Об утверждении Инструкции по разработке проектов рекультивации нарушенных земель Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы 2003 жылғы 20 маусымдағыҚазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының1-тармағы 4) тармақшасына, 140-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына, 149 және 150-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жер қатынастары саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _______________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 04 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _______________ В.Школьник 2015 жылғы 24 сәуір
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығына 1-қосымша Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулық
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 140-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 149 және 150-баптарына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбалар кен орындарын дайындау, геологиялық барлау, іздестіру, құрылыс және басқа жұмыстарды орындау кезінде бүлінген жерді, топырақ қабатын қалпына келтіру жобаларын әзірлеуді нақтылайды.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) аз қолданылатын таужыныстары – өсімдіктердің өсуіне қолайсыз физикалық және (немесе) химиялық қасиеті бар тау жыныстары;
Тармақша 2
2) аршу жыныстары – ашық игеру процесінде қазып алынуға және тасымалдануға жататын пайдалы қазбаларды жабатын және өзіне сыйдыратын кен жыныстар;
Тармақша 3
3) бүлінген жер – адамның өндірістік қызметі нәтижесінде бастапқы ландшафтын және өзге құндылығын жоғалтқан немесе топырақ жамылғысының, гидрологиялық режимінің және жер рельефінің бүлінуіне байланысты қоршаған ортаға теріс әсер ету көзі болып табылатын жер;
Тармақша 4
4) жерді қалпына келтіру – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерді, оның ішінде бүлінген жердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жатқан жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;
Тармақша 5
5) жердің бүлінуі – топырақ жамылғысының, жергілікті жер рельефінің гидрологиялык режимінің бүлінуіне және жер жағдайының басқа да теріс өзгерістеріне әкеліп соқтыратын пайдалы қазбаларды, оның ішінде мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, геологиялық-барлау, іздестіру құрылыс жұмыстары кезінде болатын процесс;
Тармақша 6
6) жоспарлау жұмыстары – бүлінген жердің бетін тегістеу, құламаларды, карьерлердің қырларын, үйінділерін және ернеулерін тегістеу жөніндегі жұмыстар;
Тармақша 7
7) қалпына келтіру жобасы – сызбаларды, есептерді және сипаттауды, географиялық бейнелер мен негіздемелерді қамтитын техникалық, экономикалық, жоспарлы құжаттардың жиынтығы;
Тармақша 8
8) қалпына келтіру қабаты – өсімдіктердің өсуіне қолайлы қасиеттері бар жерді қалпына келтіру кезінде жасанды кұрылатын қабат;
Тармақша 9
9) қырларды тегістеу – жердің бетінднгі шөгулер мен сырғымаларды тегістеу, карьерлердің немесе карьерлік шұңқырлар үйінділерінің, қырларының және ернеулерінің бұрыштарын азайту мақсатындағы жер жұмыстары;
Тармақша 10
10) мелиоративті кезеңі – қалпына келтірілетін жердің сапасын жақсарту және олардың құнарлығын қалпына келтіру жүргізілетін уақыт интервалы;
Тармақша 11
11) топырақтың әлеуетті – құнарлы қабаты-өсімдіктердің өсуіне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялық қасиеті бар топырақ бейінінің төменгі бөлігі;
Тармақша 12
12) топырақтың құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуіне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялык қасиеті бар топырақ бейінінің жоғарғы қара шіріктелген бөлігі.
Бөлім 2. 2-бөлім. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу
2-бөлім. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу
Тарау 1. 1-тарау. Жобаларды әзірлеудің негізгі ережелері
1-тарау. Жобаларды әзірлеудің негізгі ережелері
Тармақ 3
3. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеуді азаматтар мен заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу кезінде: ауданның табиғи жағдайлары (климаты, топырақ-өсімдік жамылғысы, геологиялық және гидрологиялық жағдайлары); ауданды дамыту перспективалары; жерлерді қалпына келтіру уақытында бүлінген (бүлінетін) жердің нақты немесе болжанатын жай-күйі (аумағы, жергілікті жердің бедер нысаны, шөптің табиғи өсуінің дәрежесі, топырақтың құнарлы және әлеуетті құнарлы қабаттарының болуы, су астында қалуы, эрозиялық процестер, ластану деңгейі); аршылған және түсетін жыныстардың және олардың үйінділердегі қоспаларының химиялық және гранулометриялық құрамының, агрохимиялық және агрофизикалық қасиеттерінің, инженерлік-геологиялық сипаттамаларының көрсеткіштері; бүлінген жерлер орналасқан аудандардың шаруашылық-экономикалық және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлары; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар ескерілуі тиіс.
Тармақ 5
5. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу:
Тармақша 1
1) пайдалануы жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратын жер учаскесін берген кезде – жергілікті атқарушы органдардың жер учаскесін беру туралы шешімінде көрсетілген мерзімдерде;
Тармақша 2
2) жерді пайдалану жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратын жағдайда – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткен кезде жергілікті атқарушы органдар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдағаннан кейін және жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар басталғанға дейін;
Тармақша 3
3) бұрын бүлінген жерлерде, оларды бүлдірген тұлғалар туралы мәліметтер болмағанда – жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілуі тиіс. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу мерзімі пайдалануы жердің бүлінуіне байланысты болатын, жер учаскесін беру немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінде белгіленеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қалпына келтіру жобаларын әзірлеу сатылары
2-тарау. Қалпына келтіру жобаларын әзірлеу сатылары
Тармақ 1. 1-параграф. Қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жүйелілігі
1-параграф. Қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жүйелілігі
Тармақ 6
6. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу рәсімі:
Тармақша 1
1) дайындық жұмыстары (камералдық және далалық);
Тармақша 2
2) іздестірулер жүргізу;
Тармақша 3
3) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеу;
Тармақша 4
4) жобаны келісу және беру жүйесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жобалау құрылыстың бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерінде немесе техникалық-экономикалық есептерінде қабылданған шешімдер негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Дайындық жұмыстары (камералдық және далалық)
2-параграф. Дайындық жұмыстары (камералдық және далалық)
Тармақ 8
8. Дайындық жұмыстары кезеңінде қалпына келтіруге жататын жер учаскелеріне далалық зерттеулер жүргізуге арналған жоспарлы-картографиялық материалдарды іріктеу, топырақтық және топырақтық-мелиоративті іздестірулерді түгендеу материалдарын құрайтын камералдық жұмыстар жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Қалпына келтіруге жататын жер учаскелердін далалық зерттеуі жобаны әзірлеушімен тапсырыс берушінің және қажет болған жағдайда басқа мамандардың қатысуымен жүргізеді.
Тармақ 10
10. Далалық зерттеу процесінде: объектінің орналасқан жерін, бүлінген жердің нақты шекараларын анықтау, қалпына келтірілетін учаскелерді перспективалы пайдалану мүмкіндігін белгілеу; бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін үйінділердегі топырақтың құнарлы және әлеуетті құнарлы қабатының болуын анықтау; үйінділердегі топырақтың құнарлы және әлеуетті құнарлы қабаттарының сапасын, олардың минералогиялық және механикалық құрамын, жыныстардағы улы тұздардың болуын және химиялық мелиорацияның қажеттілігін алдын ала айқындау және табиғи өсу жағдайын нақтылау; қосымша топографиялық, топырақтық-мелиоративтік, аграрлық орманды мелиоративтік, геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулерді жүргізудің қажетті көлемін айқындау жүргізіледі. Ластанған жерлерде қосымша ластану себебі мен көзі, топырақ ластануының қауіптілік дәрежесі айқындалады.
Тармақ 11
11. Жер учаскелерін далалық зерттеу нәтижелері қалпына келтіруге жататын бүлінген (бүлінгенге жататын) жерлерді зерттеу актісімен осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес далалық зерттеу сызбаларын дайындай отырып ресімделеді.
Тармақ 12
12. Жер учаскелерін далалық зерттеу материалдары негізінде тапсырыс беруші осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуге тапсырма дайындайды.
Тармақ 3. 3-параграф. Іздестіру жұмыстары
3-параграф. Іздестіру жұмыстары
Тармақ 13
13. Далалық зерттеу нәтижелері бойынша: топографиялық; топырақтық-мелиоративтік; аграрлық орман мелиоративтік; геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулер жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Топографиялық іздестірулер 1:1000 – 1:5000 масштабында орындалады. Қажет болған жағдайда 1:500 масштабта орындалады.
Тармақ 15
15. Топырақтық-мелиоративтік іздестіру материалдары: бүлінгенге жататын жерлерде топырақтың құнарлы және әлеуетті құнарлы қабаттарының жай-күйінің толық сипаттамасын алу, сондай-ақ қуаттылығын белгілеу және оларды алу тәртібін белгілеу, қоймаға қою шарттарын және кейіннен пайдаланылуын айқындауды; бүлінген жерде техникалық немесе биологиялық қалпына келтіру жобаларын құру үшін сол жерлердегі топырақтар мен қоспалардың белгілері мен қасиеттерін белгілеу; өнімділігі аз алқаптарға қосымша құнарлы қабат (жерді игеру) салу жолымен осы алқаптардың өнімділігін арттыру бойынша жобалық шешімдер әзірлеу үшін қажетті сол алқаптардағы топырақтың белгілері мен қасиеттерін туралы деректер алуды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 16
16. Мұнаймен ластануға ұшыраған жерлерді зерттеу кезінде мұнай өнімдері көп жерлердің жиегі белгіленеді, ластанудың өту тереңдігі айқындалады, топырақ құрамындағы мұнай өнімдері деңгейін анықтау үшін сынамалар таңдалады. Топырақ мұнай өнімдерімен ластанған кезде ластағыштарды таратудың төменгі шекарасының түбіне дейін сынамалар алынады. Ластағыш заттарды айқындау әдістері жалпы талаптары «МЕМСТ 17.4.0.03-85 Табиғатты қорғау. Топырақтар. Ластанған заттарды анықтау әдістеріне қойылатын жалпы талаптар» Мемлекеттік стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Топырақтық-мелиоративтік іздестіру нәтижелері бойынша «МЕМСТ 17.5.1.03-86 Табиғатты қорғау. Жер. Жерді биологиялық қалпына келтіру үшін аршылған және түсетін жыныстардың классификациясы» және «МЕМСТ 17.5.3.06-85 Табиғатты қорғау. Жер. Жер жұмыстары өндірісінде топырақтың құнарлы қабатын сыдыртып алу нормаларын айқындауға қойылатын талаптар» Мемлекеттік стандарттарына сәйкес бүлінген жерлердің топырақтық-мелиоративтік карталары, ал қажет болған жағдайда жердің бүліну, жыныстардың улылығы, тұздануы, сортаңдануы, мұнай өнімдерінің болуы, ауыр металдардың болуы, топырақтың құнарлы қабатын алып тастау, аршылған және түсетін жыныстарды пайдалану дәрежесі бойынша топырақ-мелиоративтік картограммалар дайындалады. Топырақтық-мелиоративтік іздестіру материалдарына түсіндірме жазбада зерттеу объектісінің топырақ қабатының сапасы туралы қорытынды, минералды тыңайтқыштарды енгізу бойыша ұсынымдар және мелиоративті кезеңде егу үшін жарамды шөптер мен шөп қоспаларының, ағашты-бұталар жыныстарының тізбелері беріледі. Жерді игеру үшін көзделген өнімділігі аз алқаптарда қосымша құнарлы қабат салу жолымен осы алқаптардың өнімділігін арттыру бойынша жобалық шешімдер әзірлеу үшін қажетті сол алқаптардағы топырақтың белгілері мен қасиеттері туралы деректер алу мақсатында топырақ іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл ретте өнімділігі аз алқапқа топырақтың құнарлы қабатын салуға байланысты шығындар жаңа жерді игеру құнының нормативінен аспауы тиіс.
