Об утверждении Правил проведения аттестации руководителей организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения Күшін жойған
Басқа 0
Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
қызметті жүзеге асыратын
денсаулық сақтау ұйымдарының
басшыларын аттестаттауды жүргізу
қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 410 бұйрығымен
бекітілген
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының
басшыларын аттестаттаудан өткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және оны өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Аттестаттауға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) жатады.
Тармақ 3
3. Аттестаттау аттестатталатын адамдардың кәсіби даярлық деңгейі мен оларға жүктелген лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы, тиісті деңгейде орындау қабілетін айқындау болып табылады.
Тармақ 4
4. Аттестаттау бiрқатар дәйектi кезеңдi қамтиды:
Тармақша 1
1) аттестаттау өткізуге дайындық;
Тармақша 2
2) аттестаттауға жататын аттестатталатын адамдарды тестілеу;
Тармақша 3
3) аттестаттау комиссиясы өткізетін аттестатталатын адамдармен әңгімелесу;
Тармақша 4
4) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.
Тармақ 5
5. Жүкті әйелдер аттестаттаудан өтпейді.
Тарау 2. 2. Аттестаттау өткізу тәртібі
2. Аттестаттау өткізу тәртібі
Тармақ 6
6. Аттестаттау өткізуді лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлғаның тапсырмасы бойынша персоналды басқару қызметі ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға персоналды басқару қызметінің ұсынысы бойынша аттестатталуға тиіс адамдардың тізімі бекітіліп, аттестаттау өткізу мерзімі мен аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленетін бұйрық шығарады.
Тармақ 8
8. Персоналды басқару қызметі аттестатталуға тиіс адамдарды аттестаттау өткізу мерзімі туралы оның өткізілуіне дейін кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 9
9. Аттестатталуға тиіс адамның тікелей басшысы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қызметтік мінездемені ресімдеп, оны персоналды басқару қызметіне жолдайды.
Тармақ 10
10. Қызметтік мінездеме аттестатталатын адамның кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген бағасын қамтуға тиіс.
Тармақ 11
11. Персоналды басқару қызметі аттестатталатын қызметшіні аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш апта мерзімнен кешіктірмей оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.
Тармақ 12
12. Аттестатталатын қызметшіге персоналды басқару қызметі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аттестаттау парағын ресімдейді.
Тармақ 13
13. Персоналды басқару қызметі жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.
Тармақ 14
14. Аттестатталуға тиіс аттестатталатын адамдардың аттестаттаудан өту мәселелерін аттестатталатын адамдарды лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға (бұдан әрі – лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға) шешеді.
Тармақ 15
15. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын адамның қатысуымен өткізеді.
Тармақ 16
16. Тестілеуден өтуде шектi мәннен төмен баға алған аттестатталатын адам әңгiмелесуге жiберiлмейдi.
Бұл ретте аттестатталатын адамға қайта тестілеуден өту құқығы беріледі.
Егер қайта тестілеуден өту кезiнде аттестатталатын адам тағы да шектi мәннен төмен баға алса, аттестаттау комиссиясы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) қайтадан аттестатталуға тиiс;
Тармақша 2
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған аттестатталатын адам, жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.
Тармақ 17
17. Аттестаттау комиссиясы табыс етiлген материалдарды зерделеп және тестілеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен емес баға алған аттестатталатын адаммен әңгiмелескеннен кейін мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
Тармақша 2
2) қайтадан аттестатталуға тиiс;
Тармақша 3
3) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
Тармақ 18
18. Тестілеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс басқармасы (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) ұйымдастырады.
Персоналды басқару қызметінің жұмыскері тестілеу әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) болып табылады.
Тармақ 19
19. Тестілеудi өткiзудің объективтілігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің және тестердің мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 20
20. Тестілеуге заңнаманы білу тесті жатады.
Тармақ 21
21. Тестілеу қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Персоналды басқару қызметі тестілеуге жіберілетін аттестатталатын адамдардың тізімін дайындайды.
Тармақ 23
23. Тізім мынадай мәліметтерді: жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымын қамтиды.
Тармақ 24
24. Персоналды басқару қызметі үш жұмыс күні ішінде тестілеуден өтуге жататын аттестатталатын адамдарды тестілеу өткізудің күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді.
Тармақ 25
25. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған аттестатталатын адамдар қайта тестілеуден алдыңғы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде өтеді.
Тармақ 26
26. Тестілеуге жеке куәлігі немесе паспорты бар аттестатталатын адамдар жіберіледі.
Тармақ 27
27. Тестілеу басталғанға дейін әкімші нұсқама өткізеді.
Тармақ 28
28. Тестiлеу кезінде өзiн нашар сезiнген аттестатталатын адам ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай адамдарды тестілеу осы күні басқа уақытта немесе басқа күні өткізіледі.
Тармақ 29
29. Тестерді орындау уақыты 100 минутты (100 сұрақты) қамтиды.
Тармақ 30
30. Тестердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.
Тармақ 31
31. Тест бойынша шекті мәндер100 сұрақтан 70 дұрыс жауапты құрайды.
