Об утверждении Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Ұсынылған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Қағидаларын бекіту.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ____________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 25 мамыр
Басқа 0. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) адамға (отбасына) берілетін көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Тармақша 2
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Тармақша 3
3) ассистент – Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу функцияларын орындайтын жұмыскері;
Тармақша 4
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 5
5) әлеуметтік бейімдеу шаралары – «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын іс-шаралар кешені;
Тармақша 6
6) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
Тармақша 7
7) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу;
Тармақша 8
8) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант (бұдан әрі – консультант) – Халықты жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасына) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;
Тармақша 9
9) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Халықты жұмыспен қамту туралы заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Халықты жұмыспен қамту туралы заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
Тармақша 10
10) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 11
11) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;
Тармақша 12
12) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 13
13) жиынтық табыс – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
Тармақша 14
14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесі (бұдан әрі – Үлгілік тізбе) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен және әлеуметтік келісімшарт жасау кезінде пайдалану үшін ұсынылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларының тізбесі;
Тармақша 15
15) көрсетілетін қызметті беруші – республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
Тармақша 15-1
15-1) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
Тармақша 16
16) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
Тармақша 17
17) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган);
Тармақша 18
18) учаскелік комиссия – «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 тіркелген) бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссия;
Тармақша 19
19) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – «Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 482 бұйрық) бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия;
Тармақша 20
20) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – № 482 бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия;
Тармақша 21
21) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда көзделген өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;
Тармақша 22
22) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
Тармақша 23
23) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасы құрамы Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.
Тармақ 4
4. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді. Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болу (тұру) орны бойынша, мынадай жағдайларды қоспағанда, тіркелумен расталады:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлар;
Тармақша 2
2) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайлар: әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; үйінің болмауы (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); бас бостандығынан айыру орындарынан босау. Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда Орталық немесе әкім атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мақсатында өтініш берушінің Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына уақытша тіркеуге тұруына жәрдемжеседі.
Тармақ 5
5. Адамның немесе отбасының жүгіну процесінде оған консультация беріледі, оның барысында оған:
Тармақша 1
1) мынадай ақпарат беріледі: шартсыз және шартты ақшалай көмек алу шарттары туралы; жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы; әлеуметтік келісімшарт жасасу қажеттілігі, әлеуметтік келісімшартқа қатысушы тараптардың міндеттемелері және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары туралы; Заңның 2-бабы 2-тармағының 2) 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өзгерту және (немесе) тоқтата тұру шарттары туралы, алты айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығынан айыру туралы; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен сұратылатын мәліметтер тізбесі; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі жоқ мәліметтерді растайтын құжаттар беру мүмкіндігі туралы;
Тармақша 2
2) адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі. Консультацияны Орталықтарда консультанттар, ал адам әкімге жүгінген жағдайда ассистенттер береді.
Тармақ 6
6. Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы (бұдан әрі – өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш береді. Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге қағаз жеткізгіштегі жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), қандастар куәлігі не оның орнына сәйкестендіру үшін ол цифрлық құжаттар сервисінде болған жағдайда электрондық құжат болуы қажет. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді. Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі. Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін портал арқылы жүгінеді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтінішті ұсыну оны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындау кезінде талап етілмейді. Учаскелік комиссияның адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімі атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындауды қарау үшін негіз болып табылады. Учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісім алған күн проактивті көрсетілетін қызмет арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.
Тармақ 7
7. Өтініш қабылдау кезінде Орталық немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сұрау салуды дербес келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
Тармақша 2
2) қандас мәртебесі туралы;
Тармақша 3
3) босқын мәртебесі туралы;
Тармақша 4
4) шетелдік мәртебесі туралы;
Тармақша 5
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;
Тармақша 6
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
Тармақша 7
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
Тармақша 8
8) мүгедектікті белгілеу туралы;
Тармақша 9
9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
Тармақша 10
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
Тармақша 11
11) бала асырап алу туралы;
Тармақша 12
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;
Тармақша 13
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;
Тармақша 14
14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);
Тармақша 15
15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;
Тармақша 16
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
Тармақша 17
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
Тармақша 18
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
Тармақша 19
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
Тармақша 20
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;
Тармақша 21
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
Тармақша 22
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;
Тармақша 23
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;
Тармақша 24
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы. Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады. Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және портал уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық өтінішті жібереді. Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Тармақ 7-1
7-1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған «портал» арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:
Тармақша 1
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
Тармақша 2
2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
Тармақша 3
3) отбасының барлық мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болуы. Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған кезде өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына ауыстыру жүргізіледі. Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін әлеуетті алушыларды айқындау адамның (отбасының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер бойынша анықталған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін талаптарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады. Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі тіркелген болуы, көрсетілетін қызметті алушының учаскелік комиссияға келуге келісімі және көрсетілетін қызметті алушының sms-хабар арқылы сұрау салу арқылы алынған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымды таңдауы қажет.
Тармақ 8
8. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органның немесе ұйымның тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды береді, ал өтініш берушінің ондай мүмкіндігі болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша Орталық, ауылдық жерде – әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. Портал арқылы электрондық өтініш келіп түскен кезде Орталық осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мәліметтерді алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерге сұрау салуларды қалыптастырады, тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға жазбаша сұрау салуларды ресімдейді. Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭТ-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге дейін ұзартылады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын өтінішті және құжаттарды үшінші тұлғалардың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін беруі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады. Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынады.
Тармақ 9
9. Өтініш беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште өз бастамасы бойынша ұсынады.
Тармақ 10
10. Өтініш берушінің өтінішін қараған кезде әкім немесе Орталық:
Тармақша 1
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден алынған, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан жазбаша түрде алынған мәліметтердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді;
Тармақша 2
2) тиісті мемлекеттік органдардан жазбаша түрде ұсынылған құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттарды сканерлейді. Құжаттардың электрондық көшірмелері әкімнің немесе Орталық маманының электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады. Құжаттарды сканерлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда алынған құжаттарды көшіруді жүзеге асырады. Құжаттардың қағаз көшірмелері әкімнің немесе Орталық маманының қолымен куәландырылады, одан кейін өтініш берушіден алынған құжаттардың түпнұсқалары үзбелі талонмен бірге оған қайтарылады;
Тармақша 3
3) сканерлеу (көшіру) сапасын және құжаттардың электрондық және (немесе) қағаз көшірмелерінің осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарына сәйкес алынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Әкім немесе Орталық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті қабылдаудан мынадай: мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш берушінің тапсырған құжаттарының қолдану мерзімі өтіп кеткенін және (немесе) дұрыс емес екенін белгілеген; ақпараттық жүйелерде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтер болуған жағдайларда бас тарту туралы дереу қолхат береді.
Тармақ 12
12. Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін талаптарға сәйкес болған кезде:
Тармақша 1
1) әкім бір жұмыс күні ішінде: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеу журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. Ақпараттық жүйелерге қолжетімділік болған кезде – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында тіркейді; Осы Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарда көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қамтитын құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттардың электрондық топтамасын (бұдан әрі - ҚЭТ) қалыптастырады және оны тиісінше өзінің қолымен немесе ЭЦҚ арқылы куәландырады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады; өтініш қабылданғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді; Әкім учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, өтініш берушінің құжаттар топтамасын Орталыққа береді;
Тармақша 2
2) Орталық бір жұмыс күні ішінде: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. «Портал» арқылы не проактивті форматта келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 3.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркеудің электрондық журналында тіркеледі; еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін, олардың өтініштері бойынша «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді; өтініш берушінің құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе тиісінше ЭЦҚ арқылы куәландырады; Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жазбаша сұрау салуды ресімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күнге дейін мерзімге ұзартылады; өтінішті қабылдағаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді.
