Правила выполнения землеустроительных работ по разработке землеустроительного проекта Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 150-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 379 бұйрығымен бекітілген Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 14-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 150-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және жерге орналастыруды орындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда жұмыстардың мазмұны мен құрамының сипаттамасы, сондай-ақ жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезіндегі жерге орналастыру жобасының ресімделуі беріледі.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) абрис - тұрпат‚ нобай, заттың бейнесін, қандай да бір объекті нысанын көрсететін сызық;
Тармақша 2
2) әзірлеуші – жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, селолар, селолық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
Тармақша 5
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 6
6) жер учаскесі - осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
Тармақша 7
7) комиссияның оң қорытындысы – тиісті жергілікті атқару органдарымен құрылатын комиссияның жер учаскесін беру туралы хаттама шешімі нысанындағы қорытындысы.
Тармақша 8
Тармақша 9
9) нобайлар - жергілікті жердің маңызды элементтерін көрсететін, көз мөлшермен түсіруде орындалған сызба;
Тармақша 10
10) сервитут - бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашалықтары және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығы;
Тармақша 11
11) тапсырыс беруші – жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш білдіретін азаматтар мен заңды тұлғалар;
Тармақша 12
12) үшінші тұлғалар – мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және жерге орналастыру жүргізген кезде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын шектес жер учаскелерінің меншік иелері (жер пайдаланушылар).
Тармақ 4
4. Мемлекет меншігіндегі жерлерден жер учаскесін берген кезде жаңа жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеу комиссияның оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу тапсырыс берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) жер учаскелерін бөлген кезде;
Тармақша 2
2) жер учаскелерін қосу (біріктіру);
Тармақша 3
3) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (конфигурациясы, шекаралары, алаңдары) өзгерген;
Тармақша 4
4) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою немесе сатып алу жағдайларында жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жерге орналастыру жобасы мынадай ретпен қажетті іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді:
Тармақша 1
1) жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш;
Тармақша 2
2) дайындық жұмыстары;
Тармақша 3
3) жерге орналастыру жобасын әзірлеу;
Тармақша 4
4) жерге орналастыру жобасын қалыптастыру;
Тармақша 5
5) жерге орналастыру жобасын бекіту;
Тармақша 6
6) жерге орналастыру жобасын орындау.
Тармақ 7
7. Дайындық жұмыстарының құрамында жоспарлау-картографиялық материалдарды іріктеу, мемлекеттік жер кадастрында жерге орналастыру, қала құрылысы, орман орналастыру, геодезиялық және картографиялық құжаттамаларда қамтылатын жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау және зерттеу жүргізіледі. Белгілі бір жер учаскесі туралы мемлекеттік жер кадастры мәліметтері қағаз және электрондық тасығыштарда, сонымен қатар белгіленген тәртіппен жер учаскесінің есепке алынған жері бойынша техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана отырып, жер кадастры мәліметтерінің банкіне тікелей рұқсат ету түрінде беріледі.
Тарау 2. 2. Жерге орналастыру жобасын әзірлеу
2. Жерге орналастыру жобасын әзірлеу
Тармақ 8
8. Жерге орналастыру жобасында берілетін (өзгеретін) жер учаскесінің алаңы, оның шекарасы және орналасқан орны, бөгде және шектес меншік иелері немесе жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары айқындалады.
Тармақ 9
9. Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшiн берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi қызметтiң осы түрлерiне жер бөлiп берудiң нормалары бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жаңадан қалыптастырылатын ауыл шаруашылығы ұйымдары, шаруа (фермер) қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтары үшін құрылатын жер учаскелерінің шекаралары қосымша ескеріледі, олардың жинақы орналасуы ескеріле отырып белгіленеді, табиғи және (немесе) жасанды шекаралармен (өзендермен, бұлақтармен, арналармен, орман алаптарымен, жолдармен) біріктіріледі.
Тармақ 11
11. Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші, тапсырыс берушінің және қажет болған жағдайда үшінші тұлғалардың қатысуымен жер учаскелеріне далалық зерттеуді жүргізеді.
Тармақ 12
12. Далалық зерттеу процесінде жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан жері мен жер учаскелерінің нақты шекараларын нақтылау жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Жер учаскелерін далалық зерттеудің нәтижелері далалық зерттеудің сызба схемасын дайындаумен бірге далалық зерттеу актісімен ресімделеді.
Тармақ 14
14. Жерге орналастыру жобасының мәтіндік бөлігінде:
Тармақша 1
1) жер учаскесіне құқық беру туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның өтініші;
Тармақша 2
2) жер учаскесі шекараларының жобасымен қоса жер учаскесін таңдау актісі;
Тармақша 3
3) сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы жер комиссиясының қорытындысы;
Тармақша 4
4) жаңа жер учаскесін қалыптастыру немесе оны ретке келтіру кезінде қабылданатын жобалық шешімдердерді негіздеу үшін қажетті материалдар (құжаттар) қамтылады. Қолданыстағы жер учаскелері үшін жерге орналастыру жобасының мәтіндік бөлігіне жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты белгілейтін құжаттардың көшірмелері және тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қосылады.
Тармақ 15
15. Жерге орналастыру жобасының техникалық бөлігінде түсіндірме жазба, жер учаскесінің орналасқан орнының жобалық схемасы қамтылады. Жобаның жоспарлау-картографиялық материалдарына елді мекендерде М: 1:500, 1:2000, 1:5000 масштабында, басқа санаттағы жерлерде жұмысқа ыңғайлы масштабта құрылатын схема қосылады, оған жобалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін қажетті ақпарат енгізілген (қалданыстағы жер учаскелерінің шекаралары, олардың кадастрлық нөмірлері, күзет, санитариялық-қорғау және жерлерді ерекше шарттармен пайдаланатын өзге аймақтардың шекаралары). Жергілікті жерде жобалық элементтердің орналасқан жерін анықтау үшін қажетті барлық жобалық элементтер (шектесу мен бағыттарды сипаттау нүктелері, жер учаскелерінің шекаралары, сызықтардың өлшемі, тірек нүктелері мен олардың нөмірлері) жерге орналастыру жобасының сызбасында қызыл түспен, бұл ретте, бөгде жер пайдаланушылар көк түспен белгіленеді. Схемада жер экспликациясы (елді мекендердің жерлерінен басқа), шартты белгілер, шектесу және бөгде тұлғаның пайдалануындағы жерлердің сипаттамасы қамтылады. Схеманың мөртабанында жерге орналастыру жобасының атауы, жерге орналастыру объектісі, масштабы, парақтар саны және жұмысты орындаушы көрсетіледі. Схемада жерге орналастыру жобасының сызбасын бекіту және келісу деректемелерін орналастыруға арналған орын көзделеді.
Тармақ 16
16. Жерге орналастыру жобасын қарау, келісу және бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1). жерге орналастыру жобасын әзірлеуші дайындалған жоспары және оның бұрылыс айналма нүктелері координаттарының ведомосі Мемлекеттік корпорацияға жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жерінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексеру үшін береді. Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген жағдайда (шекаралардың қабаттасуларының жоқтығы, жер учаскесінің орналасқан жерінің, алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының деректерінің ұсынылған деректер бойынша сәйкес келуі, ауыртпалықтар мен шектеулердің жоқтығы), Мемлекеттік корпорация жер учаскесінің жоспарында және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосінде белгі қойып, оны әзірлеушіге материалдарын түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күнде береді. Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда (жер учаскелері шекараларының қабаттасуы, жер учаскесінің орналасқан жерінің сәйкес келмеуі, жер учаскесі алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының ведомостімен ұсынылған деректер бойынша дұрыс еместігі, ауыртпалықтар мен шектеулердің болуы), Мемлекеттік корпорация жер учаскесінің жоспарын және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің шекараларының қабаттасу схемасымен қосып, күнтізбелік 15 күн ішінде әзірлеушіге қайтарады.
Тармақша 2
2) жерге орналастыру жобасын мемлекеттік органдарда, жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғаларда мемлекеттік органдармен көршілес учаскелер меншік иелері (жер пайдаланушылар) хаттар (келісімдер) не жер учаскесінің жоба схемасында мөрмен куәландырылған қол қою түрінде келісім беріледі, бұл ретте тапсырыс беруші немесе оның сенім білдірген адамы өз бетінше барлық мүдделі тұлғалармен келісімді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) жерге орналастыру жобасын бекіту жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Жерге орналастыру жұмыстары аяқталып, олар өкілетті органмен бекітілгеннен кейін жерге орналастыру жобасының бір данасы тапсырыс берушіге немесе әзірлеушіге және екінші данасы жер учаскесінің жобалық шекараларының бұрылыс нүктелері координаталарының ведомосімен қоса Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, деректерді мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасына енгізу үшін беріледі.
