Об утверждении перечней родов и видов растений, по которым патентоспособность и хозяйственная полезность оцениваются по данным государственного испытания или заявителя Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Патент қабiлеттiлiгі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiш берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбелерiн бекiту туралы «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 29 мамыр
Басқа 1. Патент қабілеттілігі және шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығына 1-қосымша Патент қабілеттілігі және шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі № Да­қыл­дың ата­уы Ла­тын­ша ата­уы 1 2 3 1-та­рау. Дән­ді да­қыл­дар 1. Егі­стік қа­ра­құ­мық Fagopyrum esculentum Moench 2. Жү­ге­рі Zea mays L. 3. Жа­ла­ңаш дән­ді сұ­лы Avena nudа L. 4. Егі­стік сұ­лы Avena sativa L. 5. Кә­дім­гі та­ры Panicum miliaceum L. 6. Жұм­сақ би­дай Triticum aestivum L. 7. Қат­ты би­дай Triticum durum Desf 8. Тур­ги­дум би­дайы Triticum turgidum L. 9. Егі­стік кү­ріш Oryza sativa L. 10. Да­қыл­дық қа­ра би­дай Secale cereale 11. Дән­ді құ­май жү­ге­рі Sorghum bicolor (L.) Moench 12. Три­ти­ка­ле Triticosecale 13. Жа­з­дық ар­па Hordeum vulgare L. 2-та­рау. Дән­ді-бұр­шақ­ты да­қыл­дар 14. Егі­стік ас­бұр­шақ Pisum sativum L. sensu lato 15. Да­қыл­дық но­қат Cicer arietinum L. 16. Кә­дім­гі үр­ме­бұр­шақ Phaseolus vulgaris L. 17. Да­қыл­дық жа­сы­мық Lens culinaris Medik 3-та­рау. Май­лы да­қыл­дар 18. Ақ қы­ша Sinapis alba 19. Кө­гі­л­жім қы­ша­сы Brassica juncea (L.) Czern. et Coss.in Czern 20. Май­лы зығ­ыр Linum usitatissimum L. var. intermedia Vav. et. Ell. 21. Бір­жыл­дық күн­ба­ғыс Helianthus annuus L. 22. Рапс Brassica napus L. ssp. Oleifera (Metzg.) Sinsk. 23. Бо­я­у­лы мақ­са­ры Carthamus tinctorius L. 24. Да­қыл­дық соя Glycine max (L.) Merr 4-та­рау. Кө­кө­ніс және бақ­ша да­қыл­да­ры 25. Кә­дім­гі қар­быз Citrullus lanatus (Thund.) Matsum. et.​Nakai 26. Кә­дім­гі қа­уын Cucumis melo L. 27. Ақ қа­удан­ды қы­рық­қа­бат Brassica oleracea L. convar. capitata L. Alef. var.​ 28. Қы­зыл қа­удан­ды қы­рық­қа­бат Brassica oleracea L.​convar. capitata (L.) Alef. var. rubra L.) Thell. 29. Са­вой қы­рық­қа­ба­ты Brassica oleracea L. convar. capitata (L.) Alef. var. sabauda L. 30. Тү­сті қы­рық­қа­бат Brassica oleracea L.​convar botrytis (L.) Alef.var. botrytis L 31. Кар­топ Solanum tuberosum L. 32. Ас­ха­на­лық сә­біз Daucus carota L. 33. Шал­ғам Raphanus sativus L. var. oleiformis Pers 34. Шал­қан Brassica rapa L. 35. Ас­ха­на­лық қы­зы­л­ша Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var. conditiva Alef. 36. Ірі же­мі­сті ас­қа­бақ Cucurbita maxima Duch. 5-та­рау. Тех­ни­ка­лық да­қыл­дар 37. Қант қы­зы­л­ша­сы Beta vulgaris L. ssp. Vulgaris var.​alt​issi​ma Doell 6-та­рау. Тал­шық­ты да­қыл­дар 38. Мақ­та Gossypium L. 7-та­рау. Мал азық­тық да­қыл­дар 39. Ақ­бас түй­е­жо­ңыш­қа Melilotus albus Medik. 40. Еділ түй­е­жо­ңыш­қа­сы Melilotus wolgicus Poir. 41. Са­ры­бас түй­е­жо­ңыш­қа Melilotus officinalis (L.) Desr. 42. Ті­сті түй­е­жо­ңыш­қа Melilotus dentatus (Waldst. et Kit.) Pers. 43. Тар жа­пы­рақ­ты ер­кек­шөп Agropyron desertorum (Fisch. ex Link) Schult 44. Кең жа­пы­рақ­ты ер­кек­шөп Agropyron pectiniforme Roem. et. Schult. 45. Қы­л­та­нақ­сыз ар­па­бас Bromus inermis Leyss. 46. Тік ар­па­бас Bromus arvensis L 47. Жо­ңыш­қа Medicago L. 48. Су­дан шө­бі Sorghum ×drummondii (Steud.) Millsp. & Chase 49. Эс­пар­цет Onobrychis viciifolia Scop
