Об утверждении Правил кредитования строительства, реконструкции и модернизации систем водоснабжения и водоотведения Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-1-бабының 8-4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару Комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі __________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 2 шілде
Басқа 0. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдегі № 495 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және тәртіпті айқындайды:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер беру;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредит қаражаты есебінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы – өз қызметін сумен жабдықтау және су бұру саласында жүзеге асыратын, Қарыз алушыдан бюджеттік кредит алуға үміткер табиғи монополия субъектісі;
Тармақша 2
2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредит – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында тиісті бюджеттерден кредиторлар беретін ақша;
Тармақша 4
4) Жұмыс тобы – Сенім білдірілген өкіл (агенттің) қорытындысы негізінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалар үшін бюджеттік кредит беру бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;
Тармақша 5
5) инвестициялық жоба – бюджеттік кредит беру арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған жоба;
Тармақша 6
6) Қарыз алушы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;
Тармақша 7
7) Кредитор – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі;
Тармақша 8
8) кредиттік шарт – Кредитор, Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен Қарыз алушы арасында жасалатын шарт;
Тармақша 9
9) Сенім білдірілген өкіл (агент) – конкурстық негізде айқындалған және Әкімшімен немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімшемен шарт жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;
Тармақша 10
10) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
Тармақша 11
11) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
Тармақша 12
12) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар мен іс-шаралардың жиынтығы;
Тармақша 13
13) Түпкілікті қарыз алушы – өз қызметін сумен жабдықтау және су бұру саласында жүзеге асыратын, Қарыз алушыдан бюджеттік кредит алатын табиғи монополия субъектісі.
Тармақ 3
3. Инвестициялық жобаларды іріктеу үшін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Жұмыс тобын құрады, оның құрамына Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
Тарау 2. 2. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер беру тәртібі
2. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер беру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Кредиттеудің негізгі қағидаттары мен шарттары
1-параграф. Кредиттеудің негізгі қағидаттары мен шарттары
Тармақ 4
4. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының шешіміне беріледі. Бюджеттік кредиттерді беру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 172-бабына сәйкес мынадай:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
Тармақша 2
2) міндеттемелердің орындалуын Кодекстің 183-бабында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредиттің берілгені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Бюджеттік кредиттеу Қарыз алушыға бюджеттік кредит беру, кейін оны Түпкілікті қарыз алушыға беру жолымен жүзеге асырылады
Тармақ 6
6. Кредитордың бөлінген кредиттік қаражатты тиімді және орынды пайдалануға, оларды уақытында қайтаруға және кредиттік тәуекелдің туындауын барынша төмендетуге негізделген мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бюджеттік кредиттеудің міндетті шарты болып табылады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік кредиттеу процесінде:
Тармақша 1
1) Кредитор, Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен Қарыз алушының;
Тармақша 2
2) Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалады.
Тармақ 8
8. Бюджеттік кредит Қарыз алушыға онда бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің алдында берешектер болмаған жағдайда беріледі.
Тармақ 9
9. Қарыз алушы бюджеттік кредиттің қаражатын тек бюджеттік бағдарламада және кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.
Тармақ 10
10. Бюджеттік кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда Қарыз алушыдан Кодекстің 197-бабына сәйкес кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұл өндіріп алады.
Тармақ 11
11. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, Қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.
Тармақ 12
12. Бюджеттік кредиттер мынадай өлшемдер сақталған жағдайда беріледі:
Тармақша 1
1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардыңөзін-өзі ақтауы;
Тармақша 3
3) қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі.
Тармақ 13
13. Кредитор, Бюджеттік бағдарлама әкімшісі және Қарыз алушы арасындағы бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім кредиттік шарт болып табылады.
Тармақ 14
14. Қарыз алушы кредиттік шарттың бюджеттік кредит алатын тарабы болып табылады, оған кредиттік шартқа сәйкес негізгі қарызды өтеу және сыйақы, сондай-ақ бюджетке басқа да төлемдер төлеу жөніндегі міндеттеме жүктеледі.
Тармақ 15
15. Кредиттік шартта бюджеттік кредиттің мынадай негізгі талаптары міндетті түрде болуға тиіс:
Тармақша 1
1) берудің мақсаты (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес);
Тармақша 2
2) Жұмыс тобының оң шешімімен айқындалған мөлшері;
Тармақша 3
3) валютасы;
Тармақша 4
4) мерзімі; Қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі бюджеттік кредиттің мерзімі болып табылады. Бюджеттік кредиттің мерзімі бюджеттік кредиттің қаражатын кредитордың шотынан аударған күннен бастап есептеледі.
Тармақша 5
5) игеру кезеңі – бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалана алатын уақыт кезеңі;
Тармақша 6
6) сыйақы ставкасы. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін Қарыз алушы жүзеге асыратын төлем – сыйақы болып табылады. Жылдық проценттер түрінде көрсетілетін сыйақы шамасы сыйақы ставкасы болып табылады.
Тармақ 16
16. Бюджеттік кредиттің негізгі шарты Кредитордың шешімімен белгіленеді.
Тармақ 17
17. Кредиттік шартқа:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредит беру (Қарыз алушының төлем құжаттарына ақы төлеу немесе бір мерзімде не аудару кестесіне сәйкес бөліп-бөліп немесе Қарыз алушының тиісті құжаттар беруіне қарай қарыз алушының банк шотына аудару) тәсілдерін;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін, кезеңділігін белгілейтін бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесін айқындайтын қосымша шарттар да енгізіледі. Кредиттік шартта кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспайтын жеңілдік кезеңін беру көзделеді. Жеңілдік кезеңі – бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі, бұл кезеңде Қарыз алушы кредитті өтеуді жүзеге асырмайды;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі, осы Қағидалардың 1-ші параграфтің 4-кіші бөліміне сәйкес.
Тармақ 18
18. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, Кредитор мен Қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалады.
Тармақ 19
19. Қарыз алушы оған Кредитор айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы Түпкілікті қарыз алушы болып табылады.
Тармақ 20
20. Түпкілікті қарыз алушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған бюджеттік кредиттің қаражатын пайдаланады. Бюджеттік кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда Түпкілікті қарыз алушы Кодекстің 197-бабына және кредиттік шарттың талаптарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 21
21. Түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беру Түпкілікті қарыз алушыға кредит берудің мынадай негізгі шарттарына сәйкес жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаларды іріктеуді Сенім білдірілген өкіл (агент) дайындаған қорытындының негізінде, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу өлшемшарттарына сәйкес Жұмыс тобы жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Түпкілікті қарыз алушыны айқындау Жұмыс тобының алдын ала шешімі негізінде жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредит осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген мақсаттарға беріледі;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындау қамтамасыз етіледі;
Тармақша 5
5) кредит беру мерзімі 20 жылға белгіленеді;
Тармақша 6
6) сыйақы мөлшерлемесі жылына 0,01% мөлшерінде белгіленеді;
Тармақша 7
7) бірыңғай техникалық саясатты қолданады, оның ішінде энергия тиімділігіне және энергия үнемдеуге бағдарланған жаңа қазіргі заманғы және инновациялық технологияларды енгізеді, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартатын технологияларды аспаптандырады және қолданады;
Тармақша 8
8) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілер тартылады;
Тармақша 9
9) Ұсынылатын қызметтердің, цифрлық экономика құралдарының сапасын жақсарту, басқарушы компаниялардың корпоративтік басқаруын жақсарту, мәдениетті дамыту және сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде түпкілікті тұтынушылар үшін смарт құрылғыларды пайдалану ретінде бизнес-процестерді оңтайландыру және ашықтығы үшін энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеу және интеллектуалды жүйелерді енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 10
10) кредиттік шарт теңгеде жасалады;
Тармақша 11
11) Түпкілікті қарыз алушы Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шарттың талаптарын сақтайды;
Тармақша 12
12) инвестициялық жобаның құжаттары осы Қағидалардың 2-параграфінің 1-кіші бөлімінде көзделген тәртіппен Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісіледі;
Тармақша 13
13) сумен жабдықтау жүйелері есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 14
14) ескі желілерді реконструкциялауға басымдық беріледі;
Тармақша 15
15) автоматтандыруды, аспаптандыруды және жаңа технологияларды қолдану;
Тармақша 16
16) Түпкілікті қарыз алушының кредит қабілеттілігі.
Тармақ 22
22. Кредитік шартқа:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредитті өтеу мерзімдері мен шарттарын;
Тармақша 2
2) кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспайтын бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету жөніндегі жеңілдік кезең беруді;
Тармақша 3
3) Түпкілікті қарыз алушының инвестициялық жобаны іске асыруға, инвестициялық жобаны қаржыландыруға және Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін Сенім білдірілген өкілге (агентке) ақпарат ұсынуын;
Тармақша 4
4) әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде жұмыс орындарын (уақытша/тұрақты) құруды, желілердегі тозуды, авариялықты, ысырапты азайтуды және тұтынушылардың дебиторлық берешегін қысқартуды айқындайтын қосымша шарттар да енгізіледі.
Тармақ 23
23. Бюджеттік кредиттер осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген критерийлерді сақтаған кезде беріледі.
Тармақ 24
24. Инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің орындылығын мыналардың негізінде Жұмыс тобы айқындайды:
Тармақша 1
1) Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындысы;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 2-параграфтің 1,2-кіші бөлімдерінде көрсетілген құжаттар.
Тармақ 25
25. Сенім білдірілген өкіл (агент) осы Қағидалардың 2-параграфтің 1,2-кіші бөлімдерінде көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкестігі бойынша қарауды жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Бюджеттік кредиттеу арқылы іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі дегеніміз бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған жобаның есептеулерімен расталған дәлелдемелерің, әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің болуы деп түсіндіріледі.
Тармақ 27
27. Бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардыңөзін-өзі ақтауы дегеніміз есептеулерімен расталған дәлелдемелерің болуы, бюджеттік кредиттің қайтарымдылығы (негізгі қарызды, сыйақыны, тұрақсыздық айыбын қоса алғанда) деп түсіндіріледі.
Тармақ 28
28. Бюджеттік кредиттің қайтарымдылығын бағалау Түпкілікті қарыз алушы ұсынған жобаның қаржылық моделінің және осы Қағидалардың 2-параграфтің 1,2-кіші бөлімдерінде көрсетілген өзге де құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Түпкілікті қарыз алушының төлем қабілеттілігі (кредиттік қабілеттілігі) – Түпкілікті қарыз алушының, жоспарлы кезеңде де қаржылық жағдайын талдауды ескере отырып, оның бюджеттік кредитті қайтару мүмкіндігі. Қаржылық жағдайды бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қаржылық есептілікті, Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалау және өзге қолайлы ақпаратты талдау негізінде жүргізіледі. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалаудың нәтижелері осы Қағидалардың 57-тармағының 6) тармақшасына сәйкес құжаттар топтамасының құрамында Жұмыс тобының қарауына енгізіледі.
Тармақ 30
30. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуы Кодекстің 183-бабына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тармақ 31
31. Жергілікті атқарушы органға республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз бөлінуі мүмкін.
Тармақ 32
32. Кепіл ретінде қамтамасыз ету таңдалған жағдайда Түпкілікті қарыз алушыны бюджеттік кредиттеу кезінде кепілге салынған нәрсе ретінде мыналар ұсынылады:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредитті бағыттаған жағдайда Түпкілікті қарыз алушының реконструкцияланатын жылжымайтын мүлігі;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға бюджеттік кредитті бағыттаған жағдайда жаңа объект.
Тармақ 33
33. Түпкілікті қарыз алушының кепілге салынған нәрсе ретінде ұсынылған реконструкцияланатын немесе жаңғыртылатын жылжымайтын мүлігі қандай да бір ауыртпалықтан бос болуға тиіс.
Тармақ 34
34. Кепілдікті қамтамасыз етуді ауыстыруға және/немесе иеліктен шығаруға, бірнеше қарызды бір кепілдікті қамтамасыз етуге ұсынуға рұқсат етілмейді.
Тармақ 34-1
34-1. Банкрот болған, қайта тіркелген және қайта ұйымдастырылған жағдайда бюджеттік кредит алған ұйым Сенім білдірілген өкілге (агентке) хабарлайды.
Тармақ 35
35. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалауды Түпкілікті қарыз алушы жүргізеді.
Тармақ 37
37. Бюджеттік кредитті өтеу және сыйақы төлену мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) аннуитетті (теп-теңдік) төлемдер;
Тармақша 2
2) өтеу күнінде бюджеттік кредит бойынша негізгі қарыздың сомасын тепе-тең үлестермен және нақты есептелген сыйақының сомасын өтеу;
Тармақша 3
3) жеңілдік кезеңнің ішінде негізгі қарызды өтеусіз сыйақы төлеу.
Тармақ 38
38. Өтеудің нақты тәсілдері кредиттік шарттарда көрсетіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Бюджеттік кредит беру
2-параграф. Бюджеттік кредит беру
Тармақ 39
39. Бюджеттік кредитке өтінім түскенге дейін:
Тармақша 1
1) Қарыз алушы: осы Қағидаларға сәйкес Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға қойылатын талаптарды түсіндіреді; бюджеттік кредитке өтінім беру үшін қажет мерзімдер мен құжаттардың тізбесі туралы Қарыз алушының ашық көздерінде/ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады; өтінімді қарау тәртібін түсіндіреді, бюджеттік кредиттеу шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда Түпкілікті қарыз алушының жауапкершілігі мен ықтимал тәуекелдері туралы түсіндірме береді; ұсынылған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді; Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыда туындаған мәселелер бойынша консультация береді; инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Сенім білдірілген өкіл (агент): Қарыз алушы ұсынған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының инвестициялық жобаларына алдын ала іріктеу жүргізеді; алдын ала іріктелген жобалар бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның техникалық саясатына сәйкестігі бойынша келіседі.
Тармақ 40
40. Алдын ала іріктеу жүргізу үшін Қарыз алушы іске асыру қажеттілігін, басымдығын негіздей отырып, алдағы 3 (үш) жылға арналған инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастырады және Сенім білдірілген өкілге (агентке) алдағы жоспарланған жылдың 1 наурызына дейін жібереді.
Тармақ 41
41. Қарыз алушы инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастыруы үшін Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы Қарыз алушыға:
Тармақша 1
1) асыру қажеттілігін, басымдылығын негіздей отырып, инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін;
Тармақша 2
2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық ерекшелікті (тапсырманы) (болған жағдайда) ұсынады.