Тармақ 32
32. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Тестілеу аяқталғаннан кейін қызметкерлерге әкімшінің қолы қойылған тестілеу нәтижелері беріледі.
Тестілеу нәтижелерінің екінші данасы қызметкердің аттестаттау материалдарына тіркеледі.
Тармақ 34
34. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау комиссиясының қарауы бойынша ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 35
35. Қайта аттестаттау алдыңғы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты айдан кейін өткізіледі. Алдыңғы аттестаттауда тестілеуден өткен кезде шектi мәннен жоғары баға алған аттестатталатын адам қайта аттестаттау кезiнде әңгiмелесуге қайта тестілеуден өткiзiлмей жiберіледi.
Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттау өткiзiп, мынадай шешімдердiң бiрiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
Тармақша 2
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
Алдыңғы аттестаттауда тестілеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған аттестатталатын адамға қайта аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден өту құқығы бір рет қана беріледі. Аттестатталатын адам осы тестілеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алса, аттестаттау комиссиясы атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 36
36. Аттестаттау комиссиясының шешімдері оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 37
37. Отырысты өткізген кезде аттестаттау комиссиясы бейне- немесе аудиожазбаны жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылуы тиіс.
Тармақ 39
39. Аттестаттаудан өткен аттестатталатын адамның қызметтік мінездемесі және аттестаттау парағы оның жеке ісінде сақталады.
Тармақ 40
40. Аттестаттаудың теріс нәтижелері аттестатталатын адамның еңбек шартын бұзу не лауазымын төмендету үшін негіз болып табылады.
Тармақ 41
41. Аттестаттау комиссиясының шешіміне аттестатталушы адам жоғары тұрған лауазымыды адамға немесе сотқа шағым жасай алады.
Басқа 1. Кәсiби және жеке басының қасиеттерiн бағалау:
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
____________________________________________________________________
(мекенжайы: индекс, қала, көше, үй)
____________________________________________________________________
(ведомствоның деректемелері)
___________________
(күні)
Қызметтік мінездеме
_______________________________________ ______________ ұйымында
аттестаталатын адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (ұйымның атауы)
___________________ лауазымында _________________ бастап жұмыс істейді.
(лауазымының атауы) (жұмысқа орналасқан күні)
Кәсiби және жеке басының қасиеттерiн бағалау:
№
Құзыреттер
Балдары
(0-5)
1
2
3
1
Бастамашылығы
2
Көшбасшылық қасиеттері және жұмысты ұйымдастыру қабілеті
3
Жауапкершілігі
4
Қызмет этикасын сақтауы
5
Адамдармен тіл табысуы және командада жұмыс істеуі
6
Мемлекеттік тілді білуі
7
Аттестатталатын адамды сипаттайтын басқа да мәліметтер
№
Құжаттың, іс-шараның атауы
Индикатордың атауы
Бағалау (қол жеткізілмеген-1, ішінара қол жеткізілген -2, қол жеткізілген-3)
1
2
3
4
Басшы_______________/ __________________________________________
(қолы) Т.А.Ә. (бар болса)
Мінездемемен таныстым:______________/___________________________
(қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мінездемемен келіспеген жағдайдағы негіздеме: __________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Ескертпе:
Аттестатталатын адам бір жұмыс күні ішінде мінездемемен таныстырылуы тиіс. Мінездемемен келіспеген жағдайда аттестатталатын адам келіспеу себебінің жазбаша негіздемелерін келтіруге құқылы.
Аттестатталатын адамның кәсіптік және тұлғалық құзыреттерін бағалау кестесінде оның қызметіне мінездеме беріледі.
Қызметі 4 балдық шкала бойынша бағаланады: 5 – өте жақсы, 4 – жақсы, 3 – қанағаттанарлық, 2 – қанағаттанарлықсыз.
Қызмет этикасының сақталуы:
5 – жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзінің тәртібін сақтау дәрежесі жоғары.
4 – еңбек және атқару тәртібі талаптарын сақтайды, тапсырылған барлық жұмысты адал орындауға тырысады.
3 – еңбек және атқару тәртібінің бұзылуына жол береді, тапсырылған жұмысты орындауға ерекше зейін салып қарамайды.
2 – ішкі тәртіп пен регламентті жиі бұзады, жұмыста жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол береді.
Жауапкершілігі мен орындаушылығы:
5 – жұмысты сапалы, негізінен қатесіз орындайды, орындаған жұмысының мазмұнына сай ақпаратты сауатты баяндай алады. Қарауындағы уақыт пен ресурстарды пайдалана отырып, басым мақсаттарды белгілей алады. 4 – жұмыс сапасы қойылатын талаптарға сай келеді, қателіктер сирек кездеседі. Өз жұмысын жоспарлай және жұмыс уақытын тиімді пайдалана алады. 3 – қателіктер жиі кездеседі, жұмысының нәтижелері тексеру мен түзетуді қажет етеді. Өз жұмысын жоспарлауда және жұмыс уақытын пайдалануда қиындықтар орын алуы мүмкін. 2 – жұмыс сапасы төмен, жұмыс нәтижелері үнемі елеулі түрде қайта қаралады. Жұмысын жоспарлай алмайды.
