О создании конкурсной комиссии по организации государственных закупок товаров, работ и услуг Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк тауарларды сатып алу, қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi жарыс өткiзу комиссиясын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық әкімінің 13.12.2014 № 12-114 шешімімен. Қазақстан Республикасының 16 шiлде 1997 N 163-1 "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 25 ақпан 1998 N 140 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi Департаментiнiң ұйымдастыруымен, мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi жарыс өткiзу туралы" Қаулысына сәйкес облыс әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыс бюджетi, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар есебiнен iске асырылатын, тауарларды мемлекеттiк сатып алу мен қызмет көрсету жөнiндегi материалдарды қарау үшiн, осы қаражаттардың тиiмдi жұмсалуын қадағалау мақсатында I-қосымшаға сай құрамда облыстық жарыс өткiзу комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджеттiң және бюджеттен тыс қорлардың есебiнен жүзеге асырылатын, облыс қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк тауарларды сатып алу, қызмет көрсетудiң ережесi мен ұйымдастыру тәртiбi бекiтiлсiн /2-қосымша/.
Тармақ 3
3. Облыстың экономика Басқармасының бастығы Е.Адасбаевқа тендер ұйымдастыру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандар мен қалалар әкiмдерiне 1-ай мерзiм iшiнде, аудандық бюджет және бюджеттен тыс қорлардың есебiнен жүзеге асырылатын, мемлекеттiк тауарларды сатып алу, қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi аудандық жарыс өткiзу комиссияларын құру тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Облыс Әкiмiнiң 1996 жылғы қыркүйек айының 11-жұлдызындағы N 9-235 шешiмi және облыс Әкiмi бiрiншi орынбасарының 1997 жылғы маусым айының 23 жұлдызындағы N 2-120р жарлығының күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.
Басқа 7. Комиссия мүшелерi:
Алматы облысы Әкiмiнiң 1998 жылғы 14 сәуiрдегі N 4-138 шешiмiне 1 қосымша Облыс бюджетi қаражатының есебiнен жүзеге асырылатын, мемлекеттiк тауарларды сатып алу, қызмет көрсету жөнiндегi материалдарды қарау үшiн комиссия құрамы 1. Долженков В.А. - облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы 2. Қожағапанов Т.Ж. - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары 3. Ахметов Н.А. - Облыстың экономика басқармасы салалық экономиканы дамыту бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: 4. Амерханова Ж.А. - облыс әкiмiнiң орынбасары 5. Меренков В.П. - облыс әкiмiнiң орынбасары 6. Әбдiқадiров Т.Ә. - облыстық қаржы басқармасының бастығы 7. Адасбаев Е.Ә. - Облыстың экономика Басқармасының бастығы 8. Мажеденов Ш.М. - өнеркәсiп және сауда облыстық Басқармасының бастығы
Басқа 8
Алматы облысы Әкiмiнiң 1998 жылғы 14 сәуiрдегі N 4-138 шешiмiне 2 қосымша Облыс бюджетi қаражатының есебiнен жүзеге асырылатын, мемлекеттiк тауарларды сатып алу, қызмет көрсету жөнiнде жарыс /тендер/ өткiзу туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер Бұл ереже Қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 1997 жылғы шiлде айының 16-жұлдызындағы N 163-I Заңына сәйкес жасалынған және облыс бюджетi мен бюджеттен тыс қорлар есебiнен iске асырылатын мемлекеттiк тауарларды сатып алу, қызмет көрсету жөнiнде тендер қорытындысын шығару және өткiзуге дайындық тәртiбiн анықтайды. Жарысты /тендерлердi/ ұйымдастыру және өткiзу мыналарды қамтамасыз етедi: - облыс бюджетi мен бюджеттен тыс қорлар қаражатын дұрыс жұмсау; - мемлекетке тауарлар беру, қызмет көрсетуге қатысу үшiн барлық тауар жiберушiлерге бiрдей мүмкiндiктер беру; - тендер ұйымдастыру мен өткiзудiң жариялылығы;
Тарау ii. II. Ережеде қолданылатын ұғымдар
II. Ережеде қолданылатын ұғымдар Мемлекеттiк сатып алу - сатып алу туралы жасалған келiсiмдер негiзiнде облыс бюджетi, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар қаражаты есебiнен, мемлекетке қажеттi қызмет көрсету және тауарларды мемлекет иелiгiне тапсырыс берушiлермен мемлекеттiң алуы. Мемлекеттiк сатып алу туралы келiсiм - Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңына, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне және осы Ережеге сәйкес, жабдықтаушы мен тапсырыс берушiлер арасында жасалған азаматтық-құқықтық келiсiм. Тапсырыс берушi - облыс бюджетi, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар есебiнен, өз қажеттiлiгi үшiн, сатып алуды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттiк орган және оған қарасты мекемелер. Тендер - мемлекеттiк сатып алу туралы келiсiмнiң ең ыңғайлы шарттарын айқындауға бағытталған, әлеуеттi жабдықтаушылар арасында бәсекенi көздеу, мемлекеттiк сатып алуды өткiзу әдiсi. Жарыс өткiзушi /конкурстық/ комиссия - тендер жеңiмпаздарын анықтау және өткiзу үшiн, тапсырыс берушiлермен құрылған, тұрақты алқалық орган. Әлеуеттi жабдықтаушы талапкер - жарыс өткiзу /конкурстық/ комиссиямен ұсынысы тiркелген, мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысатын заңды тұлға. Жабдықтаушы - мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған келiсiмде өзiне мiндеттердi алатын /контрагент/ заңды тұлға. Сатып алу процесiне қатысушылар - жабдықтаушы, әлеуеттi жабдықтаушы, жарысты /тендер/ ұйымдастырушы, тапсырыс берушi.
Тарау iii. III. Жарыс /тендер/ комиссиясы
III. Жарыс /тендер/ комиссиясы Жарыс өткiзу үшiн облыс Әкiмiнiң шешiмiмен комиссия құрылады, оның құрамына мыналар кiредi: - облыс Әкiмiнiң салаларды тiкелей басқаратын орынбасарлары; - облыстық финанс басқармасының, Облыс экономика Басқармасының, Облыстық өнеркәсiп және сауда басқармасының өкiлдерi; - мемлекеттiк сатып алуды көздеген мүдделi облыстық басқармалар мен комитеттердiң өкiлдерi; - тапсырыс берушiлермен тағайындалған, басқа да тұлғалар. Облыс Әкiмiнiң Бiрiншi орынбасары комиссия председателi болып табылады. Жарыс /тендерлiк/ комиссиясы: - Жарысқа қатысу мәлiмдемесiмен танысады; - Жарысқа қатысуға жiберiлген тұлғалардың мәлiмдемесi бойынша анықтайды; - ұсыныстарды зерттеп бiледi; - Жарыс жеңiмпазын анықтайды; - берiлген ұсыныстар бойынша, кейбiр мәселелердi анықтау үшiн, талапкерлердi комиссия отырысына шақыруға құқықты. Комиссия төрағасы: - комиссия отырысының күнiн және уақытын белгiлейдi; - жарыс /тендерлiк/ комиссиясының жұмысын анықтайды; - жарыс қорытындысын шығаруды жүзеге асырады; - жарыс қорытындысын шығару және оның әдiлдiкпен өткiзiлуiне жауап бередi; - жарыс қорытындысын хабарлайды. Тендер өткiзуге дайындық жұмыстарын облыс Әкiмi шешiмiмен белгiленген, жұмысшы орган /экономика басқармасы/ жүзеге асырады. Жұмысшы орган: - жарысты өткiзу тәртiбi мен мерзiмi, негiзгi жағдайлары, тендер өткiзуге дейiн 30 күннен кем емес уақыт iшiнде жаппай ақпарат құралдарында хабарланады; - Облыстық финанс басқармасымен берiлетiн, облыс бюджетiмен және бюджеттен тыс қорлар есебiмен бекiтiлген, көрсеткiштер /қаражаттар/ негiзiнде қызмет көрсету, тауарларды сатып алу көлемi мен номенклатурасын қарау; - жарыс /тендерлiк/ құжаттамаларын алу үшiн, тендерге қатысуға, тендерлiк комиссия арқылы жiберiлген тұлғаларды жазбаша таныстыру; - жарыс шарттарымен қатысушыларды таныстыру; - барлық түскен материалдар мен құжаттарды тiркеуден өткiзу, олардың толықтығын және сақталуын қамтамасыз ету, өтiнiштердi қабылдайды; - қатысушыларды тiркеуден өткiзедi; - түскен материалдарды комиссияның қарауына жiбередi; - тендердi өткiзу және дайындыққа байланысты, жарыс комиссиясы Төрағасының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Тарау iv. IV. Жарыс /тендер/ өткiзудi ұйымдастыру
IV. Жарыс /тендер/ өткiзудi ұйымдастыру Жарысты /конкурсты/ ұйымдастыру және өткiзу дегенiмiз облыс бюджетiмен, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың орындалуы бойынша, жарыс - өткiзетiн / тендер/ комиссияның iс-әрекетi, оған мыналар енедi: - жарыс /тендер/ өткiзу, тиiстi қаржы жылында қызмет көрсетудiң орындалуы, тауарлар алуға тапсырыс өткiзу туралы қатысушылардың ұсыныстарын қарау; - мемлекеттiк сатып алу туралы келiсiм жасау және жарыста жеңiске жеткен тұлғалар туралы шешiм қабылдау. Жарыс /тендер/ комиссиясының отырысы, егер комиссия құрамының барлық мүшесiнен отырысқа 3/4 бөлiгiнен кем емес адам қатынасқан жағдайда, құқылы болып есептеледi. Комиссияның әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие болады. Жарыс /тендер/ комиссиясының отырысы хаттамамен рәсiмделедi, оны комиссия хатшысы жүргiзiп, комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды. Тендер шарттарына, ұсынылған ұсыныстардың, сәйкес келуiн /тендерлiк/ жарыс өткiзу комиссиясы тексерiп отырады. Тендер шарттарына сәйкес келмейтiн ұсыныстар, алдағы уақытта қаралуға жатпайды, ол туралы жарыс өткiзу /тендерлiк/ комиссиясының хаттамасында көрсетiледi. Жарыс өткiзу /тендерлiк/ комиссиясы үмiткерлермен дайындалған, өздерiнiң мамандықтары, өндiрiстiк қуаттылығы мен қаржылық тұрақтылығы жөнiнде жалған мәлiметтер беру және банкрот деп жариялау туралы ұсыныстарын қабылдамайды. Тендерлiк комиссия отырыс барысында үмiткерлерден түсiнiктемелер мен анықтаулар алуға, сондай-ақ қосымша мәлiметтер мен құжаттар беру үшiн шақыруға құқылы. Тендерлiк /жарыс/ комиссия отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында, қазақстандық әлеуеттi жабдықтаушыларға жоғары баға бередi. Мемлекеттiк сатып алуды бiр жерден ұйымдастыру көзi мынадай жағдайларда болуы мүмкiн: - берiлетiн тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсету бiр ғана нақты әлеуеттi жабдықтаушының қолында болған жағдайда немесе қандай болмасын нақты әлеуеттi жабдықтаушы осы тауарларға, қызмет көрсетуге қатысты ерекше праволарымен қожалық еткенде; - төтенше жағдайлар салдарынан тауарларға, қызмет көрсетуге асығыс қажеттiлiк туған жағдайда, жарыс өткiзу қолайсыздығы. Тендер /жарыс/ қорытындысы - тиiстi жарыс шарттарында мойындалған, барлық ұсыныстарды қараудан кейiн ғана хабарлануы тиiс. Тендердi өткiзуге кем дегенде үш әлеуеттi жабдықтаушы қатынасуы керек. Тендерлiк комиссиясының дауыс беру жөнiндегi хаттамасы /қорытынды хаттама/ барлық дауыс берушi комиссия мүшелерiмен расталады /қол қойылады/. Қарсы дауыс берушi комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрi хаттамаға қоса тiркеледi. Тендердiң /жарыстың/ қорытынды хаттамасы жеңiмпаздардың анықталуымен, сондай-ақ басқа да үмiткерлердiң орнын анықтаумен аяқталады, ол комиссия Төрағасының және хатшысының қолымен расталады. Келiсiм жасау туралы тендер жеңiмпаздары қарсы болған жағдайда, тендерлiк комиссия талапкерлердiң iшiнен тендер қорытындысы бойынша, олардың иеленген келесi орын тәртiбiне байланысты жеңiмпаздарды iрiктеуге болады.
Тарау v. V. Қорытынды ереже
V. Қорытынды ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңының және осы Ереженiң бұзылуымен өткiзiлген жарыс /тендер/, белгiленген заңдылық тәртiбiмен жарамсыз деп табылады.