Тармақ 42
42. Сенім білдірілген өкіл (агент) алдағы 3 (үш) жылға арналған инвестициялық жобалардың алдын ала ұсынылған тізбесін мынадай өлшемшарттар бойынша 10 (он) жұмыс күнінің ішінде қарайды:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің авариялығы;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің оның жалпы санына проценттік қатысы бойынша тозуы;
Тармақша 3
3) әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы, оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтердің санын тұтынушылардың санына, сумен жабдықтау және су бұру бойынша жаңа жүйелер салған кезде іске қосылған объектілердің санына, құрылатын тұрақты жұмыс орындарының санына арттыру;
Тармақша 4
4) көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар сумен жабдықтау жүйелерінде есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілуі. Сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобалардың алдын ала ұсынылған тізбесін қарап болғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ақпарат ұсынады.
Тармақ 43
43. Сенім білдірілген өкіл (агент) Қарыз алушыға инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша іріктеудің нәтижелері туралы хабарлайды.
Тармақ 44
44. Қарыз алушы Сенім білдірілген өкілден (агенттен) жазбаша хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша іріктеудің нәтижелері туралы хабарлайды.
Тармақ 45
45. Іріктелген инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық ерекшеліктің жобасын әзірлейді.
Тармақ 46
46. Бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын әрбір лот бойынша конкурстық рәсімдер бюджетінің жалпы құны 50 миллионнан астам теңге болған жағдайда Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдаған кезде осы Қағидаларға сәйкес Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) конкурстық құжаттама шеңберінде әзірленетін техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келіседі. Конкурстық құжаттама шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді Сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық ерекшелік (тапсырма) түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырады. Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы конкурстық құжаттама бекітілгенге дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушіні таңдау бойынша техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді қамтамасыз етеді. Конкурстық құжаттама шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы әзірлеген техникалық ерекшелік (оның ішінде сатып алынатын тауарлардың/жұмыстардың/қызметтердің талап етілген функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары) инвестициялардың негіздемесіне, бекітілген бас жоспарға және кешенді жоспарға, объектілерде жұмыстар жүргізу, оларды қабылдау, өлшеу және ақы төлеу жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленуге тиіс, сондай-ақ қолданылатын материалдардың сапасына және орындалған жұмыстардың сапасын бақылауға қойылатын талаптар көрсетіледі. Конкурстық құжаттама шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша әзірлеген техникалық ерекшеліктің (тапсырманың) жобалау-сметалық құжаттамада қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерге сәйкес келмеуі Сенім білдірілген өкіл (агент) тарапынан келісуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 47
47. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуі немесе келісуден бас тартуы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижесі болып табылады.
Тармақ 48
48. Сенім білдірілген өкіл (агент) Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға келісу/келісуден бас тарту туралы шешімнің бір данасын жіберу арқылы оған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.
Тармақ 49
49. Техникалық ерекшелік (тапсырма) техникалық-экономикалық негіздемеге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмегендіктен оны келісуден бас тартылған жағдайда Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы тиісті шешім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде техникалық ерекшелікті (тапсырманы) пысықтайды және Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қарауына енгізеді.
Тармақ 50
50. Осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу рәсімін сақтамау бюджеттік кредит беруден бас тартуға енгіз болып табылады.
Тармақ 51
51. Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы/Қарыз алушы мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алғанға дейін Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) технологиялардың, материалдар мен жабдықтардың бірыңғай техникалық саясатқа, автоматтандыруға, цифрландыруға, көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі есептеу аспаптарына және сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған қазіргі заманғы жабдыққа сәйкестігі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі. Жобалау-сметалық құжаттамадағы, жобаны іске асырудағы барлық өзгерістер мен ауытқуларды Түпкілікті қарыз алушы/Қарыз алушы Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) алдын ала келісім бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 52
52. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы бюджеттік кредитке арналған өтінім қалыптастырады және Қарыз алушыға қажетті құжаттардың топтамасын береді. Бюджеттік кредитке арналған өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредит алуға арналған құжаттарды қоса бере отырып, бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған титулдық бланкiдегі жеке iлеспе хат;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобаның паспорты;
Тармақша 3
3) ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы және ресурстық смета;
Тармақша 4
4) сумен жабдықтау және су бұру схемалары және/немесе сумен жабдықтау және су бұру бойынша инвестициялық негіздемелер;
Тармақша 5
5) соңғы үш жылдағы бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасы. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 2 тармағына (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң) сәйкес Түпкілікті қарыз алушы міндетті аудитке жатқан жағдайда, оның аудиттелген қаржылық есептілігі ұсынылады. Қаржылық есептілік «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы 2 тарағының талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы ақпарат, баланс валютасында 10 % және одан да астам баланс баптарының егжей-тегжейлі таратып жазылуы қоса беріле отырып ұсынылады;
Тармақша 6
6) табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды бекіту туралы бірлескен бұйрығының көшірмесі;
Тармақша 7
7) «Бухгалтерлік балансты», «Кірістер мен шығындар туралы есепті», «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті (тікелей немесе жанама тәсілдер)» қоса алғанда, «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) нысандар бойынша жасалған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы бар қаржылық модель;
Тармақша 8
8) бюджеттік кредитті пайдалану кезінде энергия тиімділік пен энергия үнемдеудің экономикалық және әлеуметтік тиімділігінің есептеулермен расталған негіздеме;
Тармақша 9
9) өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын субсидия алушының берешегі жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiмет;
Тармақша 10
10) сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;
Тармақша 11
11) жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;
Тармақша 12
12) Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін техникалық саясат бөлігінде келісімі;
Тармақша 13
13) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жаңа технологияларды қолдану туралы ақпарат;
Тармақша 14
14) көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде есепке алу аспаптарының болуы туралы ақпарат.
Тармақ 53
53. Қарыз алушы бюджеттік кредит алуға арналған өтінімнің құжаттарын толықтығы мен дұрыстығына тексереді, тіркейді және Бюджеттік бағдарлама әкімшісіне осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын жібереді.
Тармақ 54
54. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Сенім білдірілген өкілге (агентке) Қарыз алушы ұсынған құжаттар топтамасын қоса бере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қараудың қажеттілігі туралы хат жібереді.
Тармақ 55
55. Құжаттардың топтамасымен бірге бюджеттік кредит алуға арналған өтінім түскеннен кейін Сенім білдірілген өкіл (агент) өтінімді тіркейді. Өтінімге тіркелген күні және тіркеу нөмірі қойылады.
Тармақ 56
56. Сенім білдірілген өкіл (агент) құжаттардың, ұсынылған ақпаратың ділдігін, толықтығын және дұрыстығын тексереді.
Тармақ 57
57. Құжаттардың және өзге де растайтын көздерден (ресми статистика, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, өңірлерді дамытудың бекітілген жоспарлары және тағы басқа) алынған ақпараттың негізінде Сенім білдірілген өкіл (агент) бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған, мөрмен расталған Бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды. Бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жобаның экономикалық және әлеуметтік маңызын бағалау, оны іске асыру үшін бекітілген өлшемшарттар (100 км үшін авариялар санын және желілердің тозуын төмендету, су ысырыптарын қысқарту, коммуналдық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілердің шаршы метрлерінің саны) бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінім ұсынылады;
Тармақша 2
2) ведомстводан тыс сараптаманың (қажет болған жағдайда), сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды жобалауға арналған техникалық тапсырманың қорытындысымен жобалау алдындағы құжаттаманы (Техникалық-экономикалық негіздеме) және/немесе жобалау-сметалық құжаттаманы Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) мынадай іс-шаралар өткізу туралы ақпарат: сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде түпкілікті тұтынушылардың энергия тиімділігі бойынша; сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде түпкілікті тұтынушылардың ресурс үнемдеуі бойынша;
Тармақша 5
5) мыналарды қамтитын өтемділік (қайтарымдылық), қамтамасыз етілу, ақылылық және мерзімділік өлшемшарттары бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді бағалау: өтінімнің бюджеттік қаражатты пайдаланудың нысаналы мақсатына сәйкестігінің нәтижелері (сәйкес келеді/сәйкес келмейді); кредиттеу мерзімінің бюджеттік кредиттер берудің қолданыстағы шарттарына сәйкестігінің нәтижелері (сәйкес келеді/сәйкес келмейді); кредит сомасы мен ол бойынша ұсынылған қамтамасыз ету сәйкестігінің нәтижелері. Бюджеттік кредиттің сомасы кепілдің құнын ескере отырып айқындалады және кепілдің құнынан асап кетпеуге тиіс; Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша ұсынылған қаржылық есептілікті және болжамды қаржылық модельді ескере отырып, бюджеттік кредиттің өтемділігін (қайтарымдылығын) және ақылылығын тексеру нәтижелері;
Тармақша 6
6) сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;
Тармақша 7
7) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін бірыңғай техникалық саясат бөлігінде келісу.
Тармақ 58
Тармақ 59
59. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қарау және оны Жұмыс тобының қарауына енгізу мерзімі бюджеттік кредит алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 60
60. Бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қарау мерзімі Сенім білдірілген өкіл (агент) тиісті құжаттарды/ақпараттарды алған күнінен бастап қайта басталады, алған күні құжатқа жазылады.
Тармақ 61
61. Кепіл нысанының жай-күйіне, қайтарымдылығына немесе қажетті құжаттарға қатысты елеулі күмәнді жою үшін Қарыз алушы 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қосымша ақпарат ұсынбаған жағдайда, Сенім білдірілген өкіл (агент) келесі жұмыс күні қарыз алушыға құжаттардың топтамасын қайтарады.
Тармақ 62
62. Қарыз алушының/Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының анықталған сәйкессіздіктерді жоюын ескере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қолдану мерзімі ол берілген жылдың 15 сәуірінде аяқталады.
Тармақ 63
63. Жұмыс тобы Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қорытындысы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалар үшін бюджеттік кредит беру туралы ұсыныс жасайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Жұмыс тобының функциялары мыналар бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаларды сапалы және уақытысында іріктелуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) бюджеттік несие иелену үшін ұсынылған құжаттарды жан-жақты және шынайы түрде бағалау;
Тармақша 3
3) инвестициялық жобаларды қарау қорытындысы бойынша шешім жасау.
Тармақ 64
64. Сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредит алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн өткеннен кейін келесі жұмыс күнінде Жұмыс тобының хатшысына Жұмыс тобының алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі (беруден бас тарту) туралы қорытынды ұсынады.
Тармақ 65
65. Жұмыс тобының шешімін қабылдау және ресімдеу тәртібі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша Жұмыс тобы отырысының хаттамасы ресімделеді, оған Жұмыс тобының барлық мүшелері қол қояды. Бұл ретте, Жұмыс тобы отырысының хаттамасынан үзінді хаттамаға Жұмыс тобының төрағасы мен мүшелері қол қойған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады және Жұмыс тобының хатшысы Сенім білдірілген өкілге (агентке) береді.
Тармақ 66
66. Жұмыс тобы бюджеттік кредит беру туралы алдын ала шешім қабылдаған жағдайда Сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Қарыз алушыға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды. Бюджеттік кредит беру туралы алдын ала шешім болғанда Жұмыс тобының хаттамасында бюджеттік кредит берудің шарттарын (бюджеттік кредиттің сомасы, беру мерзімі, сыйақы ставкасы, жеңілдік кезеңі, негізгі қарызды өтеу шарттары және сыйақы төлемдері, қамтамасыз ету түрі) көрсете отырып, оны беру туралы ұсыным көрсетіледі.
Тармақ 67
67. Қарыз алушы Сенім білдірілген өкілден (агенттен) Жұмыс тобының алдын ала шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға Жұмыс тобының бюджеттік кредит берумүмкіндігі туралы алдын алашешімі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 68
68. Жұмыс тобы бюджеттік кредит беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Сенім білдірілген өкіл (агент):
Тармақша 1
1) Жұмыс тобы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Қарыз алушыға Жұмыс тобы отырысының хаттамасына үзіндісі бар бюджеттік кредит беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді;
Тармақша 2
2) Қарыз алушының/Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының жазбаша талабы бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінішті қоспағанда, олар ұсынған құжаттарды қайтарады. Бұл ретте, Сенім білдірілген өкіл (агент) ресімдеген материалдар (есептер, сауалдарға жауаптар) Қарыз алушыға/Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға берілмейді. Қайтарылған құжаттардан көшірмелер жасалуға және бюджеттік кредит алуға арналған өтінім жөніндегі құжаттар жинағына тігілуге тиіс.
Тармақ 69
69. Жұмыс тобының бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы алдын ала шешімінің негізінде бюджеттік кредит беру үшін іріктелген инвестициялық жобалардың тізбесі Кодекстің 68-бабына сәйкес өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізіледі.
Тармақ 70
70. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіөңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, Қарыз алушыға бюджеттік кредит беруге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясы шешім қабылдауы үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 71
71. Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес Қарыз алушы болады және Қарыз алушымен кредиттік шарттың көшірмесін Сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.
Тармақ 71-1
71-1. Толық көлемде қаржыландырылмаған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік кредитті одан әрі бөлу Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бұрын жобаның жалпы құнына берген қорытындысы бойынша жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 72
72. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды іріктеу жөніндегі конкурстық құжаттамалардың шеңберінде техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді Сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық ерекшелік (тапсырма) түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 73
73. Түпкілікті қарыз алушы конкурстық құжаттама бекітілгенге дейін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды іріктеу жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді қамтамасы етеді.
Тармақ 74
74. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуі немесе келісуден бас тартуы техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижесі болып табылады, ол екі данада ресімделеді.
Тармақ 75
75. Сенім білдірілген өкіл (агент) Түпкілікті қарыз алушыға келісу/келісуден бас тарту туралы шешімнің бір данасын жіберу арқылы оған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижесі туралы жазбаша хабарлама береді.
Тармақ 76
76. Техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуден бас тартылған жағдайда Түпкілікті қарыз алушы тиісті шешім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ескертулеріне сәйкес техникалық ерекшелікті (тапсырманы) пысықтайды және оны Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қарауына қайта енгізеді. Егер Түпкілікті қарыз алушы осы Қағидалардың аталған тармағында көрсетілген мерзімде пысықталған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қайта қарауға енгізбеген жағдайда, Сенім білдірілген өкіл (агент) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне Қарыз алушымен пысықтау және кейін Жұмыс тобында қарау үшін осы Түпкілікті қарыз алушымен кредиттік шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 77
77. Осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу рәсімін сақтамаубюджеттік кредит беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Бюджеттік кредиттеу шеңберінде Түпкілікті қарыз алушының инвестициялық жобаларды іске асыруға, қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру тәртібі
3-параграф. Бюджеттік кредиттеу шеңберінде Түпкілікті қарыз алушының инвестициялық жобаларды іске асыруға, қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 78
78. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту мен дамыту саласында бюджеттік кредиттеу кезінде инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингті Сенім білдірілген өкіл (агент) мамандандырылған инжинирингтік компанияны және/немесе аттестатталған сарапшыны тарту мүмкіндігімен (қажет болған кезде) тапсырма шартының шеңберінде жүргізеді.
