Вопросы Комитета по использованию воздушного пространства и деятельности гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 07.12.1998 № 1249 қаулысымен. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған: Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi туралы ереже; Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитет туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 1563 қаулысының 2, 4-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 500-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 26 ақпандағы N 151 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы Экономика мен қоғамның әуе тасымалдауларына деген өскелең мұқтаждықтарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын дамыту үшiн жағдайлар жасау.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар жөнiндегi министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өзiне жүктелген мiндеттерi мен функцияларды дербес орындайтын, әуе кеңiстiгiн пайдалану және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы мен эксперименттiк авиациясы саласындағы мемлекеттiк басқару, реттеу, үйлестiру және бақылау органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, халықаралық шарттар мен келiсiмдердi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банк мекемелерiнде шоттары, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, сондай-ақ тиiстi бланкiлерi мен мөртаңбалары бар.
Тарау ii. II. Басымдықтары
II. Басымдықтары
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының әуе көлiгiнде тиiмдi мемлекеттiк реттеудi ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Әуе кеңiстiгiн пайдалану, әуе қозғалысына қызмет көрсету және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында нормативтiк база жасау.
Тармақ 7
7. Әуе көлiгiн дамыту үшiн жағдайлар жасау.
Тармақ 8
8. Ұшуларды қауiпсiз жүргiзу және басқару жөнiндегi талаптар кешенiнiң орындалуын қамтамасыз ету.
Тарау iii. III. Мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
III. Мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Тармақ 9
9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: әуе тасымалдаулары мен әуе көлiгi қызметiн көрсетулер рыногын қалыптастыру, әуе көлiгiнде мемлекеттiк экономикалық және қаржы саясатын жүргiзу; азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн, әуе кеңiстiгiн пайдалану мен әуе қозғалысын ұйымдастыруға мемлекеттiк басқаруды, реттеудi үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру; азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн, әуе кеңiстiгi мен әуе қозғалысын реттейтiн, халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық база жасау болып табылады.
Тармақ 10
10. Комитеттiң негiзгi функциялары: азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн, әуе кеңiстiгiн пайдалану мен әуе қозғалысын ұйымдастыруды мемлекеттiк басқару, реттеу, үйлестiру мен бақылау; азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн, әуе кеңiстiгi мен әуе қозғалысын реттейтiн нормативтiк құқықтық база әзiрлеу; өз құзыретiнiң шегiнде әуе көлiгi саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында заңдардың сақталуын бақылау болып табылады.
Тармақ 11
11. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитеттiң: әуе көлiгiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға (нормалар мен нормативтер белгiлеу, сертификаттар, лицензиялар мен арнаулы рұқсаттарды ұйымдастыру, беру, сондай-ақ олардың шарттарының сақталуын бақылау) және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiстi шаралар қолдануға; белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органының функциясын жүзеге асыруға, сондай-ақ әуе көлiгiнде шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегi функцияны жүзеге асыруға; өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн барлық пайдаланушылар, сондай-ақ азаматтық авиацияның шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi үшiн мiндеттi ведомстволық актiлер шығаруға құқығы бар.
Тарау iv. IV. Жауапкершiлiгi
IV. Жауапкершiлiгi
Тармақ 12
12. Комитет осы Ережеде көзделген мiндеттер мен функциялардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiстi түрде орындалуы үшiн жауапкершiлiкте болады.
Тарау v. V. Комитет қызметiнiң ұйымдастырылуы
V. Комитет қызметiнiң ұйымдастырылуы
Тармақ 13
13. Комитеттi Комитет Төрағасы басқарады.
Тармақ 14
14. Комитет Төрағасын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 15
15. Комитет Төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 16
16. Комитет Төрағасы дара басшылық негiзiнде Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы және оның өз функциясының орындалуы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 17
17. Комитет Төрағасы осы мақсатта: Комитеттi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда және халықаралық ұйымдарда бiлдiредi; өз орынбасарларының мiндеттерiн, өкiлеттiктер шеңберiн және жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi; Комитет аппаратының қызметкерлерi мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы Ереженi және Комитет аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi; өзiнiң өкiлеттiктерiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi, олардың орындалуын бақылайды.
Тармақ 18
18. Комитет өзiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн басқармалар мен бөлiмдерден тұрады.
Тармақ 19
19. Комитеттiң штат кестесiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi бекiтедi.
Басқа 28. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi комитетiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 26 ақпандағы N 151 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi комитетiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Азаматтық авиация қызметiн реттеу басқармасы Халықаралық қатынастар бөлiмi Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету бөлiмi