Об утверждении Положения о государственной лесной охране Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 208) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекттік орман күзеті туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік орман күзеті туралы ереже
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман күзеті туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман күзетi ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орман күзеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 208) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ормандарды қорғау, молайту және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы заңнамасы, сондай-ақ орманға зиян келтіретін өзге де іс-әрекеттерді жасау бөлігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк орман күзетiнiң мiндеттерi
2. Мемлекеттiк орман күзетiнiң мiндеттерi
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орман күзетiнiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) орман өрттерiнiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау және жою бойынша iс-шаралар жүргiзу;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан ұйымдардың барлық қызметкерлері, сондай-ақ орманда жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Орман кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын және Кодекстің 67-бабына сәйкес бекітілген ормандардағы санитариялық қағидаларды сақтауын қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен, зақымданудан, талан-таражыға салынуынан және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың басқа да әрекеттерiнен қорғау, coндай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерiн қорғау;
Тармақша 4
4) орман пайдаланушылардың «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/178 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 10679 нөмірмен тіркелген) (бұдан әрі - Сүректі түбірімен босату қағидалары) сүректi түбiрiмен босату қағидаларын және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын орындауын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау, олардың таралуына болжам жасау және олармен күресу;
Тармақша 6
6) биотехникалық iс-шаралар жүргiзу;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк орман қopы аумағында аң және балық аулау қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк орман қорын күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыруды, ұтымды пайдалануды және орман өсiрудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер болып табылады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орман күзетiн ұйымдастыру
3. Мемлекеттік орман күзетiн ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман күзетiнiң құрамына мына қызметкерлер:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнде – директорлар – бас орманшылар, директорлардың орынбасарлары – бас орманшылардың орынбасарлары, барлық санаттағы орман шаруашылығы инженерлерi, аңшылық мамандары, орман күтушілер, орман күтушілердің көмекшiлерi, орман шеберлері, орман күтушілері, мемлекеттік инспекторлар (қорықшылар);
Тармақша 2
2) облыстық жергілікті атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелерiнде – басшылар және орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерiмен айналысатын мамандар;
Тармақша 3
3) мемлекеттік табиғат қорғау мекемелерінде - директорлар - бас орманшылар, директорлардың орынбасарлары – бас орманшылардың орынбасарлары, барлық санаттағы орман шаруашылығы инженерлері, аңшылық мамандары, орман күтушілер, орман күтушілердің көмекшілері, орман шеберлері, орман күтушілері, мемлекеттік инспекторлар (қорықшылар) кіреді.
Тармақ 5
5. Орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүйесiне енетiн, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерiмен айналысатын мамандандырылған ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерi мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерлерiне теңестiрiледi.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік орман мекемесiнiң, табиғат қорғау мекемесінің директоры - бас орманшы (бұдан әрi - директор) орман мекемесiнiң ведомстволық тиесілілiгiне байланысты уәкiлеттi орган ведомствосының немесе облыстық жергілікті атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 7
7. Директор орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесiнiң, мемлекеттік табиғат қорғау мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi және орман мекемесiне жүктелген мiндеттердi орындау мен оның өзiнiң функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершілiкте болады.