Бастамашылдығы:
5 – өз жұмысында бастамашыл және өзіне қосымша жүктемелерді алады, мәселелерді шешудің жаңа тәжірибелерін, әдістерін зерделейді және қолданады. Күрделі жағдайларда олардың шешімдерін таба алады. 4 – қосымша тапсырмалар мен міндеттемелерді орындауға дайын, өз жұмысын бағалайды және оны жақсартуға тырысады. Ағымдағы жұмыс мәселелерін өз бетінше шеше алады. 3 – бастамашылық көрсетпейді, қосымша тапсырмаларды орындауға тырыспайды, көп жағдайларда мәселелерді басқалардың шешуін күтеді. Қарапайым тапсырмаларды ғана өз бетінше орындай алады. 2 – жұмысқа мүдделілік танытпайды, енжар, басшының нұсқауынсыз әрекет ете алмайды.
Көшбасшылық қасиеттері және қабілеті:
5 – қойылған міндеттермен өз бетімен және тиімді жұмыс істей алады. Функционалдық қызмет саласын жетілдіру мен дамытуға қызметкерлерді үнемі бағыттап отырады. Балама әрекет нұсқалары белгісіз не күмәнді болған жағдайларда белгіленген қалыптан тыс басқарушы шешімдерді қабылдауға қабілетті. 4 – жүктелген міндеттерді сапалы орындайды, ағымдағы қызметтің тиімділігін арттыруға қызметкерлерді үнемі бағыт отырады. Күрделі жағдайларда уақтылы шешім қабылдауға, жауапкершілікті өзіне алуға қабілетті. 3 – жұмысты ұйымдастыруы жүктелген функционалдық міндеттерді, тапсырмалар мен іс-шараларды толық және уақтылы орындауына барлық кезде мүмкіндік бермейді. Жұмыстағы кемшіліктерді баяу түзетеді. Мәселелерді шешу кезінде жиі уақыты жетпей қалады. 2 – жұмысында елеулі қателіктер орын алады, мәселелерді шешу бойынша дағдылары жеткіліксіз, күрделі жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс шешім қабылдауға және жауапкершілікті алуға қабілетсіз.
Мемлекеттік тілді білуі:
5 – еркін жазады және оқиды. Сөздік қоры мол. Айтылған сөздерді түсінеді және ақпаратты дұрыс қабылдайды. Адамдармен қиналмай сөйлесе алады. 4 – сөйлем құрудың қарапайым құрылымдарын пайдалана отырып, адамдармен сөйлескенде жеңіл түсініседі. Адамдар оның айтқанын түсінеді. Сөздік қоры шектеулі, бірақ ол сөздік қорын тікелей қарым-қатынас үрдісінде толықтыра алады. 3 – кейбір сөздері ғана түсінеді, кез келген тақырып бойынша әңгімелесуге қиналады. Сөйлегенде көптеген қателіктерге жол береді. 2 – мемлекеттік тілді мүлдем білмейді.
Адамдармен тіл табысуы мен командада жұмыс істеуі:
5 – басқа қызметкерлермен ынтымақтаса отырып, тиімді жұмыс істейді, өз білімімен және тәжірибесімен бөліседі. 4 – өз қызметін басқалармен үйлестіре алады, іскерлік ынтымақтастыққа дайындығын көрсете біледі, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі. 3 – тек өзінің функциялары мен міндеттеріне баса назар аударады, іскерлік ынтымақтастықтан жалтаруы мүмкін, команданы қолдауға ынта білдірмейді. 2 – басқа қызметкерлермен ынтымақтастыққа ұмтылмайды, командалық жұмысқа қатысудан бас тартады.
Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметшіні сипаттайтын қосымша мәліметтер көрсетіледі. Осы мәліметтер еркін нысанда, бағалау балынсыз беріледі.
Басқа 2
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Аттестаттау парағы
Аттестатталатын адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _____________________
_________________________________________________________________________
Туған күні ______________________________________________________________
Білімі туралы мәліметтер ________________________________________________
_________________________________________________________________________
Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (соңғы 3 жылдағы) ________________
_________________________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған (осы лауазымға бекітілген) күні _____________
Жалпы еңбек өтілі _______________________________________________________
Осы лауазымдағы жұмыс өтілі _____________________________________________
Біліктілік санатын беру туралы немесе онсыз маман сертификатының болуы
_________________________________________________________________________
Тестілеу нәтижелері __________%
Отырысқа аттестаттау комиссиясының __________________ мүшесі қатысты
Дауыстар саны:
«атқаратын лауазымына сәйкес келеді/аттестатталды» ________
«қайта әңгімелесуге жатады» ________
«атқаратын лауазымына сәйкес келмейді/аттестатталмады» ________
Аттестаттау комиссиясының шешімі ________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________________________________
Аттестаттау комиссиясының хатшысы _______________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: _____________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Аттестаттаудың өткізілген күні 20__ жылғы «__» ______
Аттестаттау парағымен таныстым __________________________________________
(аттестатталатын адамның қолы және күні)