Тармақ 13
13. Учаскелік комиссияәкімнен немесе Орталықтан атаулы әлеуметті көмек тағайындауға өтінішті, құжаттардың электрондық көшірмелерін, мемлекеттік органдар мен (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың көшірмелерін алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, оның нәтижесі бойынша қорытынды дайындап, оны әкімге немесе Орталыққа береді. Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшелерінің біреуінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қорытындыға учаскелік комиссияның мүшелері қол қояды және өтініш берушіге, ал ол болмаған жағдайда, оның қатысуымен тексеру жүргізілген отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшесіне қарау үшін ұсынылады. Өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшелерінің біреуінің тексеру жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссия мүшелерінің көпшілігі қол қойятын хаттамада тіркеледі. Өтініш беруші күнтізбелік бір жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінген кезде тексеру жүргізу өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажеттілігі, сондай-ақ өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда ғана күнтізбелік бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің, тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған жазбаша түрдегі құжаттардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық тиісті жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың немесе әкімнен алынған құжаттар топтамасының және учаскелік комиссия қорытындысының негізінде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды: шартсыз немесе шартты ақшалай көмек;
Тармақша 2
2) адамның (отбасының) жиынтық табысын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне (бұдан әрі – Жиынтық табысты есептеу ережесі) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептейді. Адамға (отбасына) берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген отбасы мүшелерінің әрқайсысына қарай белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде есептейді. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді. Қажет болған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) табыс бермейді деп айқындайды;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімінің электрондық жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) дайындайды, оған ҚЭТ қалыптастыруды тікелей жүзеге асыратын Орталық маманы ЭЦҚ-сы арқылы, Орталық құрылымдық бөлімшесінің басшысы және Орталық басшысы қол қояды;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініштерді электрондық тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) уәкілетті органға ҚЭТ-ты және құжаттар топтамасын береді. Шартты ақшалай көмекті айқындаған жағдайда Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер (құжаттар), тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған жазбаша түрдегі құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің немесе әкімнен құжаттар топтамасының және учаскелік комиссияның қорытындысының болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде оларды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің санын айқындайды;
Тармақша 2
2) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 4-бабына сәйкес отбасы құрамына кіретін бірге тұратын жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті мүшелерді Халықты жұмыспен қамту туралы заңның 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді;
Тармақша 3
3) алынған мәліметтер мен құжаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияға: шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемі; ұсынылуы туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шығатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын және әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету кезінде шартты ақшалай көмек тағайындауды келісу үшін береді. Аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның шешімдері учаскелік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және оларды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына жіберіледі. Учаскелік комиссияның қорытындысын немесе әкімнен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу шараларын қамтитын жеке жоспар жасайды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды. Әлеуметтік келісімшартта осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесінде ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу шараларын орындау жөніндегі тараптардың міндеттемелері және олар орындалмаған жағдайда қабылданатын шаралар жазылады. Орталық әлеуметтік келісімшарт жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын, сондай-ақ тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты қоса алғанда, ҚЭТ-ты қоса бере отырып, электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға;
Тармақша 2
2) өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘПК) 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті тағайындау немесе көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын жібереді. Орталық өтініш берушінің алдын ала шешімге қарсылығын оны жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган Заңның 4-бабының 8-тармағына сәйкес ҚЭТ-ты немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар топтамасын және электрондық шешім жобасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) тиісті органдардан және (немесе) ұйымдардан немесе өтініш берушіден қағаз түрінде алынған және (немесе) ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің толықтығын және дәйектілігін тексереді. Қажеттігіне қарай тиісті мемлекеттік органдарға, уәкілетті ұйымдарға және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салуларды жүзеге асырады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, тағайындаудан бас тарту және төлемді тоқтату) туралы шешім қабылдау мерзімі ол туралы өтініш берушіні тиісті органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар ете отырып уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады;
Тармақша 2
2) таңдалған атаулы әлеуметтік көмек түрінің, жиынтық табысын есептеудің және Орталық жүргізген адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті есептеуінің дұрыстығын тексеруді;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толық еместігі және дәйексіздігі және атаулы әлеуметтік көмек түрін таңдау, жиынтық табысты есептеу және адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеу кезінде қателер табылған жағдайда ҚЭТ-ты және электрондық шешім жобасын пысықтауға қайтаруды; 4) өтініш берушіні алдын ала шешім бойынша тыңдау нәтижесін ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдауды (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) жүзеге асырады (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім), бұл туралы жазбаша, Орталық немесе әкім арқылы немесе ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы өтініш берушіні, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Атаулы әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
Тармақша 2
2) Заңның 2-бабының 6-тармағында көрсетілген, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан адамдарды қоспағанда, отбасына – еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде;
Тармақша 3
3) бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер алушының кінәсінен орындалмаған жағдайда адамға (отбасына) – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы алты ай ішінде;
Тармақша 4
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға) ұсынған күнінен бастап алты ай ішінде;
Тармақша 5
5) учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды. Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес бұдан бұрын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан еңбекке қабілетті отбасы мүшесінің қайтыс болуына немесе әлеуметтік келіссімшартта көзделген міндеттемелерді орындамауына, оның ішінде оның кінәсінен бұдан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарттың бұзылуының туындауына, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар беруіне байланысты отбасы құрамы өзгерген жағдайда отбасы осы Қағидаларға белгіленген алты айлық мерзім өткенге дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінеді.
Тармақ 17
17. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешімге ЭЦҚ-ны қолдана отырып, уәкілетті органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын адам қол қояды.
Тармақ 18
18. Орталық электрондық шешім жобасы және ҚЭТ пысықтауға қайтарылған кезде үш жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) құжатта көрсетілген мәліметтерді өтініш берушіден немесе әкімнен нақтылайды;
Тармақша 2
2) адамның (отбасының) жиынтық табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуді жүргізеді;
Тармақша 3
3) пысықталған ҚЭТ-ты және электрондық шешім жобасын осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған тәртіппен нақтыланған мәліметтермен уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 19
19. Орталық уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе олардан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны береді.
Тармақ 19-1
19-1. Атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын адамға өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» және «Электрондық үкімет» порталының мобильдік қосымшасында қолжетімді. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат, ол туралы мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі болған жағдайда, портал арқылы жіберілетін жеке тұлғалардың сұрау салуы бойынша ұсынылады. Мәлімет сұралатын адам сұрау салуды алған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде порталдағы «жеке кабинет» арқылы не мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы оның (оның отбасының) жеке тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпаратты ұсынуға өзінің келісімін не келіспеушілігін бір реттік парольді пайдалана отырып портал хабарламасына жауап ретінде білдіреді. «Порталда» жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Келісім алғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат сұрау салуды жүзеге асырған жеке тұлғаның «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 20
20. Атаулы әлеуметтік көмек және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеуді уәкілетті орган Мемлекеттік корпорация арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарына немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 619 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен электрондық ақша түрінде аударылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, есепке алу мен пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің пайдаланылуын мониторингтеу қағидалары мен ерекшеліктеріне сәйкес электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен аудару жолымен жүргізеді.
Тармақ 21
21. Жүгінер алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табыс және тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері мынадай жағдайларда қайта есептеледі: отбасы құрамы өзгерген - отбасы құрамы өзгерген күннен бастап; өтініш берушінің жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынуын қоспағанда, отбасының жиынтық табысын айқындау кезінде есепке алынбаған фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда –атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген айдан бастап. Атаулы әлеуметтік көмек алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің немесе оны алу құқығының өзгеруіне негіз болатын мән-жайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Орталықты, ал ауылдық жерде әкімді аталған мән-жайлар туралы хабардар етеді. Алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабардар етпеген кезде, көмек мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оны тағайындау күнінен ерте емес қайта есептеледі, ал өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлуге алып келген жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынғаны анықталған жағдайда адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
Тармақ 22
22. Атаулы әлеуметтік көмек түрінің (шартты немесе шартсыз ақшалай көмек) өзгеруіне негіз болатын мән-жайлар туындаған жағдайда алушы күнтізбелік 10 күн ішінде Орталықты, ал ауылдық жерде әкімді аталған мән-жайлардың туындауы туралы хабардар етеді. Бұрын тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу қолданыстағы тәртіп бойынша ағымдағы тоқсанның соңына дейін қайта қараусыз жүргізіледі. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туындаған мән-жайларды ескере отырып осы Қағидаларда белгіленген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жаңа өтініш берген кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Шартсыз ақшалай көмек тағайындау тәртібі
1-параграф. Шартсыз ақшалай көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 23
23. Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Оларға:
Тармақша 1
1) жалғызілікті және жалғыз тұратын табысы аз: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар; бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар;
Тармақша 2
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі. Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. 16-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген адамдар (отбасылар) үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қайтадан өтініш берілген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген күннен бастап алты ай мерзім өткеннен кейін тағайындалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Шартты ақшалай көмек тағайындау тәртібі
2-параграф. Шартты ақшалай көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 24
24. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері), оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 619 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен электрондық ақша түрінде аударылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, есепке алу мен пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің пайдаланылуын мониторингтеу қағидалары мен ерекшеліктеріне сәйкес электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Шартты ақшалай көмекті тағайындау шарты: әлеуметтік келісімшарт жасасу, онда тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары мен әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысуы бойынша тараптардың міндеттемелері көрсетіледі; табысы аз отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысуы.
Тармақ 26
26. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу табысы аз отбасының мынадай мүшелеріне: бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; күндізгі оқу бөлімінің оқушыларына, студенттеріне, тыңдаушыларына, курсанттарына, магистранттарына, интерндеріне, докторанттарына, аспиранттарына; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға; үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, 6ipiнші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға; тұрақты жұмысы бар адамдарға шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылмайды. Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыраушыға отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін.
Тармақ 27
27. Орталық бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгендерге, еңбекке қабілетті адамдарға немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне бос жұмыс орындары (лайықты жұмыс) туралы хабарлама жібереді, оларға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді. Хабарлама тіркелген еңбекке қабілетті адамдарға немесе еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне тікелей ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы беріледі. Лайықты жұмыс болмаған жағдайда, Орталық «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын ұсынады.
Тармақ 28
28. Жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде тіркелген еңбекке қабілетті адамдар олардың біліктілігі, білім деңгейі немесе лайықты жұмыстың көлік қолжетімділігіне сәйкес келмеуіне байланысты ұсынылған жұмыстан бас тартқан кезде Орталық «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады.
Тармақ 29
29. Еңбекке қабілетті адамдар лайықты жұмыстан немесе жұмысқа орналасуға ықпал ету шараларынан бас тартқан жағдайда, еңбек қызметін дәлелсіз себептермен тоқтатқан немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан кезде, сондай-ақ әлеуметтік келісімшартты іске асырудың ай сайынғы мониторингі барысында ассистент (консультант) айқындаған әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған кезде Орталық әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы консультанттың жауабын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытынды дайындайды;
Тармақша 2
2) адамға (отбасына) шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтату туралы электрондық шешім жобасын қалыптастырады;
Тармақша 3
3) әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытындыны қоса алғанда, шартты ақшалай көмек төлемін тоқтату туралы электрондық шешім жобасын осы Қағидалардың 14-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған тәртіппен уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 30
30. Уәкілетті орган адамға (отбасыға) төленетін шартты ақшалай көмекті тоқтату туралы шешімді осы Қағидалардың 15 және 17-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылдайды.
Тармақ 31
31. Орталық, уәкілетті орган шартты ақшалай көмек мөлшерін өзгерту туралы, шартты ақшалай көмек төлемін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек төлемін.
Тармақ 32
32. Әлеуметтік келісімшартты іске асырудың мониторингі ай сайын жүргізіледі: ауданда (қалада) – консультант; ал ауылдық жерде – ассистент жүргізеді. Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі мыналардың: ақпараттық жүйелерден әлеуметтік төлемдердің түскені туралы және «Еңбек нарығы» ААЖ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету барысында түскен деректер; біржолғы ақшалай көмек қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын отбасының еңбекке қабілетті мүшесі беретін құжаттар негізінде жүргізіледі. Ассистент (консультант) әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттеменің орындалмағаны туралы фактіні анықтаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы Орталыққа хабарлайды. Орталық және уәкілетті орган осы Қағидалардың 29, 30-тармақтарында көзделген шараларды қабылдайды.
Тармақ 33
33. Ассистент ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3 күніне дейінгі мерзімде консультантқа «Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17319 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 347 бұйрық) 11-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ассистенттің әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуі туралы есептік кезеңге елді мекендер бойынша ай сайынғы есепті ұсынады. Консультант ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейінгі мерзімде № 347 бұйрығына 12-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы есептік кезеңге ай сайынғы есепті ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
3-тарау. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 34
34. Уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімнің және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемнің негізінде атаулы әлеуметтік көмек төлеуге арналған АӘК тағайындалған сомаларын және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді ағымдағы жылдың соңына дейін бюджет қаражатына қажеттілікке қосуды қамтамасыз етеді. Алушыға атаулы әлеуметтік көмекті және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы төлемді төлеу атаулы әлеуметтік көмек, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы төлемді төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімге сәйкес уәкілетті органның шешімі негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Қажеттілік сомасы туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация әр айдың бірінші жұмыс күнінде қалыптастырады. Мемлекеттік корпорация қажеттілік қалыптасқаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмек, ай сайынғы қосымша төлем төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді жібереді. Уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем сомасы туралы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде есепті кезеңге Мемлекеттік корпорацияға атаулы әлеуметтік көмек, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға төленетін ай сайынғы қосымша төлемді қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сомалар шегінде ақшалай аударады.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік корпорация: трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес МТ 102 форматында төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына төлеуді жүзеге асырады; ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен атаулы әлеуметтік көмектің, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемнің артық есептелген (төленген) сомаларын уәкілетті органға аударады; есепті айдан кейінгі әрбір айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті органмен атаулы әлеуметтік көмек төлеуге бөлінген қаражат және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем бойынша салыстыру актісіне қол қояды. Төленген сомалар бойынша Мемлекеттік корпорация мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар арасында ай сайын салыстыру актілері жасалады. Атаулы әлеуметтік көмекті және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен уәкілетті органдар арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында өтініш берушінің жалған ақпараты және (немесе) дұрыс емес мәліметтерін көрсететін фактілер мен мәліметтер анықталған жағдайда, орталық немесе әкім ауылды жерде тиісті фактілер немесе мәліметтер анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді. Артығымен төленген немесе негізсіз төленген сомалар туралы фактілер белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек алушыға атаулы әлеуметтік көмекті ерікті түрде қайтару туралы жазбаша хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады. Атаулы әлеуметтік көмек алушы артығымен төленген немесе негізсіз төленген соманы ерікті түрде толық көлемде алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бір айлық мерзімде қайтармаса, уәкілетті орган артығымен төленген немесе оған негізсіз төленген соманы қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдайды. Сотқа арыз атаулы әлеуметтік көмек алушының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде көзделген тәртіппен беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алғаннан кейін артық төленген сомалар кейінгі төлемдерден ұсталады. Алушының көшуіне байланысты басқа өңірде атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі алған жағдайда, артық төленген сома атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау орны бойынша тағайындалған сомадан ұсталады. Егер алушы заңсыз алынған атаулы әлеуметтік көмектің сомасын немесе оның бір бөлігін тиісті бюджетке қайтарса, онда өтініш берушінің жалпы қарызы қайтарым сомасына азаяды және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған және төленген ақпараттық жүйеде тіркелуі керек. Ол үшін өтініш беруші жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде - ауылдық округтің әкіміне - ақпараттық жүйеге сканерден өткізіліп, енгізілген, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін маманның ЭЦҚ қол қойылады, ол растау құжатын қабылдап, сканерленген көшірмесін ақпараттық жүйеге жүктейді, сондай-ақ жұмыспен қамту орталығы басшысының немесе әкімнің ЭЦҚ-сы, содан кейін бұл жазба түзету құқығынсыз ақпараттық жүйеде сақталады. Егер өтініш білдіруші немесе мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз алынған сомасын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырса, онда Мемлекеттік корпорация қайтарылған сомаларды уәкілетті органға ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Тарау 4. 4-тарау. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі
4-тарау. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 37
37. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлем балалардың жасын ескере отырып, ағымдағы тоқсанға бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Тармақ 38
38. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініште 1-қосымшаға сәйкес өтініш беруші бір жастан 6 жасты қоса алғанға дейінгі барлық балаларды, оның ішінде ағымдағы тоқсанда бір жасқа толған балаларды көрсетеді.
Тармақ 39
39. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың жасын ескере отырып, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлемді төлеу кезеңі көрсетіледі.
Тармақ 40
40. Бала қайтыс болған жағдайда бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлем бала қайтыс болған айға төленеді.
Тарау 5. 5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 45
45. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде орталық атқарушы орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Тармақ 46
46. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Басқа 1
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш Халықты жұмыспен қамту орталығына ____________________________ (елді мекен, аудан, облыс) ___________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________ мекенжайында тұратын (елді мекен, аудан) ____________________________________________________________________ (көшесі, үй және пәтер, телефон №) жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________ жеке басты куәландыратын құжат: құжат түрі ___________________________________________________________ құжат № /сериясы ________ берілген күні ________ кім берді _______________ ☐ Банк реквизиттері: Банктің атауы ______________________ Банк шоты № ____________________ Шоттың түрі: ағымдағы _____________________ Электрондық ақшаның электрондық әмиянына _______________________ Менің ______ адамнан тұратын отбасыма: (белгі қойылсын) шартсыз ақшалай көмек шартты ақшалай көмек  (бір жолғы/ай сайынғы) (қажетінің асты сызылсын) Жеті жасқа дейінгі балалардың тізімі: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (АӘТ, туған жылы) түріндегі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды) сұраймын, сондай-ақ мені және (немесе) менің отбасымның еңбекке қабілетті мүшелерін халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберуді сұраймын. Сонымен қатар маған және менің отбасымның мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету мүмкіндігін қарауды сұраймын. Менің отбасымның құрамы мынадай: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 4-бабына сәйкес бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 4-бабына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер: Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі № Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ту­ған кү­ні Туы­стық қа­ты­на­ста­ры Мәр­те­бе­сі (жұ­мыс іс­тей­ді, жұ­мыс іс­тей­тін зей­нет­кер, жа­сы бой­ын­ша зей­нет­кер, мү­ге­дек­ті­гі бар адам, жұ­мыс­сыз, ба­ла кү­ті­мі бой­ын­ша де­ма­лы­ста, үй ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы адам, сту­дент, оқу­шы, мек­теп­ке дей­ін­гі оқу­шы) Жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер­дің жұ­мыс ор­ны және қыз­ме­ті, қа­зір­гі кез­де­гі (мек­теп­те­гі оқу сы­ны­бы) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да­ғы ба­ла­лар­дың оқу ор­ны 15 жастан ас­қан адам­дар­дың бі­лі­мі (ди­плом бой­ын­ша ма­манды­ғы) 3-тоқ­сан­да 31 та­мыз­ға дей­ін өті­ніш біл­дір­ген кез­де мек­теп­те оқи­тын ба­ла­лар­ға бір атау таң­дау мек­теп фор­ма­сы (МФ) жиын­тығы неме­се спорт­тық ко­стюм (СК) көр­се­ту «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 4-бабына сәйкес басқа мекенжай* бойынша тіркелген отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 4-бабына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер: Ескертпе: * бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және бір елді мекенде тіркелген отбасы мүшелері көрсетіледі. 20__жылғы ___тоқсанда менің отбасымның табысы келесідей: Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жұмыс, оқу орны Құжатпен расталған табыс сомалары Мәлімделген басқа табыстар Еңбекке ақы төлеу бойынша Зейнетақы, жәрдемақы және басқа төлемдер Алименттер Кәсіпкерлік қызметтен, басқа да қызметтерден Табыстың өзге түрлері Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу туралы: Жеке қосалқы шаруашылық объектісі Өлшем бірлігі Саны Жасы (үй малының, құстың) Саяжай Бақша Жер учаскесі, оның ішінде үй жанындағы Шартты жер үлесі Мүліктік пай (берілген жылы) Үй малы, құсы: Ірі қара: сиыр, бұқа бие, айғыр түйе қой, ешкі тауық, үйрек, қаз шошқа Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту үшін қажетті менің дербес мәліметтерімді, жиырма таңбалық ағымдығы есепшоттың нөмірін (ІBAN коды), жинақтауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 4-бабына сәйкес отбасы құрамына кіретін адамдар (өзімді қоса алғанда) туралы ақпаратты (табысы, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы) пайдалануға, сондай-ақ менің мүдделерім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы ретіндегі мәртебем өзім көрсеткен ақпараттарды және ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты пайдалануға (беру), келісім білдіремін. Мен атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде мәртебем туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге келісімді беремін және хабардармын. Мен ұсынған деректерде өзгерістер және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді. Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын немесе электрондық ақшаның электрондық әмиянын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық әмияндардағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілді. Өтініш берушінің байланыс деректері: телефон__________ ұялы телефон ___________ Е-маіl ____________________ 20___ жылғы «___» ______________ ___________________________________ (күні) (өтініш берушінің қолы) Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтік белгілері үшін Құжаттар қабылданды 20___ жылғы «___» _____________________________________________ ____________________________________________________________________ (Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы) Өтініш берушінің (отбасының) тіркеу нөмірі ___________ Өтініш қоса берілген құжаттармен учаскелік комиссияға берілді: 20___ жылғы «___» __________________________________________________ ____________________________________________________________________ (Құжаттарды тапсыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 20___ жылғы «____» ___________ учаскелік комиссия өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылдады _______________________________________________________________________________________ (Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы) 20___ жылғы «___» ___________ учаскелік комиссиядан өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылданды ____________________________________________________________________ (Құжаттарды жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы) Халықты жұмыспен қамту орталығының кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған күні 20___ жылғы «____» ____________________________________________________________________ (Құжаттарды жеткізетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы) ____________________________________________________________________ (Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы) _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ (үзбелі талонның қию сызығы) Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілдім. Азамат (ша) _____________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________________ тіркеу нөмірімен 20___ жылғы «___» _______ қабылданды. ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы
Басқа 2
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы 20____ жылғы «___» __________ №_______қолхат Халықты жұмыспен қамту орталығы __________________________________ (елді мекен, аудан, облыс) Азаматқа (шаға) __________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған күні 20______ жылғы «____» _________ Жүгінген күні 20 ____ жылғы «____» ________ Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініштерді қабылдаудан бас тартылды: мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың дәйексіздігі анықталған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен жағдайын анықтау; ақпараттық жүйелерде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактісін растайтын мәліметтердің болуы; _____________________________________________________________________ (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы және қолы)
Басқа 3. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініштерді тіркеу журналы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 3-қосымша Нысан Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініштерді тіркеу журналы Р/с № От­ба­сы­ның тір­кеу нө­мі­рі Өті­ніш қа­был­дау кү­ні Өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Өті­ніш бе­ру­ші­нің ме­кен жайы Учас­ке­лік ко­мис­сия қа­ра­уы­на бе­рі­л­ген кү­ні Учас­ке­лік ко­мис­си­ядан қо­ры­тын­ды қа­был­да­ған күн Жұ­мыспен қам­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі аудан­дық (қа­ла­лық) неме­се өңір­лік ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на жол­дан­ған күн Жұ­мыс пен қам­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі аудан­дық (қа­ла­лық) неме­се өңір­лік ко­мис­си­ядан ұсы­ным алын­ған күн кестенің жалғасы Әле­умет­тік ке­лі­сім­шарт жа­сау нө­мі­рі мен кү­ні Уәкі­лет­ті ор­ган­ға өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­тар па­ке­ті қо­сы­л­ған ше­шім жо­ба­сын жол­да­ған күн Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек тү­рі (шар­тты/шартсыз) Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау (тө­лем мөл­ше­рін өзгер­ту, тө­ле­уді тоқ­та­та тұ­ру, тө­ле­уді тоқ­та­ту, та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту) ту­ра­лы ше­шім­нің кү­ні Та­ғай­ын­дау ке­зе­ңі (ай­мен көр­се­тіл­сін) От­ба­сы­ға та­ғай­ын­дал­ған төлем­нің жал­пы со­мма­сы (тең­ге) Қо­сым­ша ке­лі­сім­нің нө­мі­рі және кү­ні Қо­сым­ша ке­лі­сім бой­ын­ша та­ғай­ын­дау неме­се та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы уәкі­лет­ті ор­ган ше­ші­мі­нің кү­ні От­ба­сы­ға та­ғай­ын­дал­ған төлем­нің жал­пы со­ма­сы
Басқа 3-1. Өтініштерді тіркеудің электрондық журналы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 3-1 қосымша Нысан Өтініштерді тіркеудің электрондық журналы өті­ніш № Өті­ніш­тің тір­кел­ген кү­ні Өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Өті­ніш бе­ру­ші­нің тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы Учас­ке­лік ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на бе­ру кү­ні Учас­ке­лік ко­мис­си­ядан қо­ры­тын­ды­ны қа­был­дау кү­ні Жұ­мыспен қам­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі аудан­дық (қа­ла­лық) неме­се өңір­лік ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на жі­бе­рі­л­ген кү­ні Жұ­мыспен қам­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі аудан­дық (қа­ла­лық) неме­се өңір­лік ко­мис­си­я­ның ұсы­ным­да­рын ал­ған күн Әле­умет­тік ке­лі­сім­шар­ттың нө­мі­рі және жа­сал­ған кү­ні Кестенің жалғасы Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­тар па­ке­ті­мен ше­шім жо­ба­сын уәкі­лет­ті ор­ган­ға жол­дау кү­ні Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­тің тү­рі (шартсыз / шар­тты) Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау (тө­лем мөл­ше­рін өзгер­ту, тө­лем­ді тоқ­та­та тұ­ру, тө­лем­ді тоқ­та­ту, та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту) ту­ра­лы ше­шім­нің кү­ні Та­ғай­ын­дау ке­зе­ңі (ай­мен көр­се­ту) От­ба­сы­на та­ғай­ын­дал­ған төлем­нің жал­пы со­ма­сы (тең­ге­мен) Қо­сым­ша ке­лі­сім­нің нө­мі­рі және жа­сал­ған кү­ні Уәкі­лет­ті ор­ган­ның қо­сым­ша ке­лі­сім бой­ын­ша та­ғай­ын­дау неме­се та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы ше­ші­мі­нің кү­ні От­ба­сы­на та­ғай­ын­дал­ған төлем­нің жал­пы со­ма­сы (тең­ге­мен)
Басқа 4
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 4 қосымша Нысан Учаскелік комиссияның 20__ жылғы «__» _______ № ____ қорытындысы Учаскелік комиссия «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес отбасының (өтініш берушінің) __________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттардың және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде отбасына (тұлғаға) қажеттіліктің болмауы, шартты/шартсыз ақшалай көмек түрінде (біржолғы/ай сайын) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету (қажетінің асты сызылсын) ____________________________________________________________________ туралы (қажеттілігі, қажет еместігі) қорытынды шығарды. Комиссия төрағасы: ____________________________________________________________________ Комиссия мүшелері: ____________________________________________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____ данада қоса берілген құжаттармен қорытынды 20__ жылғы «__» ________ қабылданды. ___________________________________________________________________ халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы _________________________________ немесе өтініш беруші ауылдық елді мекенде тұрған жағдайда, құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолы.
Басқа 5.1
Учаскелік комиссияның 20__ жылғы «__» _______ № ____ қорытындысына қосымша Нысан Учаскелік комиссияның атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру актісі 20__ жылғы «__» ________ ________________________________________ (елді мекен) 1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________________________________ 2. Тұрғылықты мекенжайы __________________________________________________________________ 3. Жұмыс орны, лауазымы ____________________________________________________________________ 4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар ескеріледі) ____________________________________________________________________ адам, оның ішінде: № Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ту­ған кү­ні Өті­ніш бе­ру­ші­ге туы­стық қа­ты­на­сы Бі­лі­мі Жұ­мысы, (жұ­мыс, оқу ор­ны, тәу­ел­сіз қыз­мет­кер, жұ­мыс­сыз) Жұ­мыс­сыздық­тың се­бе­бі Жұ­мыс­сыз ре­т­ін­де жұ­мыспен қам­ту ор­ган­да­рын­да тір­ке­луі ту­ра­лы де­ректер Қо­ғам­дық жұ­мыстар­ға, кә­сіп­тік дай­ын­дық­қа (қай­та да­яр­лау, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру) неме­се жұ­мыспен қам­ту­дың мем­ле­кет­тік ша­ра­ла­ры­на қа­ты­суы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Еңбекке қабілетті адамдардың барлығы _________. Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар _______. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген себептер бойынша жұмыссыз _______ адам. Жұмыссыздықтың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында) ______ адам. Кәмелетке толмаған балалардың саны _______ адам, оның ішінде: мемлекеттің толық қамтамасыз етуімен оқитындар _____ адам; жоғары және арнайы орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар - ____ адам, оқушыға оқудың бір жылдық құны ________ теңге. 5. Тұру жағдайы (жатақхана, жалдамалы, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе басқасы) (қажетінің асты сызылсын) ___________________________________________________________________ Ас үйді, қойманы және дәлізді қоспағанда бөлмелер саны_______________ Тұрғын үйді бір айда ұстап тұру шығындары _________________________ 6. Отбасының табысы: № Табысы бар отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (оның ішінде өтініш берушінің) Табыс түрі Жүгінген тоқсан алдындағы тоқсандағы сомасы Жеке қосалқы шаруашылық (аула алдындағы учаске, мал мен құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер 7. Бар-жоғы: автокөліктің (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланудан түскен табыс) __________________________өзге тұрғын үй, қазіргі уақытта тұрып жатқанды қоспағанда (оны пайдаланудан түскен табыс) ____________________________________________________________________ 8. Отбасының өзге табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ____________________________________________________________________ 9. Мұқтаждық көрінісінің белгілері ____________________________________________________________________ 10. Әл-ауқаты көрінетін белгілері ____________________________________________________________________ 11. Санитариялық-эпидемиологиялық тұру жағдайы ____________________________________________________________________ 12. Учаскелік комиссияның басқа байқаулары: 13. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықтың болмауы Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 болып тіркелген) бекітілген Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау критерийлеріне сәйкес айқындалады. Комиссия төрағасы:______________________________________________ Комиссия мүшелері: ____________________________________________________________________ Жасалған актімен таныстым: Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ____________________________________________________________________ Тексеруден бас тартамын ____________________________________________________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы (немесе отбасының басқа мүшелері).
Басқа 5
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 5 қосымша Коды ___________________________________________________________ Облыс (қала) ____________________________________________________ Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім ______________ (ауданы/қала) бойынша 20__ жылғы ___ __________ № _____________________________________ Отбасы ісін тіркеу № ______________________________________________ Өтініштің күні/нөмірі______________________________________________ Өтініш беруші____________________________________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________ Өтініш берушінің тұрғылықты жері __________________________________ Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға есептер: Отбасындағы адамдардың саны: ___________________________________ _________ жылғы ____ тоқсандағы отбасының табысы 1.____________________________ теңге 2.__________ _______________ теңге 3.____ ______ _______________ теңге Отбасының тоқсандағы жалпы табысы ______________________ теңге Отбасының орташа айлық табысы: __________________________ теңге Айлар бойынша АӘК тағайындау: Р/с № Айы Бір адамға мөлшері Жалпы тағайындалды Адам Сомасы Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 20__ жылғы «___» ____________________________________________________ бастап 20__ жылғы «___» ______ дейін сомасы_________ теңге cомасында тағайындалады. (шартты/шартсыз ақшалай көмек - қажеті жазылсын) ____________________________________________________________________ (сомасы жазбаша) Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлем тағайындалсын Баланың А.Ә.Т. ЖСН Ай бойынша төлем сомасы, теңге Барлығы тоқсанға тағайындалды, теңге 1-і ай 2-і ай 3-і ай Төлемнің жалпы сомасы: с _____________20__ жыл бойынша ___________ 20__ жыл сомасында_________________ теңге. 2. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өзгерту 20__ жылғы «___» __________ бастап 20__ жылғы «___» ________ дейін өзгертілсін және ___________ теңге сомасында белгіленсін. (шартты/шартсыз ақшалай көмек - қажеті жазылсын) ____________________________________________________________________ (сомасы жазбаша) ____________________________________________________________________ (негіздеме) 3. ____________________ атаулы әлеуметтік көмек төлемін тоқтата тұру (шартты / шартсыз ақшалай көмек - қажеті жазылсын) 20__ ж. ______________________________(негіз) 4. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды (шартты/шартсыз ақшалай көмек - қажеті жазылсын) тоқтату ____________________________________________________________________ (негіздеме) * «Иә» сөзі қойылады 5. Атаулы әлеуметтік тағайындаудан бас тарту (шартты / шартсыз ақшалай көмек - қажеті жазылсын) көмек_____________________________________________________________ ______________________________(негіз) Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Шешім жобасы дайындалған: Аудандық / қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімінің бастығы ____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Жұмыспен қамту орталығының маманы ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басқа 6
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 6 қосымша Әлеуметтік келісімшарт __________ №____ 20 __жылғы «___» _________ (қорытынды орны) ______________________________ атынан _____________________________, (халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) болуы), (халықты жұмыспен қамту орталығы өкілінің лауазымы) бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын, бір жағынан және шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш беруші (бұдан әрі – ШАК) одан әрі ШАК тағайындауға өтініш беруші деп аталатын __________________________________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын азамат (ша) өзге тараптан төмендегі ШАК төлеуге осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) жасасты.
Тарау 1
1. Келісімшарттың мәні
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік келісімшартқа қосымшаға сәйкес келісімшартқа ажырамас қосымша болып табылатын отбасының (адамның) өмірлік қиын жағдайдан шығуына арналған жеке жоспарға (бұдан әрі – Жеке жоспар) сәйкес өтініш берушінің өмірлік қиын жағдайдан шығуына жәрдемдесу арқылы Тараптардың қатынастарын реттеу келісімшарттың мәні болып табылады.
Тарау 2
2. Келісімшарт тараптарының міндеттері
Тармақ 2
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
Тармақша 1
1) ШАК тағайындауға өтініш берушіге консультациялық қызмет көрсетуге;
Тармақша 2
2) әлеуметтік келісімшартты іске асыру кезеңінде әңгімелесуді өткізу, қажетті құжаттарды толтыруға жәрдемдесу, жұмыс іздеу, ассистентті/консультантты тарта отырып келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау жолымен отбасын сүйемелдеуге;
Тармақша 3
3) Жеке жоспарға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) жөніндегі іс-шараларды ұсынуды ұйымдастыруға;
Тармақша 4
4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға тартылған басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) отбасының (адамның) өзін-өзі қамтамасыз етуге шығуына жәрдемдесуге және келісімшарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде ілесіп жүруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) ассистенттерді/консультанттарды тарта отырып, қатысушының және (немесе) оның отбасы мүшелерінің жеке жоспарды орындау жөніндегі келісімшарт міндеттемелерін орындауына ай сайынғы мониторинг жүргізуге міндеттенеді
Тармақ 3
3. ШАК тағайындауға өтініш беруші және оның отбасы мүшелері:
Тармақша 1
1) келісімшарт талаптарын және жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша белсенді іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу нәтижесінде халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
Тармақша 3
3) Жеке жоспарда жоспарланған әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шараларды орындайды;
Тармақша 4
4) халықты жұмыспен қамту орталығына шартты ақшалай көмекті тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлардың басталғаны туралы, сондай-ақ банк шоты және (немесе) тұрғылықты жері нөмірінің өзгеруі туралы (тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен бірге) көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақпарат береді;
Тармақша 5
5) халықты жұмыспен қамту орталығына немесе аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне осы келісімшартта көзделген міндеттемелердің орындалуын мониторингілеу үшін қажетті құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде ұсынады;
Тармақша 5-1
5-1) алынған бір жолғы шартталған ақшалай көмекті нысаналы пайдалану бойынша және әлеуметтік келісімшартта белгіленген біржолғы төлемді нысаналы пайдалану мерзімі өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ассистентті (консультантты) біржолғы шартты ақшалай көмекті нысаналы пайдалану туралы хабардар етуге және оған растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқаларын ұсынуға міндеттенеді.
Тармақша 6
6) пайдаланылмаған немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған ақша қаражатын, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаны, сондай-ақ заңсыз алынған қаражатты, оның ішінде ШАК-тың заңсыз тағайындалуына алып келген дәйексіз мәліметтер ұсыну анықталған жағдайда өтейді.
Тарау 3
3. Келісімшарт тараптарының құқықтары
Тармақ 4
4. Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы:
Тармақша 1
1) үшінші тұлғалардан (мемлекеттік кіріс органдары мен басқа да ұйымдар мен мекемелерден) ШАК алуға өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің кірістері мен мүлкі туралы, оның ішінде банктік шоттардағы ақша, электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақша қозғалысы туралы қосымша мәліметтерді, сондай-ақ қатысушыны осы Келісімшарт бойынша оның міндеттемелерін орындауы мәніне тексеру үшін әлеуметтік бейімдеу шараларын алу туралы мәліметтерді сұратады;
Тармақша 2
2) егер өтініш беруші, отбасы келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, ШАК төлеуді қайта есептеу, тоқтата тұру, тоқтату туралы уәкілетті орган шешімінің жобасын дайындау үшін алынған ақпаратты пайдаланады;
Тармақша 3
3) келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісті орындалуын талап етеді және бақылайды;
Тармақша 4
4) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші ШАК тағайындауға және оның отбасы мүшелерінің:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қолдау шараларын алуға;
Тармақша 2
2) жеке жоспардың іс-шараларын орындауға байланысты консультациялар мен ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің және халықты жұмыспен қамту орталығының іс-әрекетіне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
Тарау 4
4. Тараптардың келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін жауаптылығы
Тармақ 6
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы отбасына (адамға) осы келісім-шартта және Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
Тармақ 7
7. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар іс-шараларын толық көлемде орындамаған, сондай-ақ шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға алып келген жалған мәліметтер ұсынылған кезде бұзылады. Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасына) шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтатуға негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. ШАК тағайындауға өтініш берген өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері шартты ақшалай көмекті тағайындауға өтініште көрсетілген жалған немесе толық емес мәліметтерді бергені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 9
9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тарау 5
5. Күтпеген жағдайлар
Тармақ 10
10. Тараптар су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, дүлей өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер сияқты осы келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған төтенше жағдайлар немесе еңсерілмейтін күш жағдайлары жағдайында міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 11
11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы Келісімшартқа сәйкес қандай да бір міндеттемелерді орындау осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе тоқтатылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 12
12. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі күтпеген мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа сәйкес кейінге қалдырылады.
