Об утверждении норм снабжения топографическими и специальными картами и каталогами координат геодезических пунктов органов национальной безопасности Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Топографиялық және арнайы карталарын және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарын сатып алуды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асыру белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы «__» ______
Басқа 7. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 46 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары
Р/с №
Бөлімшелер-дің атауы
Өлшем бірлігі
Карталар масштабы және бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны
1:50000
1:100000
1:200000
1:500000
1:1000000
1:2000000
1:4000000
Координаталар каталогы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) Шекара қызметінің Шекара басқармасы, Департаменті
парақ
250
150
30
15
3
-
-
1
2
Авиация басқармасы
парақ
10
50
50
100
150
150
-
1
3
Авиация бөлімі
парақ
5
10
30
30
20
70
-
-
4
Шекаралық бақылау басқармасы (жеке бақылау-өткізу пункті)
парақ
2
2
2
1
-
-
-
-
5
Арнаулы мақсаттағы басқарма (арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-әрекет тобы, арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-әрекет бөлімшесі, арнаулы мақсаттағы мобильдік іс-әрекет бөлімшесі)
парақ
50
15
15
-
-
-
-
-
6
Шекара бөлімі
парақ
50
15
5
-
-
-
-
-
7
Шекара бөлімшесі
парақ
10
5
5
-
-
-
-
-
8
Шекара академиясы
парақ
80
70
50
15
2
5
-
1
9
Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері *
парақ
50
80
50
10
5
-
-
-
10
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі)
парақ
2
3
5
1
-
-
-
-
Ескертпе:
Тармақ 1
1. Ірі масштабтағы карталар болмаған кезде белгіленген нормалар шегінде оларды неғұрлым кіші масштабтағы карталармен ауыстыруға рұқсат етіледі. Кіші масштабтағы карталарды аса ірі масштабтағы карталармен ауыстыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 2
2. Бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны көрсетілмеген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары топографиялық және арнайы карталармен ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі үшін қарастырылған нормалар бойынша қамтамасыз етіледі
*- кіші байланыс мамандарын кәсіптік дайындау бөлімі, қызметтік кинология басқармасы, шекаралық оқу басқармасы, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдері, күзет және қамтамасыз ету бөлімдері, арнаулы мақсаттағы мобилдік іс-қимыл топтары, аудандық пайдалану бөлімдері мен өзге де қамтамасыз ету бөлімдері.