Тармақ 79
79. Осы Қағидаларға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингті Түпкілікті қарыз алушы жүргізеді.
Тармақ 80
80. Сенім білдірілген өкіл (агент) пен Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің немесе оның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің арасында тапсырма шарты жасалады.
Тармақ 81
81. Тапсырма шартында бюджеттік кредит беру шарттарына сәйкес Сенім білдірілген өкілге (агентке) Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және оның есебінен жүзеге асыратын өкілеттіктер айқындалады. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметіне ақы төлеу Кодекстің 179-бабына және Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызмет құнының есебіне сәйкес осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 82
82. Түпкілікті қарыз алушы инвестициялық жобаларды іске асырудың барысына мониторинг жүргізу үшін Сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат ұсынады. 82-1. Жобаны іске асыру кезінде барлық өзгерістер мен ауытқуларды, сондай-ақ материалдар мен жабдықтарды ауыстыруды Түпкілікті қарыз алушы/Қарыз алушы Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу қорытындылары бойынша жүзеге асырады. Түпкілікті қарыз алушы тоқсанына кемінде бір рет Сенім білдірілген өкілге (агентке) жаңа технологияларды қолдану, аспаптандыру және автоматтандыру жөнінде ақпаратты ұсынады.
Тармақ 83
83. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың барысы туралы ақпаратты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйым жыл сайын қалыптастырады және инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы есеп түрінде Сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынады.
Тармақ 84
84. Инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы есеп есепті кезеңнен кейінгі айдың 6 (алты) күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Тармақ 85
85. Осы есеп әрбір кезеңде инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сәйкес фото/бейнематериалдардан, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы жазбаша есептен тұруға тиіс.
Тармақ 86
86. Егер Сенім білдірілген өкілге (агентке) есеп ұсынбаған немесе уақытында ұсынбаған кезінде, соңғы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы туралы ақпарат жолдайды.
Тармақ 87
87. Инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы ақпараттыТүпкілікті қарыз алушы ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз жеткізгіште мынадай мерзімдерде ұсынады: есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей; есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.
Тармақ 88
88. Сенім білдірілген өкіл (агент) Түпкілікті қарыз алушы ұсынған инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, жинақтауды және талдауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы жиынтық есеп қалыптастырады және оны мынадай мерзімдерде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады: есепті тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей; есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей.
Тармақ 89
89. Сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымнан инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратады.
Тармақ 90
90. Егер инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізудің барысында Сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаларды іске асырған кезде жол берілген бұзушылықтар/ауытқулар, не Түпкілікті қарыз алушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту объектілеріне қол жеткізуге кедергі келтіру фактілерін анықтайтын болса, онда Сенім білдірілген өкіл (агент) жиынтық есеппен бірге бұзушылықтар/ауытқулар фактілері туралы хабарлама жасайды және оны Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді. Анықталған бұзушылықтар/ауытқулар фактілері туралы хабарламада осы бұзушылықтар/ауытқулар фактілерімен бірге Сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынған проблемаларды жою мен шешу жөніндегі ұсынымдар мен шаралар болуға тиіс.
Тармақ 91
91. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жиынтық есебі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне электрондық форматта және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қағаз жеткізгіште ұсынылған жиынтық есебіне Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қоюға және ұйымның мөрімен расталуға тиіс.
Тармақ 92
92. Сенім білдірілген өкіл (агент) объектілерді көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру мақсатында жартыжылда бір реттен сиретпей объектілерге шығуды жүзеге асырады.
Тармақ 93
93. Объектілерге көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру міндетті түрде фото және бейнетүсірілім құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 93-1
93-1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту объектілеріне жоспарлы және жоспардан тыс бару кезінде Түпкілікті қарыз алушы/Техникалық қадағалау/Мердігерлік ұйым/Тапсырыс беруші Сенім білдірілген өкілге (агентке) сұрау салынған құжаттаманы береді.
Тармақ 93-2
93-2. Көзбен шолып тексеру және инвестициялық жобалардың нақты іске асырылуын тексеру барысында бұзушылықтар анықталған кезде Сенім білдірілген өкіл (агент) бұл туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына хабарлайды.
Тармақ 94
94. Егер инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингтің қорытындылары бойынша ұйымның – орындаушының өз міндеттемелерін тиісті орындамау/орындамау мүмкіндігі бар екеніне негіз болатын фактілер анықталатын болса, Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) объектілерге көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру мақсатында объектіге жоспардан тыс баруды жүзеге асырады.
Тармақ 95
95. Объектілерді көзбен тексеру жүргізудің және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру қорытындылары бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде растайтын фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, объектіні нақты тексеру (байқау) туралы есеп жасайды және Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.
Тармақ 96
96. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторинг Түпкілікті қарыз алушының инвестициялық жобаларын Қарыз алушының қаржыландырудың барысы туралы ақпаратты ұдайы жинауды, жүйеге келтіруді, талдауды және қорытындылауды қамтиды.
Тармақ 97
97. Мониторинг инвестициялық жобаларды қаржыландырудың барысы туралы жиынтық есеп қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 98
98. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті Сенім білдірілген өкіл (агент) жүргізеді.
Тармақ 99
99. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру мақсатында Сенім білдірілген өкіл (агент) Түпкілікті қарыз алушыдан мониторинг жүргізуге қажетті ақпаратты, мәліметті және құжаттаманы сұрайды және алады. Түпкілікті қарыз алушы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға дұрыс және әділ мониторинг жүргізуге қажетті барлық ақпаратты осы Қағидаларда, сондай-ақ Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шарттың талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде Сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынады.
Тармақ 100
100. Түпкілікті қарыз алушының мониторинг жүргізуге қажетті ақпаратты Сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынуы жөніндегі міндеті Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шартта міндетті түрде көзделеді.
Тармақ 101
101. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторинг мынадай іс-шараларды жүргізуді реттейді:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредит қаражатының Кредитордан Қарыз алушыға және Қарыз алушыдан Түпкілікті қарыз алушыға түсу кестелерінің сақталуына мониторинг;
Тармақша 2
2) соңғы қарыз алушылардың кредиттің аударылған сомаларын толық игеруін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бақылауы мен мониторингтеуі. Өз кезегінде қарыз алушылар бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен Қарыз берушіге соңғы қарыз алушылардың кредиттің аударылған сомаларын толық игергені туралы растайтын құжаттарды ұсыну;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету кестелерін Түпкілікті қарыз алушының сақтауына мониторинг.
Тармақ 102
102. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру үшін Түпкілікті қарыз алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты Сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.
Тармақ 103
103. Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат Түпкілікті қарыз алушыға ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз тасығышта мынадай мерзімдерде ұсынады: есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей; есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 104
104. Егер Түпкілікті қарыз алушы Сенім білдірілген өкілге (агентке) белгіленген нысан бойынша белгіленген мерзімдерде бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат ұсынбайтын болса, Сенім білдірілген өкіл (агент) есепте тиісті ақпарат көрсету арқылы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне хабарлайды.
