Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе және табиғи газдарын кешенді және тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе және табиғи газдарын кешенді және тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы № 281 «Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе және табиғи газдарын кешенді және тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің орынбасары (К.Нұрекешов):
Тармақша 1
1) Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының жер қойнауын пайдаланушылардың Құмкөл-Ақшабұлақ-Қызылорда магистралды газ құбырының құрылысын жобалауды және салуды қаржыландыру үшін жасалған «Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе газдарын кәдеге жарату» жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде анықталған өздерінің үлесіне сәйкес 2001 жылғы 1 наурыздан бастап жыл сайын берілетін белгіленген қаржылардың бөлінуіне бақылау жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Керекті министрліктермен бірге, кен орындарының жер қойнауын пайдаланушылардың 2000 жылы 26 қыркүйекте қол қойған «Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе газдарын кешенді пайдалану». Бас келісімін, өзара қабылдаған міндеттемелерге сәйкес, уақытылы және толық іске асыруды қамтамасыз етуге бақылау орнату;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде кен орындарының жер қойнауын пайдаланушылардың, «Мұнай-газ ЗЖИ институты» жабық акционерлік қоғамы - бас жобалаушының (Ақтау қаласы) және «Энергетика өнеркәсібі ҚазЗЖИ институты» жабық акционерлік қоғамының (Алматы қаласы) басшыларының істелінген жұмыстардың барысы жайлы әр тоқсан сайын өткізілетін есепті жиналыстарына қатысумен «Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе газдарын кешенді пайдалану» жобасын жүзеге асыру бойынша олардың істеп жатқан жұмыстары туралы нақты мәселелер мен ұсыныстар қарауға ұсыну тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы № 281 қаулысын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің бірінші орынбасарына (Б.Қуандықов), облыстық қаржы басқармасына (Қ.Әжібеков) қабылдаған тәртіпке сәйкес, Қызылорда облысы жылу энергетика көздерін және тұрғын үй-коммуналдық секторын Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы кен орындарынан келіп түсетін газды пайдалануға көшіру жөніндегі инвестициялық жобаны әзірлеудің және іске асырудың бастапқы кезеңнің қаржыландыру үшін, 2001 жылғы жергілікті бюджеттен көлемі 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге қаржы бөлу туралы ұсыныс дайындау және енгізу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің орынбасары (К.Нұрекешов), облыс экономика басқармасы (Б.Шаменова) Қызылорда қаласының жылу энергетика көздерін және тұрғын үй-коммуналдық секторын Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасының кен орындарынан келіп түсетін газды пайдалану инвестициялық жобасын инвестициялардың мемлекеттік 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасының жобасына енгізу туралы осы қаулының 3-і тармағын орындауға бақылау жасау тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің орынбасары (К.Нұрекешов) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірге осы қаулының орындалу барысы жайлы облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Үкіметіне тоқсан сайын беретін ақпаратты дайындасын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің 2000 жылғы 28 қазандағы 229-Ө өкімімен құрылған облыс әкімі орынбасары - облыстық комиссия төрағасы (К.Нұрекешов) »Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе газдарын кәдеге жарату» жобасын жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру мен техникалық мәселелерді қарау мен шешуді жеделдетсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К.Нұрекешовке жүктелсін.