Об утверждении Правил проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и квалификационных требований, предъявляемых к участникам конкурса Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 168) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _____________Ә. Исекешев 2015 жылғы 3 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ____________ Е. Досаев 2015 жылғы 22 мамыр
Басқа 0. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысының 1-тармағының 168) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiнде конкурс (бұдан әрi – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Конкурсты өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына бекітіліп берілетін аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.
Тармақ 3
3. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан аңшылық алқаптар оларға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, олардың өтініші бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен конкурс өткізілмей бекітіліп беріледі.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ағымдағы баға – конкурстың екінші кезеңі барысында қалыптасатын конкурс нысанасының бағасы;
Тармақша 2
2) аукциондық зал – конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
Тармақша 3
3) аумақтық бөлімшелер – ведомствоның аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 4
4) басталатын баға – конкурстың әрбір нысаны бойынша конкурстың екінші кезеңі басталатын баға;
Тармақша 5
5) бастапқы баға – осы Қағидалардың 9 және 10 – тармақтарына сәйкес конкурс ұйымдастырушылары айқындайтын және белгілейтін баға;
Тармақша 6
6) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 7
7) геоақпараттық сервис – жүргізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру бойынша электрондық картада графикалық және мәтіндік түрдегі ақпаратты орналастыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сервисі;
Тармақша 8
8) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 9
9) жеңімпаз – конкурс нысанасы үшін ең жоғары баға ұсынған конкурсқа қатысушы;
Тармақша 10
10) кепілдік жарна – қатысушы конкурсқа қатысу үшін енгізетін ақша сомасы;
Тармақша 11
11) конкурстың нысанасы – конкурс жеңімпазына бекітіліп берілетін аңшылық алқапта аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы;
Тармақша 12
12) конкурс – конкурс жеңімпазына аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бағытталған сауда-саттық нысаны, бұл ретте жеңімпазды айқындаудың басты өлшемі қатысушылар ұсынатын баға болып табылады;
Тармақша 13
13) конкурсқа қатысушының нөмірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде конкурсқа қатысу үшін қатысушыға тізілім веб-порталы беретін бірегей нөмір;
Тармақша 14
14) конкурсты ұйымдастырушы – конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыратын және Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай оператормен өзара іс-қимыл жасайтын облыстық жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 15
15) қатысушы – конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және өтінімді тізілімнің веб-порталы арқылы ұсынған жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 16
16) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
Тармақша 17
17) объект – аңшылық алқаптар;
Тармақша 18
18) объектінің электрондық паспорты (бұдан әрі – электрондық паспорт) – объект туралы толық ақпаратты қамтитын электрондық құжат;
Тармақша 19
19) түпкілікті баға – конкурстың екінші кезеңін аяқтау нәтижесінде белгіленген конкурс мәнінің бағасы;
Тармақша 20
20) тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – веб портал) – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
Тармақша 21
21) уәкілетті орган – мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында, оның ішінде орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 22
22) шарт –ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз арасында веб-порталда электрондық түрде жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған екі жақты келісім;
Тармақша 23
23) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Тармақша 24
24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілегін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
Тармақ 5
5. Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін перспективалы деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары қойылады.
Тармақ 6
6. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру осы Қағидаға сәйкес өткізілетін конкурстың қорытындылары негізінде облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы бағасы мынадай формула бойынша айқындалады: Р= T*V, мұндағы: Р – аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бастапқы бағасы; Т – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 582-бабына сәйкес айқындалатын аңшылық жануардың ерекше түрі үшін төлемақы мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері; V – аңшылық жануардың паспортында көрсетілген жануарлардың аңшылық түрлерінің түрлік құрамының саны.
Тарау 2. 2-тарау. Ұйымдастырушы
2-тарау. Ұйымдастырушы
Тармақ 8
8. Аңшылық шаруашылығы мұқтажы үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсты облыстың жергілікті атқарушы органы өткізеді.
Тармақ 9
9. Конкурсты дайындау және өткізу кезінде ұйымдастырушы:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссияны қалыптастырады;
Тармақша 2
2) конкурсты өткізу мерзімін және оның шарттарын айқындайды;
Тармақша 3
3) конкурс өткізу туралы хабарлама жариялайды;
Тармақша 4
4) аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын әзірлейді;
Тармақша 5
5) конкурс нысанасының бастапқы бағасын айқындайды;
Тармақша 6
6) конкурс жеңімпазының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; Аңшылық алқаптарды бекітіп беру мерзімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларына қосымшада қарастырылған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11551 тіркелген);
Тармақ 10
10. Конкурсты ұйымдастырушы оны өткізгенге дейін геоақпараттық сервисте өткізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі толық ақпаратты, сондай-ақ комиссия қабылдаған шешімдер бойынша ақпаратты, оның ішінде: барлық орман алқабы мен әрбір алқаптың координаттары мен шекараларын суреттейтін аңшылық алқаптарының орналасқан жері туралы нақты деректердің электрондық картасы. Электрондық карта сондай-ақ межелік нүктелер, есеп алаңдары және жануарлар маршруттары (бар болса) бойынша ақпаратты қамтиды; аңшылық шаруашылығының және барлық орман алқабының және әрбір алқаптың жеке электрондық паспорты;
Тармақ 11
11. Аңшылық алқаптың электрондық паспорты алқаптың бірегей сәйкестендіру нөмірін, оның ауданын, бір қорықшыға қорғалатын алаңның жүктеме нормасын, санатын, жануарлар дүниесінің жай-күйін (түрін, санын) қамтиды.