Басқа 2. Патент қабілеттілігі және шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығына 2-қосымша Патент қабілеттілігі және шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі № Дақылдың атауы Латынша атауы 1 2 3 1-тарау. Дәнді-бұршақты дақылдар 1. Маш Vigna radiata (L.) 2. Егістік ноғатық Lathyrus sativus L. 2-тарау. Майлы дақылдар 3. Кәдімгі үпілмәлік Ricinus communis L. 4. Күнжіт Sesamum indicum L. 5. Егістік арыш Camelina sativa (L.) 3-тарау. Көкөніс дақылдары 6. Көкөніс насыбайгүлі Ocimum basilicum L. 7. Баялды Solanum melongena L. 8. Асханалық тарна Brassica napus L. var napobrassica (L) Rchb 9. Жіңішке жапырақты қос қатар Diplotaxis tenuifolia (L.) DC. 10. Кәді Cucurbita pepo L. var. giraumonas Duch. 11. Жапырақты қырыққабат Brassica oleracea L. var . sabellica L. 12. Пекин қырыққабаты Brassica rapa L. subsp. pekinensis (Lour.) Hanelt 13. Кориандр Coriandrum sativum L. 14. Батун пиязы Allium fistulosum L. 15. Порей пиязы Allium porrum L. 16. Басты пияз Allium сера L. 17. Шалот пиязы Allium ascalonicum L. 18. Мангольд Beta vulgaris L. ssp. vulgaris var. flavescens DC. f. crispa 19. Кәдімгі қияр Cucumis sativus L. 20. Егістік ботташық Pastinaca sativa L. 21. Самсар Cucurbita pepo L. var. melopepo L. 22. Бұршаққынды бұрыш Capsicum annum L. var. grossum (L.) Sendt. 23. Бұйра ақжелкен Petroselinum crispum (Mill.) Nym. Ex. A.​W.​Hill 24. Рауғаш Rheum L. 25. Шалғам Raphanus sativus L. 26. Жапырақты салат Lactuca sativa L. 27. Дақылдық балдыркөк Apium graveolens L. 28. Спаржалық қырыққабат (брокколи) Brassica oleracea L. var. italica Plenck 29. Қызанақ Solanum lycopersicum L. var. lycopersicum 30. Хош иісті аскөк Anethum graveolens L. 31. Сарымсақ Allium sativum L. 32. Шпинат Spinacia oleracea L. 33. Қымыздық Rumex L. 4-тарау. Техникалық дақылдар 34. Көксағыз Taraxacum kok-saghyz L. E. Rodin. 35. Темекі Nicotiana tabacum L. 5-тарау. Азықтық дақылдар 36. Шашақты гүлтәжі Amaranthus paniculatus L. 37. Түлкімасақ Astragalus valpinus 38. Түлкі тәрізді таспашөп Astragalus alopecias Pall. 39. Бадам таспашөбі Astragalus amygdalinus 40. Шарағал таспашөбі Astragalus globicepsBunge 41. Буассье шытыршығы Isatis tinctoria L. 42. Далалық сиыржоңышқа Vicia villosa Roth. 43. Егістік сиыржоңышқа Vicia sativa L 44. Байкал самалдығы Polygonum divaricatum L. 45. Жима тарғақ Dactylis glomerata L. 46. Жапырақсыз жүзгін Calligonum aphyllum (Pall.) Gürke 47. Ақ қабық жүзгін Calligonum Leucocladum 48. Медуза басы тәріздес жүзгін Calligonum caput-medusae. 49. Тікен қанатты жүзгін Calligonum acanthopterum 50. Қызылқұм жүзгіні Calligonum Kzyl-kymi 51. Ұсақ жемісті жүзгін Calligonum microcarpum 52. Кәдімгі жүзгін Calligonum commune 53. Түкті сабақты жүзгін Calligonum eriopodum 54. Лессинг қараматауы Camphorosma lessingii 55. Қамысты қосбас Phalaris arundinacea 56. Күйреуік Salsola orientalis S.​G.​Gmel 57. Шалғындық беде Trifolium pratense L. 58. Жатаған беде Trifolium repens L 59. Шығыс көктікені Galega orientalis Lam. 60. Көпжемісті көкпек Atriplex policara 61. Елекшөпті қияқ Psathyrostachys juncea Fisch. Nevski 62. Түбірлі селдірек Deschampsia cespitosa (L.) P. Beauv. 63. Айыр пышан Lotus corniculatus L 64. Могар Setaria italica L. ssp. mocharium Alf. 65. Шалғындық қоңырбас Poa pratensis L. 66. Кәдімгі қоңырбас Poa trivialis L. 67. Көк шұнақ бетеге Festuca sulcata (Hack.) 68. Қызыл бетеге Festuca rubra L. 69. Шалғындық бетеге Festuca pratensis Huds. 70. Қой бетеге Festuca ovina L. 71. Түрлі жапырақты бетеге Festuca heterophylla Lam. 72. Қамысты бетеге Festuca arundinacea Schreb. 