Тармақ 13
13. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындау мүмкін еместігі ____________ (кезеңін көрсету) астам болса, онда тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.
Тарау 6
6. Өзге шарттар
Тармақ 14
14. Келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы тараптардың келісімі бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
Тармақ 15
15. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20____ жылғы «___» ________ әрекет етеді .
Тармақ 16
16. Отбасы (адам) осы Келісім-шарттың талаптарын орындамаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығы келісімшартты бір жақты тәртіппен бұзады.
Тармақ 17
17. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.
Тарау 7
7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері Халықты жұмыспен қамту орталығы ШАК төлеуге өтініш беруші (халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) ______________________(мекенжайы, телефоны, факс)__________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) уәкілетті өкілдің)______________ (қолы) Мөр орны _____________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _______________________(жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және күні, кім берді) ____________________ (мекенжайы және телефоны) __________________ (қолы) Әлеуметтік келісімшартқа қосымша Отбасының (адамның) өмірлік қиын жағдайдан шығуы үшін жеке жоспар Халықты жұмыспен қамту орталығы________________________ аудан/қала Көмек алушы:_______ ________________________________________________ ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты мекенжайы) Келісімшарттың қолданылу басталған күні ____________________________________________________________________ Келісімшарт қолданылуының аяқталған күні ____________________________________________________________________ Отбасының өмірлік қиын жағдайдан шығуы үшін _____________________ р/с № Іс-шараның атауы Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) шаралар көрсетуді жоспарлаған адамдар Білімі (жоғары, арнаулы орта, орта) Берілген бағыт бойынша кәсіпорынның атауы Кәсіпорынның БСН/ ЖСН Іс-шараны орындауды бастау мерзімі Ескертпе: Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағында көзделген іс-шаралар бойынша не тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жасайды. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берген адамға және (немесе) оның отбасы мүшелеріне берілетін әлеуметтік бейімдеу шаралары № п/п Іс-шараның атауы Іс-шаралар жоспарланатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) Іс-шараны орындауды бастау мерзімі Әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсыну үшін негіздер Ескертпе: Осы бұйрыққа 7-қосымшада бекітілген әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесіне сәйкес көрсетілген іс-шаралардың қажеттілігіне қарай халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп толтырады. Халықты жұмыспен қамту орталығы_____________ (халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) _____________________ (мекенжайы, телефоны, факс) _____________________ (Уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________ (қолы) Мөрдің орны ШАК төлеуге өтініш беруші ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) __________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні, кім берді) ____________________ (мекенжайы және телефоны) __________________ (қолы)
Басқа 7
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 7 қосымша Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесі
Тармақ 1
1. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының тізбесі:
Тармақша 1
1) кәсіптік оқуға жіберу;
Тармақша 2
2) азаматтар мен қандастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) жастар практикасына жіберу;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) қоғамдық жұмыстар.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік бейімдеу шараларының тізбесі:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шаралары;
Тармақша 2
2) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер;
Тармақша 3
3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсету;
Тармақша 4
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарының шешімдерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 5
5) мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін көрсету;
Тармақша 6
6) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу;
Тармақша 7
7) «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген), «Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) сәйкес скринингтік тексеріп-қараудан өту;
Тармақша 8
8) «Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 285 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11226 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулар болған кезде емдеу;
Тармақша 9
9) жүктіліктің он екі аптасына дейін әйелдер консультациясында медициналық есепке қою және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылау;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету;
Тармақша 11
11) мектеп жасына дейінгі балаларды (7 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою;
Тармақша 12
12) білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және психологиялық, медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 14
14) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен әлеуметтік қорғаудың және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары.
Басқа 8
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 8 қосымша Нысан Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы № ______ хабарлама 20___жылғы «__» ___________________________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________ Өтініш берушінің туған күні 20______ жылғы ____________________________________________________________________ Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау / тағайындаудан бас тарту туралы шешім 20_____жылғы «__» ____________________________________________ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Сізге _________ сомасында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған/тағайындаудан бас тартқан туралы хабарлайды: жан басына шаққандағы кірістің кедейлік шегінен асуы; өтініш берушінің, отбасы мүшесінің (мүшелерінің) учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайына зерттеу жүргізуден бас тартуы; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес. Құжаттарды қайтару күні 20__ жылғы «___» __________________________ Хабарлама жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жауапты адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған. Уәкілетті органның басшысы __________________________________ ____________________________________________________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Уәкілетті органның маманы ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Хабарламаның үзбелі түбіртегінің кесу сызығы, оқу орнында білім беру ұйымына ұсыну үшін, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар бар атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылар үшін толтырылады) Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы № ____ хабарламаға № 1 түбіршек бастап 20__ жылғы «__» __________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________ Кесу сызығы Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы бастап 20__ жылғы «__» __________ № _ _ _ _ хабарламаға № 2 түбіршек Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Кесу сызығы Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы № _ _ _ _ хабарламаға № 3 түбіршек бастап «__» __________ 20__ жыл (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________
Басқа 9
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 9 қосымша Нысан 20__ жылғы ___ ____________ Халықты жұмыспен қамту орталығының № _____ қорытындысы Отбасының тіркеу нөмірі ________________________________________ Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру күні 20__ жылғы ____________ бастап Өтініш беруші:___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Отбасы құрамында есепке алынғандар саны адам: _______________, оның ішінде еңбекке жарамды_________________________ Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартқан / 20__ жылғы ____________ № ____ жасалған әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерін бұзған еңбекке қабілетті адамның (-дардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________ (керегінің астын сызу)_________________________________________________ Жұмыспен қамту шараларына қатысу жөніндегі іс-шаралардың ұсынылған атауы/әлеуметтік келісімшарттың бұзылған міндеттемесі (қажеттісінің астын сызу)): ____________________________________________ Өтініш берушінің жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің ұсынылған шараларын қарастыру нәтижелері бойынша қорытындысы (біреуін таңдаңыз): еңбекке қабілетті адамның (-дардың) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартуына байланысты, тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек (атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту) адамға (отбасына) төлемдерді іс-шараларға қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай тоқтату туралы шешім жобасын қалыптастыру; жасалған әлеуметтік келісімшарттың бұзылуына және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелердің орындалмауына байланысты, жасалған әлеуметтік бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай ішінде адамға (отбасына) тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек төлеуді (атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту) тоқтату туралы шешім жобасын әзірлеу. келісімшарт және (немесе) өз міндеттемелерін орындамау; көрінеу жалған ақпараттың және (немесе) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін дәйексіз құжаттардың берілуінің анықталуына байланысты адамға (отбасына) тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті төлеуді (атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуды) тоқтату туралы шешімнің жобасын жеке тұлғаға (отбасына) тағайындалған күннен бастап алты ай мерзімге жасау. Аудандық / қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры _______________ _____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімінің бастығы ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Жұмыспен қамту орталығының маманы _____ __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Өтініш беруші________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басқа 10
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 10 қосымша Атаулы әлеуметтік көмек төлемді тоқтату (мөлшерін өзгерту) туралы 20____ жылғы «____»__________ №_____хабарлама Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Сіздің назарыңызға_________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) 20__ жылғы «___» ____________ бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату, оның мөлшерін өзгерту туралы (қажеттісінің астын сызу) жеткізеді Себептер: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________ (себептерін көрсету) Уәкілетті органның басшысы______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Уәкілетті органның маманы_______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басқа 12