Тармақ 12
12. Ұйымдастырушы конкурс өткізгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізу туралы хабарламаны орналастырады, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
Тармақша 1
1) конкурсты өткізу күні мен уақыты;
Тармақша 2
2) ұйымдастырушының толық атауы;
Тармақша 3
3) объект туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары;
Тармақша 5
5) конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімдері;
Тармақша 6
6) объектіні бекіту мерзімдері;
Тармақша 7
7) конкурсты өткізу тәртібі;
Тармақша 8
8) объект бойынша кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізу үшін банк деректемелері;
Тармақша 9
9) бастапқы баға.
Тармақ 13
13. Хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы конкурсқа барлық әлеуетті қатысушыларға объектіге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссия
3-тарау. Комиссия
Тармақ 14
14. Конкурстық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) объект бойынша бекітудің барлық ұсынылатын кезеңіне аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың өтінішін және құжаттарын қарайды және қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жібереді.
Тармақ 15
15. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және бес адамнан кем емес.
Тармақ 16
16. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның мүшелері:
Тармақша 1
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);
Тармақша 3
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (басшының орынбасарынан төмен емес);
Тармақша 4
4) аңшылық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың;
Тармақша 5
5) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары.
Тармақ 17
17. Егер тізілімнің веб-порталында дауыс беруге конкурстық комиссия мүшелерінің 2/3-нен кем қатысса, тізілімнің веб-порталы рұқсат беру хаттамасын қалыптастырудан бас тартады және ұйымдастырушыға өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді. Комиссия мүшелерінің өз өкілеттіктері басқа адамдарға берілмейді.
Тармақ 18
18. Конкурстық комиссиялардың ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы (бұдан әрі – хатшы) қамтамасыз етеді. Комиссия мүшесі болып табылмайтын және комиссия шешім қабылдаған кезде дауысы жоқ ұйымдастырушының өкілі хатшы болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
4-тарау. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 19
19. Қатысушылар:
Тармақша 1
1) Конкурс басталғанға дейін ұйымдастырушыдан объект бойынша қосымша мәліметтерді, нақтылауларды алады;
Тармақша 2
2) өз құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінеді;
Тармақша 3
3) конкурс басталғанға дейін өздерінің конкурсқа қатысуға өтінімдерін кері қайтарып алады.
Тармақ 20
20. Конкурсқа қатысу үшін веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
Тармақша 3
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
Тармақша 4
4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, факс, e-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.
Тармақ 21
21. Конкурсқа қатысушы веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім береді.
Тармақ 22
22. Бірыңғай оператор веб-порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды.
Тармақ 23
23. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімде бірыңғай оператордың шотына енгізеді. Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді.
Тармақ 24
24. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна бастапқы бағаның 15 (он бес пайызын) құрайды, бірақ 50 (елу мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) кем емес және 30 (отыз мың) АЕК-тен аспайды.
Тармақ 25
25. Өтінімді веб-портал тіркегеннен кейін үш минут ішінде тізілім дерекқорында өтінім берілген объект бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтердің бар-жоғына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, веб-портал өтінімді қабылдауды және конкурс нәтижелері анықталғанға дейін кепілдік жарнаның сомасын оқшаулауды жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде веб-портал қатысушының өтінімін қабылдамайды.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесімен аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге шарт жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның бекітілген нысанына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша белгіленген және шартта көрсетілген түпкілікті баға есебіне жатады және бірыңғай оператор веб-порталда кепілдік жарнаны аударуға арналған өтінішке қол қойғаннан кейін тиісті бюджетке жібереді.
Тармақ 28
28. Конкурс нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қойылмаған жағдайда, кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. Бұл жағдайда конкурс жеңімпазының кепілдік жарнасын ұйымдастырушы веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қойғаннан кейін бірыңғай оператор тиісті бюджетке жібереді. Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарналарды бірыңғай оператор конкурс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қатысушылар қол қойған кепілдік жарналарды қайтаруға өтініштерде конкурсқа қатысушылар көрсететін деректемелерге қайтарады.
