О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования, контроля и надзора финансового рынка и финансовых организаций Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 93 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру және сатып алу сомасын есептеу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3190 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 23 тамызда № 90 (714) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру және сатып алу сомасын есептеу ережесінде: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру және сатып алу сомасын есептеу ережесі «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағына және 43-бабының 9-3) тармақшасына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және исламдық сақтандыру ұйымдарын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандырушы) сатып алу сомасының шегінде өзінің сақтанушыларына қарыздар беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сатып алу сомасын есептеу тәртібін белгілейді.»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына қарыздар беру жөніндегі қызметті «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.».
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық - құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6156 тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында тіркелген, № 12, 2010 жылы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталынсын; осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесінде және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарда: 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ағымдағы құн факторындағы аннуитеттік төлемдер құнын анықтау кезінде болжамдық ұлғаю мөлшеріне әрбір қосылғышты түзету арқылы инфляцияның болжанатын деңгейінің орташа мәніне теңбе-тең аннуитеттік төлемді индексациялау ескеріледі. 5. Аннуитеттік төлемдер құнын есептеу халықтың өлім-жітімі туралы деректер, инфляцияның болжанатын деңгейінің орташа мәні және аннуитет шартының талаптарын ескере отырып кірістіліктің пайыздық мөлшерлемесінің мөлшері негізінде жүргізіледі.».
Тармақ 6
Тармақ 7
Тармақ 8
Басқа 1
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесіне 1-қосымша
Басқа 2
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесіне 2-қосымша
Басқа 3
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесіне 3-қосымша
Басқа 4
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесіне 4-қосымша