Тармақ 18
18. Бекітілген жерге орналастыру жобасынан жер-кадастрлық құжаттамаларға енгізілетін жер учаскелері туралы мәліметтердің дұрыстығын қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жерге орналастыру жобасын әзірлеуші қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Жерге орналастыру жобасының құрамы
3. Жерге орналастыру жобасының құрамы
Тармақ 19
19. Жерге орналастыру жобасы екі бөлімнен қалыптастырылады: мәтіндік және техникалық. Жерге орналастыру жобасы және басқа құжаттама жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган бекіткенге дейін осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша титул парағымен келесі реттілікпен ресімделеді: Мәтіндік бөлімде:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жерге орналастыру жобасының тізімі;
Тармақша 2
2) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның түзету парағы;
Тармақша 3
3) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушіден қабылданған құжаттар тізбесі;
Тармақша 4
4) осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш;
Тармақша 5
5) Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес комиссияның қарауы және қорытынды дайындауы үшін жер учаскесі шекараларының схемалары мен таңдау актілері;
Тармақша 6
6) комиссияның оң қорытындысы;
Тармақша 7
7) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама. Тапсырыс беруші уәкілетті өкілі арқылы өтініш жасағанда: заңды тұлғалар бойынша құзыретін растайтын құжаттың көшірмесі; жеке тұлғалар бойынша сенімхаттың куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 106-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген шығындардың орнын толтыру актісімен қоса ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірістері шығындарының есебі (заңнамада белгіленген жағдайларда) қамтылады. Жерге орналастыру жобасының техникалық бөлімі осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді және:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жерге орналастыру жобасына түсіндірме жазба;
Тармақша 2
2) осы Қағиданың 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес жер учаскесінің схемасы (жоспары);
Тармақша 3
3) осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің жоспары;
Тармақша 4
4) осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс сызбасы;
Тармақша 5
5) осы Қағиданың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өлшемдер журналы;
Тармақша 6
6) осы Қағиданың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша абрис;
Тармақша 7
7) осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес жаһандық позициялау жүйесі (GPS-Global Positioning System) бойынша нобайлар пайдаланылған кезде;
Тармақша 8
8) осы Қағиданың 17,18-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша теодолиттік жүрістерді қиыстыру ведомосі немесе жер учаскесі шекаралары жақтарының ұзындықтры мен координаталарының жиынтық ведомосі;
Тармақша 9
9) ауыртпалықтар мен сервитуттар (болған жағдайда).
Басқа 1
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережесіне 1-қосымша Нысан Жобаланатын жер учаскесі шекарларының қабаттасу схемасы: ___________________________________________________________________ (тапсырыс берушінің атауы, жер учаскесінің орналасқан жері)
Басқа 2
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережесіне 2-қосымша Нысан Келісілді, тапсырыс беруші: бұйрығымен бекітілді _______________________________ ______________________________ (аты-жөні/заңды тұлға) (уәкілетті органның атауы) 201__ж. «____»__________ №_____ 201__ж. «____»_____________ ____________________________________________________________________________ Жерге орналастыру жобасын әзірлеген жеке ____________________________________________________________________________ және заңды тұлғаның атауы Жерге орналастыру жобасы _______________________________________________________________________ (жерге орналастыру жобасының атауы) Жер учаскесінің орналасқан жері (мекенжайы):___________________________ _______________________________________________________________________ Жобаны әзірлеуші ______________________________________________________ ((жеке тұлғаның атын-жөні немесе заңды тұлғаның атауы) _________________________ (қол қою мен мөрдің орны) Берілген күні 201__ж. «____»_____________
Басқа 3
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидасына 3-қосымша Нысан Жерге орналастыру жобасының тізімдемесі № р/с Құжаттың атауы Беттер саны Беттер № Мәтіндік бөлім 1 Жобаның корректуралық парағы 2 Тапсырыс берушіден қабылданған құжаттардың тізбесі 3 Жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін өтініш 4 Таңдау және келісу актісі 5 Жер комиссиясының қорытындысы 6 Жеке куәліктің көшірмесі 7 Сенімхат 8 Түсіндірме жазба 9 Ситуациялық сызба 10 Жер учаскесін үйлестіру бойынша жоспары 11 Жұмыс сызбасы 12 Өлшеу журналы 13 Абрис 14 Нобайлар (GPS пайдаланғанда) 15 Үйлестіру ведомсының жиынтығы Жиынтығы: _______________________________________________ жерге орналастыру жобасын орындаушының аты-жөні _________________ (қолы, күні)
Басқа 4
