, модельдерді, эксперименттік үлгілерді және олардың құрамдас бөліктерін сынау бағдарламалары мен әдістемелерін келіседі, сынауларды жүргізуге және олардың нәтижелері бойынша қорытындылар жасауға қатысады;
Тармақша 6
6) ғылыми-техникалық кеңестерде немесе ұйымның кеңестерінде әрбір кезең бойынша жұмыстарды аяқтау нәтижелерін және жалпы жұмыс бойынша қарауға қатысады;
Тармақша 7
7) ұйымға шарттар талаптарына сәйкес жұмыс кезеңдерінің орындалғаны туралы куәлік береді;
Тармақша 8
8) шарт талаптары, НТҚ және Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №383-од бұйрығымен бекітілген МЕМСТ 7.32-2017 «Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп беру» мемлекетаралық стандартының талаптары орындалмаған жағдайда қабылдау үшін әскери өкілдікке ұсынылатын ҒЗЖ-ны қабылдамайды. Жұмыстарды (жұмыс кезеңдерін) қайта қарауды әскери өкілдік уәкілетті орган бекіткен анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар іске асырылғаннан кейін жүргізеді.
Тармақ 24
24. ҒЗЖ-ны бақылау кезінде әскери өкілдік:
Тармақша 1
1) ұйым жүргізетін зерттеулер тақырыбын зерделеуді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды;
Тармақша 3
3) орындалған кезеңдер бойынша қорытынды беруді;
Тармақша 4
4) ҒЗЖ (кезеңдері, құрамдас бөліктері)орындалғаннан кейін қалған макеттерді, модельдерді, материалдарды, өлшеу құралдарын және материалдық құндылықтарды, жұмыс құнына енгізілген оларды жасауға немесе сатып алуға шығындарды есепке алуды жүргізуді, сақталуын және қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Әскери өкілдік ҒЗЖ-ны қабылдау актісі бойынша уәкілетті орган (алушы) шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 7. 7-параграф.Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуын бақылау
7-параграф.Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуын бақылау
Тармақ 26
26. Әскери мақсаттағы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ТКЖ) мазмұны және орындау кезінде әскери өкілдіктіңолардың сапасын бақылауды ұйымдастыруы шарттармен белгіленеді.
Тармақ 27
27. Әскери өкілдік ТКЖ-ны орындауды бақылауды жүзеге асыру кезіндеҚазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы№450 бұйрығымен бекітілген ҚР ӘСТ 1207 «Әскери техниканы әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау тәртібі. Негізгі ережелер» әскери стандартының талаптарын басшылыққа алады.
Тармақ 8. 8-параграф. Эскиздік (техникалық) жобаны әзірлеуді бақылау
8-параграф. Эскиздік (техникалық) жобаны әзірлеуді бақылау
Тармақ 28
28. Эскиздік (техникалық) жобаны (бұдан әрі – ЭЖ, ТЖ) әзірлеу кезеңінде әскери өкілдік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы №450 бұйрығымен бекітілген ҚР ӘСТ 1207 «Әскери техниканы әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау тәртібі. Негізгі ережелер» әскери стандартын басшылыққа алады.
Тармақ 9. 9-параграф. Өнімнің тәжірибелік үлгісін жасау үшін ТҚ-ны әзірлеуді бақылау
9-параграф. Өнімнің тәжірибелік үлгісін жасау үшін ТҚ-ны әзірлеуді бақылау
Тармақ 29
29. Осы кезең жұмысының мақсаты мен мазмұны өнімнің тәжірибелік үлгісін (құрамдас бөлшектің тәжірибелік үлгісін), оның ішінде пайдалану процесінде өнімді (құрамдас бөлшекті) пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз ету үшін арналған оқу-жаттықтыру құралдарын, арнайы технологиялық жабдықты және керек-жарақты жасау және оларды сынау үшін ТҚ-ны, сондай-ақ бағдарламалық құжаттаманы (қажет болған кезде) әзірлеуді қамтиды.
Тармақ 30
30. Өнімнің (құрамдас бөлшектің) тәжірибелік үлгісін жасау үшін ТҚ-ны әзірлеуді бақылауды жүзеге асыру кезінде әскери өкілдік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 450 бұйрығымен бекітілген ҚР ӘСТ 1207 «Әскери техниканы әзірлеу және шығаруға қою жүйесі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау тәртібі. Негізгі ережелер» әскери стандартын басшылыққа алады.
Тармақ 10. 10-параграф. Өнімнің тәжірибелік үлгісін жасауды бақылау және оларды алдын ала сынау
10-параграф. Өнімнің тәжірибелік үлгісін жасауды бақылау және оларды алдын ала сынау
Тармақ 31
31. Өнімнің тәжірибелік үлгісін жасау және оларды алдын ала сынау кезеңінде әскери өкілдік Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 695қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР Ә СТ 1207 «Әскери техниканы әзірлеу және шығаруға қою жүйесі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау тәртібі. Негізгі ережелер» және ҚР Ә СТ 13.47 «Әскери техника бұйымдарын әзірлеу кезінде олардың сапасын бақылау. Негізгі ережелер» әскери стандарттарын басшылыққа алады.
Тармақ 11. 11-параграф. Өнімнің тәжірибелік үлгісін мемлекеттік сынауды бақылау (өнім құрамдас бөлшегінің тәжірибелік үлгісін ведомствоаралық сынау)
11-параграф. Өнімнің тәжірибелік үлгісін мемлекеттік сынауды бақылау (өнім құрамдас бөлшегінің тәжірибелік үлгісін ведомствоаралық сынау)
Тармақ 32
32. Өнімнің (өнімнің құрамдас бөлшегін) тәжірибелік үлгісін мемлекеттік (ведомствоаралық) сынау кезеңінің мақсаты:
Тармақша 1
1) жасалатын өнімнің жойғыш мүмкіндігін бағалау, өнімнің (өнім құрамдас бөлшегінің) тәжірибелік үлгісі техникалық және пайдалану сипаттамасының ТКЖ-ны орындауға НТҚ талаптарына сәйкестігін тексеру және растау;
Тармақша 2
2) өнімді қарулануға (жабдықтауға, пайдалануға) қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыным беру;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік (сериялық) өндірістің мақсатқа сәйкестігі туралы және алушыға өнімді жеткізу үшін өндірісті өрістетуге әзірленген құжаттаманың әзірлігі туралы ұсыным беру;
Тармақша 4
4) пайдалану құжаттарын (оның ішінде оқу-техникалық плакаттарды) бағалау және ТҚ-ны пайдалануға рұқсат ету туралы қорытынды беру болып табылады.
Тармақ 33
33. Өнімнің (өнім құрамдас бөлшегінің) тәжірибелік үлгісін мемлекеттік (ведомствоаралық) сынау кезеңінде әскери өкілдік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 450 бұйрығымен бекітілген ҚР Ә СТ 1206 «Әскери техниканы әзірлеу және шығаруға қою жүйесі. Бұйымның тәжірибелік үлгісін сынау. Негізгі ережелер» және ҚР Ә СТ 1208 «Әскери техниканы әзірлеу және шығаруға қою жүйесі. Бұйымның тәжірибелік үлгілерін сынау бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу тәртібі. Негізгі ережелер» әскери стандарттарын басшылыққа алады.
Тармақ 34
34. ТКЖ-ның осы кезеңін жабу үшін негіз уәкілетті органның, алушының және ұйымның бірлескен шешімімен бекітілген мемлекеттік (ведомствоаралық) сынау актісі болады.
Тармақ 12. 12-параграф. Өнімнің өнеркәсіптік (сериялық) өндірісін ұйымдастыру үшін ТҚ-ны түзетуді және бекітуді бақылау
12-параграф. Өнімнің өнеркәсіптік (сериялық) өндірісін ұйымдастыру үшін ТҚ-ны түзетуді және бекітуді бақылау
Тармақ 35
35. Өнімнің өнеркәсіптік (сериялық) өндірісін ұйымдастыру үшін ТҚ-ны бекіту кезеңінде әскери өкілдік Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 695қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР Ә СТ 9.2 «Конструкторлық құжаттаманы тексеру, келісу және бекіту тәртібі» әскери стандартын басшылыққа алады.
Тармақ 13. 13-параграф. Жөндеу құжаттамасын әзірлеуді, тексеруді, келісуді және бекітуді бақылау
13-параграф. Жөндеу құжаттамасын әзірлеуді, тексеруді, келісуді және бекітуді бақылау
Тармақ 36
36. Әскери өкілдік жүргізілетін жұмыстардың барлық кезеңдерінде жөндеу құжаттамасын әзірлеуді, келісуді және бекітуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 665қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР Ә СТ 4.4 «Жөндеу құжаттамасын әзірлеу тәртібі. Негізгі ережелер» стандартына және ҚР Ә СТ 9.3 «Әскери техника. Жөндеу құжаттары» әскери стандартына сәйкес бақылайды.
