Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қостанай облысының әкімі __________ Н. Садуақасов 2015 жылғы «20» 05 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесінің басшысы _______________________ О. Батырбеков 2015 жылғы «20» 05 «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________________ Т. Маткенов 2015 жылғы «20» 05 «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы __________________________ Б. Мурзин 2015 жылғы «20» 05 «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________________ Б. Қайыпбай 2015 жылғы «20» 05
Басқа 3. Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы
Қостанай облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 20 мамырдағы № 402 шешімімен бекітілген Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына (бұдан әрі – «Ветеринария туралы» Заң) сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Қағида Қостанай облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағида иттерді, мысықтарды асырайтын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – иелері), қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ иттерді, мысықтарды серуендетіп жүретін тұлғаларға (адамдарды құтқару жөніндегі, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты атқаратын қызметтік иттер ұстайтын мемлекеттік кәсіпорындарын (ұйымдарын, мекемелерін) қоспағанда құрастырады) таратылады.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды асырау
2. Иттер мен мысықтарды асырау
Тармақ 4
4. Иттерді, мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістерде, жертөле қабаттарында, шатырларда, баспалдақ алаңдарында, төберлерде), сондай-ақ осындай үйлердің жанындағы аумақтарда асырауға жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Иттерді асыраған кезде иелері өз иттерінің оларды асырап отырған орындарынан өз еркімен шығып кетуіне жол бермеу бойынша шараларды қолданады.
Тармақ 6
6. «Ветеринария туралы» Заңға сәйкес жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін иттер мен мысықтарды алып қою, жою жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтарды серуендету
3. Иттер мен мысықтарды серуендету
Тармақ 7
7. Иттерін, мысықтарын серуендетіп жүрген иелері, сондай-ақ иттерді, мысықтарды серуендетіп жүрген тұлғалар өз иттерінің, мысықтарының әсер етуінен айналадағы адамдардың және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Иттерін, мысықтарын серуендетіп жүрген иелері, сондай-ақ тұлғалар қоғамдық орындарды ластаған жағдайда өз иттерінің, мысықтарының тіршілік ету өнімдерін (қағаз немесе полиэтилен пакеттерге) дереу жинастырады.
Тармақ 9
9. Иттерін серуендету кезінде иелері, сондай-ақ иттерді серуендетіп жүрген тұлғалар:
Тармақша 1
1) иттерді асырау орындарынан, сондай-ақ басқа оқшау аумақтардан мойын тізгінмен және тұмылдырықпен алып шығу керек. Үш айға дейінгі иттердің күшіктерін және анатомиялық ерекшеліктері тұмылдырық киюге келмейтін ұсақ тұқымды иттерді тұмылдырықсыз серуендетуге болады;
Тармақша 2
2) итті оның иесінің байланыс мәліметтері (мекенжайы, телефоны) көрсетілген мойын жіппен алып жүреді. Иесінің қалауы бойынша итке немесе оның иесіне қатысты өзге де ақпарат көрсетілуі мүмкін;
Тармақша 3
3) жолдың өтетін бөлігін кесіп өту кезінде, жолдың өтетін бөлігінің шетіндегі қозғалыс кезінде, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін серуендетіп жүрген итті қысқа мойын тізгінімен алып жүреді;
Тармақша 4
4) серуендеп жүрген ит адамға немесе жануарға жарақаттар келтірген жағдайда зардап шегушіге тиісті көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағу кезінде, арнайы жаттықтырылған, есепте тұратын қызметтік иттер мойын тізгінсіз және тұмылдырықсыз жүре алады.
Тармақ 11
11. Мыналарға:
Тармақша 1
1) иттерді, мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердің аулаларында, балалар алаңдарында және басқа да балалар ойындары орындарында, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелері аумақтарында серуендетуді жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) иттермен, мысықтармен (көру қабілеттілігі бойынша мүгедектігі бар адамдарды жетелеуші иттерден басқа) дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелеріне (арнайы ұйымдастырылған шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бірге баруға арналған мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға;
Тармақша 3
3) алкогольдік, есірткі мас күйіндегі тұлғаларға иттерді серуендетуді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) иттерді, мысықтарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, су бұрқақтарында, су айдындарында және су тарту құрылыстарында шомылдыруға рұқсат етілмейді.
Тарау 4. 4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
Тармақ 12
12. Қоғамдық орындарда оларды жетектеуші тұлғасыз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналады және олар аулауға жатады.
Тармақ 13
13. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды «Ветеринария туралы» Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Адамгершілік қағидаттарының сақталуымен бірге қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тиісті аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, ұйымдастырылады және өткізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұрғаларға рұқсат етіледі.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 15
15. Осы Қағиданы бұзу Кодекстің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.