Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Алматинской области (города, района)» Күшін жойған
Басқа 0
«Алматы облысының (қаласының,
ауданының) құрметті азаматы»
атағын беру Қағидаларын бекіту
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметтi азаматы» атағын беру Қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Құрманбаев Ерлан Бақытжанұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлына жүктелсін (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облыстық мәслихатының
2015 жылғы 20 мамырдағы
№ 45-261 шешімімен бекітілген
«Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметтi азаматы»
атағын беру Қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметтi азаматы» атағын беру Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және «Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметтi азаматы» атағын (бұдан әрі - Атақ) беру тәртiбiн реттейді.
Тармақ 2
2. Атақтың берілуі марапатталушылардың облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық, әлеуметтік және рухани даму саласындағы ерекше еңбектерін қоғамның мойындағанын білдіру және маңызды моральдық ынталандырудың бірі болып табылады.
Тармақ 3
3. Атақ азаматтарға, олардың:
Тармақша 1
1) облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына;
Тармақша 2
2) қоғамды демократияландыруға, облыс (қала, аудан) халқын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) жаратылыс, техникалық және қоғамдық ғылымдардың маңызды бағыттары бойынша іргелі зерттеулер жүргізуге, тиімділігі жоғары жаңа техника мен технология әзірлеу мен енгізуге;
Тармақша 4
4) халықтар мәдениетін дамыту, өзара әрекет ету мен байытуға, өнер, әдебиет және журналистикада жоғарғы көркем туындылар жасауға;
Тармақша 5
5) жеткіншек ұрпаққа адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге, оқытудың жаңа түрлерін практикалық іс жүзіне асыруға;
Тармақша 6
6) облыс (қала, аудан) тұрғындарының денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаны сауықтыруға, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға;
Тармақша 7
7) мемлекеттік және әскери қызметке;
Тармақша 8
8) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға;
Тармақша 9
9) меценаттық және қайырымдылық қызметіне қосқан нақты және маңызды үлесі үшін беріледі.
Тарау 2. 2. Атаққа ұсыну және беру тәртібі
2. Атаққа ұсыну және беру тәртібі
Тармақ 4
4. Атақ жылына он азаматтан аспай беріледі.
Тармақ 5
5. Атақ облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихаттың шешімімен беріледі.
Тармақ 6
6. Атақ беру туралы қолдаухатты мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың, ведомстволардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың және шығармашылық одақтардың басшылары облыс (қала, аудан) әкімінің қарауына ұсынады.
Тармақ 7
7. Атаққа ұсынылып отырған үміткер тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік органның, мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, бірлестіктің, сондай-ақ қоғамдық ұйымның еңбек ұжымы жиналысында Атақ беру үшін ұсынылған кандидатура және оған берілетін мінездеме қаралып, бекітіледі.
Тармақ 8
8. Атаққа ұсынылушының әрқайсысына Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы Нұсқаулыққа қоса берілген № 1 нысан бойынша награда қағазы толтырылады. Награда қағазында Атақ беруге ұсынылушының жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс істеп жүрген цехтың, бөлімнің, бірлестіктің, мекеменің, ұйымның толық атауы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Атаққа ұсынылушы ғалымдар, ғылым мен техника қайраткерлерінің награда қағазына ғылыми жұмыстарының тізімі, өнертапқыштардың енгізген өнертабыстарының тізбесі қоса беріледі.
Тармақ 10
10. Награда қағазына 3х4 сантиметр көлемді түрлі-түсті 2 фотосурет қоса беріледі.
Тармақ 11
11. Атақ беру туралы қолдаухат қолдау таппаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде оның себебі туралы түсіндірме беріледі.
Тармақ 12
12. Атақ берілген тұлғаларға куәлік, төсбелгі және лента тапсырылады.
Тармақ 13
13. Куәліктерді, төсбелгілерді және ленталарды дайындау облыс (қала, аудан) әкімінің аппаратына жүктеледі және дайындау шығынын қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Атаққа қоса берілетін куәлікті, төсбелгіні және лентаны облыс (қала, аудан) әкімі, облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың хатшысы және уәкілетті ресми өкілдер салтанатты жағдайда тапсырады.
Тармақ 15
15. Куәліктің, төсбелгінің және лентаның тапсырылғаны туралы хаттама жасалып, оған тапсыруды жүзеге асырған лауазымды тұлға қол қояды.
Тармақ 16
16. Атаққа қоса берілетін төсбелгі немесе лента жоғалған жағдайда телқұжаты берілмейді.
Тармақ 17
17. Атаққа қоса берілетін куәлік жоғалған жағдайда, оның телқұжаты, марапатталған адамның жазбаша өтініші бойынша, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы жоғалғандығына байланысты жарамсыз деп тану туралы жарияланған хабарлама ұсынылғанда облыс (қала, аудан) әкімінің келісімімен берілуі мүмкін.
Тарау 3. 3. Атаққа қоса берілетін куәлік, төс белгі және лентаның сипаттамасы
3. Атаққа қоса берілетін куәлік, төс белгі және лентаның сипаттамасы
Бөлім 35
Куәлік
Тармақ 18
18. Куәлік қою көк түсті қатты қаптамадан жасалады, жайылған күйдегі көлемі 6,5х18,5 сантиметр, сыртқы бетінде Алматы облысының (қаланың, ауданның) таңбасы бейнеленіп, «Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы» деп баспаханалық қаріппен мемлекеттік тілде жазылған.
Тармақ 19
19. Куәліктің ішкі жағы көгілдір түсті, сол және оң жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде: асты қызыл желекпен сызылған «Алматы облысы (қаласы, ауданы)», «Алматинская область (город, район)» деген мәтін бар, куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты және облыс (қала, аудан) мәслихатының қабылдаған шешімінің күні, нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Ішкі оң жағында Алматы облысының (қаланың, ауданның) таңбасы бейнеленген, куәліктің ішкі сол жағына көлемі 3х4 сантиметр сурет жапсырылады. Суреттен төмен облыс (қала, аудан) әкімінің қолы қойылады.
Тармақ 21
21. Куәлікке қойылған қол гербті мөрмен расталады.
Тармақ 22
22. Куәліктің сол және оң жақ беттері ламинатталады.
Бөлім 41
Төсбелгі
Тармақ 23
23. Төсбелгі гальваникалық жолмен жұқа қабатты никель мен алтын жалатылған төменгі температуралы металл қосындыларынан жасалады.
Тармақ 24
24. Атақтың төсбелгісі екі элементтен тұрады: кеудеге тағатын негіз және алқасы. Кеудеге тағатын негіздің іші көк түсті эмальмен құйылған, «Құрметті азаматы» деген жазуы бар. Алқада Алматы облысының (қаласының, ауданының) таңбасы бейнеленген.
Бөлім 44
Лента
Тармақ 25
25. Лента ұзындығы – 210 сантиметр, ені – 20 сантиметр көгілдір түсті матадан жасалған. Лентаның ортасында «Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы» деген алтын түстес жіппен тігілген жазу және Алматы облысының (қаласының, ауданының) таңбасы орналасқан. Лентаның екі жақ ұшы алтын түсті шашақтармен көмкерілген.
Тарау 4. 4. Атақтан айыру және қалпына келтіру
4. Атақтан айыру және қалпына келтіру
Тармақ 26
26. Атақ берiлген тұлға, атақ беру туралы қолдаухат енгізген органның ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешiмiмен:
Тармақша 1
1) үлкен қоғамдық резонанс тудыратын жағымсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайда;
Тармақша 2
2) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейiн атағынан айырылады.
Тармақ 27
27. Сот шешімі бойынша заңсыз сотталғандар және толық ақталғандардың Атаққа құқығы облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен қайта қалпына келтіріледі.