Об утверждении Правил плавания и производства хозяйственных исследовательских, изыскательских и промысловых работ в территориальных водах (море) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидалары бекiтілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________ Ә. Исекешев 2015 жылғы «21» сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ___________ И. Тасмағамбетов 2015 жылғы «10» сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ___________ Н. Әбіқаев 2015 жылғы «12» мамыр «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ___________ Қ. Қасымов 2015 жылғы «24» сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ___________ В. Школьник 2015 жылғы «14» сәуір
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы «30» наурыздағы № 19-1/275 бұйрығымен бекітілген Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес әзірленді және аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар олардың тиесілігіне қарамастан, аумақтық суларда (теңізде) жүзуді және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыратын барлық кемелерге қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) зерттеу жұмыстарын жүргізу, зерттеу қызметі – гидрографиялық, гидрологиялық, гидрометеорологиялық, гидрохимиялық және геофизикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызмет, сондай-ақ сулар мен теңіз түбі флорасының, фаунасының жай-күйін зерттеу;
Тармақша 2
2) кәсіпшілік жұмыстарды жүргізу, кәсіпшілік қызмет – балықтарды, басқа су жануарларын және өсімдіктерді ұстауға және қорғауға байланысты кез келген жұмыс;
Тармақша 3
3) шаруашылық жұмыстарын жүргізу, шаруашылық қызмет – аумақтық сулардағы (теңіздегі) кемелерде жүзеге асырылатын барлық жұмыстар мен қызметтердің түрлері;
Тармақша 4
4) іздестіру жұмыстарын жүргізу, іздестіру қызметі – су түбін зерделеуге және пайдалы қазбаларды іздеуге байланысты геологиялық жұмыстар жүргізу.
Тармақ 4
4. Теңіз порттары айдынының шегінде және кеме қозғалысын басқару қызметтерінің іс-қимылы аймағында жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу кезінде «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-11) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидалары сақталады.
Тарау 2. 2. Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібі
2. Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелердің, мұз үстімен жылжитын құралдардың орналасу пунктерінен шығу (шығарылу) құжаттарын ресімдеу, айлақтарды, кеме тұрақтарын, орналасу пункттерін, мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелерді, мұз үстімен жылжитын құралдарды уақытша есепке қою, күтіп-ұстау, сондай-ақ жабдықтау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10896 болып тіркелген) бекітілген кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Аумақтық суларда (теңізде) жүзу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелер, шетелдік әскери емес кемелер және әскери корабльдер навигациялық-гидрографикалық жабдықпен қамтамасыз етілген қозғалыс жолдарын ұстанады.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 3-тармағына сәйкес шетелдік әскери корабль Қазақстан Республикасы белгілеген аумақтық суларда (теңізде) жүзу тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі –Шекара қызметі)және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері одан аумақтық суларды (теңізді) дереу тастап шығуды талап етеді.
Тармақ 8
8. Аумақтық суларда (теңізде) сүңгуір қайықтар мен басқа су асты көлік құралдары су бетінде жүреді және өздерінің туларын көтереді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелер, шетелдік әскери емес кемелер және әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңіздегі) кемелердің соқтығысуына жол бермейді.
Тармақ 10
10. Аумақтық сулар (теңіз) арқылы өтуді жүзеге асыру кезінде ядролық қозғалтқышы бар шетелдік әскери емес кемелердің және әскери корабльдердің, сондай-ақ ядролық және басқа қауіпті немесе өзінің табиғаты бойынша улы заттарды тасымалдайтын кемелердің борттарында құжаттары болуы тиіс және осындай кемелер үшін Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен шарттарында белгіленген ерекше сақтық шараларын сақтайды.
Тармақ 11
11. Аумақтық суларда (теңізде) шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу Шекара қызметін хабардар ете отырып, жүзеге асырылады. Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін жүзу құралдарымен және өзге де көлік құралдарымен аумақтық суларға (теңізге) шығуды хабарлаусыз, Шекара қызметімен келісілген тізімдер бойынша жүзеге асырады. Тізім бес жұмыс күні ішінде келісіледі.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) теңіз ғылыми зерттеулерін, іздестіру қызметін жүргізуге ниеті бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдар оларды Шекара қызметімен келіседі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері Гидрографикалық қамтамасыз ету қызметіне жұмыстардың басталуының болжамды күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын:
Тармақша 1
1) шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығу мақсаттары, уақыты және маршруты (аудандары), олардың типтері және тіркеу нөмірлері, сондай-ақ тіркелімге алу орындары;
Тармақша 2
2) жобаның сипаты мен мақсаттары;
Тармақша 3
3) кеменің атауын, типі мен сыныбын және ғылыми жабдықтың сипаттамасын қоса алғанда, қолданылатын әдіс пен құралдар;
Тармақша 4
4) жоба жүргізілетін аудандар бойынша дәл географиялық деректер;
Тармақша 5
5) зерттеу кемелерінің алғашқы келуінің және соңғы кетуінің немесе тиісті жағдайларда жабдықты орналастырудың және алудың болжамды күндері;
Тармақша 6
6) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшысы және адамы туралы толық ақпаратты ұсынады.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу халық денсаулығына, экологиялық және өзге де қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі немесе осындай нұқсан келтіру қаупін тудырмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстауға және Шекара қызметіне міндеттерін орындауға кедергі жасамауы тиіс.
Тармақ 14
14. Зерттеу қызметі тек бейбіт сипатта болуы және Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс.