Об определении государственного заказчика по договорам на оказание услуг по перевозке пассажиров по межобластным и международным автобусным маршрутам Күшін жойған
Басқа 0
Халықаралық және облысаралық автобус бағыттарында қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасау жөнiнде мемлекеттiк тапсырушыны анықтау
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Халықаралық, облысаралық және облыс iшiнде жолаушыларды тасымалдауды және жолаушылардың өмiрiн қамсыздандыруды қатаң түрде реттеу үшiн облыс әкiмi ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Халықаралық, облысаралық және облыс iшiнде автобустар жүретiн бағыттарды бөлетiн тендер комиссиясының құрамы бекiтiлсiн (Қосымша N 1).
Тармақ 2
2. Алматы облысы аумағымен өтетiн облысішілік, облысаралық және халықаралық автобус маршруттары бойынша жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетуге келiсiм-шарттар бойынша мемлекеттiк тапсырыс беруші болып Көлік департаменті "АОМҚК" белгiленсiн.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Әкімінің
1998 жылғы 23 сәуірдегі N 4-147 шешімімен.
Ескерту. 2 тармақ өзгерді - Алматы облысы Әкімінің 2000 жылғы
24 сәуірдегі N 4-120 шешімімен.
Тармақ 3
3. Алматы облысы жол полициясына (Н.Б.Сартаев), Көлік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы (А.Е.Тойбаев) тұрақты халықаралық және облысаралық автобус бағыттары бойынша келетін барлық көлiктi "Сайран" халықаралық автовокзалына жiберу және аталған көлiк кейiн қайтқанда "Сайран" автовокзалынан шыққаны туралы белгi барлығын қатаң тексеру жүктелсiн.
📌 Ескерту. 3 тармақ өзгерді - Алматы облысы Әкімінің 2000 жылғы
24 сәуірдегі N 4-120 шешімімен.
Тармақ 4
4. АТ "Сайран" халықаралық автовокзалы АҚ (Мұқыжанов Е.М.),
автовокзалға келген көлiктi тiркеу, кейiн қайтару, билет сату,
жолаушыларға қызмет көрсету қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау облыс Әкiмінiң орынбасары К.Ә.
Әбіләкімовке жүктелсiн.
📌 Ескерту. 5 тармақ өзгерді - Алматы облысы Әкімінің 2000 жылғы
24 сәуірдегі N 4-120 шешімімен.
Басқа 6
Облыс Әкімінің
"23" қаңтар 1998 ж.
№ 1-18 шешіміне
Қосымша № 1.
Тендер комиссиясының құрамы
Тармақ 1
1. Долженков В.А. – облыс Әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Мұқыжанов Е.М. - "Сайран" ХА президенті, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Орынбеков Ө.О. - "Саяхат" автобекеті АҚ президенті
Тармақ 4
4. Құлбаев К.С. - монополияға қарсы саясат көмитетінің төрағасының орынбасары
Тармақ 5
5. Қырғызбаев Қ.А. - көлік инспекциясының облыстық бөлімінің бастығы
Тармақ 6
6. Тұмаров Г.К. - Облыстық салық инспекциясының жанама салықтар секторының меңгерушісі
Тармақ 7
7. Қарпықов А.В. - жол полициясы басқармасының облыстық бөлімінің бастығы
Тармақ 8
8. Өтебаев М.Н. - өнеркәсіп және сауда басқармасының аға қызметкері
Тармақ 9
9. Құрманғалиев А.Қ. - жолаушылар жасымалдау автокөлігі ассоциациясының вице-президенті