О повышении ответственности за поступлением платежей в бюджет и обязательных пенсионных взносов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бюджетке төлемдердiң және мiндеттi зейнетақы жарнасының түсуi үшiн жауапкершiлiктi арттыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен. Екi айдың қорытындысы көптеген аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң бюджетке салықтардың, басқа да төлемдердiң сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарнасының түсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысының қанағаттанарлықсыз екенiн көрсеттi. Салық жинау жөнiндегi болжам тапсырмаларды аудандардың көпшiлiгi 50-60%-ке ғана, кей жерлерде 20-25%-ке орындады, мiндеттi зейнетақы жарнасы 10%-тен аспады. Бюджетке салықтардың, басқа да төлемдердiң, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарнасының бiрiншi тоқсанда және ағымдағы жылдың кейiнгi айларында да толық көлемде түсуiн қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмi ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалар әкiмдерi: - салық салудың негiзгi субьектiлерi - жеке тұлғалардан, шағын кәсiпкерлiк субьектiлерiнен, қалған заңды тұлғалардан салық алу жөнінде жергілікті топтарын кұрсын, оларға барлық салық көздерi бойынша салықтың түсуiне апта сайын бақылау жасауды жүктесiн; - мiндеттi зейнетақы жарнасының толық және дер кезiнде түсуiн қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейдегi басшылардың жауапкершiлiгiн көтерсiн; - мiндеттi зейнетақы жарнасын жинау жөнiндегi салық органдарына жәрдемдесушi құқық қорғау және бақылау органдарының қызметiн үйлестiрсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық салық полициясы (Б.Ш. Жүнiсбеков) салық төлемеуге байланысты заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жандандырсын.
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалар әкiмдерiне 1998 жылғы науырыз айына арналған мiндеттi зейнетақы жарнасын жинаудың қосымшаға сай көлемi жеткiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң атқарылуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж. Қожағапановқа жүктелсiн.
Басқа 5
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 11 наурыздағы № 3-93 шешiмiне қосымша 1998 жылғы наурыз айына арналған мiндеттi зейнетақы жарнасын жинау жөнiндегi тапсырма млн.теңге № Аудандар Көлемi 1. Ақсу 5,0 2. Алакөл 12,0 3. Балқаш 4,0 4. Еңбекшiқазақ 39,0 5. Жамбыл 25,0 6. Iле 45,0 7. Қаскелең 39,0 8. Қаратал 6,0 9. Кербұлақ 12,0 10. Көксу 8,0 11. Панфилов 14,5 12. Райымбек 8,0 13. Сарқант 5,0 14. Талғар 30,5 15. Талдықорған 6,0 16. Ұйғыр 8,0 17. Қапшағай қ-сы 30,0 18. Талдықорған қ-сы 60,0 19. Текелi қ-сы 13,0 Облыс бойынша жиынтығы 370,0