Об утверждении Правил регистрации и учета государственных и гарантированных государством займов Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдарын тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 📌 Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының мемлекеттiк сырттан қарыз алу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы заемдары бойынша мемлекеттiк сыртқы борышты басқару саласындағы қызметiн үйлестiрудiң тәртiбi туралы ереженi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiктерiн берудiң тәртiбi мен шарттары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдар мен мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тiркеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1366 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 43, 401-құжат);
Тармақша 2
2) "Астана-Сити" объектiлерi кешенi бiріншi кезеңiнің құрылысын бастау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 сәуiрдегi N 445 қаулысының 3-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 137-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарын тiркеу және есепке алу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 маусымдағы N 819 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарын тiркеу және есепке алу ережесi 📌 Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен.