О предоставлении права на промысловый лов рыбы и закреплении рыбохозяйственных водоемов (участков) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық аулау кәсіпшілігі құқығын және балық шаруашылығы су айдындарын (телімдерін) бекітіп беру туралы Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемiн қорғау, ұдайы өндiру және пайдалану туралы" заңының 15 бабын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 "Балық кәсiпшiлiгi телiмдерiн бекiтiп беру және балық пен басқа су жануарларын аулау лимитiн үлестiру жөнiндегi жекелеген мәселелер" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 ақпандағы N 243 "Балық шаруашылығы су айдындарында балық аулаудың және теңiз аңын (итбалықты) аулаудың 2001 жылға арналған лимиттерiн бекiту туралы" қаулысын, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң 2001 жылғы 26 ақпандағы N 45-б "Балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекiтiп беру және балық аулаудың лимиттерiн бөлу жөнiндегi конкурс өткiзу туралы" бұйрығын, Атырау облысы әкiмi мен табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгi тендерлiк комиссиясының "Жайық-Каспий су айдыны балық және басқа су жануарларын аулау лимитiн үлестiру туралы" 2001 жылғы 28 наурыздағы бiрлескен шешiмiн басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. N 1 және N 2 қосымшаларға сәйкес кәсiпорындар мен ұйымдарға 2001 жылы Жайық және Қиғаш өзендерiнен балық аулау кәсiпшiлiгiне құқық берiлсiн.
Тармақ 2
2. Балық аулау кәсiпшiлiгi құқығына ие болған табиғат пайдаланушыларға балық кәсiпшiлiгi телiмдерi N 3 қосымшаға сәйкес бекiтiлiп берiлсiн.
Тармақ 3
3. Жайық өзенi және оның тамағына дейiнгi кеңiстiктен балық аулау құқығына рұқсат алған табиғат пайдаланушылар барлық ауланған бекiре балығын және iрi қара балықтардың, лимиттелмеген балық түрлерi мен қаракөздердiң 70 пайызын қолданыстағы бағалармен "Атыраубалық" ААҚ жасалған екi жақты келiсiмге сәйкес өндiрiстiк өңдеуге тапсырсын.
Тармақ 4
4. Жайық өзенi балық аулау тартымдарындағы өндiрiстiк уақытты бөлу мiндетi арнайы уәкiлеттi орган - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасына жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Атырау және Орал-Атырау бекiре өсiру зауыттары:
Тармақша 1
1) балық өсiру мақсатына жарамсыз ауланған бекiре тұқымдас балықты "Атыраубалық" ААҚ лимитi есебiне өндiрiстiк өңдеуге тапсырсын;
Тармақша 2
2) "Атыраубалық" ААҚ қабылдау бағалары бойынша құжаттарды мiндеттi түрде рәсiмдеумен зауыттар лимитi есебiне барлық балық дайындаушылар ұстаған балықтардан бекiре балығын iрiктеп алсын.
Тармақ 6
6. Балық аулауға рұқсат алған кәсiпорындар Жайық және Қиғаш өзендерi, Өзен тамақтарына дейiнгi кеңiстiктер бойынша лимиттелген балық түрлерi қимасында балық аулау барысы туралы биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесiне және облыс әкiмшiлiгiнiң балық шаруашылығы бөлiмiне, орман және биоресурстар жөнiндегi басқармаға апта сайын ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Атырау облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы (Таубаев Б.Ж.) Орман, балық, аң аулау шаруашылығы комитетiнiң 2001 жылғы наурыздағы N 82 және Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 57-П бұйрықтарына сәйкес:
Тармақша 1
1) балық аулау құқығына ие болған кәсiпорындарға балық шаруашылығы су айдындарын (телiмдерiн) бекiтiп берiлгендiгiне келiсiмдер мен төлқұжат әзiрленсiн;
Тармақша 2
2) балық аулау Ережелерiне сәйкес балық аулау кәсiпшiлiгi билеттерiн жазып берсiн;
Тармақ 8
8. Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесi (Ақботин А.М.):
Тармақша 1
1) балық аулау құқығына ие болған табиғат пайдаланушылармен кеме қатынасы тәртiбi келiсiлсiн;
Тармақша 2
2) лимиттiң және табиғат пайдаланушылармен жасалған келiсiмдiк мiндеттемелердiң игерiлуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуы туралы ақпарат облыс әкiмiне тоқсан сайын берiлiп тұрсын.
Тармақ 10
10. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Мақашевқа жүктелсiн.
Басқа 17
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 28 наурыз N 118 шешiмiне N 1 қосымша Жайық Өзенi мен сағалық кеңiстiгi бар теңiздiң жағалауынан балық аулау лимиттерiн 2001 жылға табиғат пайдаланушылар арасында бөлу N рет саны Табиғат пайдаланушылардың аты Жайық өзені Бекіре тұқымдас балық ірі қара балық қаракөз сүзгілік балықтар 1. Атыраубалық АҚ 133 820 116 70,0 2. "Еркiнқала" ӨК 17 639 105 53 3. "Жамбыл" ӨК 25 694 113 58 4. "Амангельдi" ӨК 17 352 58 32 5. "Құрманғазы" ӨК 10 320 51 25 6. "Қызыл-балық" ӨК 13 290 48 22 7. "Манаш" ӨК 8 260 40 22 8. "Ракуша" ӨК 3 353 58 31 9. "ТЕС" ӨК 3 162 41 20 10. Спорттық балық аулау 3 10 20 11. ҚазБШЗИ АБ 5 200 50 17 12. Атырау бекiре өсiру зауыты 5 13. Орал-Атырау бекіре өсіру зауыты 5 Жиыны: 247 4100 700 350 таблицаның жалғасы N рет саны Табиғат пайдаланушылардың аты Сағалық кеңiстiгi Теңіз бекіре тұқымдас балық Бекіре тұқымдас балық ірі қара балық қаракөз сүзгілік балықтар 1. Атыраубалық АҚ 491 78 2. "Еркiнқала" ӨК 425 50 3. "Жамбыл" ӨК 401 50 4. "Амангельдi" ӨК 725 105 5. "Құрманғазы" ӨК 254 25 6. "Қызыл-балық" ӨК 277 20 7. "Манаш" ӨК 100 21 8. "Ракуша" ӨК 147 30 9. "ТЕС" ӨК 100 21 10. Спорттық балық аулау 11. ҚазБШЗИ АБ 13 350 100 50 3 12. Атырау бекiре өсiру зауыты 13. Орал-Атырау бекіре өсіру зауыты Жиыны: 13 3270 500 450 3
Басқа 18
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 28 наурыз N 118 шешiмiне N 2 қосымша Қиғаш Өзенi мен сағалық кеңiстiгi бар теңiздiң жағалауынан балық аулау лимиттерiн табиғат пайдаланушылар арасында 2001 жылға бөлу
Басқа 19
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 28 наурыз N 118 шешiмiне N 3 қосымша Табиғатты пайдаланушылар арасында балық кәсiпшiлiгi тiлемдерiн бекiтiп беру Тартым учаскелерi Бекiтiледi Жайық Өзенi бойынша Еркiнқала" тартымы "Еркiнқала" ӨК "Жоғарғы" Золотая "ТЕС" ӨК "Төменгi" Золотая "Ракуша" ӨК "Жоғарғы Зарослая" "Құрманғазы" атындағы ӨК "Төменгi Зарослая" "Манаш" ӨК "Золотенок" тартымы "Жамбыл атындағы" ӨК "Жоғарғы Дамба" тартымы "Қызылбалық" ӨК "Төменгi Дамба" тартымы "Аманкелдi атындағы" ӨК "Бугорки" (бақылау тартымы) "ҚазЗБШИ" Атырау бөлiмi "Кiшi Дамба" тартымы "Атыраубалық" Қиғаш өзенi бойынша "Камышинка", "Ягодка","Чаканная", "Булгачная", "Бақыт", "Дамба" т. "Сүлейменов" ӨК "Круглая", "Новая лицевая", "Ризабек" "Қызыл оба", "Құм" тартымдары "Қиғаш" ӨК Жайық өзенi тамағы алдында кеңiстiк аулау тыйым салынған тамағының алдынан - Жайық өзенiнiң Золотой және Яицкий қолтықтары арасындағы 1 шақырым сыртқа, теңiздiң сол және оң жағалауы бойынан 50 шақырым 2м тысқары орналасқан. Қиғаш өзенi тамағы алдындағы кеңiстiк Қиғаш өзенi тамағынан 2м тысқары теңiз жағалауы, Құрманғазы ауданы аумағының шегiнде, Қиғаш өзенiнiң аулауға тыйым салынған тамағы алдындағы кеңiстiктi қоспағанда; Коневский және Конычинский арналары тоғысар нүктеден төмен қарай Укатный аралының оңтөстiк шегiнен Конычин балық жөретiн арнамен жоғары қарай Дальный аралығының солтөстiк шегiне дейiн.