Об определении тарифа на регулярные социально значимые перевозки пассажиров Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік мәні бар тұрақты
тасымалдау тарифін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ақжайық ауданы
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Чапаев ауылы «Мұнай базасы» аялдамасы – «Жайық» аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі
67 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
Тармақ 3
3. «Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары Т.С.Шиниязовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақжайық аудандық
мәслихатының сессия төрағасы Б.Кухаев
Мәслихат хатшысы Д.Жақсыбаев
«8» маусым 2015 жыл