Тармақ 14. 14-параграф. Өнімді шығаруға қою жөніндегі жұмысты бақылау және оған қатысу
14-параграф. Өнімді шығаруға қою жөніндегі жұмысты бақылау және оған қатысу
Тармақ 37
37. Шығаруға қою екі кезеңді: өндірісті дайындауды және өнімді шығаруды меңгеруді қамтиды.
Тармақ 38
38. Өнімді жеткізуге шарт өнімді шығаруға қою жөніндегі жұмысты жүргізу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 39
39. Шығаруға қоюдың мақсаты кәсіпорынның ТҚ талаптарына және оны жеткізуге арналған шарт талаптарына сәйкес келетін жаңадан әзірленген (жаңғыртылған) өнімді жасауға және жеткізуге әзірлігін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 40
40. Шығаруға қою мынадай бұйымға қатысты белгіленеді:
Тармақша 1
1) алушының тапсырмасы бойынша әзірленген өнім үлгілеріне (жүйелеріне, кешендеріне) және оның құрамдас бөлшектеріне;
Тармақша 2
2) НТҚ бойынша әзірленген салааралық қолданыстағы жиынтықтаушы бұйымдарға.
Тармақ 41
41. Егер ТҚ талаптарына және оларды жеткізуге арналған шарт талаптарына сәйкес келетін өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өндірісті дайындау және меңгеру кезеңдері берілген ауқымда толық орындалса, шығаруға қою аяқталды деп саналады.
Тармақ 42
42. Өнімді шығаруға қойған кезде әскери өкілдікке:
Тармақша 1
1) шығаруға қою жөніндегі ұйымдық-өкімдік құжатты (өкімді) келісу;
Тармақша 2
2) шығаруға қою бойынша кешенді кестені келісу және оның орындалуын бақылау;
Тармақша 3
3) конструкторлық құжаттаманың есепке алынған жиынтығын, ал қажет болған кезде қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюмен технологиялық жарақтандырудың арнайы құралдарын қабылдау-тапсыруға қатысу;
Тармақша 4
4) технологиялық құжаттама жиынтығын келісу. Өнімді жасаудың, құрастырудың, монтаждаудың, теңшеудің, реттеудің ерекше жауапты технологиялық процесі (операциялары) тізбесін (номенклатурасын) әзірлеу және бақылау үшін әскери өкілдікке ұсынуға жататын өнімді сынау;
Тармақша 5
5) біліктілік сынағы бағдарламасын келісу, біліктілік сынағы жөніндегі комиссия жұмысына қатысу;
Тармақша 6
6) қабылдау-тапсыру сынауының санаты үшін ТҚ-да көзделген тексеру ауқымында біліктілік сынағы алдында өнім сапасын бақылау. Біліктілік сынағы үшін өнімді іріктеу;
Тармақша 7
7) біліктілік сынағына әзірлік туралы хабар етуді (хабарламаны) келісу;
Тармақша 8
8) бекітілген біліктілік сынағы бағдарламасына сәйкес комиссия құрамында сынау және тексеру, олардың нәтижелері бойынша есеп беру құжаттарын ресімдеу;
Тармақша 9
9) біліктілік сынағы актісі бойынша шешім және акті бойынша шешімде көзделген іс-шараларды орындау нәтижелері негізінде алушыға кезеңді сынау нәтижелерін алғанға дейін шығаруды меңгеру кезеңінде жасалған өнімді жеткізу мүмкіндігі туралы қорытынды беру;
Тармақша 10
10) зерттеу нәтижелерін құжаттамалық ресімдеумен біліктілік сынағы барысында, сондай-ақ өнімді, құрастыру бірліктерін, бөлшектерді және технологиялық процесс операцияларын шығару процесінде анықталған ақаулар себептерін зерттеуге қатысу;
Тармақша 11
11) комиссия құрамында біліктілік сынағы актісіне қол қою;
Тармақша 12
12) біліктілік сынағы актісі бойынша шешімді келісу;
Тармақша 13
13) біліктілік сынағы актісі бойынша шешімді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу және оның орындалуын бақылау жүктеледі.
Тармақ 15. 15-параграф. Әскери өкілдіктің өндірісті дайындау жөніндегі жұмысты бақылауы және оған қатысуы
15-параграф. Әскери өкілдіктің өндірісті дайындау жөніндегі жұмысты бақылауы және оған қатысуы
Тармақ 43
43. Өндірісті дайындау кезеңінде әскери өкілдік өндіріске қою жөніндегі кешенді іс-шаралар кестесін келіседі және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 44
44. Әскери өкілдік конструкторлық құжаттама жиынтығының есепке алынған көшірмелерін, сондай-ақ қажет болған кезде ұйымға берілетін технологиялық жарақтандырудың арнайы құралдарын тапсыруға-қабылдауға қатысады.
Тармақ 45
45. Тапсыру-қабылдау тапсырушы тараптың өкілдері және қабылдаушы тараптың өкілдері қол қоятын қабылдау-тапсыру актілері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 46
46. Әскери өкілдік өнім шығаруды дайындау кезінде:
Тармақша 1
1) ұйымдық-өкімдік құжаттарды, кешенді іс-шаралар кестесін, сенімділікті және сапаны қамтамасыз ету, біліктілік сынағы және метрологиялық қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуді және келісуді бақылайды;
Тармақша 2
2) өнімді жасауға арналған ТҚ әзірлеуді (пысықтауды) бақылайды, сондай-ақ бақылауға және өлшеуге жататын технологиялық процестердің параметрлері мен сипаттамаларын белгілеуге қатысады;
Тармақша 3
3) өнімді жасауды қамтамасыз ету үшін ТҚ метрологиялық сараптамасын жүргізуге қатысады;
Тармақша 4
4) ішкі бақылауды жүргізуді ескере отырып, өндірісті технологиялық дайындауды жүргізуге қызметтерді, цехтарды, персоналды дайындау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды бақылайды және оған қатысады;
Тармақша 5
5) ұйымда қолданылатын сапа менеджменті жүйесін, өнімнің сенімділігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын бақылайды;
Тармақша 6
6) өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге, өнімді сынау және шығару кезінде пайдаланылатын сынау жабдығын және өндірістік персоналды аттестаттауға қатысады;
Тармақша 7
7) конструкцияны технологиялыққа өңдеуді бақылайды;
Тармақша 8
8) ТҚ-ға өзгерістер енгізуді бақылайды.
Тармақ 47
47. Бұл ретте әскери өкілдік:
Тармақша 1
1) өндірісті дайындау процесінде әзірленген технологиялық құжаттама жиынтығын;
Тармақша 2
2) бақылау және келісу үшін әскери өкілдікке ұсынуға жататын өнімді жасаудың, құрастырудың, монтаждаудың, теңшеудің, реттеудің және сынаудың ерекше жауапты технологиялық процестеріне (операцияларына) әскери өкілдік әзірлеген тізбеде (номенклатурада) айқындалған технологиялық құжаттарды келіседі.
Тармақ 48
48. Ұйым ТҚ-ны алған, өнімді жасауға арналған ТҚ белгіленген тәртіппен әзірленген (түзетілген), келісілген, ұйымдық-өкімдік құжатта және өндіріске қою жөніндегі кешенді іс-шаралар кестесінде айқындалған өндірісті дайындау жөніндегі іс-шаралар өткізілген, технологиялық жарақтандыру құралдары сынамақтан өткізілген және реттелген және ұйымның өнім шығаруды меңгеруге қол жеткізілген технологиялық әзірлігі туралы анықтама ұсынылған жағдайда, өндірісті дайындау аяқталды деп саналады.
Тармақ 16. 16-параграф. Әскери өкілдіктің өндірісті меңгеру жөніндегі жұмысты бақылауы және оған қатысуы
16-параграф. Әскери өкілдіктің өндірісті меңгеру жөніндегі жұмысты бақылауы және оған қатысуы
Тармақ 49
49. Өндірісті меңгеру процесінде әзірленген өнім (белгіленген серия) біліктілік сынағына жатады.
Тармақ 50
50. Біліктілік сынағын ұйым ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, ал уәкілетті органның (алушының) бұйрығымен (шешіммен) тағайындалған комиссия сынаулар жүргізеді.
Тармақ 51
51. Әскери өкілдік өнім өндірісін меңгеру кезінде мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ТҚ-да көзделген қабылдау-тапсыру сынаулары көлемінде өнімді (белгіленген серияны) тексеруді;
Тармақша 2
2) іріктеу актісін ресімдей отырып, қабылдау-тапсыру сынауларында қабылданған біліктілік сынағы үшін өнімді іріктеуді;
Тармақша 3
3) біліктілік сынағы бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес комиссия құрамында өнімнің біліктілік сынағына қатысуды және хаттамаларда (есеп берулерде) көрсетілетін тексеру, қарап-тексеру, өлшеу нәтижелерін ресімдеуді;
Тармақша 4
4) комиссия жұмысының басталуына ұсынылған барлық құжаттарды тексеруді;
Тармақша 5
5) кәсіпорында өндірістің жалпы технологиялық жарақтандырылу жай-күйін тексеруді (оның ішінде өндірістің технологиялық жарақтандырылуымен), жұмыс орындарында өнімді (бөлшектерді, құрастыру бірліктерін) әзірлеудің технологиялық процесіне ішінара бақылау жүргізеді және біліктілік сынағы бағдарламасына сәйкес өнімге сынаулар мен тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6
6) зерттеу нәтижелерін ресімдей отырып, біліктілік сынағы барысында анықталған ақаулардың себептерін зерттеуді;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган бекітетін біліктілік сынағы актісін және шешімді ресімдеуге қатысуды және келісуді;
Тармақша 8
8) кезеңдік сынаулар нәтижелерін алғанға дейін алушыға біліктілік сынағы актісі бойынша шешім және өнеркәсіптік өндіріс өнімін және өндірісті меңгеру кезеңінде әзірленген өнімді жеткізу мүмкіндігі туралы акт бойынша шешімде көзделген іс-шараларды орындау нәтижелері негізінде қорытындылар беруді.