73. Өркенді суоты Agrostis stolonifera L. 74. Боз жусан Artemisia terrae-albae Krasch. 75. Жатық жусан Artemisia glabella Kar. & Kir. 76. Ащы жусан Artemisa halophilа 77. Тұран жусаны Artemisa turanica 78. Африкалық тары Pennisetum glaucum L.R. Br. 79. Жатаған изен (изен, шыбықот) Kochia prostrata (L.) Schrad 80. Көгентамырсыз бидайық Agropyrum tenerum Vessey 81. Даур бидайығы Elymus dahuricus Turcz. ex Griseb. Nevski. 82. Сібір бидайығы Clinelymis sibiricus L. Nevski 83. Көкшіл бидайық Thinopyrum intermedium (Host) 84. Буданды үйбидайық Lolium hybridum 85. Көпжылдық үйбидайық Lolium perenne L. 86. Бір жылдық үйбидайық Lolium multiflorum Lam. var. westerwoldicum Wittm. 87. Ақ сексеуіл Haloxylon рersicum 88. Қара сексеуіл Haloxylon aphyllum (Minkw.) 89. Азықтық қызылша Beta vulgaris ssp. vulgaris var alba DC 90. Қарабарқын (шеркез) Salsola rihteri Karel 91. Сыпыртқылы құмай жүгері Sorghum technicum Roshev. 92. Қышабас Brassica rapa subsp. silvestris (Lam.) Janch. 93. Теріскен Krascheninnikovia Gueldenst. 94. Эверсман теріскені Krascheninnikovia eversmanniana (Stschegl. ex Losinsk.) Grubov 95. Шалғындық атқонақ Phleum pratense L. 96. Жералмұрт Helianthus tuberosus L. 97. Жеркүнбағысы Helianthus tuberosus x H.​annus L. 98. Турнепс Brassica rapa L. var rapa (L.) Thell 99. Тұт көбелегі Bombyx mori L. 100. Шоған Salsola subaphylla C.A. Mey 101. Қонақ Setaria italica (L.)subsp. maxima Alef. 102. Тұт ағашы Morus L. 103. Күңгірт қызылкүрең Echinacea purpurea L. Moench 6-тарау. Жеміс-жидек дақылдары және жүзім 104. Кәдімгі өрік Prunus armeniaca L. 105. Кәдімгі беже Cydonia oblonga Mill 106. Жүзім Vitis L. 107. Кәдімгі шие Prunus cerasus L. 108. Құс шиесі Prunus avium L. 109. Биік көкжидек Vaccinium Corymbosum L 110. Кәдімгі көкжидек Vaccínium uliginósum 111. Кәдімгі анар Punica granatum L. 112. Кәдімгі алмұрт Pyrus communis L. 113. Қожақат Rubus L. subg. Rubus 114. Көк үшқат Lonicera caeruléa L. 115. Бүлдірген Fragaria L. 116. Кәдімгі інжір Ficus carica L. 117. Кәдімгі қарлыған Ribes uva-crispa L. 118. Кәдімгі таңқурай Rubus idaeus L. 119. Шырғанақ Hippophae L. 120. Кәдімгі шабдалы Prunus persica (L) Batsch 121. Шетен Sorbus L. 122. Шие қара өрігі (алша) Prunus cerasifera Ehrh. 123. Үй қара өрігі Prunus domestica L. 124. Ақ қарақат Ribes niveum Lindl. 125. Қызыл қарақат Ribes rubrum L. 126. Қара қарақат Ribes nigrum L. 127. Қара жидек Vaccínium myrtíllus L. 128. Үй алмасы Malus domestica (Suckow) Borkh. 7-тарау. Гүлді-сәндік дақылдар 129. Сүмбілшаш Hyacinthus L. 130. Баршынгүл Gladiolus L. 131. Құртқашаш Iris L. 132. Канна Canna L. 133. Клематис Clematis L. 134. Лилей Hemerocallis L. 135. Лалагүл Lilium L. 136. Нәркес Narcissus L. 137. ІІІұғынық Paeonia L. 138. Раушангүл Rosa L. 139. Дәрілік түймедақ Matricaria chamomilla (L.) 140. Жұпаргүл Syringa L. 141. Тагетес Tagetes L. 142. Қызғалдақ Tulipa L. 143. Кәдімгі шилен Zizipfus sativa Gaerth 144. Түймежапырақ Phacelia tanacetifolia Benth 145. Фрезия Freesia Eckl. ex Klatt 146. Бақытгүл Chrysanthemum L. 147. Үлпет Zinnia L. 8-тарау. Жаңғақ жемісті дақылдар 148. Бадам Prunus dulcis (Mill.) 149. Грек жаңғағы Juglans regia L. 150. Орман жаңғағы Corylus avellana L. 9-тарау. Орман ағаштары 151. Салпыншақ қайың Betula pendula Roth 152. Павловния Paulоwnia 153. Кәдімгі қарағай Pinus sylvestris L. 10-тарау. Тропикалық және субтропикалық дақылдар 154. Банан Musa acuminatа Colla, Musa x paradisiaca L.