Тармақ 17
17. Аграрлық орманды мелиоративтік іздестірулер қалпына келтірілетін алаңдарда әртүрлі мақсатта ағаш отырғызу мүмкіндігін белгілеу үшін жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Геологиялык және гидрогеологиялық іздестірулер топырақтық- мелиоративті іздестірулермен бір кешенде жамылғы жыныстарының сипаттамысын, топырақ суының режимін алу мақсатында жүргізіледі. Іздестіру процесінде сынамаларды іріктеу бедерді және топырақ жамылғысының бүліну дәрежесін ескере отырып, әр жағдайда генетикалық белдеулер немесе берілген топырақ түрінің қабаттары үшін типтік топырақ бөлігі берілетіндей жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 4. 4-параграф. Бүлінген жерлерді калпына келтіру жобасын әзірлеу
4-параграф. Бүлінген жерлерді калпына келтіру жобасын әзірлеу
Тармақ 19
19. Қалпына келтіру жобасы жобаны әзірлеуге, қалпына келтіруге жататын бүлінген (бүлінгенге жататын) жерлерді зерттеу актісі мен іздестіру материалдарына арналған тапсырмалар негізінде әзірленеді.
Тармақ 20
20. Қалпына келтіру жобасының кұрамында: жерді қалпына келтіру бағытына байланысты бүлінген жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың технологиясын әзірлеу; жер жұмыстарының, техникаға, тыңайтқыштарға, отырғызылатын материалдарға, тұқымдар мен басқаларға қажеттілік көлемін айқындау; жұмыс өндірістерін ұйымдастыру (қалпына келтірудің күнтізбелік кестесі); сметалық құжаттар жасау; жұмыс өндірісі жөніндегі жұмыс сызбаларын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Жобаны келісу және беру
5-параграф. Жобаны келісу және беру
Тармақ 21
21. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен (жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесінен) келісіледі және тапсырыс беруші бекітеді. Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органы берген (беретін) жер учаскелердің құрамындағы бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуді облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы, ал қалған жағдайда - бүлінген жерлердің орналасқан жері бойынша ауданның (қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады. Қоршаған ортаға әсерін бағалау мақсатында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаларға жіберіледі. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған кезде келісіледі.
Тармақ 22
22. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы:
Тармақша 1
1) титульдік парақты;
Тармақша 2
2) құжаттар тізімдемесін (жобаның мазмұнын);
Тармақша 3
3) технологиялық және инженерлік шешімдердің негіздемелерімен бірге түсіндірме жазбаны;
Тармақша 4
4) қалпына келтурге жататын бүлінген (бүлінгенге жататын) жерлерді зерттеу актісін;
Тармақша 5
5) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуге арналған тапсырманы;
Тармақша 6
6) іздестіру материалдарын;
Тармақша 7
7) техникалық-экономикалық көрсеткіштерді;
Тармақша 8
8) жобалау бөлігін;
Тармақша 9
9) сметалық бөлігін;
Тармақша 10
10) сызбаларды қамтиды.
Тармақ 23
23. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы тапсырыс берушіге, жобаны келіскен жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға (жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесіне) беріледі және бір данасы жобаны әзірлеушіде қалады.
Басқа 1
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулыққа 1-қосымша Қалпына келтіруге жататын бүлінген (бүлінгенге жататын) жерлерді зерттеу АКТІСІ ________ жылғы «___» _______________ _______________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (кен орындарын өңдейтін, құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның атауы) бүлінген немесе бүлінгенге жататын жер учаскесіне зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде мыналар белгіленді: 1. Алаңы _________________________________ бүлінген жер учаскесі орналасқан ______________________________________________________________________ (учаскенің орналасуы көрсетіледі, нақты жер пайдалануының ______________________________________________________________________ жер бөлу құжаттарына сәйкестігі белгіленеді) 2.