Тармақ 52
52. Өнім әзірлеушісі жанындағы әскери өкілдік біліктілік сынағына (белгіленген серияны қабылдауға) әзірлігі туралы хабарландыруды (хабарламаны) келіседі.
Тармақ 53
53. Сынаулар мен тексерулерді біліктілік сынағы бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес комиссия және әскери өкілдік жүргізеді. Сынаулар мен тексерулерді жүргізу хаттамалармен (есеп берулермен) ресімделеді, онда сынаулар, тексеру, қарап-тексеру нәтижелері көрсетіледі. Хаттамаларға (есеп берулерге) комиссия мүшелері және нақты сынаулар түріне қатысатын адамдар қол қояды.
Тармақ 54
54. Шешімді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау ұйымның және әскери өкілдіктің бірлескен актісімен ресімделеді.
Тармақ 55
55. Әскери өкілдік өндірісті меңгеру процесінде жасалған және алушыға жеткізуге жататын өнімнің сапасын бақылауды қабылдау-тапсыру сынаулары көлемінде жүргізеді.
Тармақ 56
56. Біліктілік сынағының теріс нәтижелерін алған кезде әскери өкілдіктің өкілдері комиссия құрамында хаттама жасайды (келіседі), онда теріс нәтижелерінің себептері көрсетіледі.
Тармақ 57
57. Әскери өкілдік анықталған себептерді жою және олардың пайда болуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды келіседі және бақылайды. Осы іс-шараларды орындағаннан кейін комиссия жаңадан әзірленген немесе толық пысықталған өнімге біліктілік сынағын қайта жүргізеді.
Тармақ 17. 17-параграф. Қабылдау-тапсыру сынаулары
17-параграф. Қабылдау-тапсыру сынаулары
Тармақ 58
58. Қабылдау-тапсыру сынаулары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 665қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР Ә СТ 4.7 «Әскери техника. Әскери техниканың сериялық бұйымдарын сынау және қабылдау. Негізгі ережелер» әскери стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 18. 18-параграф. Кезеңдік сынаулар
18-параграф. Кезеңдік сынаулар
Тармақ 59
59. Өнімді кезеңдік сынау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 665қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР ӘСТ 4.7 «Әскери техника. Әскери техниканың сериялық бұйымдарын сынау және қабылдау. Негізгі ережелер» әскери стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 19. 19-параграф. Ұсынбалы сынаулар
19-параграф. Ұсынбалы сынаулар
Тармақ 60
60. Өнімнің ұсынбалы сынаулары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 665қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР ӘСТ 4.7 «Әскери техника. Әскери техниканың сериялық бұйымдарын сынау және қабылдау. Негізгі ережелер» әскери стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 20. 20-параграф. Үлгілік сынаулар
20-параграф. Үлгілік сынаулар
Тармақ 61
61. Өнімнің үлгілік сынаулары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 665қбпү бұйрығымен бекітілген, ҚР Ә СТ 4.7 «Әскери техника. Әскери техниканың сериялық бұйымдарын сынау және қабылдау. Негізгі ережелер» әскери стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 21. 21-параграф. Әскери өкілдіктердің өндіріс ақауына талдау жүргізуді бақылауы және оған қатысуы
21-параграф. Әскери өкілдіктердің өндіріс ақауына талдау жүргізуді бақылауы және оған қатысуы
Тармақ 62
62. Өндіріс ақауына талдау жүргізу кезінде негізгі мақсаттар мен міндеттер:
Тармақша 1
1) өндірістің кез келген сатысында ақаудың барлық жағдайларын уақтылы анықтау және тіркеу;
Тармақша 2
2) ақау себептерін және кінәлілерді белгілеу;
Тармақша 3
3) ақаулы деп танылған өнімді өндірістен алып тастау және оқшаулау;
Тармақша 4
4) сәйкес келмейтін өнімді біріздендіру;
Тармақша 5
5) сәйкессіздіктер себептеріне талдау жүргізу, зерттеу;
Тармақша 6
6) анықталған ақауды құжаттамалық түрде ресімдеу;
Тармақша 7
7) сәйкессіздіктердің пайда болуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды дайындауды және өткізуді бақылау;
Тармақша 8
8) жасалатын өнімнің тұрақты сапасына кепілдік бермейтін технологиялық процестер мен жарақтандыру кемшіліктерін анықтау;
Тармақша 9
9) кәсіпорын басшылығы мен әскери өкілдік тарапынан талдау үшін ақауды анықтау фактілері және оны жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты қарау.
Тармақ 63
63. Өндіріс процесінде сәйкес келмейтін өнім анықталған кезде кәсіпорынның тиісті қызметтері ақауға талдау жүргізеді, оның сәйкес келмеу себептерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Әзірленген іс-шаралар әскери өкілдікпен келісіледі.
Тармақ 64
64. Сапа жөніндегі тұрақты әрекеттегі комиссияның кеңестерінде ТББ-ға және әскери өкілдікке бақылауға ұсынылған өнім сапасын талдау бойынша деректер, алушыдан өнім сапасы бойынша ақаулар мен наразылықтар туралы хабарламалар қаралады, ақауды жоюға және алдын алуға бағытталған іс-шаралар әзірленеді.
Тармақ 65
65. Сапа жөніндегі тұрақты әрекеттегі комиссияның кеңестерінде қабылданған шешімдер орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетіле отырып, кеңес хаттамаларымен ресімделеді. Сапа жөніндегі тұрақты әрекеттегі комиссия хаттамасының көшірмелері мүдделі бөлімшелерге және әскери өкілдікке жолданады.
Тармақ 66
66. Әскери өкілдікте жұмыс тәжірибесімен алмасу және сапа мен сенімділікті арттыру мәселелері бойынша жалпы талаптар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында қабылданатын өнімнің сапасы бойынша жеке құрамның техникалық кеңестері ай сайын өткізіледі.
Тармақ 22. 22-параграф. Қабылданған өнімді техникалық қабылдау және тиеу
22-параграф. Қабылданған өнімді техникалық қабылдау және тиеу
Тармақ 67
67. Әскери өкілдік хабарламаны алған сәттен бастап 24 сағат ішінде өнімді техникалық қабылдауды бастайды.
Тармақ 68
68. Егер сапасын бақылау және қабылдау үшін ұсынылған өнімге құжаттама дұрыс ресімделмесе, жұмыс орындары немесе сынау, өлшеу, бақылау құралдары дайындалмаса, әскери өкілдік келіскен іс-шаралар (шешімдер) орындалмаса, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптар орындалмаса және жедел бақылау процесінде әскери өкілдік анықтаған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылданбаса, онда ұсынылған бұйымдар (өнім партиялары) нақты себептерін көрсетумен қабылданбайды.
Тармақ 69
69. Дайын, толық сыналған, жинақталған және жеткізуге (пайдалануға) дайын өнімді техникалық қабылдауға әскери өкілдік ұйым басшысы (бас инженер) және ТББ бастығы қол қойған хабарламаны және белгіленген тәртіппен ресімделген формулярды (паспортты) немесе өнімді тапсыруға әзірлігін және оның ТҚ-ға сәйкес келуін, сондай-ақ өнімді мақсаты бойынша пайдалануға және (немесе) қолдануға жарамдылығын куәландыратын шартта көзделген өзге де құжатты алғаннан кейін кіріседі.
Тармақ 70
70. Қолданыстағы ТҚ-ға сәйкес жүргізілген қабылдау-тапсыру сынауларының оң нәтижелері, сондай-ақ ТҚ-да белгіленген бұйымдарды (өнім партиясын) жасау және қабылдау мүмкіндіктері осы сынаулармен растау мерзімдері өтпеген жағдайда алдыңғы кезеңдік сынаулардың оң нәтижелері бұйымды (өнім партиясын) техникалық қабылдау туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 71
71. Өнімді техникалық қабылдау кезінде әскери өкілдік ұсыну және ілеспе құжаттаманы ресімдеуді, сондай-ақ техникалық құжаттамада көзделген жағдайларда өнімді пломбалайды және таңбалайды.
Тармақ 72
72. Шарт бойынша әзірленген қабылданған өнімге әскери өкілдік бастығы ұйымға өнімнің ТҚ талаптарына және осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт талаптарына сәйкес келуі туралы куәлік береді.
