Об установлении ограничительных мероприятий в зимовке «Атахан» Екпинского сельского округа Тарбагатайского района Күшін жойған
Басқа 0
Тарбағатай ауданының Екпін
ауылдық округiнің «Атахан»
қыстағына шектеу іс шараларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негiзiнде Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екпін ауылдық округiнің «Атахан» қыстағындағы жылқы малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б.Қажыкеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б. Қажыкенов
28.05.2015 жыл