Бүлінген жер учаскелеріне жақын жатқан жерлердің ______________________________________________________________________ (жердің нақты пайдаланылуы, сондай-ақ сызбаларға, жобаларға және басқа _______________________________________________________ пайдаланылуда. материалдарға сәйкес перспективті пайдаланылу мүмкіндігі көрсетіледі) 3. Бүлінген жерлердің сипаттамасы ________________________________ ______________________________________________________________________ (бүліну түрлері, алаңдық сипаттамалары) 4. Жерді пайдаланушының немесе жер иесінің ұсынымдары: ___________ ______________________________________________________________________ (жерді пайдаланушының немесе жер иесінің ұсынымдары, негіздемелері ______________________________________________________________________ мен себептерін баяндай отырып көрсетіледі) Жер учаскелерін зерттеу нәтижесінде жобада мыналарды қарастыру ұсынылды: 1. Қалпына келтірудің бағыттары: _________________________________ ______________________________________________________________________ (алқап түрлері немесе жерді шаруашылық пайдаланудың өзге бағыттары) 2. Қалпына келтірудің техникалық кезеңінің жұмыс түрлері: ________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 3. Қалпына келтіру үшін учаскелердегі әлеуетті-құнарлы жыныстар мен топырақтың құнарлы қабатын пайдалану _____________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 4. Қалпына келтірудің биологиялық кезеңін жүргізудің қажеттілігі: _________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Қолдағы бар __________________ масштабтағы бүлінген жердің топографиялық жоспарын, сондай-ақ ________________ масштабын топырақтық зерттеулердің бар материалдарын пайдаланылсын. Бар материалдар ____________________ масштабтағы топографиялық іздестіру материалдарымен, ________________________________, масштабтағы топырақ-мелиоративтік іздестірулермен, ___________________ басқа іздестірулермен толықтырылсын. Қосымша: Бүлінген жерлердің сипаттамасы (контурлық ведомость); Жер пайдалану жоспарынан көшірме; Бүлінген жерлердің сызбасы Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның (қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің, тапсырыс берушінің және басқа мамандардың қолдары: 1._______________________________________________________________ 2._______________________________________________________________ 3._______________________________________________________________ Ескерту: нақты жағдайларда қажет болғанда, шешілетін мәселелердің мазмұны актіде өзгертілуі мүмкін.
Басқа 2
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулыққа 2-қосымша «Келісілді» «Бекітемін» Жобаны әзірлеуші (толық атауы, Тапсырыс беруші (толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты) тегі, аты, әкесінің аты) 20 жылғы « » 20 жылғы « » Қол қоюға және мөрге Қол қоюға және мөрге арналған орын арналған орын Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуге арналған ТАПСЫРМА № р/р Тізбе Көрсеткіштер 1 2 3 1 Жобалау үшін негіздер (бүлінген (бүлінгенге жататын) қалпына келтурге жататын жерлерді тексеру актісі) 2 Жобаны әзірлеуші 3 Жобалау сатылығы техникалық кезең биологиялық кезең 4 Объектінің – учаскенің атауы 5 Объектінің – учаскенің орналасқан жері (әкімшілік аудан) 6 Қалпына келтіру объектісінің сипаттамасы: жалпы алаңы, гектар оның ішінде мыналарға пайдалану болжанады (алдын ала) егістік шабындық жайылым көп жылдық екпелер орман жолақтарын қоса алғанда орман екпелері, шалғындандыру өндірістік және өндірістік емес құрылыс 7 Қатпарланып үйілген қорлардың болуы (немесе құнарлы қабаттан алынатын көлемі) мың куб метр 8 Топырақтың қатпарланып үйілген немесе алынатын әлеуетті - құнарлы қабатының болуы мың куб метр 9 Уақытша үйінділер үшін бөлінетін жерлердің алаңы, гектар 10 Техникалық проблемалар: жыныстардың тұздану және қайталама уыттылық дәрежесі ластану деңгейі ластанудың бойлауы тереңдігі объектінің сулану дәрежесі және құрғату (дренаж) қажеттілігі су және жел эрозиясының және басқа геодинамикалық процестердің даму дәрежесі тас басу дәрежесі ағашты және бұталы өсімдіктердің басу дәрежесі 11 Қажетті іздестірулердің түрлері мен көлемдері 12 Жұмыстардың басталуының және аяқталуының алдын ала мерзімдері: қалпына келтірудің биологиялық кезеңін қалпына келтірудің техникалық кезеңі 13 Қалпына келтіру жобасын әзірлеуді аяқтау мерзімі 14 Ерекше жағдайлар
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығына 2-қосымша Жер қатынастары саласындағы кейбір күшін жойған бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-П бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5689 тіркелді, 2009 жылғы 3 шілдеде № 100 (1694) «Заң газетінде» жарияланды).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-П бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 29-ОД бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6901 тіркелді, 2011 жылғы 11 маусым «Егемен Қазақстан» № 247-248 (26646) жарияланды).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» № 57-П бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 63-ОД бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7579 тіркелген, 2012 жылғы 26 маусымдағы «Егемен Қазақстан» № 346-351 (27425) жарияланды).