Тармақ 73
73. Шарттарда және (ТҚ-да) белгіленген талаптарға жауап бермейтін бақыланатын өнім қабылданған жағдайда көрсетілген бұзушылықтарға жол берген әскери өкілдіктің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.
Тармақ 74
74. Әскери өкілдік қабылданған және тиелген өнімді есепке алады, ұйымның қабылданған өнімді дұрыс сақтауын бақылайды.
Тармақ 75
75. Қабылданған өнімді тиеу шарттардың талаптарына сәйкес және тиеу құжаттарын ресімдеумен жүргізіледі.
Тармақ 76
76. Ұйым тиеу үшін көлік құралдарын беру уақыты туралы алдын ала әскери өкілдік бастығын хабардар етеді.
Тармақ 77
77. Әскери өкілдік кәсіпорынның ілеспе және пайдалану құжаттамасын жолдауды бақылайды.
Тармақ 23. 23-параграф. Өнімді қабылдауды тоқтата тұру
23-параграф. Өнімді қабылдауды тоқтата тұру
Тармақ 78
78. Өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұруды әскери өкілдік бастығы, ал ол болмағанда оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 79
79. Әскери өкілдік мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) шарттар талаптары, сондай-ақ әскери өнімнің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шешімдер орындалмаған;
Тармақша 2
2) осы өнімге арналған конструкторлық құжаттамада көзделген өнімді сынау нәтижелері теріс болған;
Тармақша 3
3) техникалық құжаттамада белгіленген әскери өнім өндірісінің ерекше жауапты технологиялық процестері бұзылған;
Тармақша 4
4) егер бұл ақаулар өндірісте болған өнімде болса, әскери өнімді пайдалану процесінде оның істен шығуын тудыратын ақаулар анықталған;
Тармақша 5
5) әскери өнімді шығаруда контрафактілік, жалған, сұрыпталмаған жиынтықтаушы бұйымдар, материалдар мен жартылай фабрикаттар пайдаланылған, сондай-ақ жасалатын өнім контрафактілік деп танылған;
Тармақша 6
6) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың талаптары бұзылған;
Тармақша 7
7) қабылдауға екі рет ұсынылған бұйым (өнім партиясы) екі рет қабылдау-тапсыру сынауларынан өтпеген (егер техникалық құжаттамада өзгеше ескерілмесе);
Тармақша 8
8) жүйелі түрде бірінен кейін бірі қабылдау-тапсыру сынауларына бастапқы ұсынылған бұйым даналары (өнім партиялары) олардан өтпеген және екі рет жүйелі түрде жүргізілген бастапқы қабылдау-тапсыру сынауларының әрқайсысының нәтижелері бойынша түпкілікті ақаулы деп танылған (оларды қабылдауға қайта ұсыну құқығынсыз);
Тармақша 9
9) бұйымдар ТҚ-да белгіленген сынаулардан өтпеген;
Тармақша 10
10) бұйымдарды (өнім партияларын) жасау сапасын бақылау кезінде олардың себебі технологиялық процестердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі (оның ішінде сынау, өлшеу және бақылау құралдарының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталса) болып табылатын ақаулар анықталған;
Тармақша 11
11) өнімді пайдалану процесінде бұйымдардың істен шығуын тудыратын ақаулар мен құрылымдық кемшіліктер анықталған және бұл ақаулар мен құрылымдық кемшіліктер өндірістегі бұйымдарда да бар екені белгіленген;
Тармақша 12
12) өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер мерзімде орындалмаған;
Тармақша 13
13) техникалық құжаттамаға шартта көзделген өзгерістерді белгіленген мерзімде енгізбей бұйымдарды, тораптарды, құрастыру бірліктерін жасау жалғастырылған;
Тармақша 14
14) өнім бұйымдарын жасау процесінде олардың техникалық құжаттаманың міндетті талаптарына және шарттың талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда әскери өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұрады.
Тармақ 80
80. Әскери өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұру туралы әскери өкілдік бастығы ұйым басшысын, уәкілетті органды (алушыны) және Орталықты үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 81
81. Өнімді қабылдау тоқтатыла тұрған жағдайда өнімде немесе технологиялық процесте анықталған ауытқуларды зерттеу нәтижелерін алғаннан және олардың туындау себептері тіркелгеннен кейін дербес жеткізуге жатпайтын және өнімді қабылдауды тоқтата тұру себебі болып табылмайтын өз өндірісінің бөлшектері мен құрастыру бірліктерін жасауды және қабылдауды жалғастыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 82
82. Егер өнімді қабылдау сынаулардың теріс нәтижелері салдарынан тоқтатыла тұрған болса, онда қабылдауды қайта бастау мүмкіндігі туралы шешім ақаулардың туындау себептері анықталғаннан, олар жойылғаннан және қайта жүргізілген кезеңдік сынаулардың оң нәтижелері алынғаннан кейін (не оларды жүргізу кезінде ақаулар анықталған немесе олардың туындауына ықпал еткен кезеңдік сынаулар санатына кіретін алдыңғы кезеңдік сынаулар нәтижелерінің қолданылу мерзімдері өтпеген жағдайда сынау түрлерінің негізделген жағдайларында) қабылданады.
Тармақ 83
83. Қабылданған өнім тиеуге немесе жасаушыға жауапты сақтауға беруге жатады.
Тармақ 84
84. Қабылданған өнім ұйымға жауапты сақтауға берілген жағдайда әскери өкілдік бұл туралы белгіні өнімді ұсынғаны туралы (әскери өкілдіктің қорытындысы) хабарламаның артқы жағына қояды және осы өнімді есепке алады.
Тармақ 24. 24-параграф. Экспортқа жеткізілетін өнім сапасын бақылау және қабылдау ерекшеліктері
24-параграф. Экспортқа жеткізілетін өнім сапасын бақылау және қабылдау ерекшеліктері
Тармақ 85
85. Экспортқа жеткізілетін әскери мақсаттағы өнім сапасын бақылау және қабылдау Орталық бастығының тиісті нұсқаулары және белгіленген тәртіппен ресімделген әскери мақсаттағы өнім (бұдан әрі – ӘМӨ) сапасын бақылау және қабылдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт бар болған кезде бекітілген ТҚ талаптарына және келісімшарттардың (оны жеткізуге арналған шарттардың) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 86
86. ӘМӨ-ге ТҚ Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының және стандарттау жөніндегі басқа да құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленеді.
Тармақ 87
87. Әскери өкілдік ӘМӨ үлгілеріне арналған ТҚ-ның келісімшартта белгіленген тактикалық-техникалық сипаттамаларға, экспорттық жиынтық пен параметрлерге сәйкес келуін бақылайды.
Тармақ 88
88. Әскери өкілдік осы өнімді жасау мен шығарудың кез келген кезеңінде ӘМӨ сапасын және оның ТҚ-ға сәйкес келуін бақылайды.
Тармақ 89
89. Әскери өкілдік өз құзыреті шегінде қосалқы бөлшектер, агрегаттар, тораптар, аспаптар мен жиынтықтаушы бұйымдар сапасын бақылауды және қабылдауды қоса алғанда, ӘМӨ сапасын бақылауды және қабылдауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 90
90. Сапаны бақылау нәтижелері оң болған кезде әскери өкілдік ӘМӨ-ні қабылдауды, ұсыну және ілеспе құжаттаманы ресімдеуді, сондай-ақ ТҚ-да және келісімшарт шарттарында көзделген жағдайларда өнімді пломбалайды және таңбалайды.
Тармақ 91
91. Шетелдік алушының талабы бойынша шетелдік өндірістің құрамдас бөліктерімен жиынтықталған ӘМӨ үлгілерінің сапасын бақылау және қабылдау ерекшеліктері осы өнімге арналған ТҚ-да көрсетіледі.
Тармақ 92
92. Егер осы ақаулар өндірістегі өнімде де болса, әскери өкілдік ӘМӨ сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған, оны сынау нәтижелері теріс болған кезде, пайдалану процесінде ӘМӨ-нің істен шығуын тудыратын ақаулар анықталған кезде ӘМӨ-ні қабылдауды тоқтата тұрады.
Тармақ 93
93. Әскери өкілдік себептерін мазмұндай отырып, ӘМӨ-ні қабылдауды тоқтата тұру туралы бір жұмыс күні ішінде ұйым басшысын жазбаша хабардар етеді және Орталыққа баяндайды.
Тармақ 94
94. Әскери өкілдіктің сапаны бақылауына және қабылдауына жататын, бірақ ол қабылдамаған ӘМӨ тиелмейді.
Тармақ 95
95. Ұйым мен әскери өкілдік арасында туындайтын ӘМӨ сапасын бақылауға және сынау мен қабылдау кезінде оны бағалауға қатысты даулы мәселелер заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 96
96. Жөндеуге жататын ӘМӨ сапасын бақылау және қабылдау жөндеу ТҚ-да белгіленеді. Егер ӘМӨ әскери қабылдауға жататын болса, құжаттамада бақылау түрлері мен ауқымы, бақылап сынау санаттары, түрлері мен кезеңділігі, жөндеуді жүзеге асыратын ұйымның сапа қызметтерінің және әскери өкілдіктің өнімді бақылау және қабылдау тәртібі мен шарттары айқындалады.