Тармақ 8
8. Директор өзiнiң қызметiн жүзеге асыруы кезiнде өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) барлық ұйымдарда орман мекемесiнiң мүдделерiн бiлдiредi;
Тармақша 2
2) шарттар жасасады;
Тармақша 3
3) сенiмхаттар бередi;
Тармақша 4
4) банк шоттарын ашады;
Тармақша 5
5) орман мекемесiнiң барлық қызметкерлерi үшін мiндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
Тармақша 6
6) уәкiлетті орган ведомствосы немесе облыстық жергілікті атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi тағайындайтындардан басқа, орман мекемесiнiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 7
7) орман мекемесiнiң қызметкерлерiне ынталандыру шаралары мен тәртiптiк жаза қолданады;
Тармақша 8
8) орман мекемесiнiң даму келешегін және оны техникамен жарақтандыру бағыттарын айқындайды;
Тармақша 9
9) орман қорының мемлекеттiк мониторингін, ормандардың мемлекеттiк мониторингiн, жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргiзудi қамтамасыз етедi, мемлекеттік орман кадастры мен жануарлар дүниесiнiң кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
Тармақша 10
10) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыруды және орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, орман мекемесiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
Тармақша 11
11) орман мекемесiнiң аумағында орман өрттерiнiң алдын алу және олармен күресу жөнiнде iс-шаралар әзiрлеудi және олардың орындалуын iске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) ағаш кесу билеттерiн бередi;
Тармақша 13
13) Кодекстің 69-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және тыю жөнiнде шаралар қолданады;
Тармақша 14
14) орман мекемесiнiң аумағындағы өрттердi сөндiру үшiн өрт қауiпi бар маусымға жанар-жағармай материалдарының резервiн жасайды;
Тармақша 15
15) кеспеағаштар бөлу материалдарын дайындау үшін дербес жауапкершілікте болады.
Тармақ 9
9. Орман мекемесi директорының орынбасары - бас орманшының орынбасары орман мекемесiнiң ведомстволық тиесілілігiне байланысты уәкілеттi орган ведомствосының немесе облыстық жергілікті атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 10
10. Директордың орынбасары өзiнiң қызметiн жүзеге асыруы кезiнде өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды орындауға қатысады;
Тармақша 2
2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелерi мен ағаш тұқымдары плантацияларын күтiп ұстау, ағаш тұқымдарын дайындау, өңдеу және сақтау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен көлемдерiн айқындайды;
Тармақша 4
4) орман ресурстарын тендерлерге қою үшiн материалдар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) орман қорының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік орман кадастры бойынша құжаттаманың жүргiзілуiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) инженерлердiң, аңшылық мамандарының, орман күтушілердің жұмысына басшылық жасайды;
Тармақша 7
7) ормандарды жерден және авиациямен күзету қызметтерiнiң жұмысын үйлестiредi;
Тармақша 8
8) өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Орман шаруашылығының барлық санаттағы инженерлерi (аға орман күтушілер) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi жұмысты жүргiзедi.
Тармақ 12
12. Орман күзету және қорғау жөнiндегi инженер өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) орманшылықтардың орман күзету мен қорғау жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) ормандарда өрттің алдын алу, ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен және орман тәртібiн бұзудың басқа да түрлерiнен қорғау, ормандарды зиянды жәндiктер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ормандарды жерден және авиациямен күзету қызметтерiнiң өзара iс-қимыл жасауын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) өртке қарсы насихатты, ормандарды сақтау, орман мекемесi аумағында Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын орындау туралы мәселелердiң бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелi түрде көрiнiс тауып тұруын ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) айналымдар ревизиясын жоспарлайды және жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) орман кордондарының және орман күзетiмен байланысты басқа да құрылыстар мен ғимараттардың ақаусыз күйде күтіп ұсталуына, сондай-ақ Кодекстің 69-бабының 4-тармағына сәйкес қызметтік қаруды сақтау, алып жүру және қолдану қағидаларының сақталуына жауап береді және Кодекстің 69-бабының 5-тармағына сәйкес айырым белгілері бар нысандық киiммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі;
Тармақша 7
7) орманды күзету және қорғау жөнiндегі құжаттаманы жүргiзедi;
Тармақша 8
8) орман заңнамасын бұзушылықтар бойынша iстердi жүргiзедi және әкiмшiлiк айыппұлдардың, талап-арыздардың дер кезiнде өндiрiп алынуын бақылайды;
Тармақша 9
9) орман заңнамасын бұзушылықтар мен орман өрттерi туралы iстер бойынша сот органдарында директордың тапсырмасы бойынша орман мекемесiнiң мүдделерiн бiлдiредi.
Тармақ 13
13. Ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi инженер өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) орманшылықтардың ағаш тұқымдарын дайындау, көшеттік материалын өсiру, орман дақылдарын отырғызу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) орман дақылдарын өндiрудi тексередi, орман дақылдарын өсiру жұмыстарын орындаудың агротехникалық мерзiмi мен сапасын бақылайды;
Тармақша 3
3) орман дақылдарын отырғызудың жұмыс жоспарын жасайды;
Тармақша 4
4) ормандарды молықтыру және орман өсiру бойынша құжаттаманы жүргiзедi.
Тармақ 14
14. Орман пайдалану жөнiндегi инженер өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) орманшылықтардың орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Кодекстің 13-бабы 1-тармағының 18-20) тармақшасына және Ағашты түбiрiмен босату қағидаларына сәйкес орман мекемесi аумағында мемлекеттiк орман қорының ұтымды пайдаланылуын, ағаш кесiлген орындардың тазалануын қадағалау жұмыстарын жүргiзедi;
Тармақша 3
3) кеспеағаштар iрiктеу сапасын зерделейді және тиiстi құжаттаманы жүргiзедi;
Тармақша 4
4) орман пайдалану құжаттамасын жүргізеді;
Тармақша 5
5) кеспеағаш қорын iрiктеу және орманды жанама пайдалану құжаттамасын жүргiзедi;
Тармақша 6
6) орман пайдалану және жер пайдалану мәселелерi бойынша сот органдарында директордың тапсырмасы бойынша орман мекемесiнiң мүдделерiн бiлдiредi.
Тармақ 15
15. Инженер-орман патологы өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) ормандарды зиянды жәндiктер мен аурулардан қорғау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) орман зиянкестерi мен ауруларын, олардың түр құрамын, санын және таралуын анықтау жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады, зиянды жәндiктер мен аурулар ошақтарының мониторингін жүргiзедi;
Тармақша 3
3) орманның ағымдағы, экспедициялық, аэровизуальдық және басқа да орман патологиялық тексерулерiн жүргiзедi, орманның санитариялық жай-күйiн анықтайды;
Тармақша 4
4) барлық орман екпелерiнде, сондай-ақ орман тұқымбақтарында зиянды жәндiктер мен ауруларға қарсы алдын алу iс-шараларын жүргiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) байқаулар материалдарын өңдейдi, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының жиынтық ведомостарын, жобаланатын санитариялық-сауықтыру iс-шараларының ведомостарын жасайды және олар бойынша орман зиянкестерiнiң ошақтарын жерден және авиациямен өңдеудi жүргiзу үшiн қажеттi есеп-қисап жүргiзедi.
Тармақ 16
16. Аңшылық маманы өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) жануарлар дүниесiнiң ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) биотехникалық және аңшылық шаруашылығы iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) Кодекстің 69-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәртіп бұзушыларды ұстайды және жеткізеді;
Тармақша 4
4) аңшылық алқаптарды пайдалануды жақсарту жөнiнде iс-шаралар әзiрлейдi;
Тармақша 5
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құжаттама жүргiзедi;
Тармақша 6
6) директордың тапсырмасы бойынша сот органдарында жануарлар дүниесiн қорғау және пайдалану мәселелерi бойынша орман мекемесiнiң мүдделерін білдіреді.
