Облыстық жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы 2000 жылғы 26 қазандағы № 338 «Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасының ережесі мен құрылымын бекіту туралы» облыс әкімінің шешімін орындау, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына және 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1268 «Тауарлардың жұмыстарды және қызмет көрсетулерді, мемлекеттік сатып алуларды өткізу тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың заңнамалық белгіленген қағидаттарының толымды сақталуы мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар ұйымдастыру және сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің біртұтас тізілімін жүргізу жөніндегі уәкілетті органы болып анықталсын.
Тармақ 2
2. Ведомстволық қарасты мемлекеттік мекемелер облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасы бір конкурс өткізуге берген бір жолғы сенімхаты болғанда, қолданылатын заңнамаға сәйкес, конкурстар ұйымдастырушы бола алатындары белгіленсін.
Тармақ 3
3. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдеріне, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшыларына 2001 жылғы 22 қаңтарға дейін белгіленген үлгі бойынша облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасына жергілікті бюджетпен бекітілген көрсеткіштер негізінде 2001 жылға сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің номенклатурасы және көлемін тапсырсын және ағымдағы тоқсанның соңғы айының 10-нан кешіктірмей оларды растау немесе жаңалауын жүйелі түрде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін конкурстар кестесін жүйелі түрде жасайтын болсын және ағымдағы тоқсанның соңғы айының 15-нен кешіктірмей оларды облыс әкімі орынбасарларының бірімен бекітілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы Е. Мұстафаев, қолданылатын заңнамаға сәйкес, өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы есеп берудің үлгілері мен уақытын анықтасын.
Тармақ 6
6. Осы шешім 2001 жылғы 15 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Қуандықовқа жүктеледі.