Тармақ 97
97. Шетелдік алушының ӘМӨ-ге наразылық ұсынуы, оны қарау және қанағаттандыру осы өнімді шетелдік алушыға жеткізуге арналған келісімшарттарда айқындалады.
Тармақ 25. 25-параграф. Өнімге сервистік қызмет көрсету, жөндеу және жаңғырту бойынша жұмыс сапасын бақылау және қабылдау
25-параграф. Өнімге сервистік қызмет көрсету, жөндеу және жаңғырту бойынша жұмыс сапасын бақылау және қабылдау
Тармақ 98
98. Әскери өкілдік ұйымдарда орындалатын өнімге сервистік қызмет көрсету, жөндеу және (немесе) жаңғырту бойынша жұмыс сапасын бақылауды және қабылдауды ұйымдастыру кезінде шарттардың және ТҚ талаптарын басшылыққа алады.
Тармақ 99
99. Ұйымда жұмыстарды орындау үшін пайдаланатын әскери бөлімнен өнім үлгісін беру үшін негіз наряд болып табылады. Өнім үлгілерін беруге нарядты алушының жабдықтаушы органы береді.
Тармақ 100
100. Өнім үлгілерін қабылдау-тапсыру нәтижелері бойынша шартта белгіленген нысан бойынша өнімді жөндеуге қабылдау-тапсыру актісі ресімделеді.
Тармақ 101
101. Ұйымдарда жүргізілетін өнімге сервистік қызмет көрсету, жөндеу және (немесе) жаңғырту бойынша жұмыстарды бақылау кезінде әскери өкілдіктің функциялары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өнім үлгісіндегі ақауды анықтауға және ақауға жатқызу ведомосын ресімдеуге қатысу;
Тармақша 2
2) орындалған жұмыстар сапасын және нақты ауқымын, сондай-ақ жұмысты орындау кезінде қосалқы бөлшектердің жұмыстар тізбесін (техникалық тапсырманы) қарау арқылы және жұмысты орындау кезінде қосалқы бөлшектер өнімінің үлгісінде пайдаланылуға жататын өнім үлгілеріне нақты пайдаланылуын тексеру;
Тармақша 3
3) өнім үлгісінде жүргізілген жұмыстың нақты еңбек ауқымын растау;
Тармақша 4
4) жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес сынаулар жүргізу;
Тармақша 5
5) ұсыну туралы хабарламаны алғаннан кейін жұмыс нәтижелерін техникалық қабылдауды жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 102
102. Техникалық қабылдау процесінде әскери өкілдік өнім үлгісін жөндеу ісінің бар болуын және оны ресімдеуді тексереді. Тексеру нәтижелері бойынша әскери өкілдіктің лауазымды адамы жөндеу ісінің титул парағына қол қояды, тексерген күнін, қолтаңбасын қояды, анықтамалар мен құжаттарға арналған мөрмен куәландырады.
Тармақ 103
103. Өнім үлгісін жөндеу ісі: өнім үлгісінің техникалық жай-күйі актісін, ақауға жатқызу ведомосын, материалдық құралдарды (бар болған кезде) есептен шығару актілерін, жұмыс тізбесін (техникалық тапсырманы) және жұмысты орындау кезінде өнім үлгісінде пайдаланылуға тиіс қосалқы бөлшектер, жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың сапасын және ішкі бақылаудан өткенін растайтын құжаттар түпнұсқаларын (көшірмелерін) және өнім үлгісінде орындалған жұмыстарға қатысты басқа да құжаттарды қамтиды.
Тармақ 104
104. Өнім үлгісінің формулярын дұрыс ресімдеу (орындалған жұмыстар туралы жазбалардың бар болуы, ауыстырылған қосалқы бөлшектер нөмірлері (бар болған кезде), агрегаттар мен жүйелерге құйылған майлар мен арнайы сұйықтықтар маркасы, жөндеу әсерінен кейін өнімді сынау туралы формуляр бөлімін толтыру тексеріледі.
Тармақ 105
105. Өнім үлгісінде орындалған жұмыс сапасы мен ауқымы, көзделген қосалқы бөлшектер мен материалдар ауқымы мен нақты пайдаланылуы, өнім үлгісінің қолдану қабілеті тексеріледі.
Тармақ 106
106. Техникалық қабылдау нәтижелері бойынша әскери өкілдік хабарламаның артқы жағында жұмыстарды техникалық қабылдау туралы жазба жасайды.
Тармақ 107
107. Жұмыс нәтижелері және жұмысты орындау кезінде пайдаланылған қосалқы бөлшектер өнім үлгілеріне, шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде әскери өкілдік онда жұмыс нәтижелерін техникалық қабылдаудан бас тарту себептерін көрсетумен өнімді техникалық қабылдауға ұсыну туралы ресімделген хабарламаны қайтарады.
Тармақ 108
108. Көрсетілген кемшіліктер өнімді техникалық қабылдауға ұсыну туралы хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұйым есебінен жойылады.
Тармақ 109
109. Бұйымды техникалық қабылдауға ұсыну туралы хабарламада көрсетілген өнім үлгісіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі жойылғаннан кейін ұйым өнімді техникалық қабылдауға ұсыну туралы хабарламаны қайта ресімдейді.
Тармақ 110
110. Қабылданған өнімге техникалық қабылдау нәтижелері оң болған кезде әскери өкілдік бастығы ұйымға өнімнің ТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкестігі туралы куәлік береді.
Тармақ 111
111. Жөндеу ісіне алушы бекіткен орындалған жұмысты тапсыру-қабылдау актісінің көшірмесі де тігіледі.
Тармақ 26. 26-параграф. Жеке қорғану құралдарының сапасын бақылау және қабылдау ерекшеліктері
26-параграф. Жеке қорғану құралдарының сапасын бақылау және қабылдау ерекшеліктері
Тармақ 112
112. Өнім (жеке қорғану құралдары) бақылауға және сынауға осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайға алып шығарылған дайын партиялармен ұсынылады.
Тармақ 113
113. Әскери өкілдіктің өнімді қабылдауы және сапасын бақылауы үшін үй-жайға мынадай талаптар қойылады: жеткілікті алаңы, жарық түсуі, жылытылуы, желдетілуі, жабдықпен, станоктармен, манекендермен, қалыптармен, шаблондармен, техникалық құжаттамасы, үлгілерін, арнайы киімді сақтауға арналған бекітілетін шкафтармен жиынтықталуы.
Тармақ 114
114. Ұйым әскери өкілдікке міндетті ұсынымдар тізбесіне сәйкес оны жасау (шикізат, материалдар мен жиынтықтаушылар, киім пішу, жасау, сынау, орау және ілеспе құжаттаманы толтыру) процесі кезегінде өнім сапасын бақылауға хабарлама ұсынады.
Тармақ 115
115. Өнім әскери өкілдікке оны жасау кезеңі ішінде бірдей ұсынылады.
Тармақ 116
116. Әскери өкілдікке ұсынылатын өнім ТҚ-ға, шарт талаптарына және эталон-үлгісіне сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 117
117. Эталон-үлгіні ұйым әскери өкілдіктің қатысуымен жасайды және пломбалайды. Дайын бұйымдардың жұмыс үлгілерін жасау, келісу және бекіту кезінде ұйым және әскери өкілдік алушы бекіткен эталон-үлгілерді басшылыққа алады.
Тармақ 118
118. Өнімді біркелкі ұсынбаған және ұйымда көп мөлшерде жинақталған жағдайда қабылдаудың түпкілікті мерзімін әскери өкілдік бастығы ұйымның басшысымен бірлесіп айқындайды. Егер өнім оның ауқымды мөлшерде болуына байланысты бір уақытта қабылданбаса, онда ол партиялар (бөліктер) бойынша қабылданады.
Тармақ 119
119. Дайын өнім үлгілерін іріктеуді әскери өкілдік ТББ өкілінің қатысуымен ТҚ-да және шарт талаптарында көзделген сынаулар жүргізу үшін жеткілікті мөлшерде жүзеге асырады. Сынауларға әскери өкілдікке сапаны бақылауға ұсынылатын әрбір партиядан өнім үлгілері ұшырайды.
Тармақ 120
120. Дайын бұйымдардың бастапқы жұмыс үлгілері өнімді шығаруға жіберу кезінде, одан кейін бұйымға ТҚ-ға өзгерістер енгізу кезінде, сондай-ақ үлгілердің тауарлық түрінің жоғалуына қарай жасалады. Бұйымдардың жұмыс үлгілеріне ұйымның бас инженері және ТББ бастығы қол қояды, сондай-ақ оны әскери өкілдік бастығы келісуге және алушы бекітуге тиіс.
