Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организации образования Күшін жойған
Басқа 0
Білім беру ұйымдарының ішкі
тәртібінің үлгі қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы
қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 шілдедегі
№ 239 қаулысымен
бекітілді
Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Үлгі қағида) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Үлгі қағида білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидасын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.
Тармақ 4
4. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының кызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидасымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
Бөлім 2. 2. Білім беру ұйымының ішкі тәртібі
2. Білім беру ұйымының ішкі тәртібі
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидасында:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
Тармақша 2
2) оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
Тармақша 3
3) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
Тармақша 4
4) ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың
арасындағы үзілістер;
Тармақша 6
6) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртібіне қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.