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидасына 4-қосымша Нысан Жобаның корректуралық парағы Түзету енгізген тұлғалардың атауы Қабылдау күні Беру күні Ескертулер, түзетулер, келісулер _______________________________________________ жерге орналастыру жобасын орындаушының аты-жөні __________________ (қолы, күні)
Басқа 5
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидасына 5-қосымша Нысан Тапсырыс берушіден қабылданған құжаттардың тізімі № р/р Құжаттың атауы Бет саны Ескертпелер (көшірмелер, түпнұсқалар, формат және т.б.) 1 _________________________________________________________ жобаның құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның аты-жөні ______________ (қолы, күні) _________________________________________________________________ құжаттар топтамасын тапсырған тапсырыс берушінің (өкілінің) атауы _____________ (қолы, күні)
Басқа 6
Орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидасына 6-қосымша Нысан Жобаны әзірлеуші ұйымның басшысына _______________________________________ (жобаны әзірлеуші ұйымның атауы) _______________________________________ (аты-жөні) _______________________________________ (кімнен) _______________________________________ (жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның толық атауы) _______________________________________ (ЖСН/БСН, жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын _______________________________________ куәландыратын құжат деректемелері, _______________________________________ (байланыс телефоны, мекенжайы) Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеу туралы өтініш _______________________________________________________________ (жер учаскесінің алаңы, нысаналы мақсаты) үшін __________________________________________________________ (жер учаскенің орналасқан жерінің мекенжайы) орналасқан жер учаскесіне мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскенің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда,жерге орналастыру жобасын әзірлеуді сұраймын. Күні ____ Өтініш беруші __________________________________________ (жеке тұлғаның аты-жөні немесе __________________________________________ заңды тұлғаның атауы ___________________________________________ не уәкілетті тұлғаның аты-жөні, қолы, мөрі)
Басқа 7
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидасына 7-қосымша Нысан ___________________________________________________________________ жерге орналастыру жобасын әзірлейтін жеке ___________________________________________________________________ және заңды тұлғаның атауы Жерге орналастыру жобасының техникалық бөлімі __________________________________________________ (жерге орналастыру жобасының атауы) Тапсырыс берушінің атауы: _____________________________________________________ (жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы) Жер учаскесінің орналасқан орны: _______________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ жерге орналастыру жобасын орындаушының аты-жөні ____________ (қолы, күні)
Басқа 8
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидасына 8-қосымша Нысан Жерге орналастыру жобасына түсіндірме жазба Жерге орналастыру жобасы жерге орналастыру жұмысын жүргізуге берілген 201__жылғы «___» _________ №_______ өтініш және ________________________________________________ негізінде жүргізілді. Жер пайдаланушы (меншік иесі): ______________________________________________________________________ (аты-жөні немесе заңды тұлғаның толық атауы, тіркеу адресі) Жер учаскесінің орналасқан жері: ______________________________________________________________________ Жерге орналастыру жобасын жасаудың негіздемесі: ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Жер учаскесінің меншік құқығының түрі:________________________________ Жер учаскесінің алаңы _______________________________________________ Жер учаскенің нысаналы мақсаты: ______________________________________ ______________________________________________________________________ Қосымша түсініктеме: жер учаскесінің бұрылыс айналма нүктелері (координаталары) ________________________________________ сақталады. (кәсіпорынның атауы) Ауыл шаруашылығы өндірісі шығындарының (болған жағдайда) орнын толтыру ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Орындаушы:________________________________________________ аты-жөні __________ (қолы, күні)
Басқа 9
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидасына 9-қосымша Нысан Ресімделетін жер учаскесінің ситуациялық схемасы Өтініш білдірушінің аты-жөні/атауы: ______________________________________ Жер учаскесінің орналасқан орны: _________________________________________ Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: ________________________________________ Басшы Жер учаскесінің алаңы Беттер Парақ Масштаб Бөлімше бастығы 1: Орындаушы Күні:
Басқа 10
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидасына 10-қосымша
Басқа 11
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидасына 11-қосымша
Басқа 12. Жер учаскесінің жоспары Мемлекеттік корпорацияның ___________________ Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес.