Тармақ 17
17. Орман күтуші өзiнiң жұмысында орманшылыққа басшылықты тiкелей жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Орман күтуші өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану, орман шаруашылығы өндiрiсiнде озық техника мен технологияны енгiзу жөнiндегi жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) орманшылық аумағында ормандарды өрттерден, ағашты заңсыз кесуден және басқа да орман заңнамасын бұзушылықтарынан қорғау, ормандарды зиянды жәндiктер мен аурулардан қорғау жөнiндегi жұмыстарға, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалану және жабайы жануарларды қорғау жөнiндегi жұмыстарға басшылық жасайды;
Тармақша 3
3) орман орналастыру жобасына және бекiтiлген жоспарларға сәйкес ағаш кесудiң жүргiзiлуiн ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) ағаш кесу орындарына және дайындалған сүректiң босатылуына куәландыру жүргiзедi;
Тармақша 5
5) барлық орман пайдаланушылардың белгiленген сүректi түбiрiмен босату қағидаларын және Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын орындау жұмысын жүргізеді;
Тармақша 6
6) орманшылыққа келiп түсетiн орман заңнамасын бұзушылықтар туралы хаттамалардың жасалу дұрыстығын тексередi, сүректі заңсыз кесуден немесе оның бүлiнуiнен болған залалды айқындайды;
Тармақша 7
7) орманшылық аумағындағы орман өрттерiн сөндiрудi басқарады;
Тармақша 8
8) орман орналастыру мен жобалау-iздестiру жұмыстарын орындау кезiнде көмек көрсетедi, осы жұмыстардың сапасын бақылайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 182-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орманшылықтардың мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерін орман шаруашылығы, орман дақылдарын өсiру, орманды қорғау, өртке қарсы және биотехникалық жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi оқуын, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша оқытуды және нұсқама беруді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) директордың тапсырмасы бойынша орманшылық қызметiнiң мәселелерi бойынша сот органдарында орман мекемесiнiң мүдделерiн білдіредi.
Тармақ 19
19. Орманшының көмекшісі өзiнiң жұмысында тiкелей орман күтушіге бағынады.
Тармақ 20
20. Орманшының көмекшісі өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) орман күтушінің тапсырмасы бойынша уақытша ұзақ мерзiмдi орман пайдаланудағы ормандарды күзетудiң, қорғаудың және молықтырудың жай-күйіне мониторинг жүргiзедi;
Тармақша 2
2) орман шеберлерiнiң, мемлекеттік инспекторлардың, орманшылардың (қорықшылардың), уақытша өрт қарауылдары мен өрт сөндiрушілер командаларының оларға жүктелген мiндеттердi уақтылы және дәлме-дәл орындауын қадағалайды және оларға нұсқау бередi;
Тармақша 3
3) орманшылыққа келiп түсетiн орман заңнамасын бұзушылықтар туралы актiлердiң жасалу дұрыстығын тексередi, сүректi заңсыз кесуден немесе оның бүлiнуiнен болған залалды айқындайды;
Тармақша 4
4) айналымдар мен учаскелердiң ревизиясын жүргiзедi;
Тармақша 5
5) барлық орман пайдаланушылардың Сүректi түбiрiмен босату қағидаларын және Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын орындауын бақылайды;
Тармақша 6
6) орманшылық аумағында өртке қарсы алдын алу iс-шараларын жүргiзумен тiкелей айналысады, ал орман өрттерi пайда болған жағдайда орман күтушi келгенше оларды сөндiруге басшылық жасайды;
Тармақша 7
7) орманшылықта орындалған орман шаруашылығы жұмыстарының техникалық құжаттамасын жүргiзедi, орман орналастыру материалдарына ағымдағы өзгерiстердi жүйелi түрде енгiзiп отырады.
Тармақ 21
21. Орман шебері өзiнiң жұмысында тiкелей орман күтушіге және оның көмекшiсiне бағынады.