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 12 қосымша «Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың ЖАО 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі Кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі, ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі – «пор­тал»), ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі Ор­та­лық­қа жү­гін­ген кез­де – Ор­та­лық құ­жат­тар топ­та­ма­сын тір­ке­ген күн­нен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні Про­ак­тив­тік қыз­мет көр­се­ті­л­ген кез­де – адам­ның (от­ба­сы­ның) адам­ның (от­ба­сы­ның) ма­те­ри­ал­дық жағ­дай­ы­на тек­се­ру жүр­гізу­ге ке­лі­сі­мін ал­ған күн­нен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­міне құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған күн­нен ба­стап – 18 (он се­гіз) жұ­мыс кү­ні Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға неме­се ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ре­сім­де­ген жағ­дай­да құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­лып­та­сты­ру мер­зі­мі өті­ніш бе­ру­ші­ге жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма жі­бе­ре оты­рып, күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн­ге дей­ін ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және (неме­се) ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні ішін­де ұзар­ты­ла­ды 2) Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут 3) Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут 4 Көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де/про­ак­тив­ті 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі Ор­та­лық неме­се әкім ар­қы­лы қа­ғаз тү­рін­де, сон­дай-ақ ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де­гі або­нент­тік нө­мір­ге ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы, ал бас тар­ты­л­ған жағ­дай­да оның се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, ха­бар­дар ету. Қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы көр­сет­кен жағ­дай­да – та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма, ал бас тар­тқан жағ­дай­да – оның се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» уәкі­лет­ті ор­ган­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да олар­ды өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) Ор­та­лық­та – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес са­ғат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дей­ін; 2) кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру – са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек­ті­лік тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді. 3) «пор­тал­да» – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы­на Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті ал­ған­нан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай: 1) өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын, оның ішін­де цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін); 2) қан­дас мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 3) бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 4) ше­тел­дік мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 5) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 6) от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы; 7) жәр­де­ма­қы­лар­ды бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк­тік де­ректе­ме­лер ту­ра­лы; 8) мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы; 9) ба­ла­ның (бар­лық ба­ла­лар­ға) ту­уын (қай­тыс бо­луын) тір­кеу ту­ра­лы; 10) қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы; 11) ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы; 12) неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) қи­ю­ды (неке­ні бұ­зу­ды) тір­кеу ту­ра­лы; 13) егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са - оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы; 14) та­быс ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен түс­кен та­быст­ар, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар); 15) да­ра кә­сіп­кер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 16) өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы; 17) же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тың бо­луы ту­ра­лы; 18) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы (бар бол­са); 19) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы; 20) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға жү­гі­нер ал­дын­да­ғы үш ай қа­та­ры­нан али­мент ту­ра­лы және (неме­се) ол бой­ын­ша бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы; 21) өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру неме­се мәж­бүр­леп ем­деу орын­да­рын­да бо­луы ту­ра­лы; 22) мен­ші­гін­де тұр­ғын үй, үй-жай­дың бо­луы ту­ра­лы; 23) мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы; 24) мен­ші­гін­де ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер алу үшін «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­ріне (бұ­дан әрі - ақ­па­рат­тық жүй­е­лер) сұ­рау са­лу­ды қа­лып­та­сты­ра­ды. Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да әкім неме­се Ор­та­лық ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ға және (неме­се) ұй­ым­ға жа­з­ба­ша сұ­рау са­лу­ды ре­сім­дей­ді. Өті­ніш бе­ру­ші жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те ұсы­ну­ға құқы­лы. Өті­ніш бер­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін өті­ніш бе­ру­ші­ге Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі - тір­кеу кү­ні және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу кү­ні, құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған адам­ның те­гі мен аты-жө­ні көр­се­ті­л­ген өті­ніш­тің үз­бе­лі та­ло­ны бе­рі­ле­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды. Пор­тал­ға: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық үкі­мет пор­та­лы ар­қы­лы ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мен оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, қан­да­стың мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, ше­тел­дік­тің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, аза­мат­тығы жоқ адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; жәр­де­ма­қы бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк­тік де­ректе­ме­ле­рі ту­ра­лы; мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы; ба­ла­ның (бар­лық ба­ла­лар­ға) ту­уын (қай­тыс бо­луын) тір­кеу ту­ра­лы; қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы; ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы; неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) одан тыс жер­лер­де тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке қи­ю­ды (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) тір­кеу ту­ра­лы; егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са – оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы; та­быст­ар ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар), да­ра кә­сіп­кер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы әле­умет­тік кө­мек, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы, ең­бек қыз­ме­ті (бар бол­са) ту­ра­лы; жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы; али­мент­тер және (неме­се) олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар ту­ра­лы ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш біл­дір­ген тоқ­сан­ның ал­дын­да­ғы үш ай қа­та­ры­нан олар бой­ын­ша бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы; өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру неме­се мәж­бүр­леп ем­деу орын­да­рын­да бо­луы ту­ра­лы; мен­ші­гін­де тұр­ғын үй­дің, үй-жай­лар­дың бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар­ды цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен пор­тал­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ныс або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды. Про­ак­тив­тік қыз­мет көр­се­ті­л­ген кез­де: мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның про­ак­тив­ті қыз­мет көр­се­ту­ге ке­лі­сі­мі, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы ар­қы­лы банк шо­ты­ның нө­мі­рін рас­тау неме­се ұсы­ну. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, қан­дас мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, ше­тел­дік мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы, мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы, ба­ла­ның ту­уын (қай­тыс бо­луын) (бар­лық ба­ла­лар­ға) тір­кеу ту­ра­лы, қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы, ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) қи­ю­ды (бұ­зу­ды) тір­кеу ту­ра­лы, егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са - оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы, та­быс ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен түс­кен та­быст­ар, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар); да­ра кә­сіп­кер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се оны та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы (бар бол­са), жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы, ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш біл­дір­ген тоқ­сан­ның ал­дын­да­ғы қа­та­ры­нан үш ай ішін­де али­мент және (неме­се) олар бой­ын­ша бе­ре­ше­гі­нің бо­луы ту­ра­лы, бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да бо­луы неме­се өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рін мәж­бүр­леп ем­деу ту­ра­лы, мен­ші­гін­де тұр­ғын үй­дің, үй-жай­лар­дың бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, элек­трон­дық өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген банк шо­ты­ның нө­мі­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар жі­бе­ру ар­қы­лы пай­да­ла­ну­шы­ның пор­тал­да тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да ала­ды. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші: 1) та­бысы аз адам­дар бо­лып та­был­май­тын адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға); 2) «Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 17 шіл­де­де­гі № 246 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 2-ба­бы­ның 6-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­сі жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан от­ба­сы­на – жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан күн­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де; 3) бұ­рын жа­сал­ған әле­умет­тік ке­лі­сім­шарт бұ­зы­л­ған және (неме­се) әле­умет­тік ке­лі­сім­шар­тта көз­дел­ген мін­дет­те­ме­лер алушы­ның кінә­сі­нен орын­дал­ма­ған жағ­дай­да адам­ға (от­ба­сы­на) – ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға жү­гі­нер ал­дын­да­ғы ал­ты ай ішін­де; 4) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау үшін кө­рі­неу жал­ған ақ­па­рат және (неме­се) дәй­ек­сіз құ­жат­тар ұсын­ған адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға) - ұсын­ған кү­ні­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де; 5) учас­ке­лік ко­мис­си­я­ның ма­те­ри­ал­дық жағ­дай­ын тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша дай­ын­дал­ған қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту­ге мұқ­таж емес адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­та­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лік­тің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Өті­ніш бе­ру­ші қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала ала­ды. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да, жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Басқа 13
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 13-қосымша
Басқа 14
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 14-қосымша «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО 2 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жіберген күннен бастап – 15 минут 4 Көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (тиесілі еместігін) растайтын ақпарат 6 Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) Орталықта – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін; 2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. 3) «порталда» – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Жеке тұлға үшін: адамның атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпаратты беруге келісімі не келіспеуі «порталдағы «жеке кабинет» арқылы сұратылады, немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне бір реттік парольді пайдалана отырып, «портал» хабарламасына жауап ретінде sms-хабарлама жіберу арқылы 9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Жоқ 10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының «Электрондық үкімет» порталындағы» жеке кабинетінен» алуға мүмкіндігі бар.