Об организации тушения пожаров на территории Карагандинской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қарағанды облысы аймағындағы өрт сөндіру жұмысын ұйымдастыру туралы" 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2008.04.14 N 01 шешімімен. 1996 жыл мен 2000 жыл аралықтарында Қарағанды облысы аймағында 17042 өрт болды, оның залалы 2,9 млрд. теңгеден артық құрастырады. Өрт салдарынан 596 адам қаза тапты және 663 адам жарақат алды. Тек қана 2000 жылы 125,7 млн. теңге залалы бар 3017 өрт болды. Өртте 92 адам қаза тауып, 134 адам жарақаттанды. Сонымен бірге, жыл сайынғы шығын ауқымын, халық, атқарушы және өкілдік өкімет органдары, объект жетекшілері саналы түрде жете түсінбейді. Экономиқалық себептерден, шаруашылықпен айналысатын тұлғалардың жеке меншік түріне көшуі, бір қатар кәсіпорындардың жабылуына байланысты облыс өртке қарсы қызметінің бөлімшелері қысқарып қалды. Ақтау, Южный, Топар, Баршын, Жезқазған, Ақшатау, Ақжал және басқа поселкелер өрт күзетінсіз қалды. Бұрынғы совхоздарда және мемлекеттік кәсіпорындарда ерікті өртке қарсы құрылымдар (команда) тіпті өздерінің тіршілігіе тоқтатты. Өрт сөндіру атомобильдері жеке меншікке берілді және өрт сөндіруге қолданылмайды. Еңбекке жарамды өрт сөндіру техникасын өзгертіп жабдықтау және есеп қатарынан шығару жағдайлары да бар. Жергілікті орындарда жанар-жағар май материалдарының жанаспайтын қоры құрылмайды. Кәсіпорын, диқандық, фермерлік шаруашылықтырының басшылары өрт қауіпсіздігі мәселелеріне лайықты көңіл бөлмейді. Баяндағанның негізімен, облыс аймағындағы өрт сөндіруді қамтамасыз ету үшін және Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы", "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарын, 01.11.00 ж. № 1652 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай жөніндегі Агенттігі мемлекеттік өртке қарсы қызметін дамыту және өрістетудегі 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Үкімет Қаулысын, ҚР 22.04.94ж. № 430 "ҚР ІІМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметті ұйымдастыру тәртібі туралы" (01.11.00ж. №1345, 22.07.97ж. №1143, 22.05.99 ж. № 616 өзгерістерімен және толықтамаларымен) Үкімет Қаулысын орындау мақсатымен: -
Тармақ 1
1. Қала әкімдеріне: - Өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруге арналған жергілікті бюджеттегі қаржы бөлігінің орындалуы мен жетілдіруін қамтамасыз ету; - 2001 жыл 10 маусымға дейін қала төңірегіндегі 30 км. Қашықтықта жайғасқан іргелес елді мекендерді есепке ала отырып қалада орналасқан МӨҚҚ тиісті бөлімшелері жасаған "Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің шығу кестесін" қарау және бекіту;
Тармақ 2
2. Ауылдық аудандар әкімдеріне: - Өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруге арналған жергілікті бюджеттегі қаржы бөлігінің орындалуы мен жетілдіруін қамтамасыз ету; - 2001 жыл 10 маусымға дейін қолдағы бар өрт сөндіруге арналған және өрт техникаларын, құрал-жабдықтар, саймандар, әртүрлі меншік түрлі шаруашылықпен айналысатын объектілердегі адамдар ресурстары, сонымен қатар басқа ведомствоның жедел-апат (полиция, энергетика, газ, су құбыры және т.б.) қызметтерімен өзара әрекеттесуін есепке алып "Аудан аймағындағы өртті сөндіру үшін күш пен құралдарды жұмылдыру жоспарын» қарау және бекіту; - әрбір елді мекендерде ерікті өртке қарсы құрылымдар ұйымдастыру мүмкіншілігін қарау; - ауылдық елді мекендердің тұрғындарын өртке жинау тәртібі, сонымен қатар әр ауладағы мәндетті түрде керек өртке қарсы құрал-жабдықтардың тізімін, әр аула үшін су қорын тиянақтау; - өрт сөндіруге бейімделген техника мен жанар-жағар майдың барлығы туралы мәліметтерді жақын турған мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелеріне хабарлау тәртібін анықтау; - Жанар-жағар майды алу және әрбір жекеменшіктің (мүлік иесінің) қолындағы бар өрт және оған бейімделген техникасын ұстау, жанар-жағар майды сатып алу және сақтаудағы үлеске қатысу тәртібін орнату.