Тармақ 27. 27-параграф. Стандарттау, біріздендіру, каталогтау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты бақылау
27-параграф. Стандарттау, біріздендіру, каталогтау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты бақылау
Тармақ 121
121. Әскери өкілдік стандарттау жөніндегі құжаттардың және метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өнім өндірісін метрологиялық қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады. Бұл ретте әскери өкілдік:
Тармақша 1
1) ұйымның метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларын, бағдарламаларын орындауын;
Тармақша 2
2) өлшеу және бақылау құралдары мен әдістерінің белгіленген пайдалану қағидаларын сақтауды (өлшеуді орындаудың аттестатталған әдістемелерін қолдану, аттестатталған сынау жабдығын пайдалану, салыстырып тексерілген өлшеу құралдарын (калибрленген) қолдану);
Тармақша 3
3) жасалатын өнімге метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың іске асырылуын (белгіленуін) және әзірлеу процесінде осы талаптардың орындалуын;
Тармақша 4
4) алушыға жеткізілетін өнімнің салыстырып тексерілген өлшеу құралдарымен жиынтықталуын бақылайды.
Тармақ 122
122. Ұйымдарда сапаны бақылауды, өнімнің белгіленген талаптарға және (немесе) өнімді стандарттау жөніндегі құжаттар талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша сынауды (оның ішінде сертификаттық) жүзеге асыру үшін зертханалар құрылады.
Тармақ 123
123. Зертхана аккредиттелген және/немесе аттестатталған болуға тиіс.
Тармақ 124
124. Зертхана тек аккредиттеу туралы сертификатта және/немесе аттестаттау туралы куәлікте көрсетілген сынаулар түрлерін жүргізуге құқылы.
Тармақ 125
125. Әскери өкілдік мынадай бағыттар бойынша зертханалардың қызметіне бақылауды ұйымдастырады:
Тармақша 1
1) анықталған сәйкес келмеуді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу (қажет болған кезде) кезіндегі өзара іс-қимылды қоса алғанда, сапа менеджментінің жүйесі (бұдан әрі – СМЖ) зертханаларының сапасына ішкі тексеруді жүргізуге және оларды жетілдіруге қатысу;
Тармақша 2
2) сынау әдістемелері мен бағдарламаларын келісу;
Тармақша 3
3) сынауларды (оның ішінде сертификаттық) жүргізуге қатысу;
Тармақша 4
4) зертханаларда сынау жүргізу үшін келіп түскен бұйымдарды сақтауды, сәйкестендіруді және қадағалауды, сондай-ақ сынаулар жүргізілгеннен кейін оларды орауды және тиеуді ұйымдастыруды бақылау.
Тармақ 126
126. Бақылауды жүзеге асыру үшін әскери өкілдік мынадай ақпаратпен қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) аккредиттеу туралы сертификаттың және/немесе аттестаттау туралы куәліктің бар болуы;
Тармақша 2
2) сынаулар жүргізу үшін талап етілетін ресурстарды уақтылы ұсыну мүмкіндігі;
Тармақша 3
3) сынаулар жүргізу үшін техникалық ресурстардың, сынау және өлшеу құралдарының бар болуы, білікті персоналдың бар болуы;
Тармақша 4
4) инженерлік-техникалық персоналдың бар болуы және біліктілігі;
Тармақша 5
5) жабдықтың және технологиялық жарақтандырудың техникалық жай-күйі, оны тексеру және аттестаттау тәртібі.
Тармақ 127
127. Әскери өкілдік мынадай мәселелер бойынша бақылауды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ішкі бақылауды ұйымдастыру, сынауларды жүргізгенге дейін және одан кейін бұйымдарды есепке алу және сақтау;
Тармақша 2
2) зертханаларды технологиялық жарақтандыру және бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жұмыс орындарын жабдықпен және құрал-саймандармен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) технологиялық жарақтандыру құралдарының техникалық жай-күйіне кезеңдік бағалау жүргізу және бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу;
Тармақша 5
5) құрылыстарды, аппараттық-техникалық және бағдарламалық құралдарды, автоматтандырылған жұмыс орындарын жұмыс істейтін жай-күйде ұстау және қолдау қағидаларын сақтау, сондай-ақ бұйым сынауларын жүргізу кезінде пайдаланылатын бағдарламалық өнімді тексеру;
Тармақша 6
6) бұйымдарды ішкі бақылау рәсімдерін жүргізу тәртібі;
Тармақша 7
7) сынауларды басқару тәсілдері мен әдістері.
Тармақ 128
128. Сынауларды орындау кезінде жұмысты орындау сапасын және СМЖ талаптарының сақталуын бақылауды әскери өкілдік сапаны бақылау қызметімен немесе оның функцияларын орындайтын зертхана бөлімшесімен бірлесіп жүзеге асырады.
Тармақ 129
129. Әскери өнімге арналған стандарттарды әзірлеуді және келісуді бақылау кезінде әскери өкілдік:
Тармақша 1
1) өнімге стандарттарды әзірлеуге (өзгертуге) НТҚ жобаларын қарауды және келісуді;
Тармақша 2
2) өнімге стандарттар жобаларын ұйымдардың ғылыми-техникалық кеңестерінде немесе техникалық кеңестерінде қарауға қатысуды;
Тармақша 3
3) уәкілетті органмен (алушымен) келісілуге тиіс стандарттар жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстар дайындауды, оларды толық пысықтауды және уәкілетті органға (алушыға) пікір білдіру (келісу) үшін таратуды бақылауды;
Тармақша 4
4) өнімге стандарттар жобалары бойынша келіспеушіліктерді немесе ескертулерді қарау жөніндегі келісу кеңестеріне қатысуды;
Тармақша 5
5) уәкілетті органмен (алушымен) келісілген ұйымға бекітілген стандарттарды уақтылы қайта қарауды (өзгертуді) бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 130
130. Стандарттаудың және біріздендірудің берілген деңгейін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ұйымда өнім сапасын басқару жүйесін қалыптастыруды және оның жұмыс істеуін бақылау кезінде әскери өкілдік ұйымда бар сапа жүйесі жөніндегі нормативтік құжаттарды (кәсіпорындар стандарттары, нұсқаулықтар) талдайды, жаңа құжаттарды әзірлеу және қолданыстағы құжаттарды қайта қарау бойынша ұйым жоспарларының жобаларына ұсыныстар дайындайды, көрсетілген жоспарларды келіседі және оларда әскери өкілдікпен келісілуге тиіс нормативтік құжаттар тізбесін айқындайды.
Тармақ 28. 28-параграф. Өнімнің сапасы мен сенімділігін талдау жөніндегі жұмыс, жинақтау есебін жүргізу
28-параграф. Өнімнің сапасы мен сенімділігін талдау жөніндегі жұмыс, жинақтау есебін жүргізу
Тармақ 131
131. Бақыланатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету мақсатында әскери өкілдік:
Тармақша 1
1) ұйымның өнімді шығару, сынау және пайдалану нәтижелері бойынша оның сапасы мен сенімділігіне талдау жүргізуіне қатысады;
Тармақша 2
2) сенімділік көрсеткіштерін ТҚ-да белгіленген мәндерге дейін жеткізуге бағытталған іс-шаралар жоспарларын келіседі және олардың орындалуын бақылайды;
Тармақша 3
3) өнімнің сапасын және сенімділігін арттыру мәселелері бойынша шешімдердің орындалуын, қабылданған өнімді сақтау қағидаларының сақталуын және оған техникалық қызмет көрсетуді бақылайды;
Тармақша 4
4) өнімнің сапасы мен сенімділігінің жинақтау есебін жүргізеді.
Тармақ 132
132. Әскери өкілдікте сапа мен сенімділікті талдау, өнімді әзірлеу және сериялық шығару сатыларында жинақтау есебін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ сынаудың барлық түрлерін жүргізу кезінде сапа мен сенімділікті талдау бойынша жауаптылар тағайындалады немесе қажет болған кезде штаттық емес топтар құрылады. Топтың құрамын, жеке құрамның (жауаптының) құқықтары мен міндеттерін әскери өкілдік бастығы бақыланатын жұмыстардың ерекшелігіне байланысты және талаптарды ескере отырып айқындайды.
Тармақ 133
133. Сапа мен сенімділікті талдау тобы (жауапты) ұйымның сапаны бақылау қызметімен өзара іс-қимылда жұмыс істейді.
Тармақ 134
134. Сапа мен сенімділікті талдау тобының (жауаптының) өнеркәсіп кәсіпорнының бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, ақпарат алмасу нысандары, ауқымы мен мерзімдері, есептілік ұйымның стандарттарымен айқындалады.
Тармақ 135
135. Сапа мен сенімділікті талдау тобы (жауапты) ай сайын ұйымның СМЖ-да айқындалған өнім сапасының көрсеткіштерін қамтитын бақыланатын өнімнің сапасы бойынша мәліметтерді жинау мен талдауды жүргізеді.
Тармақ 136
136. Бақыланатын өнімнің ерекшелігіне байланысты сапа бойынша мәліметтер мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) ұсынылған және қабылданған бұйымдардың саны, бұйымдарды қабылдаудан бас тарту себептері;
Тармақша 2
2) бұйымдардың түрлері бойынша жарамды болып шығу проценті: есепті кезең үшін жоспарлы және нақты;
Тармақша 3
3) технологиялық процестің бақылау нүктелерінде анықталған бұзушылықтар саны, бұзушылықтардың мәні;
Тармақша 4
4) технологиялық тәртіпті тексеру кезінде (жоспарлы, жедел бақылау) анықталған технологиялық процесс бұзушылықтарының саны, бұзушылықтардың мәні;
Тармақша 5
5) қабылдау-тапсыру сынауларын жүргізу кезінде өнімді қайтару саны, өнімді қайтарудың негізгі себептері;
Тармақша 6
6) өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұру саны, тоқтата тұру себептері, қабылданған шаралар;
Тармақша 7
7) наразылық берілген бұйымдардың саны және оны талдау нәтижелері;
Тармақша 8
8) ұйымның шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауы.
Тармақ 137
137. Бақыланатын өнімнің сапасы жөніндегі мәліметтер әскери өкілдіктің мәліметтерін және сапаны бақылау қызметі және қажет болған кезде ұйымның басқа да бөлімшелері ұсынатын мәліметтерді қорыту нәтижелері бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 138
138. Алынған мәліметтерді талдау барысында әскери өкілдік:
Тармақша 1
1) сапа бойынша деректерді қорыту мен талдауды;
Тармақша 2
2) тиелген өнімге алынған талап қою (наразылық актілері, ақаулықтар туралы хабарламалар) бойынша материалдарды және бұрын тиелген өнімді пайдалану деректерін есепке алуды, қорытуды және талдауды;
Тармақша 3
3) анықталған ақаулықтарды жою және одан әрі оларды болғызбау бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалауды;
Тармақша 4
4) бұйымдарды сынау (оның ішінде ұзақ мерзімді) нәтижелері бойынша сенімділік көрсеткіштеріне және оларды пайдалану бойынша тұтынушылардан (пайдаланушы ұйымдардан) алынған деректерге талдау жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Наразылық білдіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу
3-тарау. Наразылық білдіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу
Тармақ 139
139. Наразылық білдіру жұмысын ұйымдар және алушылар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 665қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР Ә СТ 4.8 «Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Әскери техника. Әскери техникаға наразылық беру және оны қанағаттандыру тәртібі. Жалпы ережелер» әскери стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Әскери өкілдіктің нақты шығындарды тексеру және келісу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру
4-тарау. Әскери өкілдіктің нақты шығындарды тексеру және келісу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 140
140. Әскери өкілдікте өнімнің өзіндік құнының нақты шығындарын тексеру және келісу бойынша жұмыс «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 772 қаулысына сәйкес ұйымдастырылады.
Тармақ 141
141. Әскери өкілдіктің нақты шығындарды тексеруі және келісуі қорғаныстық тапсырыс өніміне бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын тексеру мен келісуді тікелей орындаушы, сонымен қатар кооперация тәртібінде жүргізілген ретінде жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 142
142. Әскери өкілдіктің өнімді әзірлеу мен шығарудың барлық кезеңдерінде өнімнің өзіндік құнының нақты шығындарын тексеру және келісу жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) ұйым ұсынған қорғаныстық тапсырыс өніміне (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) нақты шығыстарды растайтын құжаттарды тексеру және келісу;
Тармақша 2
2) өнімге (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) нақты шығыстар бойынша қорытындыларды дайындау және беру кезінде бақыланатын өнімнің нақты өзіндік құнына талдау жүргізу;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның (алушының) қаражаты есебінен өнімді әзірлеу, шығару, сервистік қызмет көрсету, жөндеу кезінде ұйымдар құрған немесе сатып алған материалдық құндылықтар мен материалдық емес активтерді (макеттер, эксперименттік және тәжірибелік үлгілер, арнайы жабдық, арнайы технологиялық керек-жарақ, арнайы құрал-сайман, стенділік жабдық, зияткерлік қызмет нәтижелері) есепке алуды жүргізу және оларды одан әрі пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындау, сондай-ақ ұйымға жөндеуге (зерттеуге, сынауға, жаңғыртуға, толық жетілдіруге) келіп түскен материалдық құндылықтарды есепке алу;
Тармақша 4
4) ұйымның әрбір шарт бойынша шығындарды бөлек есепке алуды дұрыс жүргізуін бақылау болып табылады.
Тармақ 143
143. Нақты шығындарды тексеру кезінде әскери өкілдік:
Тармақша 1
1) жарғыны, есепке алу саясатын, құрылтай құжаттарын, ұйымға берілген лицензияларды және өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметін регламенттейтін басқа да құжаттарды;
Тармақша 2
2) алдындағы жыл үшін кәсіпорынның қаржылық есептілігін;
Тармақша 3
3) алдындағы және есепті жыл үшін қорғаныстық тапсырыс өніміне жоспарлы калькуляцияны;
Тармақша 4
4) өндіріс (жұмыстар) ауқымының, өндірістік-өнеркәсіптік персонал санының өзгеру қарқынын, ұйымды басқарудың ұйымдық құрылымын;
Тармақша 5
5) негізгі технологиялық жабдықтың жай-күйін;
Тармақша 6
6) бақыланатын өнімге өзіндік құнының өзгеру қарқынын;
Тармақша 7
7) ұйым басқа да алушылардың тапсырыстары бойынша жүргізетін жұмыстардың тізбесі мен мазмұнын қосымша ескереді (зерделейді).
Тармақ 144
144 Ұйым ұсынған нақты шығындар бойынша құжаттарды қарау нәтижелері бойынша әскери өкілдік осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімге ұсынылған калькуляцияға әскери өкілдіктің қорытындысын ұйымға береді және уәкілетті органға (алушыға) ұсынады.
Тармақ 145
145. Құжаттамалық түрде расталмаған шығыстардың құжаттары және/немесе олардың құрамдастары негізделмеген болып саналады және әскери өкілдік оларды есепке алмайды.
Тарау 5. 5-тарау. Әскери өкілдіктің ұйымдармен өзара іс-қимылы
5-тарау. Әскери өкілдіктің ұйымдармен өзара іс-қимылы
Тармақ 146
146. Әскери өкілдік өз жұмысын ұйымда белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын ескере отырып ұйымдастырады.
Тармақ 147
147. Оларды қызметтік, өндірістік және қойма үй-жайларына жіберу ұйымда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Ұйымдардың басшылары әскери өкілдікке мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) танысу үшін өнімнің сапасын бақылау және қабылдау үшін қажетті құжаттаманы, анықтамалық материалдарды және ғылыми-техникалық ақпаратты, бақыланатын өнімге қатысты құжаттарды, сондай-ақ нақты шығындарды негіздейтін есептік-калькуляциялық материалдарды;
Тармақша 2
2) сынаулар жүргізу, өнімнің сапасын бақылау үшін бақылау-өлшеу аспаптарын, құрал-саймандар мен керек-жарақты, сондай-ақ өндірістік персоналды.
Тармақ 148
148. Әскери өкілдік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша ұйымның басшылығымен шартты орындаудың барлық мерзімі ішінде өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 149
149. Әскери өкілдік жеке құрамының ұйымдардан кез келген материалдық құндылықтарды, ақша қаражатын, заттай және өзге де сыйақылар алуына жол берілмейді.
Тармақ 150
150. Әскери өкілдік ұйым әкімшілігінің қызметтік істеріне, ал ұйым әкімшілігі – әскери өкілдіктің қызметтік істеріне араласпайды.