Тармақ 29
29. Қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Тармақ 30
30. Қатысушы ретінде тіркелу үшін веб-порталда конкурс шарттарымен келісімі бар өтінімді тіркеу қажет. Өтінімге қатысушының ЭЦҚ-сы қол қойылады.
Тармақ 31
31. Өтінімдер тізілімнің дерекқорында сақталады және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыт пен күнге дейін жүктеу және қарау үшін қол жетімді емес.
Тармақ 32
32. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тармақ 33
33. Веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі болып табылады.
Тармақ 34
34. Ұйымдастырушы веб-порталдағы конкурсты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін айқындалады және тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
Тармақ 35
35. Егер бірінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте бір өтінім тіркелген болса, мұндай конкурс өтпеді деп танылады. Екінші және одан кейінгі конкурстар өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте біліктілік талаптарға сәйкес кемінде бір тіркелген өтінім болған кезде өтті деп танылады. Екінші және одан кейінгі конкурстарды өткізу кезінде конкурстың екінші кезеңіне жалғыз қатысушы жіберілгенде онымен объектінің бастапқы бағасы төленген және шарт жасасқан жағдайда мұндай қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 36
36. Егер конкурс өткізілмеді деп жарияланса, өтінімдерді ашуды жүргізбейді және ұйымдастырушы конкурс өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, веб-портал қалыптастыратын өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды.
Тармақ 37
37. Өтінімдерді ашу конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты басталғаннан кейін веб-портал арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Тармақ 38
38. Байқау екі кезеңде өткізіледі. Қатысушылардың өтінімдерін бірінші кезеңде комиссия конкурс шарттарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында веб-порталда қарайды.
Тармақ 39
39. Комиссия хатшысы өтінімдерді ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ-ын пайдалана отырып қол қою үшін рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады. Комиссия мүшесі рұқсат беру хаттамасына қол қоймаған жағдайда, Комиссия хатшысы хаттамада қолдың болмау себебі туралы ақпараты бар рұқсат беру хаттамасында қол қоймаған комиссия мүшелері көрсетіледі.
Тармақ 40
40. Конкурсқа қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жіберу хаттамасы Конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларды электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, Комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, конкурсқа жіберу хаттамасына қол қойған уақыттан бастап веб-порталда конкурсқа қатысушыларға қолжетімді болады.
Тармақ 41
41. Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) себебін көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілмеген қатысушылар нөмірлерінің тізімі;
Тармақша 2
2) конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылар нөмірлерінің тізімі.
Тармақ 42
42. Конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын тізілімнің веб-порталы жіберу хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне автоматты түрде тағайындайды.
Тармақ 43
43. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар ол басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және веб-портал беретін аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукциондық залға кіреді.
Тармақ 44
44. Конкурстың екінші кезеңі веб-портал белгілеген уақытта басталады және мынадай түрде өткізіледі:
Тармақша 1
1) екінші кезең басталған сәтте аукцион залында комиссия белгілеген бастапқы бағадан кем болмайтын өтінімде көрсетілген конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары көрсетіледі және конкурс басталатын бастапқы баға қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) конкурстың екінші кезеңі басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағиданың 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру мүмкіндігі беріледі;
Тармақша 3
3) Егер конкурстың екінші кезеңі басталғаннан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы ең жоғары бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурстың осы нысанасы бойынша конкурс өткізілген деп танылады;
Тармақша 4
4) Егер аукцион залында конкурстың екінші кезеңінің басынан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағиданың 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
Тармақша 5
5) Егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда конкурс нысанасын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурс өткізілген деп танылады;
Тармақша 6
6) Егер конкурстың екінші кезеңі аяқталған сәтте сағат 17:00-де жеңімпаз анықталмаса, онда конкурстың нысанасын сатып алуға өзінің ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал конкурстың осы мәні бойынша конкурс өткізілген болып танылады.
Тармақ 45
45. Егер конкурстың екінші кезеңі басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстарында конкурс мәні үшін бірдей ең жоғары баға болған және осы ағымдағы баға он минут ішінде ұлғайтылмаған жағдайда, онда осы қатысушылардың арасында өтінімі бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 46
46. Конкурстың екінші кезеңі кезінде бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
Тармақша 1
1) айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 20 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
Тармақша 2
2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенгеннен 100 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
Тармақша 3
3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенгеннен 250 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
Тармақша 4
4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 еселенгеннен 500 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
Тармақша 5
5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тарау 5. 5-тарау. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурс нәтижелерін ресімдеу тәртібі
5-тарау. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурс нәтижелерін ресімдеу тәртібі
Тармақ 47
47. Конкурстың нәтижелері туралы хаттаманы веб-портал қалыптастырады және ұйымдастырушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, ол өткізілетін күні қол қояды. Конкурс нәтижелері туралы хаттама конкурс нәтижелерін және жеңімпаздың және облыстың жергілікті атқарушы органының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің конкурс нәтижесі болып табылатын шарттарда шартқа қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Конкурстың нәтижелерін ведомствоның аумақтық бөлімшелері және (немесе) ведомство конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шешім (қаулы) қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Тармақ 48
48. Конкурстың нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер қамтылады:
Тармақша 1
1) конкурс шарттары;
Тармақша 2
2) объект туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері.
