О мерах по усилению государственного контроля за охраной растительного мира Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өсімдіктср дүниесін қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.06.2004 № 6-64 шешімімен. Орман ағаштарын заңсыз кесу, емдік және техникалық қасиеті өсімдіктер шикізатын жинауды болдырмау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыстағы өсімдіктер дүниесінің барлық түрінің пайдаланылуын бақылау Алматы облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекетгік бақылау жөніндегі басқармасына (Б.Ұлдарбеков) жүктелсін.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегі басқарма (Ж.Дүйсенбеков), Іле-Алатау МҰТП (А.Бегімбетов), "Алтын емел" МҰТП (С.Құрманәлиев), Алматы мемлекетіік қорығы (О.Н.Хомуло), Алакөл мемлекеттік қорығы (С.А.Толғанбаев), ҚР БҒМ-ті Ботаника институты (С.А.Әбиев) міндетті түрде төмендегілерді Алматы облыстық аумақтық жануарлар және өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасымен келісіп отырсын: - меншіктің кез-келген түріндегі субъекгілерге жер көлемін бекітіп, өсімдік ресурстарын (жайылымдық алқаптарды қоса) пайдалану құқығын беру туралы шешімдердің жобаларын, шарттарды; -орман шаруашылығын жүргізу жүйесі материалдарында ескерілмеген, жоспардан тыс кесілетін ағаш қорын игеру; -ресурсты зертеулердің мәліметгерін, өсімдіктер дүниесін пайдалану лимитін және оларды бөлуді.
Тармақ 3
3. Аудан және қала өкімдері, облыстық жол жоәне коммуналдық шаруашылығы (Д.З.Бидайбсков), облыстық автомобиль жолдары басқармасы (В.Меренков) қорғау мақсатындағы екпе ағаштар жөніндегі Алматы дистанциясы бірлестігі (И.Д.Нұрбаев) өздеріне ведомстволық бағыныстағы аумақтардың екпе ағаштарын және басқа мемлекетгік орман қорына кірмейтін бұталы өсімдіктерді заңсыз кесуден сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Алматы облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау жөніндегі басқарма (Б.Ұлдарбеков) облыс Әкімінің аппаратын жыл сайын, қаңтар айында осы шешімнің орындалу барысы туралы хабардар етіп отырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ә.Тойбаевқа жүктелсін.