Басқа 1. 20___ жылға арналған әскери өкілдік бақылайтын өнімнің номенклатурасы
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша Нысан Келісілді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы Тегі мен инициалдары, қолы 20___жылғы «_____» __________ Бекітемін Уәкілетті орган бастығының лауазымы Тегі мен инициалдары, қолы 20___жылғы«_____» _____________ 20___ жылға арналған әскери өкілдік бақылайтын өнімнің номенклатурасы Р/с№ Бұй­ым­ның ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Алушы Қа­был­дау үшін негіз (шарт нө­мі­рі, кү­ні) Бұй­ым са­ны Кө­ле­мі (мың тең­ге) Ес­керт­пе
Басқа 2. Шарттарды, дайын өнімді қабылдауды және жеткізуді есепке алу журналы
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша Нысан Шарттарды, дайын өнімді қабылдауды және жеткізуді есепке алу журналы Р/с№ Шарт (қо­сым­ша ке­лі­сім), на­ряд, тап­сы­рыс неме­се бас­қа да құ­жат Қол­да­ны­лу мер­зі­мі Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы Шарт со­ма­сы Алушы (жүк­ті алушы) Ес­керт­пе нө­мі­рі кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8
Басқа 3. №______ әскери өкілдікке техникалық бақылау бөлімі ұсынуға жататын міндетті ұсынылатын бұйымдардың, құрастыру бірліктерінің, технологиялық процесс операцияларының тізбесі
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша Нысан Бекітемін №______ әскери өкілдік бастығы _______________________ (қолы, тегі, инициалдары) 20___ жылғы « » __________ Келісілді «___» акционерлік қоғамдағы ұйымның басшысы _________________________ (қолы, тегі, инициалдары) 20___ жылғы « » ___________ №______ әскери өкілдікке техникалық бақылау бөлімі ұсынуға жататын міндетті ұсынылатын бұйымдардың, құрастыру бірліктерінің, технологиялық процесс операцияларының тізбесі Р/с № Технологиялық операцияның атауы Әскеристандарттың, жөндеуісікартасының № Бақылауға ұсынылатын операция Бақылаутүрі: -жаппай, -ішінара, -ішкі, -жедел Ескертпе
Басқа 4
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша Нысан Алғашқы, екінші (керек емесі сызылсын) Жасаушы ___________________________________________________________ (ұйымның атауы) ___________________________________________ әскери өкілдіктің бастығына (әскери өкілдіктің атауы, тегі, инициалдары) бұйымды _______________________________________________ ұсыну туралы (қабылдау-тапсыру сынауларына, қабылдауға) ____ жылғы «____» ______ № ____хабарлама Осы хабарламамен мынадай бұйымдар ұсынылады ________________________ (бұйымның атауы немесе индексі, бұйым саны) ____ ж. «__»____ №____ шарт бойынша №____ орын, №____ ерекшелік. Көрсетілген бұйымдарды ТББ тексерді және қабылдады, қолданыстағы _________ құжаттама талаптарына толық сәйкес келеді, алдыңғы кезеңдік сынаулармен ____ жылғы «__»____ №____акт (есеп беру) (атауы) бойынша расталды және әскери өкілдікке тапсыру үшін жарамды деп танылды. Ұсынылатын өнім ___________________________________ талаптарынасәйкес (құжаттаманың атауы) жиынтықталды. Мынадай құжаттар ұсынылады: 1. Формулярлар, паспорттар, этикеткалар___________________________. 2. ТББ сынауларының ___ жылғы «__» ____ №____ хаттамалары, ___ парақта. 3. Әскери өкілдік кері қайтарған (екінші рет ұсынылған жағдайда) бұйымдардың ақауларын талдау және жою және ТББ-ның оны қайта тексеруітуралы ____ жылғы «__» ____ №____ акт. Жасаушының басшысы________________ ___________________________ Бас инженер (қолы) (тегі, инициалдары) ТББ бастығы _____________________ _______________________________ (қолы) (тегі, инициалдары) Хабарлама әскери өкілдікке ____ жылғы «__» ____ сағат____ ____ минутта келіп түсті. Әскери өкілдіктің сынау жүргізу және (немесе) қабылдау туралы шешімі: сынауды (қабылдауды) _________________________________ жүргізеді. (тегі, инициалдары) Әскери өкілдік бастығы_________ __________________________ (қолы) (тегі, инициалдары) «Хабарламаның» артқы жағы Әскери өкілдіктің қорытындысы Осы хабарлама бойынша ұсынылған __________________________________________________________________ (бұйымның атауы немесе индексі) жалпы санынан _____________________________________________________талаптарына, (құжаттардың белгілері) № _________________________________________бұйымдар сәйкес келеді, (бұйымның (партияның) саны) №___________________________________________бұйымдар қайтарылды, (бұйымның (партияның) саны) оның ішінде № __________________ ақаулыққа жатқызылды. (бұйымның (партияның) саны) Кері қайтару (ақаулыққа жатқызу) себебі __________________________________________________________________ (өнімнің сәйкес келмеуінің нақты себептері, құжаттардың белгілері және құжаттар тармақтарының нөмірлері) __________________________________________________________________ Негіз: қабылдау-тапсыру сынауларының___ жылғы «__»___ № ___ хаттамасы №__әскери өкілдік өкілі ________ ________________ ________________________ (қолы) (тегі, инициалдары) (уақыты, күні). ____________________________________________________ бұйымдар №_______________ _______________________________________________ (бұйымның атауы немесе индексі, бұйымның (партияның) саны) ______________________________ талаптарына сәйкес келетін ретінде (құжаттардың белгісі) қабылданды және _______________________________ жатады деп саналсын. (кезеңдік сынауларға, жауапты сақтауға, тиеуге) Әскери өкілдіктің бастығы ____________________________________________ (қолы) (тегі, инициалдары) Таныстым __________________________________________________________ (ТББ өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, инициалдары) № ___________ бұйымдар 20__ жылғы «__»_______ жасаушы жауапты сақтауға _______________________________________ дейін қабылдады. (алушының тәртіптемесі бойынша тиеу) Бастық _________________________ _________ __________________ (өткізу бөлімі, қойма) (қолы) (тегі, инициалдары) Мөр орны
Басқа 5. Өндірісті жедел бақылауға № __________ тапсырма
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша Нысан Өндірісті жедел бақылауға № __________ тапсырма __________________берілді, берілген күні 20___жылғы «____»_________ 1. Не, қайда және қандай мерзімде бақылауға тиісті __________________ __________________________________________________________________ Орындау мерзімі 20 ___жылғы «_____» ___________ Әскери өкілдіктің бастығы ________________________________________ (қолы, тегі, инициалдары) 2. Тапсырмамен танысты: Тексеруге қатысу үшін мыналар бөлінеді: цехтан _____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ТББ-дан _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) Цех бастығы____________________ТББ бастығы _______________________ (қолы, тегі) (қолы, тегі) 3. Жедел бақылау нәтижелері Р/с № Анық­тал­ған кем­ші­лік­тер­дің, ақа­у­лар­дың маз­мұ­ны Кем­ші­лік­тер­дің се­бе­бі Әскери өкіл _____________________ ТББ өкілі__________________________ 20____жылғы «_____»__________20____жылғы «_____»__________ 4. Әскери өкілдік басшысының қорытындысы ____________________________ ___________________________________________________________________ Әскери өкілдік бастығы____________________________________________ (қолы, тегі, инициалдары) Нысанның артқы жағы 5. Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар Р/с № Іс-ша­ра­лар Орын­дау мер­зі­мі Орын­да­у­шы Орын­дау ту­ра­лы бел­гі Цех бастығы______________________ Бас инженер______________________ Бақылау шебері_________________ ТББ бастығы______________________ 20____жылғы «____»____________ 20____жылғы «_____»______________ 6. Қайта тексеру нәтижесі мен қорытындысы: __________________________________________________________________ Орындаушы__________________________ 20____жылғы «_____» _________________ №__________әскери өкілдіктің бастығы 20____жылғы «_____» _________________ 7. Ұйым басшысының мәліметіне жедел бақылау жөніндегі іс-шаралар тармақтарының орындамау туралы 20___жылғы «___» _____шығ. №______ қызметтік жазбамен (хатпен) жеткізілді. №___ әскери өкілдіктің бастығы ____________________________________________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары) 20___жылғы «___» _____
Басқа 6. Өндірісті жедел бақылауға тапсырмалар беру журналы
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша Нысан Өндірісті жедел бақылауға тапсырмалар беру журналы Р/с № Тап­сыр­ма­ның нө­мі­рі Те­гі, аты, әке­сі­нің аты Орын­дау мер­зі­мі Орын­да­у­шы­ның қо­лы, кү­ні Же­дел ба­қы­лау жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды ал­ған кү­ні Қай­та ба­қы­лау кү­ні және нәти­же­сі Орын­да­у­шы­ның тап­сыр­ма­ны орын­да­ға­ны ту­ра­лы бел­гі, кү­ні Іс­тің нө­мі­рі, іс­ке тігі­л­ген па­рақ­тар дың нө­мір­ле­рі 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Басқа 7
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулыққа 7-қосымша № _________куәлік Нысан №_____ әскери өкілдік «__»________________ұйымына ол хабарламалар бойынша ұсынған, техникалық шарттарға және 20___ жылғы «____» __________ № _____ шартқа толық сәйкестікте жасалғаны және жасақталғаны туралы берген. Төменде көрсетілген өнім пайдалану үшін жарамды деп танылады және көрсетілген шарт есебінен қабылданған. Р/с № Жет­кі­зу ве­до­мо­сын­да­ғы орын нө­мі­рі Өнім­нің ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Са­ны Ес­керт­пе 1 2 3 4 5 6 №____ әскери өкілдіктің бастығы __________________________________________________________________ (қолы, тегі, инициалдары) 20____ жылғы «___» _________ Осы куәлікте аталған өнім жауапты сақтауға қабылданды. Ұйым басшысы _______________________________________________________________ (қолы, тегі, инициалдары) 20____ жылғы «___» _________
Басқа 8
Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулыққа 8-қосымша Нысан _________________________________ (уәкілетті органның немесе алушының атауы) ________________________________ (орындаушының атауы) __________ қаласы 20___ж. «____»_________ №______әскери өкілдіктің _______________________________________________________________________өніміне (қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы, келісімшарттың немесе шарттың күні мен нөмірі) ______________ шығ. № _______ ұсынылған калькуляцияға ______ қорытындысы Зерделенген құжаттар: _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Жүргізілген тексеру нәтижелері: Р/с № Анықталған кемшіліктердің, сәйкессіздіктің мазмұны Негіздеме Ұсынылған калькуляция бойынша қорытындылар және ұсынымдар: _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Әскери өкілдік бастығының қорытындысы: _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ №______әскери өкілдіктің бастығы ____________________________________________________________________________ (әскери атағы, Т.А.Ә., қолы)