Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандары тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы
Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры жүйесінің бұрынғы қалыптасқан іс-жұмыс тәртібін қалпына келтіру арқылы Арал және Қазалы аудандары тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және облыс елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау іс-шаралар орындау үшін, облыстық бюджеттен 2001 жылға қаралған қаржыны тиімді пайдалану мақсатында, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандары тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы от 03.02.2001 г. № 415 (Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандары тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы)
1. Арал және Қазалы аудандары әкімдерінің келісімімен облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті дайындаған Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету тәртібі бекітілсін (№ 1 қосымша берілген).
2. Облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментіне (Е.Бекжанов), Қызылорда аумақтық мүлік және жекешелендіру комитетіне (С.Калиев) Арал ауданының әкімімен (А.Көшербай) және Қазалы ауданының әкімімен (Б.Пұсырманов) бірге, Қызылорда облысы Арал және Қазалы ауданы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету тәртібін Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының бұрынғы қалыптасқан жұмыс тәртібін қалпына келтіру арқылы ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыруды 2000 жылғы бірінші сәуірге орындау тапсырылсын (№ 2 қосымша берілген).
3. Облыс елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, басқару жүйесін жетілдіріп жолға қою үшін және облыстың басқа да аудандарына нұсқа есебінде енгізу үшін, облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті (Е.Бекжанов), Қызылорда аймақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (С.Калиев), Сырдария ауданы әкімі (А.Хожбанов) 2001 жылдың 26 наурызына дейін Сырдария ауданы елді мекендеріндегі ауыз сумен жабдықтау көздерін, су құбырларын және ғимараттарын толық тексеруден өткізіп, төлқұжаттары жасалынсын.
4. Бұл шешімнің орындалуы жайлы мәліметтерді облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментіне (Е.Бекжанов) әр он күн сайын беріп отыру тапсырылсын.
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К.Нұрекешовке жүктелсін.