Жерге орналастыру обасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережесіне 12-қосымша Нысан Жер учаскесінің жоспары Мемлекеттік корпорацияның ___________________ Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес. _____________________________ 20____ ж. « _____» ____________ Лауазымды тұлғаның қолы, мөрі ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ ЖОСПАРЫ
Басқа 13
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережесіне 13-қосымша Нысан Құраған __________________ ____________________ аты-жөні күні Ескертпе: Жұмыс сызбасы қажеттілік бойынша электронды тахеометрлермен, GPS-пен бөлу нұсқаларымен толықтырылады, атап айтқанда: жер учаскесінің нүктелер координаталарымен және өлшемдермен бірге жер учаскесінің шекарасы (тапсырыс беруші үшін жасалатын дана координаталарсыз жасалады), одан осы жер учаскесін бөлу үшін байланыстар алынады.
Басқа 14
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережесіне 14-қосымша ННысан Өлшемдер журналы Объект ___________________________________________________________________ (жер учаскесінің орналасқан жері, мекенжай деректері) Түсіру кезінде қолданылатын геодезиялық құралдар _______________________ __________________________________________________________________________ (құрал түрі, дәлдігі) Жүріс_____________________________________________________________________ ____________________________________________ 20____ж. «___»_______________. Өлшемді жүргізген: ___________________________________ ___________ (аты-жөні/лауазымды тұлғаның атауы) (қолы) Ескертпе: Абрис және өлшемдер журналы – бұл қосымша жер учаскесін теодолитпен бөлген кезде толтырылады, учаскені тахеометрлермен немесе GPS құралдармен бөлген жағдайда осы қосымша бойынша деректерді Жұмыс сызбасында орналастыруға және абристі алып тастауға болады, себебі абрис бойынша нәтижелер жұмыс сызбасында көрсетіліп тұратын болады.
Басқа 15
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережесіне 15-қосымша ННысан Абрис Орындаушы __________________ __________________ __________ (лауазымы) (аты-жөні) (қолы)
Басқа 16
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережесіне 16-қосымша Нысан Нобайлар Орындаушы _________________ _________________ ___________ (лауазымы) (аты-жөні) (қолы)
Басқа 17. (теодолитті қолданған кезде)
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау ережесіне 17-қосымша Нысан Теодолитті жүрістерді қиылыстыру ведомосі (теодолитті қолданған кезде) ___________________________________________________________________ (жер учаскесінің орналасқан жері, мекенжай деректері) Нүктелер № Көлденең бұрыштар Дирек-циондық бұрыштар Сызық шектері (көлденең жүргізілгені) Координаталарды ұзарту Координаталар өлшенгендері түзетілгендері есептелгендер түзетілгендер Х У ± ∆ Х ± ∆ У ± ∆ Х ± ∆ У Ескертпе: GPS жүйесінің серіктік құралдарын, электрондық теодолиттерді, тахеометрлерді қолдану кезінде әрі қарай компьютердегі арнайы бағдарламалар бойынша геодезиялық өлшемдерді өңдеумен координаталарды есептеу ведомосі жасалмайды. Орындаушы _________________ __________________ __________ (лауазымы) (аты-жөні) (қолы)
Басқа 18. Жер учаскесінің шекаралары жан-жақтарының ұзындықтары
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларына 18-қосымша нысан Жер учаскесінің шекаралары жан-жақтарының ұзындықтары мен координаттарының жиынтық ведомосі ___________________________________________________________________ (жер пайдаланушының атауы, жер учаскесінің орналасқан жері) Нүктелер нөмірлері Координаттар Ұзындығы (м) X Y Периметрі: ______м Алаңы: ______га Ведомості жасаған: __________ ___________________________ 20__ж. «_____» _____ (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде) (күні) Ведомості тексерген:___________ _________________________ 20__ж. «____» _____ (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған кезде) (күні) Жобаланатын жер учаскесі шекараларының жан-жақтарының ұзындықтары мен координаттарын салыстырып тексеруді _______________________________________________ ___________________________________________________________________________жүргізді (кадастр жүргізетін ұйымның атауы) Салыстырып тексеруді жүргізген: _________________ ___________________________ (қолы, мөрі) (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) 20___ жылғы «____» _______. (күні)