Об утверждении правил бюджетного кредитования из средств местного бюджета Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысының жергілікті
бюджет қаражатынан бюджеттік
несиелеу ережелерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 «Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен несиелер ұсыну Ережелерін бекіту туралы» қаулысының 12 және 12-1 тармақтарына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының жергілікті бюджет қаражатынан бюджеттік несиелеу ережелері «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін несиелеу» бағдарламасы бойынша қасымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Көрсетілген ережелердің сақталуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 3. «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша Қостанай облысының жергілікті бюджет қаражатынан бюджеттік несиелеу ережелері
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2001 жылғы 28 сәуірдегі
№ 71 шешіміне қосымша
«Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша Қостанай облысының жергілікті бюджет қаражатынан бюджеттік несиелеу ережелері
Осы ережелер ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2001 жылғы көктемгі дала жұмыспен жүргізу үшін бидай тұқымымен қамтамасыз ету мақсатында оларды несиелеу тәртібін белгілейді (әрі қарай – Ережелер).
Тарау 1. 1. Негізгі түсініктер
1. Негізгі түсініктер
Несиегер – аудандық (қалалық) әкімият.
Банк – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркыйектегі № 1440 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының несиелер беру Ережелеріне сәйкес конкурстық комиссия шешімімен белгіленген екінші деңгейдегі банкілер.
Соңғы қарыз берушілер – іс-әрекеті ауылшаруашылық өнім өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты және өндірістің негізгі құралы жер болып табылатын, заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ауылшаруашылық тауар өндірушілері.
Бағдарлама әкімгері – тиісті әкімияттың қаулысымен анықталатын, аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаның негізделуі мен іске асырылуына жауапты мемлекеттік орган.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Несие аудандық (қалалық) бюджеттер қаражатынан беріледі.
Тармақ 2
2. Несие төменгі шарттармен беріледі:
беру нысаны – жедел несиелер;
несиелеу мерзімі – қысқа мерзімді несиелер;
несиені пайдаланған үшін сыйлықақы беру - Бнкі несие сомасының 0,5 пайызға дейінгі жылдығын төлейді;
Банктің шығыстарын жабу – Соңғы қарыз берушінің қаражатынан;
берілетін несиелер валютасы – теңге;
берілетін несиелер сомасы – аудандық (қалалық) бюджеттерде қарастырылатын сомалар мөлшерінде.
Тармақ 3
3. Бағдарлама әкімгерімен құжаттарды қарау және Банкті іріктеу үшін конкурстық комиссия құрылады.
Тармақ 4
4. Несиені қайтару мерзімінің және тәртібінің шарттары Несиегер және Банк араларында жасалатын несиелік келісім-шартта анықталады.
Тармақ 5
5. Аудандық (қалалық) бюджет есебінен жергілікті атқарушы органдардың жасайтын несиелік келісім-шарттары жасалғаннан кейінгі үш күндік мерзімде Қостанай облыстық қаржы департаментінде міндетті түрде тіркелуге жатады.
Тарау 3. 3. Соңғы қарыз берушілерді несиелеу тетігі
3. Соңғы қарыз берушілерді несиелеу тетігі
Тармақ 6
6. Несиегер мен Банкінің арасында жасалған несиелік келісім-шарттың негізінде Бағдарлама әкімгері Банкіге несиелік қаражат бөледі, ол өз кезегінде Соңғы қарыз берушілерді Несиегермен жасалған несиелік келісім-шартта айтылған шарттарда несиелеуді жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Банк өзінің корреспонденттік шотына несиелік қаражат түскеннен кейінгі 5 (бес) банкілік күннен кешіктірілмеген мерзімде Соңғы қарыз берушілермен несиелік келісім-шарттар жасайды.
Тарау 4. 4. Соңғы қарыз берушілерді және несиелердің шегін анықтау
4. Соңғы қарыз берушілерді және несиелердің шегін анықтау
Тармақ 8
8. Несие алуға құқы бар Соңғы қарыз берушілердің тізбесін және несиенін мөлшерін несие алушы үміткердің осы ережелердің Соңғы қарыз берушіні анықтау шарттарына сәйкес болған жағдайда Несиегер бекітеді.
Тармақ 9
9. Соңғы қарыз берушілер үшін несиелеудің шегі аудандық (қалалық) бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттын сомасынан туындала отырып анықталады.