О создании областной Межведомственной комиссии по вопросам борьбы с бедностью и безработицей Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу мәселесі жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия құру туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Кедейшiлiкпен күресу мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 қаулысын басшылыққа алып, кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу жөнiндегi 2000-2002 жылдарға белгiленген шараларды iске асыру, сондай-ақ облыста кедейшiлiкпен күресудiң 2003-2007 жылдардағы кезеңге арналған орта шұғылдықтағы кешендi стратегиясын әзiрлеу мақсатында әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу мәселесi жөнiндегi облыстық ведомствоаралық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссия ағымдағы жылдың аяғына дейiн облыста кедейшiлiкпен күресудiң 2003-2007 жылдардағы кезеңiне арналған орта шұғылдықтағы кешендi стратегиясының жобасын жасасын.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң "Батыс Қазақстан облысында кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу жөнiндегi 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асырудың iс-шаралар жоспары туралы" 2000 жылғы 17 мамырдағы N 104 шешiмiнiң 1-тармағы 2-тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Нұрғалиевке жүктелсiн.
Басқа 6. Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу мәселесi жөнiндегi облыстық ведомствоаралық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмиятының 2001 жылғы 28 мамырдағы N 16 қаулысына N 1 қосымша Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу мәселесi жөнiндегi облыстық ведомствоаралық комиссияның ҚҰРАМЫ Асқар Қайыртайұлы Нұрғалиев - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Ерболат Мұқтарұлы Жұмағалиев - облыстық экономика басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Гүлжан Ынтықбайқызы Нұғыманова - облыстық экономика басқармасының бөлiм бастығы, хатшы Комиссия мүшелерi: Берiк Әдiлгерейұлы Батаев - облыстық кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту департаментi директорының мiндетiн атқарушы Олег Адольфович Васильев - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Қайретдин Есенғалиұлы Жәкиев - облыстық ауыл шаруашылығы департаментi бастығының мiндетiн атқарушы Әнес Қаресұлы Iзтелеуов - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары Дәуiржан Бижанұлы Иманғалиев - табысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қордың атқарушы директоры Шамғон Мырзагерейұлы Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ермек Қасымбекұлы Қасымбеков - облыстық бiлiм басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Қалиолла Шағиұлы Қарағойшин - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы Валерий Алексеевич Кондратенко - Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi департаментiнiң бастығы Анатолий Николаевич Котов - облыстық тұрғын үй, жол шаруашылығы және көлiк басқармасының бастығы Бекет Тельманұлы Мырзахметов - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы Зинатбану Мұқанқызы Мусина - Халықаралық бизнес орталығының директоры Ерболат Рахметұлы Мұқаев - облыс әкiмi аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлiмiнiң меңгерушiсi Берiкболат Нәсекенұлы Нұржанов - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi департаментiнiң директоры Марат Төлегенұлы Нұрғуатов - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Сағида Шоқанқызы Сахметова - Қазақстанның iскер әйелдер ассоциациясының Батыс Қазақстан филиалының директоры Самат Камелұлы Оспанов - облыстық кәсiподақтар кеңесiнiң төрағасы Сергей Николаевич Церковников - облыстық салық комитетi төрағасының орынбасары Абай Жаманқұлұлы Хамзин - облыстық статистика басқармасының бастығы
Басқа 7. Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу жөнiндегi мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмиятының 2001 жылғы 28 мамырдағы N 16 қаулысына N 2 қосымша Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу жөнiндегi мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) облыс әкiмi 2000 жылы 28 наурызда бекiткен Кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресу жөнiндегi 2000-2002 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын iске асыруға мониторингi жүргiзу, сондай-ақ облыста кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күресудiң 2003-2007 жылдардағы кезеңге арналған орта шұғылдықтағы кешендi стратегиясын әзiрлеу мақсатында құрылды. Комиссия облыс әкiмi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi
2. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен қызметi мыналар: - облыста кедейшiлiктiң өзiндiк аспектiлерiн зерттеу; - әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң жағдайын талдау; - табысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi қазiргi бағдарламаның тиiмдiлiгiн талдау; - кедейшiлiкпен күрестiң мiндеттерi мен тұрғындардың кедей топтарының мүддесiн ескерiп, жергiлiктi бюджеттi құрастыру жөнiнде енгiзiлген ұсынбаларды есепке алып, аймақтық деңгейде жоспарлау тетiктерiн енгiзу, кедейшiлiк проблемаларын шешуге байланысты жергiлiктi атқарушы органдардың басқарушылық қызметiн жетiлдiру, кедейшiлiк мониторингi тетiктерiн енгiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, кедейшiлiк проблемаларын шешiуге байланысты жергiлiктi атқарушы органдардың басқарушылық қызметiн бағалау өлшемдерiн жетiлдiру, тәжiрибелiк ақпарат алмасуға жәрдемдесу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; - кедейшiлiктiң деңгейiн азайту және әлеуметтiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары Комиссияның мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде әкiм аппаратына ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 2
2) кедейшiлiк деңгейiн азайту және әлеуметтiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу үшiн мүдделi мемлекеттiк органдардың мамандарын тарта отырып, жекеленген мәселелер туралы жұмысшы топтарын құрады;
Тармақша 3
3) комиссияның құзырына жататын мәселелер жөнiнде қажеттi ақпараттарды белгiленген тәртiпте сұратып алады;
Тармақша 4
4) комиссияның басқаруындағы мәселелер жөнiнде басқармалар, департаменттер және басқа да ұйымдар басшыларын өзiнiң отырыстарында тыңдайды;
Тармақша 5
5) комиссияның құрамына өзгерiстер туралы белгiленген тәртiпте ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 6
6) комиссияның басқаруындағы мәселелердi шешуге комиссия құрамына кiрмейтiн басқармалар, департаменттер және басқа да ұйымдар бөлiмдерiнiң өкiлдерiн тартады.
Тарау 4. 4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру Комиссияны төраға басқарады: Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiне қажеттi құжаттар, материалдар әзiрлеудi және хаттама әзiрлеудi комиссия хатшысы iске асырады. Комиссияның жұмысшы органы облыстың экономика басқармасы болып табылады. Комиссияның мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай тоқсанына бiр реттен сирек емес өткiзiледi. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша мәжiлiстiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оны өткiзетiн орны мен уақытын белгiлейдi және нақтылайды. Комиссия шешiмi ашық дауыспен қабылданады және оған комиссия мүшелерiнiң көпшiлiгi дауыс берсе қабылданған болып саналады. Егер дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ол ұсынбалық сипатта болады.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметiн тоқтату
5. Комиссияның қызметiн тоқтату Комиссияның қызметiн тоқтатуға мыналар негiз болып табылады:
Тармақша 1
1) комиссия қызметi мерзiмiнiң өтуi;
Тармақша 2
2) комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
Тармақша 3
3) комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi iске асыратын мемлекеттiк органдар немесе басқа комиссиялар құрылса;
Тармақша 4
4) комиссия мiндеттерiн орындауға болмайтын немесе орындауға қолайсыздық ететiн басқа да жағдайлар. Осы тармақта аталған жағдайлар қалыптасқанда Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша комиссияның жұмысшы органы болып саналатын облыстық экономика басқармасы облыс әкiмiнiң қарауына тиiстi шешiмнiң жобасын енгiзедi. Осы тармақтағы аталған тәртiп құрамға немесе комиссия қызметiне қажеттi өзгерiстер енгiзген жағдайларда да қолданылады.