Тармақ 49
49. Жеңімпаз белгіленген мерзімде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіні қалыптастырады және қол қояды.
Тармақ 50
50. Конкурсты ведомство өткізген жағдайда, конкурс нәтижелері туралы хаттама ведомство мен жеңімпаз қол қойғаннан кейін объектілерді бекіту және шарт жасасу жөнінде шешім қабылдау үшін ведомствоның жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Тармақ 51
51. Облыстың жергілікті атқарушы органы түпкілікті бағаны төлеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде объектілерді бекіту туралы шешім (қаулы) қабылдайды.
Тармақ 52
52. Облыстың жергілікті атқарушы органының объектілерді бекіту туралы шешімі негізінде шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде шарт жасалады.
Тармақ 53
53. Конкурсты жеңіп шыққан тұлға конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.
Тармақ 54
54. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезіндегі шарт бойынша есеп айырысулар облыстың жергілікті атқарушы органы мен жеңімпаз арасында жүргізіледі. Түпкілікті баға конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына енгізіледі.
Тармақ 55
55. Жеңімпаз конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға, шартқа, белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан, немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және конкурстың осы нысанасы бойынша күші жойылған конкурстың шарттарымен конкурс қайтадан өткізіледі. Түпкілікті бағаны бірыңғай оператор ұйымдастырушының веб-порталда жеңімпазбен түпкілікті бағаны төлеу туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттің кірісіне аударады.
Басқа 0-1. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім 1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап: __________________________________________________________________ (алқаптың атауы) __________________________________________________________________ (алқаптардың сәйкестендіру нөмірі, ауданы, облысы)) және аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларымен танысқан соң, мен, төменде қол қоюшы Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__жылғы «____» _______ конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды және өткізілетін конкурсқа қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын. 2. Мен (біз) конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім, оны веб-портал мынадай сома бойынша конкурс нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттайды: __________________________________________________________________ (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі)) хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына: ________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем белгілеу коды, бенефициар коды) ________________________________________________________________ (төлем құжатының № және күні) 3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда біз (мен) конкурсқа қатысу құқығынан айырылып отырмыз, біздің (менің) конкурста жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама мен аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты жарамсыз деп танылатындығымен келісемін, кепілдік жарна қайтарылмайды. 4. Егер біз (мен) конкурстың жеңімпазы болған жағдайда, біз (мен) хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған конкурс шарттарында конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз (мын) және аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарт жасаймыз (мын). 5. Мені (бізді) жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтындығымен және менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органында қалатындығымен келісемін. 6. Аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым. 7. Өткен жылдардағы (қолданыстағы шарттар бойынша) аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша менде (бізде) берешектің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін. 8. Менің (бізде) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәлімдеймін. 9. Менде (бізде) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін. 10. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін. 11. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. 12. Осы өтінім конкурс нәтижелері туралы хаттамамен бірге аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады. 13. Өзі туралы мәліметтерді ұсынамын: Заңды тұлға үшін: Атауы ________________________________________ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________ Басшының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) ________________________ Мекен жайы: ___________________________________________________ Телефон нөмірі (факс): ____________________________________ Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер: Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________ Банктік сәйкестендіру коды ___________________________________ Банктің атауы ______________________________________ Бенефициар коды _________________________________________ Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________ Жеке тұлға үшін: Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________ Паспорттық деректер ________________________________________ Мекен жайы: ________________________________________________ Телефон нөмірі (факс): ____________________________________ Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер: Жеке сәйкестендіру коды _______________________________________ Банктік сәйкестендіру коды ____________________________________ Банктің атауы _______________________________________ Бенефициар коды ____________________________________________ Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________ 00:00-де өтінім беруші қол қойды және жіберді «__» _______ 20__ жыл: ЭЦҚ деректері ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты Өтінімді қабылдау туралы хабарлама: 20__ жыл «__» ______Сағат 00:00-де: ЭЦҚ деректері ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Басқа 0-2. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 1
1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Тармақша 1
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
Тармақша 3
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі);
Тармақша 4
4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама.