Об утверждении типовых правил о региональном форуме молодежи Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығымен бекітілген Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумдарын өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Өңірлік жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы.
Тармақ 3
3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары
2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары
Тармақ 4
4. Форумның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен диалогы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 5
5. Форумның өңір деңгейіндегі міндеттері:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдардың жастармен, жастар ұйымдарымен диалогын және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 6
6. Форумның негізгі функцияларына:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар ұйымдары өкілдерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есептерін тыңдау;
Тармақша 2
2) республикалық жастар форумына қатысу үшін жастар, жастар ұйымдары қатарынан өңір үшін делегаттарды сайлау;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ республикалық жастар форумының қарауына мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу жатады.
Тарау 3. 3. Форумның өту тәртібі
3. Форумның өту тәртібі
Тармақ 7
7. Форумды дайындау және өткізуді жергілікті атқарушы органмен құрамы бекітілетін ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Форумды жергілікті атқарушы орган екі жылда кемінде бір рет шақырылады.
Тармақ 9
9. Форум екі кезеңде өтеді.
Тармақша 1
1) дайындық кезеңі, бұл кезеңде барлық аудандарда (облыстық маңызы бар қала), облыстарда Форум делегаттарының сайлауы өтеді;
Тармақша 2
2) негізгі кезең – өңірлік форумды өткізу.
Тармақ 10
10. Өңірлік жастар форумы аудандық (облыстық маңызы бар қала) және облыстық деңгейлерде өтеді.
Тармақ 11
11. Форумда шешім қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Форумның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
Тарау 4. 4. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру
4. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру
Тармақ 13
13. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру аудандарда (облыстық маңызы бар қала) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен сайлау арқылы өтеді.
Тармақ 14
14. Форумдарға аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жастар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.
Тармақ 15
15. Үлгілік ережелер негізінде жергілікті атқарушы орган форумды өткізудің өз ережелерін әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 16
16. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан әр ауданның (облыстық маңызы бар қала) жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Форум делегаттарының жалпы санының жиырма пайызынан аспайтын көлемде қосымша шақырылады.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 17
17. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 18
18. Форумда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен ресімделеді және жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ республикалық жастар форумына қарастыруға жолданады.