Об утверждении натуральных норм положенности специальных транспортных средств Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы су көлігінiң тиесілік заттай нормалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (А.А. Асавбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы «__»________
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары Атауы Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер Арнайы көлік құралдарының саны Арнайы көлік құралы Өндірістік процесті қамтамасыз ету, автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылауды жүргізу; су көлігінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тексеріп қарауды, кемелерді, жағалаудағы объектілерді, гидроқұрылыстарды, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық куәландыруды жүргізу; теміржол көлігінде жолдың жоғарғы қабатын, магистральдық, станциялық және өзге де технологиялық жолдарды, инженерлік құрылыстарға техникалық куәландыруды жүргізу Көлік комитеті және оның аумақтық инспекциялары: Көлік комитеті 1 Ақмола облысы 4 Ақтөбе облысы 5 Алматы облысы 5 Атырау облысы 5 Шығыс Қазақстан облысы 5 Жамбыл облысы 4 Батыс Қазақстан облысы 5 Қарағанды облысы 5 Қызылорда облысы 4 Қостанай облысы 5 Маңғыстау облысы 4 Павлодар облысы 5 Солтүстік Қазақстан облысы 5 Түркістан облысы 5 Нұр-Сұлтан қаласы 4 Алматы қаласы 4 Шымкент қаласы 3 «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі 3
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары Ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның ата­уы* Ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты Ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның пай­да­ла­ну­ға құқы­ғы бар рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер Ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның са­ны Ар­найы Ав­то­мо­биль жол­да­рын са­лу, жөн­деу және ұстау ке­зін­де жұ­мыстар мен ма­те­ри­ал­дар­дың са­па­сы­на са­рап­та­ма жүр­гі­зу Ақ­мо­ла­жол­зерт­ха­на­сы 1 Ақ­тө­бе­жол­зерт­ха­на­сы 1 Ал­ма­ты­жол­зерт­ха­на­сы 1 Аты­ра­у­жол­зерт­ха­на­сы 1 Ба­ты­сжол­зерт­ха­на­сы 1 Жам­бы­л­жол­зерт­ха­на­сы 1 Шы­ғы­сжол­зерт­ха­на­сы 1 Ка­ра­ған­ды­жол­зерт­ха­на­сы 1 Кы­зы­лор­да­жол­зерт­ха­на­сы 1 Кө­ста­най­жол­зерт­ха­на­сы 1 Маң­ғы­ста­у­жол­зерт­ха­на­сы 1 Пав­ло­дар­жол­зерт­ха­на­сы 1 Сол­тү­сті­кжол­зерт­ха­на­сы 1 Түр­кі­стан­жол­зерт­ха­на­сы 1 Аста­на­қа­ла­лы­қ­жол­зерт­ха­на­сы 1 Ал­ма­ты­қа­ла­лы­қ­жол­зерт­ха­на­сы 1 Ескертпе: *арнайы көлік құралы – жеңіл автомобиль базасындағы, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге арналған көлік құралы.
Басқа 3. Арнайы су көлігінің тиесілі заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына 3-қосымша Арнайы су көлігінің тиесілі заттай нормалары Ар­найы су кө­лі­гі­нің ата­уы* Ар­найы су кө­лі­гі­нің функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты Ар­найы су кө­лі­гін пай­да­ла­на­тын мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер Ар­найы су кө­лі­гі­нің са­ны Те­ңіз Өзен Ша­ғын кө­лем­ді Ар­найы Өн­ді­рі­стік про­це­сті қам­та­ма­сыз ету және су кө­лі­гін­де ба­қы­ла­уды және қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру (ке­ме­лер­ді, жа­ға­ла­уда­ғы объ­ек­ті­лер­ді, порт­тар­ды, ке­ме­жай­лар­ды, шы­ға­нақ­тар­ды, ке­ме­тұ­рақ­тар­ды, ша­ғын кө­лем­ді және ба­лық аулай­тын ке­ме­лер­ге ар­нал­ған ба­за-тұ­рақ­тар­ды және т.б. тех­ни­ка­лық ку­әлан­ды­ру­ды жүр­гі­зу) Кө­лік ко­ми­те­ті­нің ин­спек­ци­я­ла­ры: Ақ­мо­ла об­лы­сы - - 1 Ақ­тө­бе об­лы­сы - - 1 Ал­ма­ты об­лы­сы - 1 1 Аты­рау об­лы­сы - 1 2 Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы - 4 2 Жам­был об­лы­сы - - 1 Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы - 1 1 Қа­ра­ған­ды об­лы­сы - 1 2 Қы­зы­лор­да об­лы­сы - - 1 Қо­ста­най об­лы­сы - - 1 Маң­ғы­стау об­лы­сы - - 1 Пав­ло­дар об­лы­сы - 1 1 Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы - - 1 Түр­кі­стан об­лы­сы - - 1 Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы - - 1 "Ақ­тау және Ба­у­ти­но порт­та­ры­ның те­ңіз әкім­ші­лі­гі" рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 1 - - Ескертпе: *арнайы су көлігі – ішкі су жолдарда және өзге теңіз суларында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме.