Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений органов по делам государственной службы и противодействию коррупции Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаментінің Жоспарлау және қаржы-шаруашылық басқармасы:
Тармақша 1
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың іске асырылуын тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 12 мамыр
Басқа 8
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 154 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары № Үй-жайдың атауы Өлшем бірлігі Үй-жайдың алаңы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты 1 Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай 1 аттестатталған қызметкерге шаршы м. 0,2 дейін 2 Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай шаршы м. 36 дейін 3 Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай шаршы м. 18 дейін 4 Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге арналған кабинет шаршы м. 18 дейін 5 Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай шаршы м. 36 дейін 6 Құпиялық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай шаршы м. 56 дейін 7 Полиграфиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет шаршы м. 20 дейін 8 Консультациялық орталық шаршы м. 75 дейін 9 Физикалық дайындық үй-жайы шаршы м. 400 дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық бөлімшелері 1 Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай 1 аттестатталған қызметкерге шаршы м. 0,2 дейін 2 Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай шаршы м. 40 дейін 3 Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай шаршы м. 25 дейін 4 Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге арналған кабинет шаршы м. 35 дейін 5 Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай шаршы м. 40 дейін 6 Құпиялық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай шаршы м. 50 дейін 7 Полиграфиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет шаршы м. 30 дейін 8 Физикалық дайындық үй-жайы шаршы м. 225 дейін