Тармақ 3
3. Мекемелер мен ұйымдар, кәсіпорын шаруашылық (меншік түріне байланыссыз) бавсшыларына: - "Өрт сөндіруші" РМК ҚР келісім мазмұны бойынша өртке қарсы қызметтің бөлімшелері үшін өрт сөндіретін жабдықтар мен жанар-жағар май, қажетті материалды-техникалық құралдар (өрт сөндіру техникасы, жабдықтары, әскери киім, снаряд) алуға орнықты (тиянақты) қаржыландыруды (қаржылай көмек көрсету) қамтамасыз ету; - 22.05.99 ж. № 616 "Міндетті түрде қртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдардың тізбесі" ҚР Үкімет Қаулысында қаралған объектілерге шығатын өрт техникасы бар жауынгерлік өртке қарсы бөлімшелер ұйымдастыру.МӨҚҚ лауазымды тұлғасының талабы бойынша оларды өрт болып жатқан ауданға өрт сөндіру үшін жіберу; - Шаруашылықпен айналысатын объектіні өрт сөндіру құралдарымен, техника, жабдықтар және құрал-саймандармен, өрт сөндіру мақсатына керек су қорымен нормаға сай мөлшермен қамтамасыз ету. Қолдағы бар су қайнар бұлақтарын (су қоймасын, өртке су себу үшін қолданылатын су кранын) жарамды жағдайда ұстау; - өрт туралы хабарды жедел қабылдау және хабарлау, оны сөндіру үшін шаруашылықпен айналысатын объектілерді байланыс құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Өрт туралы барлық жағдайлары Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жақын жердегі бөлімшесіне дереу хабарлау; - Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің апатты, өртті (қай жерде болса да) жою кезінде объектіде бар су қайнар бұлақпен және байланыс құралдарымен кедергісіз пайдалануына мүмкіндік беруді қамтамасыз ету; - 29.05.00 ж. №810 "Өрт сөндіруге байланысты шығарған шығынның орнын толтыру Ережесін бекіту туралы" ҚР Үкімет Қаулысында тағайындалған тәртіппен объектідегі өрт сөндіруге байланысты МӨҚҚ шығарған шығынын төлеуді қамтамасыз ету; - МӨҚҚ бөлімшесіндегі лауазымды тұлғаның талап етуі бойынша "Апат және арнаулы қызметтермен өзара әрекеттесу нұсқауында" және "ауылдық аудандар аймағындағы өртті сөндіру үшін күш пен құралдарды жұмылдыру жоспарында" қаралған өрт болған жерге күш пен құралдардың уақытында келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардағы сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдалану жөніндегі ұйымдардың басшыларына: - бұрын бөлшектелген өртке қарсы сумен қамтамасыз ететін қайнар бұлақтарды қалпына көлтіруді жцне жөндеуді қамтамасыз ету;
Тармақ 5
5. Облыстық төтенше жағдай жөніндегі басқармаға (М.К.Ысқақовқа) облыс төтенше жағдай жөніндегі басөарма мен әскери бөлімнің құрылымдарына кіретін қажетті жағдайда (үлкен өрт, апат және басқа "ТЖ") күш пен құралдарды жұмылдыру тәртібін анықтау.
Тармақ 6
6. Облыстық Мемлекеттік қарсы қызметке (В.М.Козловқа): - өрт болып жатқан жерге РМК ҚФ "Өрт сөндіруші" мен МӨҚҚ бөлімшелері қараған күш пен құралдардың мезгілінде шығу және жедел келуін қамтамасыз ету; - "Қалалық МӨҚҚ бөлімшелерінің шығу кестесі" мен "Ауылдық аудандар аймағындағы өртті сөндіру үшін күш пен қаруларды жұмылдыру жоспары" атөарушы өкіметтің тиісті органдарында жасалып және бекітілуін қамтамасыз ету. Олардың жасалу сапасы және қажет болса мезгілінде түзетудегі бақылауды қамтамасыз ету; - өрт сөндіру автомобильдері бағының ескіруіне байланысты, облыс өртке қарсы қызмет гарнизондарының өрт сөндіру бөлімдерінде олардың нормаға сәйкес санының жоқтығына байланысты мөлшері 30 км қашықтықтын аспайтын елді мекендердің шекарасының сыртында МӨҚҚ бөлімшелерінің шығу шеңберін анықтау; - шаруашылық жүргізетін объектілердің басшыларына ерікті өртке қарсы құрылым жеке құрамын оқытуда қажетті тәжірибелі көмек көрсету; - МӨҚҚ бөлімшелерінің жедел-апатты қызмет объектілерімен, ведомстволармен (су құбыры, энергетика, газ, медицина, полиция және басқалармен) өзара әрекеттесу тәртібін, сонымен қатар қажет жағдайларда (үлкен өрт және т.б.) облыстық төтенше жағдай жөніндегі басқарма мен әскери бөлімдер құрылымдарына кіретін күш пен құралдарды жұмылдыруды анықтау.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржыландыру басқармасына (С.Н.Нөгербековке) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің материалды-техникалық базасынын дамуына жыл сайын қаржы бөлінуін қамтамасыз ету.
Тармақ 8
8. ОДТ ААҚ "Қазақтелеком" (С.Ж.Каленовқа) төтенше жағдай болып жатқан жердегі жағдай және оның өзгерісіне мезгілінде әсерін тигізу туралы қажетті ақпаратты алу (хабарлау) үшін апат,өрт болып жатқан жермен жедел байланыс орнату мүмкіншілігін қамтамасыз ету.
Тармақ 9
9. 26.08.97 ж. № 60 Қарағанды облысының "Ауылдық аудандардағы өрт сөндіруді ұйымдастыру туралы" Әкімінің Шешімі күшін жойды деп есептеу.
Тармақ 10
10. Осы Шешімнің орындалуын бақылау Облыстық Әкім орынбасырының міндеттін атқарушы - облыстық төтенше жағдай жөніндегі комиссиясының Төрағасы П.А.Ильницкий мырзаға, МӨҚҚ бастығы В.М.Козловқа,; ал қала мен аудандарда - сәйкес Әкім орынбасарларына жүктелсін.