Тармақ 22
22. Орман шеберi өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) өз учаскесiнің мемлекеттік инспекторларының, орманшыларының (қорықшыларының) жұмысына басшылық жасайды және оларға нұсқау бередi, сондай-ақ олардың өз мiндеттерiн орындауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) айналымдарға ревизия жүргiзедi, кордондардың тиiстi дәрежеде күтiп ұсталуын, қарудың және мемлекеттік инспекторларға, орман күтушілері мен қорықшыларға тапсырылған бүкіл мүлiктiң аман сақталуын қадағалайды;
Тармақша 3
3) орман өрттерi пайда болған жағдайда бұл туралы орман күтушiнi немесе оның көмекшісін бiр мезгілде хабардар ете отырып, тiкелей оларды жоюға шаралар қолданады;
Тармақша 4
4) орман заңнамасын бұзушылықтар туралы учаске бойынша жасалған хаттамаларды екi күннен кешіктірмей орманшылыққа (немесе орман мекемесiне) жiбередi;
Тармақша 5
5) кеспеағаштар, сондай-ақ шабындықтар, жайылымдар және басқа да орман пайдалану алқаптарын iрiктеуге қатысады;
Тармақша 6
6) ағаш кесу орындарын куәландыруға, ағаш материалдарын босатуға, учаскеде орындалған орман шаруашылығы iс-шараларын қабылдауға қатысады;
Тармақша 7
7) ағаш отырғызу, ағаш тұқымдарын себу және орманның табиғи жолмен қалпына келуiне жәрдемдесу, ағаш тұқымдарын жинау, орманды күтiм жасау мақсатында кесу жөнiндегi жұмыстарға басшылық жасайды.
Тармақ 23
23. Орманшы, мемлекеттік инспектор (қорықшы) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн және өзiне тапсырылған мүлiктi тiкелей күзетудi, қорғауды жүзеге асырады. Өзiнiң жұмысында ол орман шеберiне бағынады.
Тармақ 24
24. Орманшы, мемлекеттік инспектор (қорықшы) өзiнiң функциялары шегiнде:
Тармақша 1
1) ағаштың заңсыз кесілуін, мал жаюды және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың басқа да түрлерiн болдырмау жөнiнде шаралар қолданады;
Тармақша 2
2) орман өртi пайда болған жағдайда бiр мезгілде мемлекеттiк орман күзетiнiң жоғары тұрған қызметкерлерiне өрт туралы хабарлап, оны жоюға шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) айналым аумағындағы барлық жұмыс iстеушілер мен онда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда жүрген жеке тұлғалардың Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Ормандардағы өрт қауiпсiздiгi қағидалары мен Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Ормандардағы санитариялық қағидаларды сақтау жұмысын жүргiзедi, олардың барлық тәртіп бұзушылықтары жайында тиісінше орман шеберіне дереу хабарлайды, ал қажет болған жағдайда Кодекстің 69-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұл жайында 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Әкімшілік кодекс) сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамалары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады;
Тармақша 4
4) өзiнiң айналымында көпiрлердiң, өрт мұнараларының, телефон желiсiнiң, межелік, орман орналастыру және орман шаруашылығы белгілерiнiң сақталуын қадағалайды;
Тармақша 5
5) айналымда байқалған зиянды жәндiктердiң ошақтары, орман аурулары, жел сұлатпасы, дауыл құлатқан ағаштар, сүрекдіңдердің қурауы және орман шаруашылығына нұқсан келтiруi мүмкiн басқа да құбылыстар жайында орман шеберiне немесе орманшылыққа хабарлайды;
Тармақша 6
6) сүрек дайындау, мал жаю, шөп шабу және орман пайдаланудың басқа түрлерi құқығына берiлген құжаттарды зерделейді, орман пайдалану бойынша тиісті талаптардың орындалуын қадағалайды;
Тармақша 7
7) орман өрттерiнiң шығуына кiнәлi адамдарды ұстап, оларды тиiстi iшкi iстер органдарына жеткiзедi.
Тармақ 25
25. Орманшыға, мемлекеттік инспекторға оған күзетуге берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскесi мен мүлiктiң тiзбесi бар айналым жоспары мен паспорты берiледi.
Тарау 4. 4. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметi
4. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметi
Тармақ 26
26. Мемлекеттiк орман күзетiне жұмысқа жоғары немесе орта орман шаруашылығы, орман-техникалық оқу орындарын бiтiрген тұлғалар қабылданады, орман күтушілері (қорықшылар) жұмысқа орта біліммен қабылдануы мүмкін.
Тармақ 27
27. Жалпы орта білiмi бар мемлекеттік инспекторлар, орман күтушілері (қорықшылар) жұмысқа қабылданған кезде орман мекемесiнiң ведомостволық тиесілілiгiне байланысты уәкілетті органның ведомствосы немесе облыстық атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi бекiткен бағдарлама бойынша орман мекемелерiнде мiндетті түрде оқиды.
Тармақ 28
28. Орманшы, мемлекеттік инспектор (қорықшы) қызметiне он сегіз жасқа толған және денсаулық жайы сай келетiн адамдар қабылданады.
Тармақ 29
29. Мемлекеттiк орман күзетінің қызметкерлеріне лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін, оның ішінде ерекше күрделілік пен шұғыл жұмыстарды орындаудың жоғары сапасы, бастамашылдығы және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 25-02/176 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде № 7669 болып тіркелген) бекітілген Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына сәйкес көтермелеу шаралары қолданылады.
Тармақ 30
30. Жұмыстағы терiс қылықтары үшiн мемлекеттiк орман күзетiнің қызметкерлерiне 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 65-бабына сәйкес тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
Тармақ 31
31. Кодекстің 69-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметкерлері нысанды киiммен, арнайы қорғаныс құралдарымен және қызмет бабында пайдаланылатын жер телiмдерiмен қамтамасыз етіледi және Кодекстің 70-бабына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғауға жатады.
Тармақ 32
32. Кеспеағаштардың iрiктелуiне, ағаш кесудiң, ағашты түбiрiмен босатудың дұрыстығын бақылау, ағаштың заңсыз кесілуін тiркеу, сондай-ақ сүректi кеспеағаштан немесе жоғарғы жақтағы қоймалардан тасып әкету кезiнде оның есебiн жүргiзу үшiн орман шеберлерiне, орман күтушілерге, орман күзету және қорғау жөнiндегi инженерлерге таңбалар беріледi.
Тармақ 33
33. Мемлекеттiк орман күзетiнде жұмыс iстеу кезiнде орманшыларға, мемлекеттік инспекторларға (қорықшыларға) қызметтік үй-жайлар (кордондар) берiлуi мүмкiн.
Тармақ 34
34. Мемлекеттiк орман күзетiнің қызметкерлерiне өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн көлiк құралдары беріледi.
Тармақ 35
35. Орман күтушілері, мемлекеттік инспекторлар және орман шеберлері ауысқан кезде айналымды, шебер учаскесiн және айналым мен шебер учаскесiне бекiтiп берiлген мүлiктi қабылдау-тапсыру актiсi жасалады. Айналымды тапсыру кезiнде орман шеберiнiң, ал шебер учаскесiн тапсыру кезiнде - орман күзету және қорғау жөнiндегi инженер мен орман күтушінің қатысуы мiндеттi.
Тармақ 36
36. Орман күтушіні ауыстырған кезде орман мекемесi директорының бұйрығымен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн, құжаттаманы, негiзгi құрал-жабдықтарды және орманшылыққа бекiтiлген мүлiктi қабылдау-тапсыру жөнiнде комиссия құрылады.
Тармақ 37
37. Орман мекемесiнiң директорын ауыстырған кезде орман мекемесiнiң ведомстволық тиесілілiгiне байланысты уәкілеттi орган ведомствосының немесе облыстық жергілікті атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң бұйрығымен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн және орман мекемесiне бекiтiлген басқа да мүлiкті қабылдау-тапсыру жөнiнде комиссия құрылады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қару-жарағы
5. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қару-жарағы
Тармақ 38
38. Тәртіп бұзушылар ұсталған жағдайда, егер олар өздеріне жүктелген міндеттерді орындап жүрген инспекторларға қарсылық көрсетсе, мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды тұлғаларының Кодекстің 69-бабының 6-тармағына сәйкес дене күшiн, арнайы қорғаныс құралдарын және қызметтік қаруын қолдануға құқығы бар.