Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешімімен бекітілді Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар облыс елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою
Тармақ 3
3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарына мiндеттi медициналық тексерiп-қараудан өткен адамдар жіберіледі.
Тармақ 5
5. Жалпы пайдаланудағы қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) адамдардың алып жүруінсіз жүрген иттер мен мысықтар, иелері байлап қалдырғандарынан басқа, қаңғыбас деп есептеліп, аулануға жатады.
Тармақ 6
6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізінде жүргізіле алады.
Тармақ 7
7. Қаңғыбас иттер мен мысықтар: тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында; олардың санын реттеу: иелеріне қайтару; оларды орналастыру мақсатында ауланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті атқарушы органдар ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды, олардың тиесiлiгi анықталғанға дейін, оларды бағу үшiн қажеттi жағдайы бар адамға тапсыруы мүмкiн. Егер екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса, ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эвтаназиялауға жатады.
Тармақ 9
9. Иттер мен мысықтардың өлекселерін тасымалдау қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың арнайы жабдықталған автокөлігімен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырлар), инсинераторларда (өлекселерді өртейтін пеш) жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жол берілмейді: тұрғын үй-жайларда, жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің қоршалған аумақтарында, иелерінің өтініштерін қоспағанда, иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға; қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін лақтырып тастауға және оларды рұқсатсыз көмуге.
Тарау 3. 3. Осы Қағидаларды бұзғандық үшін жауапкершілік
3. Осы Қағидаларды бұзғандық үшін жауапкершілік
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.