Тармақ 105
105. Сенім білдірілген өкіл (агент) Қарыз алушы ұсынған бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты жинауды, жинақтауды және талдауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) жиынтық есеп қалыптастырады және оны мынадай мерзімдерде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады: есепті тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей; есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей.
Тармақ 106
106. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жиынтық есебі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне электрондық форматта және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қағаз жеткізгіште ұсынылған жиынтық есебіне Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және ұйымның мөрімен расталады.
Тармақ 107
107. Осы Қағидаларға сәйкес кредиттік шартта белгіленген кредит беру мерзімі ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттік кредит алған Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.
Тармақ 108
108. Мониторинг базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызметінің, саласының түрлері, бәсекелестері мен нарықтары, нормативтік құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты талдаудан (қаржылық есептіліктің) тұратын Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйін талдауды қамтиды.
Тармақ 109
109. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйін талдау Түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігін деңгейлес және сатылай талдау арқылы жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша Түпкілікті қарыз алушының қаржы-экономикалық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасалады.
Тармақ 110
110. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін Сенім білдірілген өкілге (агентке) «Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген өткен екі жыл үшін және есепті кезең үшін жедел аудиттелген жылдық қаржылық eceптіліктің (жеке және шоғырландырылған) мынадай түпнұсқасы ұсынылады:
Тармақша 1
1) бухгалтерлiк баланс;
Тармақша 2
2) кірістер мен шығыстар туралы есеп;
Тармақша 3
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
Тармақша 4
4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
Тармақша 5
5) қаржылық есептілікке түсiндiрме жазба;
Тармақша 6
6) дебиторлық және кредиторлық берешекті толық ашып көрсету (дебитордың/кредитордың атауын, соманы, мақсатын, төлем мерзімдерін көрсете отырып);
Тармақша 7
7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді толық жазып көрсету (негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді топтар бойынша бөліп көрсете отырып);
Тармақша 8
8) тауар-материалдық қорларды толық ашып көрсету (сатыларға бөле отырып: жылдық өнім, шикізат және материалдар, атауын, бағасын және ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, аяқталмаған даму);
Тармақша 8-1
8-1) қызмет түрлері, тұтынушылар топтары және осы тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі бойынша бөліп көрсете отырып, тарифтердің барлық түрлерін қамтитын операциялық көрсеткіштер;
Тармақша 9
9) өткен кезең үшін Түпкілікті қарыз алушының аудиторлық есебі және аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі (егер Түпкілікті қарыз алушы «Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудит жүргізуге жататын болса).
Тармақ 111
111. Есепті кезең үшін жедел жылдық есептілікке тұтынушылардан сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін төлемдердің түсуі туралы ақпарат қосымша ұсынылады.
Тармақ 112
112. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг Түпкілікті қарыз алушының қаржылық коэффициенттерін осындай кредиттер алған басқа Түпкілікті қарыз алушының осындай көрсеткіштерімен және жалпы салалар бойынша деректермен салыстыру жолымен жүргізіледі .
Тармақ 113
113. Қаржылық коэффициенттер Түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің арақатынасын қамтиды.
Тармақ 114
114. Қаржылық коэффициенттерді Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйінің көрсеткіштерін негізге ала отырып, Сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет есептейді. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізген кезде Сенім білдірілген өкіл (агент) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қаржылық коэффициенттерді қолданады.
Тармақ 115
115. Түпкілікті қарыз алушының төлем қабілетін талдау ұсынылған көрсеткіштердің негізінде анықталған қаржылық коэффициенттерді осы субъектілердің, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттер бойынша Түпкілікті қарыз алушылардың өткен кезеңдегі ұқсас коэффициенттерімен, сондай-ақ осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылыжүргізіледі.
Тармақ 116
116. Сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 30-ыншы маусымынан кешіктірмей түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелерін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және Кредиторға ұсынады. Аудиторлық қызмет туралы Заңына сәйкес түпкілікті қарыз алушы міндетті аудитке жатқан жағдайда, Түпкілікті қарыз алушының аудиттелген қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелері ұсынылады.
Тармақ 117
117. Әлеуетті төлем қабілеті жоқ Түпкілікті қарыз қалушы анықталған жағдайда Сенім білдірілген өкіл (агент) бұл туралы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және Кредиторға хабарлайды және бюджеттік кредитті қайтармау жағдайының алдын алу үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 118
118. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенім білдірушінің) тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алуды орындауы мүмкін.
Басқа 1. Қаржылық есептілікті, Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалауды және өзге де қолайлы ақпаратты талдау
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 1-қосымша Қаржылық есептілікті, Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалауды және өзге де қолайлы ақпаратты талдау
Тармақ 1
1. Қаржылық есептілікті деңгейлес және сатылай талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың, кірістер мен шығыстар туралы есептің, ақша қаражаттың қозғалысы туралы есептің негізгі баптарында болған өзгерістерді ұсынудан тұрады. Деңгейлес (уақытша) талдау табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъект) соңғы үш есептік кезеңдегі деректерін салыстырмалы және абсолютті түрде салыстыру және есептіліктің жекелеген баптарының немесе олардың топтарын өзгеру үрдістерін анықтау болып табылады. Деңгейлес талдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (бұдан әрі – Қаржы министрлігінің бұйрығы) бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімiнде № 15384 болып тіркелген), қаржылық есептіліктің мынадай нысандары: «Бухгалтерлік баланс», «Пайдалар мен зияндар туралы есеп» және «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп» бойынша жүргізіледі. Сатылай (құрылымдық) талдау жалпы жиынтық көрсеткіште есептіліктің жекелеген баптарының үлестік салмағын анықтау және алынған нәтижені алдыңғы кезеңнің деректерімен салыстыру болып табылады. Сатылай талдау Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген қаржылық есептіліктің мынадай нысандары: «Бухгалтерлік баланс» және «Пайдалар мен зияндар туралы есеп» бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Коэффициенттік талдау субъектілердің қаржылық есептілігін осындай коэффициенттердің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) мәніне қаржылық көрсеткіштер (коэффициенттер) жинағының көмегімен зерделеуге және олардың серпінінің өзгеруіне негізделген. Коэффициенттік талдау жүргізу үшін субъектілердің қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан деректер алынады.
Тармақ 3
3. Өтімділік коэффициенттері – субъектілердің қолда бар ағымдағы (айналымдағы) активтердің есебінен ағымдағы берешектерін өтеу қабілеттігін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Бұл ретте субъектілердің ағымдағы берешектерінің және осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс оның айналымдағы қаражатының мөлшерін салыстыру жүргізіледі. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Сurrent ratio, CR) субъектілердің қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы орындау қабілеттігін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: CA – ағымдағы активтер; CL – ағымдағы міндеттемелер. CR мәні: Жоғары> 0,25. Мәні< 0,25 болса,төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін екендігін куәландырады.
Тармақ 4
4. Қаржылық тәуелсіздік қабілеті (Equity to total assets, EtTA) авансталған қаражаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні неғұрлым жоғары болған сайын кәсіпорын қаржылық жағынан неғұрлым тұрақты және сыртқы кредиторларға тәуелсіз болады. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: EC – меншікті капитал; TA – активтер сомасы. Осы көрсеткіштің мәні 0,5 кем емес.
Тармақ 5
5. Дебиторлық берешектің айналымдылық кезеңі (Receivablescollectionperiod) – борыштарды жинау үшін талап етілетін күндердің орташа саны ретінде дебиторлық берешектің айналымдылығын білдіреді. мұндағы: RCP – дебиторлық берешекті жинау кезеңі; Осы көрсеткіштің мәні 60 күннен аспауға тиіс.
Тармақ 6
6. Кредиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (Payablescollectionperiod) – субъектілердің өз борыштарын төлейтін күндердің орташа саны ретінде кредиторлық берешектің айналымдылығын білдіреді. мұндағы: PCP – кредиторлық берешекті жинау кезеңі; Осы көрсеткіштің мәні 180 күннен аспауға тиіс.
Тармақ 7
7. Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалау: Көр­сет­кіш­тің ата­уы Ба­ға­лау Ұсы­ны­ла­тын бал­дар Ес­керт­пе Жал­пы пай­да­ның нор­ма­сы 0≥-20% 10 Жал­пы пай­да­ның нор­ма­сы = жал­пы пай­да (шы­ғын)/өт­кіз­ген­нен түс­кен тү­сім*100%. 0≥-30% 7 0≥-45% 5 0≥-60% 0 Та­за пай­да­ның нор­ма­сы 0≥-20% 10 Та­за пай­да­ның нор­ма­сы = та­за пай­да(шы­ғын)/өт­кіз­ген­нен түс­кен тү­сім*100%. 0≥-30% 7 0≥-45% 5 0≥-60% 0 Тө­лем­дер­дің жи­на­луы 0≤90% 15 Тө­лем­дер­дің жи­на­луы кә­сі­по­рын қыз­ме­тіне әсер ете­ді. 0≤80% 10 0≤70% 5 0≤60% 0 Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме Әле­умет­тік ма­ңы­зы және эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лі­гі көр­се­ті­л­ген негіз­де­ме 10 Көп пәтер­лік және же­ке тұр­ғын үй­лер­дің, әкім­ші­лік ғи­ма­рат­тар­дың, тұ­ты­ну­шы­лар­дың бо­луы. 10 Ақ­ша­лай мән­де­гі эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лік. 5 Нақ­ты мән­де­гі эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лік (м3, Гкал, кВт/сағ). Екін­ші дең­гей­лі банк­тер бой­ын­ша кре­дит­тік та­рихы Бе­ре­шек­тің бол­мауы ту­ра­лы банк­тен анық­та­ма 20 Нұр­лы жол бой­ын­ша кре­дит­тік та­рихы Мер­зі­мі өту­і­нің және бе­ре­шек­тің бол­мауы 20 Ескертпе: Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша балдық бағалау қаралатын болады, оның негізінде бюджеттік кредитті беру (бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі. Өту баллы – кемінде 70.
Басқа 2
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Жоба паспорты Жо­ба­ның ата­уы Бюд­жет­тік кре­дит­ке ар­нал­ған өті­нім бой­ын­ша іле­с­пе хат­тың де­ректе­ме­ле­рі (тір­кел­ген кү­ні және тір­кеу нө­мі­рі, өті­нім­ге қол қой­ған Қарыз алушы­ның уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның (те­гі, аты әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Бюд­жет­тік кре­дит­тің со­ма­сы, мың тең­ге Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма Қарыз алушы Нө­мі­рі Ата­уы Шы­ғы­стар­дың жал­пы со­ма­сы, мың тең­ге Түп­кі­лік­ті қарыз алушы (та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы) Жо­ба бой­ын­ша ақ­па­рат № р/с Іс-ша­ра­ның ата­уы Құ­ны, бар­лы­ғы, мың тең­ге оның ішін­де іс­ке асы­ру жыл­да­ры бой­ын­ша 20ХХ 20ХХ+1 … 20ХХ+n 1 ... № Бюд­жет­тік кре­дит­тің мер­зі­мі Бюд­жет­тік кре­дит бой­ын­ша сый­а­қы став­ка­сы Бюд­жет­тік кре­дит бой­ын­ша қам­та­ма­сыз ету Объ­ек­ті­ні са­лу және/неме­се ре­у­кон­струк­ци­я­лау және/неме­се жаң­ғыр­ту ор­ны Жо­ба бой­ын­ша қо­сым­ша ақ­па­рат, оның ішін­де ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру­дан кү­ті­ле­тін әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық ти­ім­ді­лік Қарыз алушы­ның өкі­лі Те­гі Аты Әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) Қарыз алушы­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ата­уы Ла­у­а­зы­мы Ме­кен­жайы Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ұя­лы те­ле­фон қа­ла­лық те­ле­фон Факс Элек­трон­дық по­шта Түп­кі­лік­ті қарыз алушы­ның (та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­сі­нің) өкі­лі Те­гі Аты Әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ата­уы Ла­у­а­зы­мы Ме­кен­жайы Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры ұя­лы те­ле­фон қа­ла­лық те­ле­фон Факс Элек­трон­дық по­шта Қо­сым­ша ақ­па­рат
Басқа 3. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын есептеу
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 2-1-қосымша Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын есептеу
Тармақ 1
1. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құны тиісті жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген даму жоспарының негізінде жыл сайын қайта қаралады.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін қызмет құнын айқындау тәртібі: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның көрсетілетін қызметінің құны:
Тармақша 1
1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағатқа алғандағы құны;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызмет құнының есебі үшін айқындалған табыс нормалары;
Тармақша 3
3) еңбек шығынының нормалары;
Тармақша 4
4) Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлердің саны негізінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Бір адам-күнге алғандағы жоспарлы құны мына формуланың негізінде есептеледі: мұнда: ЖҚбір –бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-күнге мың теңге; ЖШ – қызмет көрсетуге байланысты жоспарлы шығын, мың теңге; саны – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту ұйымының өндірістік және әкімшілік персоналының жиынтық штат саны, адам; КК – жоспарланған кезеңдегі жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны, күндермен алғанда (жұмыс уақыты баламасына сәйкес 40 сағаттық апта кезінде); ТН – табыс нормасы, пайызбен алғанда.
Тармақ 4
4. Тиісті кезеңдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымындағы табыстың жоспарлы нормасы.
Тармақ 5
5. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын айқындау: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымының Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде көрсетілетін қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады: мұнда: ҚҚ – көрсетілетін қызмет құны, мың теңге; ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге; С – осы қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің саны; УН – уақыт нормасы, адам-сағатпен алғанда.
Басқа 4. «Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 3-қосымша нысан «Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Ұсынылады: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kds?lang=ru Әкімшілік нысанның атауы: «Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат» Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ИЖІ Кезеңділік: ай сайын Есепті кезең: 20___ жылғы _________ Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi: Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде № Жо­ба­ның ата­уы жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма (бұ­дан әрі – ЖСҚ) бой­ын­ша жо­ба­ның жал­пы құ­ны, мың тең­ге Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ке­зе­ңі Тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ге/ЖСҚ сәй­кес нақ­ты ал­ған­да жұ­мыстың кө­ле­мі (іс-ша­ра­лар, құ­ра­уы­штар) жұ­мысты ба­стау мер­зі­мі жұ­мысты аяқ­тау мер­зі­мі Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы, жұ­мыстар­ды орын­дал­мау се­беп­те­рі іс-ша­ра­ның ата­уы ЖСҚ бой­ын­ша құ­ра­уы­штың ата­уы Өспе­лі қо­ры­тын дыс­ы­мен нақ­ты орын­дау Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның (бұ­дан әрі – ҚМЖ) кесте­сіне сәй­кес жос­пар факт ҚМЖ кесте­сіне сәй­кес жос­пар факт 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Атауы ______________________ ___________________________________ Мекенжайы _______________________ ____________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты ______________________________________________________________ Орындаушы __________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) ________________________________________________________________
Басқа 4.1. «Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (нысанның индексі: 1-ИЖІ және кезеңділігі: ай сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша «Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (нысанның индексі: 1-ИЖІ және кезеңділігі: ай сайын)
Тармақ 1
1. "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы сапалы ақпаратты ұсыну мақсатында әзірленеді.
Тармақ 2
2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады: "№" 1-бағанында нөмір тәртіппен көрсетіледі. Келесі ақпарат ретімен нөмірленуі керек; "Жобаның атауы" 2-бағанында ЖСҚ ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі; "ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге" 3-бағанында жобаның жалпы құны ЖСҚ бойынша (жобалық-іздестіру жұмыстары ескеріп отырып) ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі; "Жобаны іске асыру кезеңі" 4 бағанында жобалау-сметалық құрылыс-монтажды бойынша құжаттамаға арналған ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес жылдар бойынша құрылыс басталғаннан бастап аяқталғанға дейінгі жұмыс кезеңі көрсетіледі; "Іс-шараның атауы" 5-бағанында ЖСҚ (реконструкция/салу) арналған ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес жоба бойынша жұмыстардың атауы көрсетіледі; "ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы" 6-бағанында желілер мен құрылыстарды реконструкциялау/салу бойынша жоспарланған жұмыстар, атап айтқанда: сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы, кәріздік-тазалау құрылысының саны, су тазарту қондырғылары, қазандықтар, сорғы станциялары, ірі резервуарлар, су қабылдағыш мұнаралар саны көрсетіледі; "Өспелі қорытындысымен нақты орындау" 7-бағанында, 6-бағанда көрсетілген іс жүзінде орындалған жұмыстар көрсетіледі; "Жұмысты бастау мерзімі", 8-бағанындағы "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар", 9-бағанындағы "факт" жұмысты бастаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі; "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар" 10-бағанындағы "Жұмысты аяқтау мерзімі", 11-бағанындағы "факт" жұмыстың іс жүзінде аяқтаудың мерзімі көрсетіледі; "Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері" 12-бағанында есепті айда орындалған жұмыстың көлемі, сондай-ақ сот талқылауы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты қайтадан жариялау, құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сәйкестігі сияқты проблемалық мәселелер көрсетіледі.
Басқа 5. «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларына 4-қосымша нысан «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Ұсынылады: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kds?lang=ru Әкімшілік нысанның атауы: «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат» Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2- БКТИ Кезеңділік: ай сайын Есепті кезең: 20___ жылғы _________ Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi: Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде № Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рі­нің ата­уы Ұлт­тық қор­дан қар­жы­лан­ды­ру­дың жос­пар­ла­нып отыр­ған со­ма­сы Бюд­жет­тік кре­дит қа­ра­жа­ты­ның нақ­ты тү­сі­мі Бюд­жет­тік кре­дит қа­ра­жа­ты­ның нақ­ты иге­рі­л­ге­ні Бюд­жет­тік кре­дит қа­ра­жа­тын өтеу Жо­ба­ның ата­уы Об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның ата­уы Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші­сі бой­ын­ша ор­на­лас­қан жер ко­ды өспе­лі қо­ры­тындыс­ы­мен есеп­ті ай үшін өспе­лі қо­ры­тындыс­ы­мен есеп­ті ай үшін Өте­луі ти­іс мер­зі­мі со­ма (мың тең­ге) со­ма (мың тең­ге) со­ма (мың тең­ге) со­ма (мың тең­ге) со­ма (мың тең­ге) мер­зі­мі со­ма (мың тең­ге) 1 - - - - - - - - 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 кестеннің жалғасы Бюд­жет­тік кре­дит қа­ра­жа­тын өтеу Қары­здың қал­ға­ны Негіз­гі қарыз бой­ын­ша мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек % иге­рі­л­ге­ні (өсу қо­ры­тындыс­ы­мен) Орын­дал­ма­ған со­ма­сы (мың. тең­ге) (өсу қо­ры­тындыс­ы­мен) Мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың қо­ры­тындысы бой­ын­ша үнем­деу Ес­кер­ту Нақ­ты өтел­ге­ні Есеп­тік ке­зең­нің ба­ста­луы Есеп­тік ке­зең­нің аяқ­та­луы мер­зі­мі со­ма (мың тең­ге) со­ма (мың тен­ге) со­ма (мың тең­ге) со­ма (мың тең­ге) со­ма (мың тең­ге) со­ма (мың тең­ге) со­ма (мың тең­ге) - - - - - - - - - - - - - - - - - - 14 15 16 17 18 19 20 21 22 Атауы ______________________ ___________________________________ Мекенжайы _______________________ ____________________________ Телефоны______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты ______________________________________________________________ Орындаушы ______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) ________________________________________________________________
Басқа 5.1. «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (нысанның индексі: 2-БКТИ және кезеңділігі: ай сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (нысанның индексі: 2-БКТИ және кезеңділігі: ай сайын)
Тармақ 1
1. «Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты сапалы ұсыну мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Нысан мынадай ретпен толтырылады: "№" 1-бағанында нөмір ретпен көрсетіледі. Келесі ақпарат тәртіп бойынша нөмірлеуді үзбеуі керек; "Жобаның атауы" 2-бағанында; "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы" 3-бағанында; " Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішісі бойынша орналасқан жер коды" 4-бағанында; "Табиғи монополиялар субъектілерінің атауы" 5-бағанында, жобалық-сметалық құжаттамаға арналған ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі; "Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы" бағанында "мерзімі" 6-бағанында; "сома (мың теңге)" 7-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген жобаның сомасы көрсетіледі; "Бюджеттік кредит қаражатының нақты түсімі" бағанында "өспелі қорытындысымен" 8-бағанында, "есепті ай үшін" 9-бағанында жобаның іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен келіп түскен сома көрсетіледі; "Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені" бағанында "өспелі қорытындысымен" 10-бағанында, "есепті ай үшін" 11-бағанында жобаны іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен игерілген ақша сомасы көрсетіледі; "Бюджеттік кредит қаражатын өтеу" бағанында "Өтелуі тиіс" бағанында "мерзімі" 12-бағанында, "сома (мың теңге)" 13-бағанында, "Нақты өтелгені" бағанында "мерзімі" 14-бағанында, "сома (мың теңге)" 15-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес өтелуі тиіс кредит сомасы көрсетіледі; "Қарыздың қалғаны" бағанында "Есептік кезеңнің басталуы" 16-бағанында, "Есептік кезеңнің аяқталуы" 17-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша берешек сомасы көрсетіледі; "Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек" 18-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша мерзімі өткен борыштың сомасы көрсетіледі; "% игерілгені (өсу қорытындысымен)" 19-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген ақшаның игерілу проценті көрсетіледі; "Орындалмаған сомасы (мың.теңге) (өсу қорытындысымен)" 20-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген кредит бойынша пайдаланылмаған ақшаның сомасы көрсетіледі; "Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу" 21-бағанында құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдар сатып алуға жүргізілген конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі; "Ескерту" 22-бағанында жоба бойынша қосымша ақпаратпен ескерту көрсетіледі.