О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых законодательных актов Республики Казахстан по вопросам туристской деятельности Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2001 жылғы 20 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 9-баптың 1-тармағының 46) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "46) туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысының қызметтер көрсетуі;".
Тармақ 2
2. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 308-құжат; N 24, 443-құжат): 4-баптың 5) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 1
1. "Туризм туралы" 1992 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 16, 388-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 14, 201-құжат).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Туризм туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы" 1992 жылғы 3 шілдедегі Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 16, 389-құжат).