О создании сводного отряда экстренного реагирования Карагандинской области Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысының
шұғыл жұмылу тоғыспа
отрядын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен.
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Қарағанды облысының аумағында төтенше жағдай туындаған жағдайда адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды мезгілінде құтқаруды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету және оның зардаптарын жою мақсатында:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының іс-қимылға 1 сағатқа дейін әзірлік мерзімімен шұғыл жұмылу отряды құрылсын.
Негізгі құру базасы болып мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі белгіленсін. Отрядтың командирі болып N3 МӨБ командирі тағайындалсын.
Отрядтың құрамына келесі құрамалар (N1 қосымша) енгізілсін:
- құтқару командасы - 100 адам.
- инженерлік команда - 27 адам.
- апатты-техникалық команда - 65 адам.
- барлау тобы - 7 адам.
- медициналық жәрдем бригадасы - 9 адам.
- химиялық қауіпті объектілер (хлор) бойынша мамандандырылған топ - 10 адам.
- байланыс тобы - 6 адам.
- жылжымалы тамақтандыру пункті - 7 адам.
- жылжымалы автоқұю станциясы - 3 адам.
Тармақ 2
2. Ұйымдардың басшылары (N1 қосымша) командалық-басшылық құрамы мен құрамалардың әзірлігі үшін жауапты тұлғаларды белгіленсін, жеке құрамды жасақтап, қажетті техникамен және мүлікпен жарақтасын, жеке құрамды жұмыс және жұмыстан тыс уақытта хабардар ету және жинау мәселелерін тиянақтасын. Шұғыл жұмылу отрядының жеке құрамын жаттықтырулар ай сайын жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Отряд әзірлігінің жай-күйіне бақылау жасау Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға (М.Қ.Ысқақов) жүктелсін. Шұғыл жұмылу тоғыспа отрядының әзірлігі туралы облыс әкіміне 2001 жылғы 15 шілде қарсаңында баяндалсын.
Тармақ 4
4. Шешімінің орындалуына бақылау жасау Қарағанды облысы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы П.А.Ильницкийге жүктелсін.
Басқа 1. Қарағанды облысы шұғыл жұмылу тоғыспа отрядына ететін
құрамалардың әзірлігін қамтамасыз ететін ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
Қарағанды облысы әкімінің
2001 ж. 28.05
№ 99 шешіміне N1 қосымша
Қарағанды облысы шұғыл жұмылу тоғыспа отрядына ететін
құрамалардың әзірлігін қамтамасыз ететін ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
Рет N
Құраманың атауы
Құрамалар құрылатын негізі бар ұйымдар
Адам саны
Ескерту
1
2
3
4
5
1.
Құтқару командасы
N3 МӨБ "Шахтопроходка" ЖАҚ
50
50
2.
Инженерлік команда
"Шахтостроймеханизация" ШҚБ АТЕАҚ
27
3.
Апатты-техникалық команда:
1) газ желілері бойынша апатты-техникалық буын
2) су құбыры-кәзір бойынша апатты-техникалық буын
3) жылыту желілері бойынша апатты-техникалық буын
4) электр желілері бойынша апатты-техникалық буын
"Газқызмет" ЖШС ОАҚ
"Водоканал" ААҚ
"Қарағанды-Пауэр" ЖШС
"КРЭК" ААҚ
"Қарағанды-Дистрибьюшн" ЖШС
"КЕГОК" ААҚ филиалы "ОАЭЖ"
5
20
10
10
10
10
4.
Барлау тобы
"Шахтопроходка" ЖАҚ
7
5.
Медициналық жәрдем бригадасы
"Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы ҚМКК"
3бр.х3 адам
6.
Химиялық қауіпті объектілер (хлор) бойынша мамандандырылған топ
"Водоканал" ААҚ
10
7.
Байланыс тобы
"Қазақтелеком" ААҚ Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясы
6
8.
Жылжымалы тамақтандыру пункті
"Весна" ЖШС
7
9.
Жылжымалы автоқұю станциясы
"Қарағанды Терминал Мұнай" ЖШС
3