Қолданыстағы ред. 29.11.2000

Экономикасы тоқырауға айналған округтерге көмектесу жайлы от 29.11.2000 г. № 356 (Экономикасы тоқырауға айналған округтерге көмектесу жайлы)

0

Экономикасы тоқырауға айналған округтерге көмектесу жайлы
«Облыс халқын жұмыспен қамту және жұмыссыздыққа қарсы күресті күшейту шаралары туралы» облыстық мәслихаттың IV сессиясының шешімінің 2 тармағын жүзеге асыру мақсатында және экономикасы тоқырауға айналған елді мекендерге мемлекеттік көмек көрсетудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Экономикасы тоқырауға айналған ауылдық (қоныстық) округтер мен ауданға бағынышты қалалардың, көмек көрсетілетін уақытының кестесі мен оған жауапты қызметкерлердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Облыс әкімінің 2000 жылғы 15 шілдедегі № 174 үкімімен құрылған облыстық комиссияға:
1) осы жылдың 5 желтоқсанына дейін аудан әкімдерімен бірлесе отырып кестедегі 2001 жылға белгіленген экономикасы тоқырауға айналған округтерге көрсетілетін көмек бағдарламасын зерделеу және қаржыландыру көздерін анықтау, ал басқа округтер бойынша осындай жұмыстарды 2001 жылдың 1 наурызына дейін жүргізу;
2) кіші кәсіпкерлікті қолдауға, жұмыссыздықты жою бағдарламасына, коршаған ортаны қорғауға, жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарын ұстауға қаралған бюджет қаржыларын, «Микрокредит» мемлекеттік емес ұйымының қаржысын, халықаралық Аралды қорғау қоры, ПРООН желісі бойынша әйелдерді қолдау бағдарламасы, жеткіліксіз қамтамасыз етілген азаматтарға көмек көрсету қорының және банктердің несиелерін; инвесторлар мен жеке азаматтардың қаржыларын көмек көрсетуге тарту мүмкіндігін зерделеу;
3) облыстық экономика, каржы, денсаулык сақтау жөне мәдениет басқармаларына, білім беру департаментіне бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға талдау жасау және желілер мен онда жұмыс істейтіндердің санын қайта қарап, келісілген ұсыныстарды беру тапсырылсын.
3. Экономикасы тоқырауға айналған аудандар мен округтердің тізіміне кірген аудан және округ әкімдері:
1) облыстан бекітілген жауапты қызметкерлермен бірлесе отырып, халықты жұмыспен қамти отырып оларға қажетті тауарлар мен қызметтерді көбейтуге бағытталған кәсіпкерлік пен бизнестің дамуын зерттесін;
2) осындай көмекті елді мекендерге аудандардың, демеушілердің, жеке кәсіпкерлердің, банктер мен инвесторлардың күшімен көрсетудің мүмкіншілігін қарастырсын.
4. Облыстық экономика және қаржы басқармалары бекітіленген тәртіппен жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бюджеттерінде экономикасы тоқырауға айналған окруттерге көмек көлемін қарасын.

1

Облыс әкімінің
2000 жылғы 29 қарашадағы
№ 356 шешімімен бекітілген
Экономикасы тоқырауға айналған округтердің тізімі, көмек көрсету уақытының кестесі және оны іске асырудағы жауаптылары
Округ аттары
Орындалу мерзімі
Жауаптылар
Арал ауданы
Қарақұм ауылдық округі
2001 ж.
Егізбаев К.
Октябрь ауылдық округі
2002 ж.
Сүлейменов Т.
Жаңақұрылыс ауылдық округі
2003 ж.
Көшербаев Ж.
Қазалы ауданы
Қызылқұм ауылдық округі
2001 ж.
Шапшанов К.
Қазалы қаласы
2002 ж.
Қалиев С.
Бозкөл ауылдық округі
2003 ж.
Шарипов Ж.
Қармакшы ауданы
Қуаңдария ауылдық округі
2001 ж.
Мәселеева М.
Көмекбаев ауылдық округі
2002 ж.
Ахметов К.
Қармақшы ауылдық округі
2003 ж.
Боханова Р
Жалағаш ауданы
Аламесек ауылдық округі (Жаңадария)
2001 ж.
Жөнтаева Ж.
Аққыр ауылдық округі
2002 ж.
Бисенов Қ.
Шәменов ауылдық округі (Қаракеткен селосы)
2003 ж.
Шәменова Б.
Сырдария ауданы
Айдарлы ауылдық округі (Жетікөл селосы)
2001 ж.
Әбибуллаев И.
Айдарлы селосы
2002 ж.
Әмірғалиев А.
Іңкәрдария ауылдық округі
2003 ж.
Камалатдин А.
Шиелі ауданы
Қарғалы ауылдық округі
2001 ж.
Ысқақов Д.
Тартоғай ауылдық округі
2002 ж.
Нәлібаев М.
Жөлек ауылдық округі
2003 ж.
Көзденова Р
Жанақорған ауданы
Ақүйік ауылдық округі
2001 ж.
Әжібеков Қ.
Бесарық ауылдық округі
2002 ж.
Ыдырысов Қ.
Сүттіқұдық ауылдық округі
2003 ж.
Бектібаев Ж.